– Әкем Талант Қарағанды медици-налық институтында, анам Светлана Бахтығалиқызы – Қарағанды педагоги-калық институтында оқып жүргенде отау құрған екен. Кеншілер қаласында, студенттік отбасында 1993 жылы 27 желтоқсанда дүниеге келіппін. Бірақ Күйгенкөл ауылында тұратын атам Сейтек пен әжем Тілекқанымның бауырында, асыл әжемнің бесік жы-рында тербеліп, ертегісіне елтіп өстім. Ешкінің сүтімен асыраған әжем өлең-жырды жадыма құйғандықтан шығар, кішкене кезімнен кітап оқуға құмар болдым, - дейді Темірлан.
Темірлан Т. Жароков атындағы ЖББОМ-да білім негізін қалаған ұстазы Меруерт Қайланқызына, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген Мәншүк Қадерқызы, математика, тарих, география пәндерінен білім нәрімен сусындатқан Ғалия Кәрімқызы, Мэлс Қуанышқалиұлы, Мереке Өтегенұлына мың алғыс айтады.
Кейіпкеріміз аудандық саз мекте-бінде Алтай Бақтығалиұлының домбы-ра класында оқыпты. Сөйтіп, «Нағыз қазақ – домбыра» екенін шетте жүр-генде де дәлелдеп жүрген жайы бар.
Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Ардақ Қуанғалиева жүргізетін шахмат үйірмесінің белсенді мүшесі, «Атамекен» туристік-өлкетану экспедициясы слетінде, «Жайық толқыны» өлкетану фестивальдерінде, «Біз таланттарды іздейміз» вокальдық сайыстарда талай мәрте мақтау қағаз алған Темірлан балауса жүрегінен өлең де жазыпты. Онысы Орал қалалық «Жайық үні» газетінде жарық көрген.
– Біздің сынып география кабине-тінде оқыдық. «Географияның екінші тілі – карта» демекші, қабырғаларда түрлі карталар, әр мемлекеттің тулары ілініп тұратын. Оның үстіне осы пәннен сабақ берген Мереке Өтегенұлының сабақ беру әдісі ерекше еді де, аға-йыма ұқсайтын мұғалім боламын деп шешім қабылдадым. ҰБТ-да таңдаған пәнімнен жоғары балл жинап, М. Өте-місұлы атындағы Батыс Қазақстан мем-лекеттік университетінің жаратылыс-тану факультетіне «География пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша оқуға түстім, - дейді Темірлан Талантұлы.
Білімді өрен университет қабырға-сында жүргенде география саласында терең білім алуға ұмтылды. 2015 жыл-дың наурыз-мамыр айларында БҚМУ-дан бөлінген грант негізінде Ресей Фе-дерациясының құрамындағы Қалмақ Республикасының астанасы Элиста қа-ласында өз мамандығына қосымша биология саласы бойынша білімін же-тілдіріп қайтты. Қалмақ жерінде жүр-генде шетелден келіп, оқып жүрген бі-лімпаздармен ағылшын тілінде әңгіме-дүкен құрып, тіл білімін де ұштай түсті.
Батыс Қазақстан мемлекеттік уни-верситетін биыл бітірген Темірлан Ре-сей Федерациясының Пермь қаласын-дағы Пермь Мемлекеттік ұлттық зерт-теу университетінің магистратурасына оқуға құжат тапсырды. Жолы болып, оқуға қабылданды.
Пермь университеті 1916 жылы құ-рылғаннан бастап мұнда геология са-ласы оқытылады екен. Бүгінде бака-лавр, магистр және аспиранттарды да-йындайтын факультет құрамында 6 ка-федра бар. «Геология» бағытында ба-калаврларды дайындау мына профиль-дер (бағдар) бойынша жүзеге асады: «Геология», «Геофизика», «Гидрогео-логия және инженерлік геология» мен «Геология және қазбалы жанар-жағар-май геохимиясы».
– Пермь қаласына келгенде геоло-гия факультетінің деканы Сергей Михай-ловичтің көп көмегі тиді. Әкем екеуміз-ге алдымен оқу орнын көрсетіп, одан соң университет кампусына орналас-тырды. Бүгінде геология факультетінің мұнай және газ саласында оқып жатыр-мын. Оқу несиелік негізде жүргізіледі. Сабақ орыс тілінде өтеді. Барлығы ком-пьютерлендірілген. Оқытушылардың сабақ беруі өте жоғары деңгейде. Біз-дің жүйедегідей лекция, семинар, тест әдісімен оқимыз. Бағалау әр семестр сайын. Мұғалімдеріміз қойылған баға-ны университет сайтындағы өз парақ-шасына жариялайды. Тобымызда 11 студент білім алуда. Атыраулық Бибінұр Бақытжанова екеуміз ғана қазақпыз, қалғаны орыс ұлтынан. Студенттердің қарым-қатынасы жақсы. Келе сала та-нысып, жөн сұрасып, жақсы араласып кеттік, – дейді Темірлан.
Техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым Академиясының ака-демигі, негізгі ғылыми еңбектерін тау жыныстары механикасына арнаған, жерасты бекітпелерінің жаңа құралым-дарын есептеу әдісін жасаған, 9-10 бал-дық жер сілкінісі жағдайындағы бола-шақ Алматы метросының сейсмикалық орнықтылығын анықтаған, сондай-ақ терең мұнай, газ оқпанын бұрғылау ди-намикасының ғылыми мектебін құру-шылардың бірі Шмидт Айталиев – Темірлан білім алған қазақ орта мекте-бінде оқып, Орал педагогикалық инс-титутында еңбек жолын бастаған. Сон-дай-ақ Қамысты ауылында дүниеге келген геология-минерология ғылым-дарының докторы, стратиграфия және палеонтология саласында елеулі еңбек еткен, Қаратау мен Оңтүстік Ұлытаудың кембрий-ордовик қабаттарының био-стратегиясы мен трилобиттерін жете зерттеген Ғаппар Ерғалиевтің есімі де Темірлан Талантұлына жақсы таныс. «Сол ғалым ағаларды қадірлеп, еңбегін құрметтеп, еліктеген жастың бірімін деп есептеймін өзімді» дейді ол.
Темірлан сабақтан тыс уақытын кі-тапханада, білімін тереңдетуге жұмсап жүр. Мұндағы жерлестерімен жақсы араласады. Университетте химия фа-культетінің төртінші курсында оқитын батысқазақстандық Марат Ақылбеков, магистратураның геология факультеті-нің физика саласында оқитын Сәуле Мұсақұловамен бір атаның баласын-дай бауыр болып кетті. Жергілікті сту-денттермен қаланың тарихи, көрікті жерлерін аралайды. Орыс тілін білетін-діктен, бұл жерге үйрену өте қиын бол-ған жоқ. Қолы қалт еткенде футбол ой-науға барып тұрады. Университетте студенттердің уақытын тиімді ұйым-дастыруға, әлеуметтік тұрмысына қо-лайлы жағдай жасалған.
– Сырт жерде жүргенде Қазақстан туралы «Осындай елім бар, жерім бар» деген мақтаныш бойды кернейді екен. Білімге талпынған буынға мемлекет та-рапынан қыруар қаржы бөлініп, шетел-ге жіберіп оқытуы, білімді ұрпақ – ел болашағына салынған инвестиция деп сенім артуын әрдайым бізге артылған жауапкершілік деп сезінемін, - дейді Темірлан.
Меңдігүл ФАЗЫЛОВА,
Жәнібек ауданы,
Батыс Қазақстан облысы