Шынында да, соңғы жылдары қазақ баспасөзінің тарихына байланысты ізденістерімізге дәл осы Мұстафа Шәмбілұлы жинап кеткен деректер көп көмек болды. 2012 жылы баспа бетін көрген «Қазақстан» газеті, 1911-1913», 2013 жылы басылған «Қос газеттің тарихы» кітап-тарына Батыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейінде сақ-таулы Мұстафа Ысмағұлов қорының материалдары мо-лынан пайдаланылды. Сол бір сарғайған парақтарды қарап отырып, Мұстафа ағамыздың Совет идеологиясы-ның «тұтқынында» жатқан Алаш арыстарын ақтауға барын салғанын байқаймыз. Шәңгерей мен Ғұмардың, Ғабдолғазиз Мұсағалиев пен Елеусін Бұйриннің еңбегін барынша қызыл саясатқа ыңғайлап, «Қазақстан» газетін большевиктік бағыттағы басылым ретінде де көрсетпек болады. Әрине, оған көзі қырағы советтік идеология жол бермейді. «Қазақстан» газеті, оның маңындағы тұлғалар туралы тек тәуелсіздік тұсында ғана ашық айтыла бастады. Бірақ осы тақырыпта талмай ізденіп, кезінде көзі тірі талай тұлғамен жолығып, мол мұраны жинақтап кеткен Мұстафа ағамыздың еңбегі болмаса, талай тарих із-түзсіз жоғалып кетер ме еді...
Бір қызығы, Мұстафа ағамыздың тірнектеп жинаған деректері көп болғанымен, өзі туралы мәлімет өте аз сақталыпты. Күні бүгін ғалымның бізге белгілі өмірбая-нында ақтаңдақ көп. Тіпті фотосуреті де қалмаған... Өмі-рінің біраз бөлігі мемлекеттік қауіпсіздік саласында құ-пия тапсырмалармен өткендіктен бе, өзі талай тұлғаның тарихын тасқа басып қалдырса да, өзін жарнамалауға құлықсыз болыпты. Өкінішке қарай, Мұстафа ағай жина-ған барлық мұраны толық сақтап қалдық деу қиын...
Биыл (жоғарыда айтқанымыздай) Мұстафа Ысмағұловтың туғанына 100 жыл толады. Бірақ еліміз бойынша да, Батыс Қазақстан облысында да ғалымның мерейтойына орай өткізілетін салтанатты шаралар тізбе-гі байқалмайды. «DANAkaz» журналы осы олқылықтың алдын алып, Мұстафа Ысмағұлов туралы топтама мақа-лалар шоғырын жариялауды жоспарлап отыр.
Өнегелі өмірбаян
Мұстафа Шәмбілұлы Ысмағұлов 1914 жылы 7 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылдық кеңесінің Свердлов атындағы (бұрынғы К. Маркс) кеңша-рында кедей отбасында дүниеге кел-ген. 1930 жылы бастауыш мектепті аяқтап, сол жылдың тамыз айында Қазақ орман техникумына түседі. Оқу барысында денсаулығына байланыс-ты I курсын ғана тәмамдап, одан әрі оқуын тастайды. Денсаулығы қалпы-на келгеннен кейін Қызылорда сауда техникумына түсіп, аталмыш оқу ор-нын 1934 жылдың қыркүйегінде есепші-бухгалтер мамандығы бойын-ша аяқтайды.
1934 жылдың қыркүйегінде Қазақ Өлкелік комитеті комсомолының ше-шімі бойынша Қызылорда ҚР БЛКЖО-мен Балқаш өңірі құрылысы жұмысы-на шақырылып, онда бастапқыда есепші, кейін сельхозкомбинаттың материалдық бөлігі бойынша бухгал-тер қызметін атқарып жүрген жерден 1935 жылдың қыркүйек айында Балқаш ҚР БЛКЖО (Бүкілодақтық Лениншіл Коммунистік Жастар Одағы) кері ша-қыртып, істерді басқарушы етіп таға-йындайды.
1936 жылдың қазанында Тынық мұхит флотының кадрлығы жедел қыз-метіне шақыртылып, онда Владивос-ток қаласы маңындағы авиамектепте 120-шы авиабригадада оқып, одан денсаулығының жарамсыздығына байланысты 1937 жылдың қыркүйе-гінде шығып кеткен. 1937 жылғы жел-тоқсаннан 1939 жылдың қараша айы-на дейін Қарағанды осоавиахим ме-кемесінің облыстық кеңес төрағасы міндетін атқарушы болып қызмет ат-қарады. 1942 жылы Алматыдағы бар-лаушылар (контрразведчик) мектебін бітірген. 1954 жылға дейін НКВД са-ласында жедел уәкіл болған.
МҚК (Мемлекеттік Қауіпсіздік Ко-митеті) органынан босаған соң өз бі-лімін толықтыру үшін ҚазМУ-дың журналистика бөліміне түсіп, 1960 жылы аяқтады. ҚазМУ-дың 3-курсын кешкі бөлімде, қалғанын сырттай бө-лімде оқыған.
Қазақстан ҒА-ның философия және құқық институтында 1957 жылдың шілде айынан бастап жұмыс істеді. Ол Батыс Қазақстан өлкесінің өткен кезеңдері, тарихи тұлғалары туралы құнды деректер жинаған. Әсіресе, Боғда, Еспай, Сейтек, Зәмзәм Есжанова, т.б. күйлерін таспаға жаздырған. 1982 жылдан Махамбеттің «Шашақты най-за, шалқар күй» атты жинағын шыға-руға атсалысты және оның домбыра-сын тауып, республикалық халық ас-паптары музейіне тапсырды.
Ол Батыс Қазақстан өлкесінің өт-кен кезеңдері, тарихи тұлғалары ту-ралы құнды-құнды деректерді, архив-тік материалдар мен фотосуреттерді, 120 күйдің пленкасы мен Махамбет пен Дальдің достығы туралы жазы-лып бітпей қалған романның қолжаз-басын, түркі, араб, парсы тілінде жа-зылған көне кітаптар туралы мәлімет-терді Астрахан, Москва, Ленинград, Саратов, Омбы, Орынбор архивтері-нен тірнектеп жинаған.
М.Ысмағұлов қазақтың тұңғыш заңгері Бақытжан Қаратаев, алғашқы қазақ журналистерінің бірі Елеусін Бұйрин, ойшыл ақын, қоғам қайрат-кері Ғұмар Қараш туралы зерттеп, зерделеді. Аталмыш тұлғаларды зерт-теген М.Ысмағұловтың деректері мен қолжазбалары Батыс Қазақстан облыс-тық тарихи-өлкетану музейінің қорын-да сақтаулы. Зерттеуші деректері мен қолжазбаларында Бөкей ордасынан шыққан қазақ оқығандарының ішін-дегі елеулі, ірі тұлға – Ғабдолғазиз Мұсағалиев (1880-1933ж.ж.) жайлы тереңірек қарастырған.
Азаматтан қалған асыл қазына
Өзі туып-өскен Орал өңірінің өт-кен тарихына үңіліп, көпшілікке бей-мәлім ақиқатты ашуға ұмтылып, өмір-бақи архив ақтарып, асыл қазынадай дерек іздеген ғалым Мұстафа Ысмағұловты біреу білсе, біреу білмес.
Халқының құрдымға кетіп бара жатқан қимас тарихын жоқтаушы еді ол. Шаңға бөккен қағаз сырына үңі-ліп, көненің көзі қарияларды іздеп, әңгімесін тыңдауға, бір деректің со-ңына түсіп, із кескен аңшыдай сарыла сарғаюға жетелеген намыс қысқан құштарлық шығар. Қазақ ССР Ғылым Академиясының философия және право институтында ғылыми қызмет-кер болған ол кісі 1983-1985 жылда-ры өзінің туған жері – Орал облысы-ның Жәнібек ауданындағы Свердлов атындағы совхозда музей де ұйымдас-тырмақшы болыпты. Бірақ әртүрлі жағдайдың әсерімен контейнерге қайта тиелген архив Алматыға кері әкелініпті. Қанша уақыт босқа кетіп, еңбек еш болды? Бірақ ол «халық бір кезде болмаса, бір кезде жоқтар» деді ме екен, көзі жұмылғанша осы бір мақсатына адал кетіпті.
1991 жылы сәті түсіп, марқұм Мұстафа ағамыздың зайыбы, химия ғылымдарының кандидаты Сәнду Дүймағамбетовамен кездестім. Ол кісінің мақсаты да жарынан қалған архивті ел қажетіне асыру екен.
Апайға жерлестерінің Ғабдолғазиз Мұсағалиевті жоқтап жатқанын айт-тым. Ол жөніндегі дерек бір болса, осы үйдегі архивтен табылып қала-рын ескертіп өткен облыстық газет мақаласын көрсеттім.
– Ағаңның архивінде бұл дерек-тер бар. Келіп көр. Елге жариялап жа-замын десең, қарсы емеспін, қалқам, – деген ақ шашты әз ананың лебізі мені сол үйге жетеледі.
Кезінде ұстаздық қызмет атқа-рып, Гурьев пединститутында ректор болған, ер-азаматтар майданға аттан-ған кезде атқа мінген Сәнду апамыз-дың айтқан әңгімесі терең де маз-мұнды еді.
– Ағаңның соңына біраз түсіп, алып қалған қолжазбасының бірі – Ғабдолғазиз Мұсағалиевтің қаламы-нан шыққан «Гүлжиһан» дастаны. Автор туралы бар дерек осы еңбекке кіріспеде жазылған, - деп, апай бір үлкен буманы алдыма қойды.
Бұл дастанның арабша қолжаз-басын Мұстафа ағамыз төрт ай оты-рып, аударып шығыпты. Сірә, жеке кі-тап етіп бастыруға ниеттенген. Себебі филология ғылымдарының кандидат-тары Б.Ысқақов пен И.Мәменов берген баға-рецензия да сол күйінде сақталыпты.
ХХ ғасырдың басында-ақ Мысыр-дағы Каир университетін бітіріп, жеті шет тілін білген, дүниенің тылсым сырларын тану үшін сапар шеккен Ғабдолғазиз Мұсағалиев – әрі әдеб-иетші, әрі ақын болған. Ол тарих пен философияны еркін меңгеріп, Россия-да шығып тұрған «Шора», «Тәржіман» журналдары мен «Уақыт» газетіне мақала жазған. Оның 1911-1913 жыл-дары халқымызға аттары белгілі қай-раткерлер Б.Қаратаев, Е.Бұйрин, Ғ.Қарашевтармен бірге «Қазақстан» атты газет шығаруға белсене қатысуы да халықтың болашағын ойлаудан туған іс-әрекет емес пе? Сондай-ақ Жетісудағы «Мамания» медресесінде білім беріп, Ілияс Жансүгіровтей дүл-дүл ақынның ұстазы болған. Қазақ-тың тұңғыш демократ журналисі Мұхамбетжан Сералинмен жақсы қарым-қатынаста жүріп, «Айқап» журналына мақала жазған.
Мұстафа Есмағұлов өз қолымен былай деп жазыпты: «1917 жылы шіл-деде Ғабдолғазиз Ордаға келіп, «Ұран» атты газет шығарған. Бұл газет Кеңес-тердің жартылай ресми орнына ай-налған...
1918 жылдың басынан бастап Ғабдолғазиз Бөкей губерниясында Кеңес өкіметінің нығаюына атсалыс-ты. 1918 жылдың көкек-мамырында Бөкей ордасында шақырылған кеңес-тердің І сьезіне делегат, ал сьезде оның төрағасы болып сайланды. Сьезден кейін Бөкей губерниясының халық ағарту комиссарының орынба-сары болып тағайындалды...
1918 жылдың екінші жартысынан 1919 жылдың қазан айына дейін Ғабдолғазиз РСФСР-дің ұлт істері жө-ніндегі халық комиссариаты Қазақ бөлімінің Бөкейдегі бөлімшесі алқасы-ның мүшесі болды. Сонымен бірге «Дұрыстық жолы» газеті мен «Мұға-лім» журналының редакция алқасы-ның мүшесі болып тағайындалады. (Бөкей облысындағы Кеңестердің І-ІV сьездерінің делегаты) Анда-санда Қа-зақ өлкесін басқару жөніндегі рево-люциялық комитет құрамына да еніп жүрді (20-шы жылдарға дейін). Мұ-нан соң таза әдеби-творчестволық жұмыстармен айналысады. Өмірінің соңғы жылдары Алматыға көшіп келіп, 1933 жылы қайтыс болады.»
Бұл деректерді Мұстафа ағамыз Орда өңіріндегі Бисенғали Жұмашев сынды Ғабдолғазизді жақсы білген ардагер ақсақалдардан жазып алған. Бисенғали Жұмашевтің «Ұран» газе-тіне» атты өлеңі де бар.
Үміті жас «Ұраным»,
Құтты болсын құралың,
Өмірің ұзақ болсын деп,
Мен де бір тілеп тұрамын.
Мен де қазақ баласы,
Көңілімнің жоқ аласы,
Басшыға тойған ел емес,
Қазақтың кең даласы.
Басшы болсаң ел баста,
Біз ерелік, сен баста.
Артыңа ерген халқыңды
Адастырмай жөн баста.
Осы бір қарапайым жолдарда ха-лықтың болашаққа деген сенімі, күні бүгін де мәнін жоймаған, аңсаған арманы жатқан жоқ па?
Ал енді Ғабдолғазиз жазып қал-дырған «Гүлжиһан хикаясы» атты лиро-эпостық дастанға оралайық:
«...әл-Фарабиден бұрын да, ке-йін де Араб елдеріне барған, оқу бі-тіргесін атажұртына қайта оралмаған қазақтар көп болған. Әбд-әл-Мәлік заманында жаңа жыл санауша 685 жылы, яғни Әбу Насыр әл-Фарабиден екі ғасырға жуық бұрын араб елдері-не Кердері руынан Асылбек және Қасымбек атты ағайынды екі жігіт оқу-ға барыпты. Асылбек пен Қасымбек халифтің алдында сынға түседі. Халиф Асылбекті Дарил Фунинге (универси-тетке) оқуға қабылдайды. Ал Қасымбекті «қаражүрек, күншіл, жалақор» деп, қа-былдамайды. «Гүлжиһан хикаясы» Асылбектің келіншегінің есімімен атал-ған екен. Араб тілінде жазылған орта-ғасырлық осы дастанға Ғабдолғазиз ерекше қызығып, жаттап алыпты. Ол араб, парсы түрік, орыс, француз, ағылшын тілдерінде мүдірмей оқып, ана тілімізге шебер аударып жазатын, зор білімді азамат болатын.»
Мұстафа Ысмағұлов Ғабдолғазиз Мұсағалиевті көзімен көрген екен. 1926-28 жылдары Ғабдолғазиз Мұсағалиев дастанды қазақ тіліне ау-дарып, арабша қолтаңбасы жақсы Ахуат Жұмағалиев, Хамза Ишанғалиев, Бисенғали Мұратов, Ахмет Батыров (мұғалім), Ғарифолла Хайырлиевтер-ге айтып отырып, дәптерге жаздыр-тыпты. Бұл дастанды елдегі жәдитше сауаттылар екі қонып жететін жерден келіп, көшіріп әкетеді екен. Ол кезде кино, радио, театр жоқ қой. Ал дас-тан елден елге, халық сахнасына та-рап кеткен...
1927-1929 жылдары латынша оқу, жазу басталды. Соның салдары-нан «Гүлжиһан» дастаны баспаға берілмеді. Ал Ғабдолғазиз дүниеден озды. Ол аударған «Гүлжиһан» даста-нын әйелі Бәдиғұл анасы Әйнөкке берген. Әйнөкке Мұстафа ағамыз 1959 жылы 6 қарашада Көлборсыға іздеп барыпты. Ғайнетден Жаманбалиновтың үйінде Әйнөкпен әңгімелескен. Сонда «Гүлжиһанды» сұрағанда, Әйнөк: «Мен бұл дастан-ды кемпірлермен бас қосқанда оқып жүрмін. Қазір бере алмаймын. Өзіме уақыт жетерде жайық беріш Ғайнеден-ге «Гүлжиһанды» Мұстафаға тапсыр деп аманат етемін, - депті. Мұстафа ағамыз 1968 жылы тамыз айында Ғайнеден Жаманбалиевке арнайы ба-рып, аманат «Гүлжиһанды» алыпты.
Мұстафа ағамыз көзі тірісінде «Гүлжиһан» дастаны бойынша теле-сценарий жасауға күш салған. Ал «Мырқын батыр, Қорлыға, Биша» ат-ты жырды қолға алғанмен, ақырына дейін жеткізуге уақыт күтпепті. Бұл қалмақтан елін қорғаған қазақ батыр-лары туралы көркемдік дәрежесі биік, оқыған адамға оқиғасы түсінікті, тілі жеңіл, әсерлі жыр. 187 беттік бұл шығарма да 1962 жылы арабшадан қазақшаланыпты. Апайдың арманы – осы мұраларды жариялатып, халыққа тарату еді. Бүгінде бақилық болған асыл аға мен апаның осы жолда қы-руар шаруа тындырғаны елге өнеге боларлықтай.
P.S. Тоқсаныншы жылдардың ба-сында Сәнду апа қызы Салтанат екеуі Оралға арнайы келіп, Мұстафа ағадан қалған көп маңызды материалды облыстық өлкетану мұражайына өз қолымен табыс етті.
Сарғайған хаттар сөйлейді
Төмендегі хаттар баспасөз бетінде тұңғыш рет жарияланып отыр. Мұнда 1979-1980 жылдары Орал облысы, Жәнібек ауданындағы “Свердлов” кеңшарында Мұстафа Ысмағұловтың көмегімен ашылып, жұмыс істеген жергілікті өлкетану музейінің ұйымдастырылу тарихы сөз болады. Біз хат мәтінін әдейі өзгертпей, сол күйінде ұсынып отырмыз. Әйткенмен, оқырман қауым Мұстафа ағай дәріптеп отырған тұлғалардың «атеист» деген анықтауышынан жатырқап қалмасын. Бұл айтулы алаш тұлғаларын насихаттау жұмысын советтік идеология талаптарына сәйкестендіру үшін жасаған ағамыздың айласы деп түсінсек керек.
Бұл құжаттарды журнал редакциясына ұсынған – М.Ықсанов қорының төрағасы, ардагер Асқар Атаев ағамыз.
Халық депутаттары Свердлов Советінің преседателі Закарин Сансызбай жолдасқа
Я.М.Свердлов атындағы совхоздың директоры Уәлиев Аманкелді жолдасқа
Өткен күзде (1978ж.), одан бұрын Ғаббасов Башай жолдаспен көктемде барғанымда да «совхозымызда музей ашамыз деген ойымыз бар, мына альбомды жасаттық» дегендеріңіз әлі есімде.
Мен сол кезде пікірлеріңізді қостасам да, өзімде қандай қадірлі, қастерлі баға жетпес тарихи, әдеби, мәдени, ғылыми мұралар барлығын тіс жарып айтқан жоқ едім. Өйткені 39 жыл бойы (1940 жылдан бастап) жинап, сақтап, әртүрлі папкаларға бөліп қойған, түрлі-түрлі тақырып бойынша жіктелген деректерді қайта бір қарап шыққым келді. Құр лепірме түрде жауапсыздық жасамай, өз сөзіме өзім, әбден шамасын біліп айтайын деп ойландым.
Қолымдағы мұралар 1902-1921 жылдарды Я.М.Свердлов атындағы совхоздың жерінде халық ағарту үшін және атеистік насихат, үгіт таратуға атсалысқан, сол кез-дегі қазақтың ұл-қыздарын оқытқан, тарихи, әдеби, мәдени, журналистика, педагогика мәселерімен шұғылданған Шәңгерей Бөкеев, Ғұмар Қарашев, Нұғыман Зәлиев, Ғазиз Мұсағалиев, Елеусін Бұйрин, Паңгерей Ақсартов, Закария Ерғалиев т.т. туралы еді.
Жоғарыда аталған ағартушылар, атеистер туралы де-ректерді, документтерді Ленинград, Москва, Қазан, Уфа, Астрахань, Орынбор, Ташкент, Шымкент т.т. қалалардағы архивтардан, кітапханалардан, музейлерден, жеке адам-дардан 39 жыл бойы демалысқа шығып, арнайы іздеп, көз-дің майын, табан терімді аямай, қазір 65 жасқа келсем де, 39 жыл ішінде ауырып, сырқаттанып жүрсем де курортқа бір бармай, 40 мың сомдай өз қаражатымды жол жүруге, қонақ үйге, сүретке түсіруге, ксеро, электро көшірмелерге төледім. Мен атақ алуға ғана емес, айлыққа, шәйлыққа қызықпастан іздедім, жинадым. Мен КГБ органдарынан жұмыстан боса-ғанымда туған халқымыздың ардагер азаматтарынан ағар-тушы, атеист, ақын, ғалым, публицист болғандарының қал-дырған мұраларын іздеу, жинау үшін кеттім. Атаққа, лауа-зымға құмар болсам бұндай іс істелмейтініне көзім жеткесін осылай істедім.
Енді сіздер ауданмен ақылдасып, болашақ Қазақ ССР-ның 60 жылдық торқалы тойына дейін және қазақ халқының Россияға қосылғанына 250 жыл толу қарсаңында музей ашуды шын қолға алсаңыз, онда ең әуелі керегі:
1) 18-20 бөлмелі үй керек.
2) жағалай жарға таяп қоятын 80 және беті әйнектелген 80 сөре (журнальный столик) керек.
3) Әр бөлмеде экспозицияларды жайнатып, стенділерге қадап, жапсырып қою үшін – 80 стенд жасау үшін материал-дар: ағаш, плестиглаз, пенепанст т.т. керек.
4) Портреттерге әдемі рамалар, әйнектер, сыр керек.
5) Музейге фото, кино аппараттар керек.
6) Фото, кино пленкалар керек.
7) 4 жолды магнитофон керек.
8) Сапалы магнит ленталар, футлярлары керек.
9) Диктофон кассеталарымен керек.
10) Музейге арналған үйдің терезелері темір торлы, есігі темір болу керек.
11) Экспозицияларды, құнды (қастерлі) мұраларды сақтауға 2 темір шкаф керек.
12) Сирек кездесетін кітаптарды сақтауға 3 ағаш шкаф керек.
13) Кеңсе столдары керек, орындықтарымен.
14) Қағаз басатын машинка керек: қазақ және орыс тілінде.
15) Ел аралап жүріп экспозицияларды көрсететін спецмашина керек. Қазір ондай машиналар жасалып жатыр.
16) Музейдің директоры, 3 аға ғылыми қызметкері, 1 күзетшісі, 1 машинистка-кітапханашысы, 1 фотограф-кино-аппаратшы (механик), 1 шофері болған дұрыс, 1 художник оформителі болу қажет.
Егер музейдің директоры мен өзім болсам, онда араб-ша оқи білетін 3 аға ғылыми қызметкерді, 1 фотографты даярлауды міндетіме аламын. Өзім бір кезде өлсем де музей өмір сүру үшін.
Өзіңізге белгілі Қазақстанның ғалымдары совет дәуірін-де 60 жыл бойы Шоқан, Абай, Ыбырайды ғана ағартушы деп тоқмейілсіп келді. Шынында Я.М.Свердлов совхозы жерін-де 19 жылдың ішінде ХХ ғасырдың басында 7 ағартушы, атеист болғанын мен тиісті деректермен дәлелдеймін. Бұл зор мақтан! Бұл менің 39 жыл бойы іздегенім мен зертте-генімнің жемісі! Осы коммунистік ар-ұят, ожданыммен дә-лелдеймін. Ұятқа қаламын деп ойламаңыздар. Қорықпа-ңыздар!
Рахметолла Егізбаевпен де ақылдасыңыздар?
Маған 3-4 бөлмелі пәтер даярлаңыз Жақсыбайдың жағасынан.
Музейге арнаған үйді батарея, трубалармен қыздыру керек (көмір жағып).
Осы хатыма тез жауап қайырыңыз? Осындай бір күрделі істі қолға алайық?!
Коммунистік сәлеммен Мұстафа ЫСМАҒҰЛОВ
13 июнь 1979 жыл