Сол жақ қырындағы сурет:
1. Қылыш
2. Найза (жебе?!)
3. Найза
4. Мылтық
5. Садақ
Оң жақ қырындағы сурет:
1. Қанжар
2. Леген
3. Құман
Түсініктеме: Бұл құлпытас – Кіші жүз Байұлы ішіндегі Сұлтансиық бірлестігіне кіретін Алаша руының азаматына тиесілі ескерткіш. Ұрпақтары әлі күнге дейін осы Базаршолан ауылында тұрып жатыр. Дерек беруші Самат Бақтияровтың айтуынша, әкесі Ғазиз Бақтияров бұл құлпытасты өзінің атасына қойылған белгі екенін анық білген, бірақ мәтінін оқитын кісі таппай өмірден өткен көрінеді. Шежіре деректеріне қарағанда Алашадан – Ақберлі, одан – Барамық, одан – Тоқбас, одан – Қожанай, одан – Амангелді, одан – Мұқан, одан – Көккөз, одан – Саудабай, одан – 8 бала тараған. Олар «Саудабайдың сегіз тентегі» деп аталыпты. Бізге құлпытасты көрсеткен Самат Бақтияров – Қарубайдың шөпшегі болып келеді. Яғни Қарубайдан – Құмар, Құспан тараған. Құспаннан Бақтияр мен Әбутәліп туған. Бақтиярдан – Ғазиз (1926), одан – Самат туған.
Қасбетіндегі
(құбыла тарапындағы) жазу:
1. Алача руы
2. Барамық тайфасы То-
3. қбас бөлімі Көккө
4. з баласы Саудабай офат
5. 77 йашында. Йазд-
6. ырды балалары Тілес
7. Бөлес, Қарубай, ...-
8. рубай, Құрман, Тұрымтай
9. 1849
10. мырзалар
11. (ру таңбасы)
Құлпытас мәтіндерін оқыған
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ