Құлпытастың құбыла (қасбетінде) бетіндегі жазу:
1. Қошқармүйізді қазақы ою
2. Жаппас руы Қарагөз
3. тайпасының старшыны
4. Дүтбай Ор...(кісі аты оқылмайды, сынған – Қ.Қ.) офат
5. рихлат етті (қайтыс болды деген мағынада – Қ.ҚӨ.) 71 йашында
6. жади (желтоқсан – Қ.Қ.) юлдызының 22 күнінде.
7. Бұ ташны баласы Ақбай мырза қойды
8. 1854 жылда. Алхамду лиллаһи...
Түсініктеме: Бұл ескерткіш Кіші жүздегі Байұлы бірлестігінің бір тармағы – жаппас руының старшыны болған тарихи тұлғаға арналған. Бір ерекшелігі, марқұмның қайтыс болған жылы григориан күнтізбесі бойынша (1854) жазылғанымен, айы мен күні дәстүрлі қазақша, яғни жұлдыз есебімен берілген. Құлпытастың сыртқы (шығыс) бетінде араб (мүмкін парсы) тілінде діни мәтін (аят-хадис болуы мүмкін) жазылған.