«...Таңбамды салып, мөрімді бастым»

(Жалғасы. Басы журналдың өткен санында)

Ресей Федерациясының Орынбор облыстық мемлекеттік архивінде Ресей империясының қазақ даласын отарлауына қатысты мыңдаған құжат жатыр. Орыс отаршылары қазақ рулары, олардың бас адамдары – сұлтандары, билері мен батырлары туралы ақпаратты мұқият жинастырып отырған. Бұл тізім, әсіресе, жаңа хан сайлау тұсында ерекше хатталған. Аталған архивтің 6-қор, 10-тізбесінде сақтаулы тұрған «Кіші жүздің жаңа хандарын сайлау туралы» («Дело об избрании новых ханов Меньшой орды») атты №716 іс қалың-қалың үш кітаптан тұрады. «DANAkaz» тарихи-танымдық журналының оқырмандарын осы істе тіркелген әр рудың ықпалды адамдарымен таныстыруды бастамақпыз. Мұнда Кіші жүзге қарасты алты аталы Әлімұлы, он екі ата Байұлы және Жетірудың, төрелер мен төлеңгіттің, қожалардың өз заманындағы билеуші-басшылары қолын қойып, мөрін басқан немесе ру таңбасын салған. Журналымыздан көз жазбаңыз, ағайын!

Орынбор әскери губернаторы Григорий Волконскийге 1811 жылдың 17 қыркүйегінде Кіші жүздің Байұлы тармағының бас адамдарынан жазылған хат. Мұнда қаза тапқан Жантөре хан Айшуақұлының орнына Бөкей Нұралыұлын сайлауды ұсынған сұлтан, старшын, би, тархан және басқа да қазақтардың қазақтар-дың қолы қойылған (жоғарыдағы істің 126-бетінен басталады).
«Сұлтан Бөкей Нұралыұлының мінезі жайлы, парасатты, екі беттегі (Жайық өзенінің – DK) бізге тең қызмет етеді, оның әділ билігі арқасында Ордада тыныштық пен бейбітшілік орнайды деп инаныш артып, мөріміз бен таңбамызды саламыз» деген мәтін-нен кейін:

Байұлының ысық руының сұлтан,
старшын және билері:

Тәуке сұлтан Бөкей сұлтан ұлы мөрімді бастым;
Старшын Медет Басман ұлы мөрімді бастым;
Старшын Ботақара Назар ұлы мөрімді бастым;
Старшын Байқожа Сандыбай ұлы мөрімді бастым;
Старшын Ұзақ Естай ұлы мөрімді бастым;
Ант мырза Сарыбайұлы таңбамды салдым;
Старшын Байту Арық ұлы таңбамды салдым;
Ақкісі мырза Манаш ұлы таңбамды салдым;
Байқадам мырза Шағыр ұлы таңбамды салдым;
Жаналы мырза Досқан (Досқазы?!) ұлы таңбамды салдым;
Кенжеғара мырза Байторы ұлы таңбамды салдым;
Жұмабай мырза Сұлтанбек ұлы таңбамды салдым;
Есенәлі мырза Күшікбай ұлы таңбамды салдым;
Старшын Бекенбет Есназар ұлы таңбамды салдым;
Старшын Сүйін Жанқара ұлы таңбамды салдым;
Старшын Қалдыбай Қосыбақ ұлы таңбамды салдым;

Байұлының есентемір руының сұлтан-
старшындары мен билері:

Шерқазы сұлтан Мәмбетғали ұлы мөрімді бастым;
Би Бекбау Тастемір ұлы таңбамды салдым;
Би Бөкен Құмал ұлы таңбамды салдым;
Кенен Ботақара ұлы таңбамды салдым;
Төребай Дұбай ұлы таңбамды салдым;
Бөкен Қаржау ұлы таңбамды салдым;
Қосым Байқара ұлы таңбамды салдым;
Старшын Есқара Есіргеп ұлы таңбамды салдым;
Мырзабай Хантемір ұлы таңбамды салдым;
Қасымқұл Оңбай ұлы (Қасым Құлоңбайұлы) таңбамды салдым;

Байұлының беріш руының сұлтан-
старшындары және билері:

Қуаныш сұлтан Жанғали сұлтан ұлы мөрімді бастым;
Бабағали сұлтан Жанғали сұлтан ұлы мөрімді бастым;
Сүйініш сұлтан Жанғали сұлтан ұлы мөрімді бастым;
Старшын Жабал Бекғали ұлы мөрімді бастым;
Старшын Тастемір Қостан ұлы мөрімді бастым;
Старшын Әсербек Құрманбайұлы мөрімді бастым;
Старшын Қошқарбай Қарабас ұлы мөрімді бастым;
Старшын Байшөрек Өтеген ұлы мөрімді бастым;
Қазанғап старшын Шойтас ұлы мөрімді бастым;
Казбан старшын Алланазарұлы мөрімді бастым;
Старшын Жайықбай Жанқара ұлы мөрімді бастым;
Старшын Ғайса Қабыл ұлы мөрімді бастым;
Старшын Ерғали Күсеп ұлы мөрімді бастым;
Старшын Бәшекен Жанбол ұлы мөрімді бастым;
Нұрабай Баймәмбетұлы таңбамды салдым;
Өстемір Барақ ұлы мөрімді бастым.
18 қыркүйек, 1811 жыл

Байұлының қызылқұрт руының
сұлтан-старшындары:

Сығай сұлтан Нұрғалиханұлы мөрімді бастым;
Старшын Айтуған Баймұхамбет ұлы мөрімді бастым;
Старшын Мұхамбет Жалмұхамбет ұлы мөрімді бастым;
Старшын Жаңқара Темірұлы мөрімді бастым;
Старшын Тұрсынбай Ерсімбет ұлы мөрімді бастым;
Старшын Өтеберген Арыстанбай ұлы таңбамды салдым;
Старшын Мизанбай Сүгірәлі ұлы мөрімді бастым;
Старшын Иман Оразәлі ұлы мөрімді бастым;
Старшын Жантай Баймағамбет ұлы таңбамды салдым;
Старшын Торғай Иманақ ұлы таңбамды салдым;
Старшын Әжкі Байсал ұлы таңбамды салдым;
Құрамыс Жантай ұлы таңбамды салдым;
Ешкез Мәмбет ұлы таңбамды салдым;
Тұмабай Мәмбет ұлы таңбамды салдым;
Шақау Жиенбай ұлы таңбамды салдым;

(Жалғасы бар)

Аударған Қазбек Құттымұратұлы. Егер жоғарыда аталатын тұлғалар арасында ру шежіресінде белгілі ата-бабаларыңыз болса, редакциямызға хабарласуыңыз-ды өтінеміз.

Қаралым саны 2746

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463