Құба жонның құланындай зымырап бара жатқан шір-кін уақыт-ай десеңізші... Ақ Жайық өңірінің мәдени-рухани өміріндегі жылт еткен жаңалықтар мен өлке тарихындағы «ақтаңдақ» беттерді жылнамалауға дер кезінде кіріскен бірден-бір басылым – «DANAkaz» журналының алғашқы санының жарық көргені күні кеше ғана сияқты еді. Басылым-ның сүйінші саны қолға тигенде, кәсіби тарихшылар, жергілікті зиялылар, өлкетанушылар мен ата тарихын сүйіп оқитын, тамырында қазақ қаны ойнаған әрбір алаш баласы сүйсініп еді-ау. Соның бірі – Мен.
Сөйтіп, осыдан жыл жарым уақыт бұрын тарихи-танымдық, жастарға тәрбиелік мәні зор, білім мен ғылымды терең игеруге насихаттайтын «DANAkaz» журналының «тұ-сауының кесілуі» өңірдің рухани құндылықтарын тірнектеп түгендеудегі айтулы һәм айшықты оқиғалардың біріне ай-налды. Олай дейтін себебіміз, өлкенің арғы-бергі тарихында бұрын-соңды дәл осындай мақсаттағы мерзімдік баспасөз құралы болмаған-тұғын. Әлі толық зерттелмегендіктен, өл-кеміздің бай тарихы көптеген жұмбақ дүниелерді ішінде бүгіп жатыр. Сондықтан мұндай салмақты әрі салалық жур-налды шығаруды жедел әрі батыл түрде қолға алу – халық пен тарих алдындағы өте зор жауапкершілік болатын. Қол-даушысы саусақпен санарлық, бірақ жүрегі ұлтым деп соқ-қан жігерлі жігіттер «жұдырықтай жұмылып», осындай қа-йырлы іске «Аруақ» деп білек сыбана кіріскенде, ағайынның көңілінде осы бастаманың болашағы қалай болар екен де-ген үміт пен күдік – таразының екі басын тең тартып тұрған-дығын кімнен жасырамыз?! Қашан да, тұңғыштың аты – тұң-ғыш емес пе?!
Қадамын тәй-тәй басқан сәбидей «DANAkaz» басылы-мы алғашқы аяқ алысымен-ақ қалың оқырманға «болар бала боқташағынан» екенін байқатып үлгерді. Қай кезде де талғампаз оқырман дүниеге келген қандай да бір жаңа басылымнан тың дүниелер күтетіні даусыз. Редакция тұң-ғыш санынан бастап күні бүгінге дейін өлке тарихының өзекті мәселелеріне арналған іргелі ізденістер мен сүбелі зерттеулерді үзбей жариялап келеді. Әсіресе, бұрын-соңды халықтың құлағына көп тие қоймаған, өлкемізден шыққан тарихи тұлғалар болмысын толық ашуға жасаған талпынысы көңіл қуантарлық және «Құлпытас кілтін ашайық!» айдары бойынша өлкедегі сыры жұмбақ күйінде жатқан көне қорымдардағы араб әліпбиімен жазылған құлпытастарды «сөйлету» басталды. Мұның өзі құлазыған құла түзде қатар-қатар қаздиып тұрған «көктастарға» оймышталып, қашалып қалған бабалар тарихының құпиясын ашып, бүгінде халық жадынан ұмыт бола бастаған айтулы тұлғаларымызға «жан бітіргендей» жаңа жоба болып шықты. Сайып келгенде, «DANAkaz» журналы – өлке тарихының өрмегін ең нәзік жіп-терден тоқуды дер кезінде қолға алған бірден-бір басылым екенін тарихшы-маман ретінде айрықша атап өту парызым деп білемін. «Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дейді!». Бұл – ғасырлық тәжірибеден алынған даналық сөз. Жоғын түгендеуге келгенде жүре қарайтын ағайынның мұндай ке-лелі істің мәні мен маңызын терең түсініп, мемлекеттік дең-гейде қолдау көрсеткенін қалар едім. Бұл біздің ұлтымызға, елдігімізге, болашағымызға керек. Ойлан, толған, ағайын!
Бұған қоса Кіші жүз тарихына қатысты Ресей мұрағат-тарында шаң басып жатқан, көне славян тілінде жазылған бұрын еш жерде жарияланбаған тың деректердің көшірме-лерін елге әкеліп, оларды тәржімалап көпшілікке ұсынуы жергілікті жұртшылықтың ерекше қызығушылығын туғы-зып, халық сарғайған құжаттардан өздерінің ата-бабасын іздеуге кірісті. Журналда жарияланған құнды дүниелерді толық тізбелеуге мақала көлемі көтермейтіндіктен, біз осы-мен доғарамыз. Әуел баста Өлке тарихының теориялық, танымдық тақырыптарына басымдық берілсе, кейін оқу-әдістемелік бағыт қосылып, шын мәнінде тарихшылардың, өлкетанушылардың, студенттер мен оқушылардың көмекші құралына айналды. Қысқартып айтсақ, журналдың әрбір саны сапалы, жан-жақты, мазмұнды, көркем безендірілген, тартымды суреттер мен тың деректерге бай.
Біздіңше, қазіргі қазақ журналистикасының ең басты міндеті – қазақты Қазақстанда көшбасшы ұлтқа айналды-руға жан аямай қызмет ету. Тәуелсіздікті нығайтудың ең басым кепілі – мемлекет құраушы ұлт қазақтың республи-када жетекші ұлтқа айналуы. Соның бір арналы саласы – ұлт-тық тарихи сананы жаңғырту. Ұлттық сана – тарихи сана ар-қылы қалыптасады. Бұл, сөз жоқ, киелі тәуелсіздік пен ел бірлігін сақтауға, елдік пен мемлекеттікті нығайтып, дамы-туға септеседі.
Ойымызды тобықтай түйсек, елдік, ұлттық мүддеге тамыр жіберетін өлкедегі бірден-бір дара журналға айнал-ған «DANAkaz» жас басылым болғанына қарамастан кенен шығармашылық ізденіс үстінде. Мақсаткерлігі мен табанды-лығы, ыждағаттылығы мен батылдығының арқасында Ақ Жайық тарихының елеусіз, қараусыз, жабулы жатқан па-рақтарын аршып алуда, оны республикалық дәрежеде наси-хаттауда суырылып алға шыққан маңдайалды журналға қолдау көрсету – ата тарихын ардақтайтын әрбір ағайын үшін абыройлы іс.
Өлке тарихын жалықпай насихаттау үшін жур-налдың өмірі ұзақ болғай деп тілеймін! «Төртеу түгел болса»... жаңа басылымның қанатын кеңге жаярына сенімім мол!