Бұл сайысқа Дағыстан мен Қалмақ Республикаларынан және Ресей Федерациясының Волгоград облысының Волгоград қаласындағы олимпиада резервтері мектебі, Волжск, Михаилов, Городище, Палласовка сонымен қатар Саратов облысының Маркс, Советский, Новоузень, Ровный және Алгай қала-ларынан жас боксшылар қатысты. Осы шарада қазақ елінің намысын қорғап барған атыраулық бапкер Қайрат Есқалиевтің шәкірттері топ жарды. Атап айтсақ, Мұрат Тәжиев (34 келі) бірінші орынға ие болса, Абдолла Бекет (43 келі) пен Халухаев Муаз (33 келі) екінші орынды иелен-ді. Ашық турнир барысында рингте әбжыландай қимылдап, қарсыластарын рингтің бұрышынан бұрышына қуып жүріп сабаған Мұрат Тәжиев ең үздік боксшы аталымы бойынша арнайы дипломмен марапатталып, Волгоград облыстық бокс федерация-сының президенті Владимир Сергеевич Глиняновтың қолынан түрлі-түсті теледидар алды.
Жарыс барысында былғары қол-ғап шеберлерін жаттықтырып жүрген ресейлік қандастарымыздың бірқата-рымен тілдесіп үлгердік. Ата-жұрттан алыс жүрген бауырларымыздың шә-кірт тәрбиелеудегі еселі еңбегіне дән риза болдық. Ендеше, спорттың бокс саласына өзіндік қолтаңба қалдыра білген қазақ жігіттері жайында тар-қатып айтып өтейін.
Саратов облысының Советский ауданының Степной поселкесінде бапкер болып қызмет етіп жүрген Қазан педагогикалық институтының физкультура факультетінің түлегі, қан-дасымыз Александр Сергеевич Исмаиловтың еңбегі ұшан-теңіз екен. Ол – әлемдік доданың қола жүлдегері, Еуропа чемпионы Артем Чебаторев-тың алғашқы бапкері екенін мақта-нышпен айтты. Артем біздің жиеніміз болып шықты. Иә, оның анасы Волгоград облысы Палласовка ауданының Савинка ауылынан шық-қан қазақ қызы екен. Сонымен қатар А.Исмаиловтың мектебінен алғаш сабақ алған Владимир Шишкин мен Виктор Песков сынды спортшылар Ресей бокс құрамасының мүшесі бол-са, енді бір шәкірті Айдар Ниеталиев Элиста қаласында өткен Ресей жас-тары арасындағы сайыста қола жүл-дегер атанған. Осы турнир барысын-да Александр Исмаилов баптап алып келген жеті жасөспірім талай мықты-ны шаң қаптырып, финалға шықты. Финалда бапкердің шәкірттері Волгоград қаласындағы олимпиада резервтерін дайындайтын мектеп спортшыларына дес бермегенін қа-лай айтсақ та жарасымды. Сонымен, Никита Волков (33 келі) пен Ильдар Сафаров (38,5 келі) қарсыластарынан басым түсіп, жеңімпаз атанса, Бауыржан Кубашев II орын (34 келі), Темірлан Оразғалиев II орын (38,5 келі), Хегай Максим II орын (50 келі), Роман Баязитов II орын (54 келі), ал Максим Волков III орын (60 келі) ал-ды. Бір бапкердің жеті шәкірті бірдей жүлделі орынға ие болғанына таңғал-дық. Тамсандық. Шексіз риза болдық. Алайда А.Исмаилов төрешілердің бұра тартып, бірінші орын алып тұрған үш шәкіртінің бағын байлағанын айтады.
Мерген Исенғалиев деген тағы бір қандасымыз Саратов облысының Новоузень қаласынан осы жарысқа үш шәкіртін үкілі үмітпен алып келген. Тартысты бәсекеде Мерген баулыған Иман Джураев (33 келі), Тамерлан Исқалиев (54 келі), Адам Туралиев (60 келі) екінші орынға қол жеткізді. Үшеуі де қарадомалақ. Өздерінше рингте бокстасып жүріп, «аруақ» деп айқайлап қоятынын айтсай-шы! Қазақтың қаны бар екенін намысты бауырларымыз осылай дәлелдеді.
Алгайлық бапкер қазақ жігіті Бақытжан Ибатовтың да өзімен бірге ала келген үш шәкірті финалдық бәсекеге шығып, жеңіс тұғырынан көрінді. Олар Андрей Гогольев I орын (60 келі), Даурен Нұрғужин III орын (50 келі), Арман Тауыпов III орын (43 келі) алды. Бақытжан өзінің қос шәкіртінен мол үміт күтетінін жеткізді. Әлібек Жұманбаев есімді шәкірті 2003-2004 жылдары Ресей біріншілігіне қатысып, жүлделі екінші және үшінші орындарға табан тіреген. Приволжск Федералдық округінде 2012 және 2013 жылдары оздырылған бокс сайысында Бәкеңнің тағы бір шәкірті Батыр Сапашев бірінші орын алса, осы көктемде Анапа қаласында өткен Ресей спортшылары арасындағы сайыста өзі баулып жүрген шәкірті Темур Маргошия жүлделі екінші орыннан көрінгенін естіп білдік.
Саратов облысы Маркс қаласының «Құрметті азаматы», 38 жыл өмірін бапкерлікке арнаған, аталмыш қаладағы мектептен тыс жұмыстар орталығында жаттықтырушы болып еңбек етіп жүрген қандасымыз Медияр Олахмановпен де сөйлесіп үлгердік. 2013 жылы қазан айында екі дүркін олимипиада чемпионы Б.Логутин атындағы турнирде жүлделі екінші орынға табан тіреген, 2014 жылы көктемде Приволжск Федералдық округі біріншілігінде жүлделі үшінші орыннан көрінген, Саратов облысының төрт дүркін чемпионы Даниял Жаденов сын-ды былғары қолғап шеберін тәрбиелеген М.Олахманов-тың қос бірдей шәкірті жарыс барысында Ильяс Айсағалиев I орынға (40 келі), Рамзан Бакалов III орынға (63 келі) қол жеткізді.
Палласовка қаласында бокстың іргетасын қалап, спорт-тың осы бір түрінің дамуына өзіндік үлес қоса білген бапкер Салтанат Иматалиев туралы да айта кетейік. Ол Палласовка қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде бокс сек-циясынан жаттықтырушы болып еңбек етеді. Жиырма жыл-дан астам жаттықтырушы болып жүрген ағамыздың да шә-кірттері баршылық екен. Дмитрий Бородаев, Азиз Худаян және Аят Иматалиев сияқты спорт шебері мен спорт шебер-лігіне үміткерлерді баптаған қандасымыздың осы аталмыш сайысқа қатысқан шәкірттері Ратмир Ащанов (30 келі) бірін-ші, Сұлтан Кутваров (54 келі) пен Бауыржан Кузекенов (91 келіден жоғары) жүлделі екінші орындардан көрінді.
Турнир соңында палласовкалық қандасымыз, талай байрақты бәсекеде жеңіс туын желбіретіп жүрген Эдуард Айтмұхамбетов спорт шебері атағына ие болып, Волгоград облыстық бокс федерациясының президенті Владимир Глиняновтың қолынан арнайы куәлік және төсбелгімен марапатталды.
Аталмыш шараның өтілуіне демеушілік жасаған қос аза-мат Айболат және Нұрлан Бекесов сынды атымтай жомарт бауырларымызды да атап өткеніміз абзал болар.
Иә, шетелде жүрген қандас бауырлар арасында былға-ры қолғап шеберлерінің көптігіне куә болдық. Бәсекелі спорт сайысында 29 жұп финалға шықса, соның ішінде жиырмаға жуық ресейлік қара домалақтың болғаны бізді бек қуантты. Бар болыңдар, нар болыңдар, шетте жүрген бауырлар дейміз біз де өз кезегімізде.
Ахмедияр БАТЫРХАНОВ,
Жәнібек-Палласовка-Жәнібек