«ҚАСҚЫРДЫҢ ҚАСҚЫРЛЫҒЫ ТІСІНДЕ ЕМЕС, ІСІНДЕ!..»

(немесе Отпан таудың басында Көк Бөрі неге тұр?)
Сабыр Адаймен сұхбат (үзінді)

– Қасқыр демекші, Адай-Ата кесенесінің жанындағы алып қасқырды көрген жандар оның не үшін қойылғандығы жөнінде сұрақ беріп мазалап жатады.

– Дұрыс, мазалаудың өзі – қызы-ғушылық. Адай-Ата кесенесінің қа-сындағы Көк Бөрі азу тісін ақситып, қимыл-әрекет үстінде көрініс беріп тұр. Және өзі күншығысқа қарап тұр. Біздің Түркі тектес елдердің тотемі – Көк Бөрі болған. Көшпенділердің, Түркі халқының, жалпы біздің Баһадүр бабаларымыздың дәурені басында тұрғанда, орыстар салық тө-леп, қытайлар қорыққанынан қорған-қамал салған кездері болған. Сосын, біз олардың қолына түстік. Бөрілі байрақ көкжал мінезімізден айырыл-дық, «қой сияқты жуас халықпыз» - деп мақтанатын күйге жеткізді. Со-сын, қой болдық... Ең болмаса, жыл-қы болып, өз үйірімізге ие болайық-шы деп те сұрамадық. «Сендер, қой сияқты жуас халықсыңдар! Момақан-сыңдар!» - деп мақтап қойып, жері-мізді де, елімізді де бұтарлап жей бастады. Кейде біз қасқырларды қой-ды жейді деп кінәлап жатамыз. Қой-ды жейтін тек қасқыр ма? Өзін-өзі қорғай алмайтын шопанның таяғы-ның көлеңкесінде ғана күн көретін, мәңгілік бостандығынан айырылған қорғансыз байғұсты тісі мен тырнағы бар аң-құстың барлығы да жеп жүр-ген жоқ па? Бұл бір пейіштен келген мал еді ғой деп құрметтеп жатқан кім бар? Қой ақылды болғанда пейіште жүрген жерінен осы тозақы дүниеге келе ме? Пейішке барса, барып жүр-ген бір қой шығар. Тағы да қайталай-мын, қой ақылды болғанда, мыңы бірігіп бір ешкінің ізіне еріп жүрмейді ғой! Мысалы, Алланың сүйген құлда-ры – әулиелер жұмаққа барады. Бі-рақ адамның бәрі бірдей жұмаққа баруға лайық па, оның ішінде шай-таны көп емес пе? Кейде итті де жеті қазынаның бірі деп жатамыз. Санал-са, жеті қазынаның біріне саналып жүрген Қызыр ғ.с.-ның қызыл иті шы-ғар. Ал басқа иттерге не жорық. Тұ-ғырлы атасы жоқ, тұрақты некесі жоқ иттің құны – лақтырылған сүйекпен ғана өлшенбей ме?! Ит дегенің – бір-біріне ғана «Құдай». «Итімнің санын жүзге жеткізе алмадым» деп жүр-генде Ескелді Саназар итті бай болу үшін айтып жүрген жоқ қой. Ит иттігін жасап, бірін-бірі жеп құртып отыратындығын, еш уақытта ынтымақты ел бола алмайтындығын айтып отыр ғой. Соның бір мысалы, қаланың көп қабатты үйлерінің подъезінде ит ұста-ғыштардың бірне-шеуі тұрса керек. Салулы төсек, салқын үйде қарны тоқ, қайғысы жоқ әлгі иттер біріне-бірі үйде жатып айбат шегіп, өрше-леніп үріп, қасқа болған қазақтарға ұйқы бермейтін көрінеді. Содан бір аңшы жігіт ит пен құстан қорлық кө-ріп жүрген қаладағы қазақ досына қасқырдың май табанын әкеліп бе-ріпті. Және оның майын подъезіндегі иті бар үйлердің есігіне жағып шығу-ды бұйырыпты. Сол, сол-ақ екен әлгі иттердің бір ай бойы жағы қарысып, үруді де қойып, қасқырдың исі шы-ғып тұрған босағадан далаға шығуға тәуекелі жетпей, тығылып жатқан көрінеді. Міне, Қашаған ақын айтпақ-шы: «Пілдің тірі бәсі де мың ділдә, өлсе, тері бәсі де мың ділдә» - дегені осы. Иттің барлығы бірдей Құдайдың жеті қазынасына ілігіп, шапағатының назарында болғанда, дәл мұндай қорлықты күйді кешпес еді. Ез бен Ердің айырылар жері де сол емес пе? Империялардың езгісінен құлдыққа ұшыраған біз сияқты көптеген халық-тың да бір-бірімізге деген қызғаныш-ты ызалы өшпенділігіміз өзгенің ал-дындағы дәрменсіздігіміз бен жәреу-ке жағымпаздығымыз – әлгі қасқыр-дың май табанын жақпаса қанқуын қоймайтын мақлұқтардың әрекетіне ұқсап кетеді.

Өзін-өзі өлердей жек көрсе де, өзгенің қасқыр исі шықса жым бола қалатын құлдық психология ғой бұл! Қасқыр да қорқады. Қорқатын нәрсе-сінің бірі – кәдімгі ала қанат сауыс-қан. Қасқыр жемтігін аңдыса, сауыс-қан көкте жүріп қасқырды аңдиды. Қасқырдың жемтігінен қалған қан-жынды жегісі келеді. Төбедегі сауыс-қанды көрген аңдар, жақын маңда қасқырдың да бар екенін сезе қояды, сөйтеді де тұра қашады. Қасқыр сол үшін сауысқанға көрінбеуге тырыса-ды. Ал осы көріністің өзі кей жағдай-да «көпұлтты» Қазақстанды еске са-лады. Біздің елде «сауысқандар» аз ба? Олардың да А.Машкевич сияқты кекірігі азғандары төбемізден қарап, аузымыздан несібемізді қағып, көрін-генге көз түрткі қылып-ақ жүрген жоқ па?! (А.Машкевич демекші, «Қазақ әдебиеті» газетінің №39 (2991) 29 қыркүйек – 5 қазан, 2006 ж. санында «Қазақ астанасының кіндігінде еврей таңбасы неғып тұр?» деген қазекең. Дос болса неге А.Машкевичтер төрі-мізге мөрін басып, ұлтымыздың бо-лашағына көр қазғысы келеді?! Әлде, иманы жоқ па?! Иманы жоқ болса, неге төрімізге шығып жүр?! Қасқыр-дың иманы пейіштен келген қой мен жеті қазынаның бірі атанып жүрген иттен кем бе? Кем болса неге? «Қас-қыр – жын мен періні жейді» - дейді. «Қасқыр бар жерден шын-шайтан қа-шады» - дейді. Қасқыр жесе – зекет бермеген адамның малын жейді, ол да имандылықтың нышаны. Қасқыр аңшы екеш аңшыны да сыйлайды. Сыйлағаны сол емес пе; алдынан шы-ғып, көлденең тұра қалып, жекпе-жекке шақыратын сәттері де болады. Әділ майданның өтуін қалайды. Ал кейде жақын жерде бөлтіріктері бо-лып, әлдебір жағдайсыз күй кешіп тұрғанда сол аңшыға тіке қарап, жекпе-жекке шығуына мүмкіндігінің жоқ екендігін сездіреді. Бұл жолы өзіне құрметпен қарауды сұрайды. Бірақ адамда табиғатқа деген ондай құрмет қайдан болсын! Қасқырда бар әділдікті адамның бәрінен бірдей таба қою оңай емес (ертеде бабала-рымыз жарық дүниеге сәби келгенде анасының уыз сүтін бермей тұрып, көкжалдың жүніменен нәрестенің таңдайына су тамызып, ауызданды-рып талмау жасатқан. Содан соң таң асырып барып, анасының сүтін емуге мүмкіндік берген. «Қазақ Мәдени анықтамалығы» Авт.: Қ.А). Иманды-лық дегеннен еске түседі. Қасқыр ша-ғылысқа түсіп, өмірге ұрпақ әкелер сәтте, шыңның басына шығып, Алла-ға мінәжат қылып, ұлып зікір салып, тұла бойын Құдіреттің нұрымен ша-йып, үлкен шартты жауапкершіліктен соң етектесетін көрінеді. Қазіргі қала-ның қара беттері құсап, теңіз жағалап теңкейіп, көрінген жерде көттеспей-тін көрінеді. Ол аз болса, адамның баласы дүниеге келгенде, анасын із-деп «емсем» - деп жылайтын болса, қасқырдың бөлтірігі ұрпақ үшін «өл-сем» - деп жылайтын көрінеді. Егер екі-үш жыл қатарынан құрсақ көтер-месе, апанын өзгертіп, жер ауыстыра-ды. Қалай да өмірге көбірек ұрпақ әкелудің қамын қарастырады. Мыса-лы, ұялы қасқырлар аңшының қор-шауына түсіп, түгелдей құрып кетудің қаупті төнген жағдайда бірінше ке-зекте еркектері өздерін құрбандыққа шала бастайды. Аңшыларды алдар-қатып, ізіне ерту үшін өтірік ақсап, көріне қашып, айла-әдіс жасайды. Ондағы мақсаты – ұрпақты, қасқыр атаулыны аман алып қалу, қаншық-тарын сақтау. Қаншықтары аман бол-са, қайта жұптасып, өмірге бөлтірік әкеледі ғой. Сол үшін еркектері қы-сылған сәтте өзін құрбандыққа шала-ды. Бұл есейген бөлтіріктеріне де тән. Міне, бұл қасқырдың ұлттық мүдде үшін жеке басын құрбандыққа шалу парасатының үлгісі. Ал адамдар бол-са, туған балаларын көшеге тастап, жетім менен жесірді ақшаға сатып жүр. Жоқтық пен мүжәлсіздігін пай-даланып, өз аруларын, өз қыздарын жезөкшелікке итермелеп, көрінген көк аттының көңілін табуға тырысып, сатқындықпен жағымталсиды. Ондай арсыздарды алысқа бармай-ақ өз қаламыздан да тауып беруге болады. Көріп отырғаныңыздай, қасқырлар бізге қарағанда ұлтшыл да ұрпақшыл мейірімді. Демек, қасқырекем де Құдайдың қалауынан тыс емес! Сон-дықтан «қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан» деп барлық кінәні Көкбөріге аударатындай рет жоқ. «Жау жоқ деме, жар астында, бөрі жоқ деме, бөрік астында» деген де бір сөз бар. Қой сияқты момақан-быз деп, қорғансыздығымыздың бар-лығын артықшылығымызға балап, мадиықтануды тоқтатпайтын болсақ, не жар астындағы жаудың, не бөрік астындағы бөрінің қолында немесе тісінде кететін боламыз. Көкбөрі – ақылы мен айласын қанат қылып, қайраты мен төзімін, ерлігі мен епті-лігін, ділін сатпайтын тектілігін қару қылып, пенделік қаскөйлігімізге қар-сы позиция ұстап келеді. Қашар жер-ді де қапысыз аңғарып, қуар жерде де тарпа бас салып, бостандығын қорғап, ғұмыр-саяхатын жасауда. Са-йын даланың төсінде бүгінгі өрке-ниетшіл адамзатпен жағаласып ұрпақ өсіру үшін де қасқырларға қаншама әділетсіз майданды бастан кешіруге тура келеді. Әзірше нәтижесіз емес, абыройы мол. Қасқыр аң түгілі, адам-ның мысын басып, өзімен санасуға мәжбүрлеген. Бұл орайда жазушы Қасым Тәукенов: «Ертеректе қазақтар қасқырдың атын атамайтын, мүмкін ол қасқырдың атын атаса малға ша-бар деген ұғымнан туған болар. Әйте-уір «қарақұлақ» десең «қасқырдың шамы» дегендей оны тікелей атамай «бөрі, көкжал, ит-құс, ұлыма, дала тағысы» деген сияқты тұспалмен ай-татын. Тіпті қасқырды адам есіміне айналдырып та дәріптейді. Қасқыр-бай, Бөрібай, Бөлтірік, Қасқырбек сияқты адам аттары қаншама. Сөйтіп, халық қасқырмен аңдыса, алыса жү-ріп, оның осал жау еместігін бағалай да білген дейді кәнігі аңшы.

Міне, көрдіңіз бе, бостандығын бермей, ары мен намысын қорғап, өзін-өзі сыйлата білудің Көкбөрілерге тән үлгісі бұл. Ешбір қасқыр, бөлтірігі-не адамдардың атын қойған жоқ бо-лар... Олардың да өз тілі бар ғой. Ал адамдар болса, Қасқырбай, Бөрібай, Бөлтірік, Қасқырбек деп балаларына ат қойып азан шықырып жүр. Демек, Көкбөрілердің мерейі адамдардан үстем тұр. Себебі ол өзінің темірдей тәртіпке негізделген салтынан айны-майды. Діліне берік. Кім өзіндік бет-бейнесін сақтай білсе, әу баста Жара-тушысының пешенесіне жазған ұлт-тық ерекшеліктері мен салт-дәстүр мәдениетіне ие бола білсе, жеңіс сол халықтың жағында. Сондай ұлттың ғана мерейі үстем болады. Бөріге – бостандығы, итке – итаяғы қымбат! Қасқырдың баласын қолға үйретіп, айтқаныңа көндіріп, дегеніңді істетіп, өнер сахналарында масқарапазға ай-налдыру мүмкін емес. Ал мүйізі қа-рағайдай аң патшысы арыстан да, күш-қуаттың иесі жолбарыс та аузын-да аздап тамақ салып, жылы-жылы сөйлеп басынан сыйпаласаң, май-мылдармен қосылып масқарапаз бо-лып, не айтсаң соны істеп құлдық ұрып шыға келеді. Қасқырлардың ді-лін аздыру үшін құрығанда екі-үш атасын қолда ұстап өсіруің керек кө-рінеді (оған сенің өмірің жетпейді). Онсыз ол еш уақытта құлдыққа көн-бейтін көрінеді, - деп ділмарсиды адам байғұс. Ондағысы, өзінің әлсіз-дігін жасыру. Осы кезге дейін ешкім де «Қасқырды құлдыққа көндірдім» - деп айта алған емес. Бірақ кейбір ерекше жаратылған адамдар мен қасқырлардың арасында қимас дос-тық болған. Ал достық пен құлдық-тың арасы аспан мен жердей. Біз бол-сақ оны да шатастырып алып жүрміз. Сол үшін де біз өңі айналған «ұлтсыз интернационализмнен» ұлттық мүд-де іздейміз. Бізге Ұлттық Демократия керек. Біздің қоғамда Ұлттық мүдде мен Ұлтаралық достықтың шегарасы-ның қай маңда екені түсініксіз. Ұялы қасқырлардың да өз шекарасы бола-ды. Шекарасын қасық қаны қалғанша қорғайды. Сонымен қоса, өзгенің ше-карасын шама келгенше бұзбауға ты-рысады. Өзінің апанына бүлік кіргізбейді.

Үнсіз түсінісіп, нәтижелі әрекет жасау – қасқырларға ғана тән қасиет. Әлгіде қасқырларда шекара болатын-дығын айттық. Шекарасын қасық қа-ны қалғанша қорғайтындығын айт-тық. Сол үшін белгілі бір уақытта өз шекарасын бойлап дәрет етіп, атал-мыш жердің иесінің бар екендігін көршілеріне сездіріп отырады. Шека-расының шеңберінде, тектік мүддесі мен қасқырлық ар-намысына қайшы келмейтін, ұрпағын аздырмайтын, ата-бабаларынан қалған ұлы даңғыл-дан адастырмайтын ойын-сауық пен серілік серуеннің ләззатынан олар да құр қалмайды. Жұбын сатпайды. Ер-кегі мен ұрғашысының арасындағы және ата-анасы мен бөлтіріктерінің арасындағы қарым-қатынасы, ұялас-тарының әртүрлі жағдайдағы міндет-парызы қатаң ережеге бағындырыл-ған. Міне, қасқырға тән ұлттық демо-кратияның үлгісі. Қасқыр сол үшін де қасқыр. Кезінде ұлттық демократия-ны орнықтыра білген кешегі Көкбөрі шалдарымыздың ерін елдікке, елін ерлікке бастаған тарихи тұлғаларына, асыл ұлдарына «жігіттің қасқыры», «жігіттің көкжалы» деп баға беруі те-гін емес болар. Көкжалдық пен бөрі-лік – көзсіз батырлық емес, еліңді қа-лай да жеңіске жетелеудің айласын таба білушілік. Қасқырдың қасқырлы-ғы тісінде емес, ісінде! Әйтпесе, төбе-сінен тікұшақпен қуып келе жатқан қасқырдың айнадай тақырда аяқ ас-тынан адастырып кеткеніне таңғал-ған аңшылар, әуре-сарсаңға түсіп, бі-раз уақыттан кейін шешімін табады. Байқаса, қасқырекең тоқ жүйесінің бағанасына тікесінен асылып, бой жа-сырып тұрған көрінеді. Енді бірде, шағылдағы қылтиған бір-жар бұта-ның арасында жата кетіп, аяқтарын көкке көтеріп, өсіп тұрған бұтақтың кейпіне ене қалуы тамаша тәсіл емес пе? (қасқырдың ақылы мен айласы-ның тереңдігін көрсететін мұндай әрекеттердің мысалын көптеп келті-руге болады). Бәрі де ұрпақ үшін. Өмір сүрудің амалы.

Ұрпақ демекші, ұрпақ тәрбиесін қасқырлар қатаң ережеге дәйектеген. Бөрі бөлтірігін кішкентай кезінде өлердей сүйеді. Ойнатып, үстіне шы-ғарып, құйрығымен құлағын тістетіп, есепсіз еркелетеді. Сосын томпаңдап ізіне еретін халге жеткенде тұзы қа-лың сор жерлерге апарып, табанын күйдіріп, жорыққа дайындай бастай-ды. Себебі қасқырды аяғы асырайды деген де сөз бар. Кейде жемтігін апанға тірілей әкеліп бөлтіріктеріне өлтіреді. Және жемтікті бөліске салу мәселесін бөлтіріктердің өздеріне тастап кетеді. Бұл күрделі проблема-ны әділ шешу үшін ұядағы бөлтірік-тердің ішінен бір лидер шығуына ту-ра келеді. Осы табиғи қажеттіліктер-дің салдарынан ұялас бөлтіріктердің арасында, кескілескен майдан баста-лады. Ата-анасы бұл майданды сырт-тан ғана бақылайды, Ақыры арпалыс-қан майданның нәтижесінде ұялас бөлтіріктердің бірі жеңіске жетіп, апан ішіндегі тәртіп пен реттіліктің қожайынына айналады, басшылық етеді. Бір қызығы, әлгі жеңіске жетіп, апан ішіндегі басшылықты қолына алған бөлтірік ата-анасы әкелген жемтіктің жылы-жұмсағын ең бірінші әлжуаздарына беріп, өзі ең соңынан тамақтанатын болады. Ата-анасы жоқта ұялас бөлтіріктерге төнген қа-уіп-қатердің алдын алып, ақыл-айла табуы тиіс. Демек, олар кейбір адам-дар сияқты басшылық пен лауазымға қоғамдық игілікті қара басының қа-мына пайдалану мүмкіндігіне ие болу үшін емес, бөлтіріктердің бірлігі мен аман-есен қасқыр болып қалыптасу жолындағы ұлы көштің жауапкершілі-гіне ие болу мақсатында қажетсінеді екен ғой. Ал біздің қоғамда «Елім!», «Отаным!», «Ұлтым!», «Дінім!», Ді-лім!, Тілім! Ұлттық арым мен намы-сым» - дейтін адамдарды және ұлты-ның болашағы үшін қайғы ойлап, қа-сіреттенетін азаматтарды басының пайдасын білмейтін, ақымақ, жынды көретін жағдайға жетті.

Қасқырды қолдан шағылыстырып, күшіктеткісі келгендер де болған. Бі-рақ күйттен шыққаннан кейін қаншық қасқыр үнемі жорықта жүруі керек. Сонда құрсағына түскен сәттен жорық-пен басталады. Қасқыр үшін өмірдің басты мәні ұрпақ және жорық пен әре-кет. Сондықтан да Адай-Ата кесенесі-нің жанына міндетті түрде жорық пен әрекет үстіндегі Көкбөріні мүсіндеуді ұйғардым және сәулетшілердің сыз-басына қасқырды кіргізуді талап ет-тім. Өмір дегеннің өзі – қозғалыс, әре-кет! Адай-Ата ұрпақтарына да, қарға-тамыр қазағыма да керегі – сол Көк-бөрілерге тән әрекет. Адай-Атаның Көкбөрісі күндердің-күнінде «Адай-дың Көкбірісі» атанады. Қасқырша жортып, Бөріше бөлтірігін тәрбиелеу үшін, қазақтың Көкжал жігіттері, «Адай Бөрісінің» жанына келіп, ырым қылып, ұл-қыздарының тұсауын кесе-тін болады. Ол балалар сосын қасқыр-ша жортып, бөріше бірлігін бекемдеп, ұлтының жоғын түгендеп, арын арлай-ды. Лайымда солай болғай. Адай мен Арлан, Қазақ пен Қасқыр ұрпақ үшін кескілескен ұлы майданда жеңісті жо-рықтардан көріне бергей! Отпан тау-ға бара қалсаңыздар, Адай-Атаның аруағына дұға бағыштап, Көкбірінің өмір сұру қағидаларын ұрпақтары-ңызға үлгі етіңіздер! Қазағымыздың ұлттық рухын көтерейік! Қой болып, қасқырдан қашып, қойшыға тығыл-ғанда да өз ажалыңнан өлетін еште-ңең жоқ. Айдаулы қойға қайраулы пышақ қашан да да дайын. Сөзімнің соңында «Адай-Ата кесенесінің қасы-на Көкбөрі неге керек болды екен?» - дейтіндерге беретін жауабым:

«...Көк бөрінің жалпы түркі тектес халықтардың бәріне ортақ қасиетті тотемге айналуы, ал біздің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы-ның негізінен көгілдір аспан түстес болуы тіпті де кездейсоқтық нәрсе емес» - дейді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. «Тарих толқынында» атты кітабының 32-33 беттеріне үңілсеңіз. Түсінген жанға бұдан артық қандай дәлел керек.
– Сабыр аға, сұхбатыңызға рақмет!
– Сен де сау бол, Сәрсен інім!

«Адай-Ата» кітабынан,
3-том,
374-382 бет.

Қаралым саны 4969

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463