Елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтуі қарапайым халықтың тарихи санасын, ұлттық жадын оятқандай құбылыс болды. Билік тарапынан ғана емес, ел ішінен шыққан азаматтық белсенділердің ұйымдастыруымен де қаншама игі шара ұйымдастырылды.
Моңғолиялық қандасымыз, таушы Жанарбек Ақыбидің «Қазақ хандығының 550 жылдығына 550 тауға шығайық!» деген ұранын әлемнің әр шетіндегі қазақ қолдап, 550 деген межеден де асып кетті. Бұл биіктің ішінде батысқазақстандық белсенділер шыққан Ешкітау да бар.
«Хан тоғайынан Хан ордасына дейін» автошеруі де қара-пайым азаматтардың бастамасы еді. Ол жөнінде журналымыз-дың өткен санында мақала жарияладық.
Журналдың осы санында да қос экспедицияның жолсапар очеркі беріліп отыр. Ал келесі нөмірде тарихтағы Ноғай ордасы-ның нақты мұрагері, қазақтың түбі бір туыс бауыры – ноғайлар туралы жолсапар мақаламыз жарияланбақ. Жалпы, түбі түркі қандастарымыз тақырыбы «DANAkaz» журналының әрдайым на-зарында болатын алтын арқау екенін оқырмандарымыз бай-қаған да шығар.
Бір-бірімізден көз жазып қалмайық, ағайын! Кездескенше!
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
журналдың бас редакторы