ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ НЕГІЗІНДЕ ЖАСАҚТАЛЫНҒАН «АДАЙ АТА-ОТПАН ТАУ» ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ЭТНО-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БАЯННАМАСЫ МЕН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

КІРІСПЕ
Халықаралық жағдайлардың құбылмалы тұрақсызды-ғымен әлемдік саяси күштердің (Алпауыттардың) шикізат және мұнай сияқты өндірістік қуат көздеріне деген мұқ-таждығы күннен күнге өрескел өзімшілдіктің, бүлгіншілік-тің бүркемелі әрекетіне айналып бара жатырғаны жасы-рын емес.

Күллі қазақ даласы секілді, Маңғыстау өлкесі де шикізат қорына, әсіресе, мұнай кендеріне өте бай. Тарихи таным тұрғысынан өндірістік өлкені негіздей түсу үшін Отпан тауға АДАЙ АТА кесенесі салынды. Сыртқы саяси күштердің алдында Тәуелсіздіктің тұғырын бекемдей түсу үшін қажет болған қадам, амал-әрекеттерді бұқара халық-тың санасында қалыптасқан салт-дәстүрлерден алуды мақсат тұттық. Ұлттық мәдени шараны ұйымдастыруға, жасауға бұқараның өзінің бастамашыл күш-қуатын пайда-лану – көздеулі нысана. Ұлттың ішкі тұтастығы мен бірлігін кез келген сыртқы саяси ойындардың қақпанына түспей-тіндей дәрежеде қалыптастыру, қуаттандыру, жетілдіру, жігерлендіру амалдарын бұқара халық өз бойынан-өзі іздеп табуға итермелеудің, әдістемелік көрнекілігін жасау. Үкімет тарапынан Отпан таудағы мәдени шаралардың ба-рынша сән-салтанатпен өтуіне мән бергені дұрыс... Еңсесін көтерген Халық – Ерлік пен Бірлікті ту қылып ұстайтын болады.

«АДАЙ АТА-ОТПАН ТАУ» ТАРИХИ ТАНЫМДЫҚ ЭТНО-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ – ОТПАН ТАУ ТАРИХИ МЕКЕНІ

ОТПАН ТАУ
Маңғыстау өлкесінің ескі Қаратау бойындағы ең биік шоқыларының бірі. Халық аузында Отпан тау туралы әң-гіме желісі өте ескіден бастау алады және әртүрлі бағытта баяндалып, киелі мекен ретінде аңыздарға арқау болады. ОТМАН атауының өзі тым ежелгі тарихтың куәсі екендігінің айғағы. Отпан таудың биік шоқысында Ұран-от жағылып, халықты сыртқы жаудың беқұт шабуылынан қорғануға шақырудың амалдары жасалынған. Ел қорғаған Ерлердің табан еті мен маңдай терінің ізі қалып, жүректеріндегі Ар мен Намыстың, Елдіктің Рухы сіңген жер. Бабаларымыздың Ұлы Даланы ұрпаққа аманаттап аман-есен тапсыру үшін, түн ұйқысын төрт бөліп ұлтымызға тән береке-бірлік пен бейбітшіліктің туын құлатпай Көкбөрідей жортуылдап, Арыстандай айбат шегіп, Жолбарыстай жағаласып, ҚЫРАНДАЙ қырағылық танытып, ҰРАН салып өткен жері.

АДАЙ-АТА КЕСЕНЕСІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ НЕГІЗІНДЕ ЖАСАҚТАЛЫНҒАН «АДАЙ АТА-ОТПАН ТАУ» ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ЭТНО-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ РУХАНИ-СӘУЛЕТТІК КІНДІК-НЫСАНЫ – АДАЙ-АТА КЕСЕНЕСІ. ТЕҢІЗ ДЕҢГЕЙІНЕН ЕСЕПТЕГЕНДЕ 531 метр БИІКТІКТЕГІ ОТПАН ТАУДЫҢ ЕҢ БИІК ШОҚЫСЫНАН БОЙ КӨТЕРІП, АЛТЫН КҮМБЕЗІ АСПАНМЕН АСТАСЫП ТҰР.

АДАЙ-АТА
Адай ата – қазақ халқының қа-лыптасуында көрнекті рөл атқарған тарихи тұлға. Шежіре бойынша сегіз арыс адай елі осы Адайдан тарайды. Адай бабаның тарих аясына шығуы XV ғасырдың орта тұсы. Ол кенже немересі Мұналдың қолында бақи-лық болған. Адайлардың Мұңалды қарашаңырақ иесі, киелі босаға, құт-береке дарыған «мұңал ошақ» деп ерекше атайтыны да осыдан. «Мұңал ошағы» Қазығұрт тауының оңтүсті-гінде, білетіндер оны қасиетті қара-орын деп кие тұтады. Адайлардың ең көп тараған іргелі аталарының бірі – Қосай. Қосай ата Қарақалпақстанда, Нүкістің шығысы Назархан-Бестөбе қауымына жерленген. Жазушы Әбіш Кекілбайұлы Адайдың 1435-1449 жылдары он төрт жыл хандық құрға-нын жазады. Бұл тарихи деректі И.Трофимов пен Әнес Сарай нақтылай түседі.
Адай бабаның жұбайы Жанар – Қарақалпақ Жантаза байдың қызы деп айтылады. Құдайке мен Келімберді осы Жанардан туады. Адай тегі туралы деректемелерде шежірешілердің қай-қайсысы да Адайдың әкесі Елтай, шешесі Қанбибі екенін мойындайды. 2007 жылы тарихи тұлға, рулы елдің атасы сана-латын Адай атаға үлкен ас беріліп, ескерткіш орнатылды.

«Маңғыстау» энциклопедиясы
«САРДАР» баспасы,
Алматы қаласы, 2008 жыл

Қаралым саны 1399

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463