«Татарлармен соғысқа кірісу өте қауіпті. Тіпті шағын ғана қақтығыс-тың өзінде басқа бір халықтармен соғыстың қандайынан болса да, көбі-рек кісі өледі, өйткені олар қатты және дәл атады. Садақ тартуда ма-шыққаны сондай, әлемдегі барлық жұрттан асып түскен» (Гайтон) деп бағалаған батыр халықтың ұрпағы ре-тінде ең әуелі садақты өз мұражайым төрінен көргім келді. Осы ізденістер мені ғаламтор арқылы атыраулық Мұрат Ғабдусалимовпен таныстырды.
Мұрат – қалада туып, қалада өскен, орта мектепті орысша оқып бітірген кә-дуілгі қалалық жігіт. Бірақ қанындағы батырлық, ұлттық рух оны тек жатқыз-бай, ең әуелі шығыс жекпе-жегі каратэ-мен шұғылданып, белгілі дәрежеге же-тіп, қара белдік иегері атанған. Одан соң бірте-бірте қазақтың дәстүрлі жа-уынгерлік, аңшылық өнері – садаққа ықыласы ауа бастаған. Сөзге сараң, бірақ әр сөзін шегелеп, түйіп айтатын мінезінен, айбынды жүзінен іскерлік пен ішкі рухтың мықтылығы сезіліп тұрды.
27 қазан күні Мұрат Ғабдусалимов бауырымыз Атыраудан біздің ауылға арнайы келіп, мектеп оқушыларына қазақ халқының дәстүрлі садақ ату өнері туралы, батырдың бес қаруы туралы көптеген қызықты да құнды деректерді ақтарып, өзі жинаған қару мен батырдың сауыт-сайманын киіп көр-сетті. Садақты қалай жаса-ғаны туралы әңгімеледі. Өз қолынан шыққан садақпен балаларға жебені қалай тар-туды үйретті. Мұндай тарихи оқиға сонау Махамбет зама-нынан бері бұл ауылда бол-маған шығар деп ойлаймын. Көпшіліктің алған әсерін тіл-мен айтып жеткізе алмай-сың. Қазақтың дәстүрлі са-дағын жасап шығарып, ха-лықаралық түрлі жарыстарға қатысып, ұлттық рухымызды оятуға күш салып жүрген Мұраттай батыр бауырларымыз көп болсын! Кездесу соңында Мұрат бауырымыз өз қолымен жасаған са-дақты және өзі жинаған бес қарудың бірі – айбалтаны біздегі «Жерұйық» мұ-ражайына тарту етті.
Қысқа биография
1969 жылы маусымның 23-і күні туған. 1987-89 жылдары әскер қата-рында болып келгеннен кейін Атырау қаласындағы мұнай және газ институ-тына оқуға түскен. Осы оқу орнын бұр-ғылау-инженерлік мамандығы бойын-ша қызыл дипломмен бітірген. Жоғары білімді. Қазіргі уақытта бұрғылау сала-сында супервайзер болып жұмыс жа-сайды. Атырау қаласында тұрады. От-басы, ата-анасы бар. Мұрат жасынан спортпен шұғылданған. Шығыс жекпе-жегін меңгерген, оның ішінде каратэ-ден қара белдік иегері. 2011 жылдан бастап қазақтың бұрынғы садақ ату және садақ жасау өнеріне ден қойып, өз бетімен зерттеуге кіріскен. Осының нәтижесінде әлемнің түрлі халықтары-ның садақ жасау өнерінің ішіндегі тең-десі жоқ, біздің батыр бабаларымыз-дың осынау ұланғайыр Ұлы даланы сақтап қалуының, батырлығының, ер-кіндігінің басты себепшісі – Қазақ сада-ғын қайта жасап шығарған. Атырауда, тіпті Қазақстанда тұңғыш рет өз қара-жатына дәстүрлі садақшылардың «Аға-тай» спорт клубын ашқан. Шәкірттері бар. Мұрат жасаған садақтың бірі қазір Атырау қаласындағы өлкетану музейі-нің төрінде тұр. Қазіргі таңда Мұрат Ғабдусалимов – дүниежүзінің дәстүрлі садақшыларының халықаралық жа-рыстарына қатысып, қасиетті қазақ елінің атын шет елге танытып жүрген азамат.
– Мұрат бауырым, ауылымызға қош келдің! Бізді осылай арнайы кез-дестіріп тұрған бабадан қалған са-дақ еді. Ең алдымен, осы садаққа өзің қалай келгеніңді айтшы.
– Бұрын түсінбейтінмін, - деп әңгі-месін бастады Мұрат, – шығыс халық-тарында да, батыс халықтарында да дәстүрлі садақ ату жарыстары мен ұлт-тық садағы сақталған. Жапондықтарда, корейлерде, қытайларда, туысқан вен-герлерде, тіпті көршілес моңғолдарда да дәстүрлі садақшылар жарысы бо-лып тұрады. Ал бізде...
“Сонда бұрынғы құралайды көзге атқан бабалар туралы әңгіме ертегі бол-ғаны ма?” деп күйінетінмін. Тіпті спорт-тық садақшылар жарысында да қазақ жігіттері емес, өзге ұлт өкілдері чемпион болып жатады. Осы ізденіс пен ояна бастаған ұлттық намыс мені ең әуелі спорттық садақ секциясына алып келді. Бұл жерде менің таң қалғаным, тренер де, секция мүшелері де ылғи өзге ұлт өкілдері екенін көрдім. Қазақтар қай-да? Садақ атуға деген ықылас неге жоқ? Сөйтсем, қазіргі қазақ жастарына садақ туралы, мергендік туралы, батырлық туралы, ұлттық қару туралы айтылатын насихат мүлде жоқ екен ғой! Біздің ұлы тарихымызды айтқызбай ұмыттыру ар-қылы қанымыздағы батырлық, ерлік қасиеттерімізді де құрту саясаты жүріп келе жатыр екен осы уақытқа дейін. Мен осыны түйсінгенде «Қайтсем де баба-лардан қалған садақ жасау, садақ ату өнерін қалпына келтіремін» деп шештім.
– Спорттық садақ ату секция-сынан неге кетіп қалдың?
– Спорттық садақ менің ішкі құма-рымды қандыра алмады. Иә, спорттық садақ – заманауи жетілдірілген, көзде-гіші бар, қолға күш салмай, жеп-жеңіл атылатын қару. Ал «адырнасын ала өгіздей мөңіреткен» батыр бабалары-мыз осыны садақ деп санар ма еді? Өзіңнің бүкіл бойыңды ширықтырып, ойыңды ширықтырып, тас-түйін жұ-мылдырып, бар ықылысыңды нысана мен жебенің ұшына аударып тұрып са-дақты тартып жіберудің әсері бөлек қой!
– Ең бірінші жасаған садағың қан-дай болды?
– Ең әуелгі садақты қалай жасадың дейсің ғой. Бір күні ағаш кереуеттің ас-тына бекітілген доға фанерді көріп, са-дақ жасағым келіп кеткені. Осындай фанердің екеуін бір-біріне жапсырып, өзімше садақ жасап, атып көрдім. Бір рет аттым, екі, үш... Төртіншіде фанер садағым бөлініп қалды. Бірақ мен азартқа кіріп кетіп едім. Осыдан соң шындап ізденуге кірістім. Ғаламтор ар-қылы әр елдің ұлттық садақ жасау әдіс-терін зерттей бастадым. Бір ғана ату қа-руын қазіргідей садақ деп атау дұрыс емес екенін білдім. Бұрынғылар ататын қаруды, яғни жақ, жебе, қорамсақ, жақ салынатын қап (немесе садақ), сақина бәрін қосып САДАҚ деп атаған.
Қазақта жақтың екі түрі болған. Жай жақ, құрама жақ. Жай жақ – қайың, қа-рағаш, үйеңкі секілді қатты ағаштардан жасалса, құрама жақ, аты айтып тұрған-дай, ағаш, таутекенің мүйізі, тарамыс пен арнайы дайындалған желім, сүйек, қа-йыс секілді құрама бөліктерден тұрады.
– Құпия болмаса, жақты қалай жасайтының туралы айтсаң.
– Жақты дайындау үшін қалыңды-ғы 20-30 см ыңғайлы ағашты кесіп ал-ған соң бірден қабығын аршып, кесіл-ген жерін сырлап тастау керек. Бұл кебу барысында ағаш жарылып кетпеу үшін. Ағаш көлеңке жерде жатып же-ңілдеп, әбден кепті-ау деген кезде оны сыналап ұзына бойынан жарады. Тілу-ге болмайды. Қолмен жару керек. Өйт-кені кейбір ағаштар өсу барысында күннің бағытына бұралып өсуі мүмкін. Ағашты жарған кезде бұралған ағаш болса, тегіс жарылмай қисаяды. Міне, бұл жақ жасауға бармайды деген сөз. Жарылған ағашты жонып, жақ мүсінін келтіру, оны қыздыру т.б. тәсілдер ар-қылы ию өз алдына бір жұмыс.
Жаққа оқ салып, адырнасын тарт-қан кезде екі қапталы иіліп, жебе атыл-ған соң қайта қалпына келуі керек. Бұл кезде қапталдың сырт жағы созылады да, ішкі беті нығыздалады.
Құрама жақ жасау үшін жақтың осы қасиеті ескеріледі. Мен таутекенің, бол-маса буйволдың мүйізінен жонылып дайындалған пластинканы жақтың ішкі бетіне бекітемін. Ол жаққа өте мықты серпімділік қасиет береді. Бұған сиыр-дың мүйізі жарамайды. Жақтың сырт-қы бетіне жылқының кепкен сіңірінен балғамен уатып жасалған тарамысты желімдеймін. Тарамыс жақпен бірге со-зыла алады. Оның ең мықты қасиеті – жақтың екі қапталын алға қарай тартып тұрады. Бұл жерде қандай да болма-сын, супержелім пайдаға аспайды. Қол-дан жасалған желім болуы шарт. Же-лімді балықтың кепкен торсылдағы-нан дайындаймын.
Адырнаны аш ішектен жасаймын. Қойдың аш ішегін тұзға 5-6 күнге көміп, одан соң жуып, айналдырып, шелінен тазалап, сосын ширатып өремін де, ке-ріп, кептіруге іліп қоямын. 3 күнде кеуіп қалады. Ішектен жасалған адырнаны екі-үш тін қылып ширатады. Бірақ та-биғи материал болғасын, ауа райы қат-ты әсер етеді. Үзілмесе, қатты созылып кетуі мүмкін. Адырна созылмауы ке-рек, әйтпесе, әр атқан сайын жақтың күші азая береді. Осыны ескеріп, қазір көбі адырнаға заманауи материалды қолданады.
Адырнаның екі ұшы тұйықталып байланып, жақтың екі басындағы кер-тешке ілінеді. Адырнаны керудің де өзіндік күш пен әдісі бар. Жақтың бір басының кертешіне адырнаны іліп, иі-нін сол аяқтың жіліншігіне алдынан са-лып, оң аяқты алдыға шығарып, жақ-тың жуан ортасын оң аяқтың артқы са-нына туралап алып, оң қолмен жақтың үстіңгі қапталын алға қарай тартып ие-ді. Сол қолмен төменнен жоғары қарай керіп ұстап тұрған адырнаның үстіңгі тұйығын екінші қапталдың кертешіне іліп, адырнаның тобыршаққа дұрыс тү-сіп тұрғанын тексеріп барып жақты бо-сату керек. Міне, жақ атуға дайын. То-быршақ деп жақ қапталының екі басы-ның ішкі жағына бекітілген, адырна тү-сіп тұратын жырық тиек ағашты айта-ды. Тобыршақ, біріншіден жайдың иі-нің адырнаның соққысынан қорғайды, сонан соң, ең соңында оққа қосымша жылдамдық береді. Былайғы уақытта адырна ағытылып тұрады. Бұл адырна-ны созылып кетпеуден, жақты жасып кетпеуден сақтайды. Қорамсақты өгіз терісінен жасаймын. Жорыққа шыққан-да әр қазақ екі жақ алып жүретін бол-ған. Біріншісі – адырнасы керілген да-йын жақ. Екіншісі – адырна салынбаған қосымша жақ.
– Батырдың сауыт-сайманын қа-лай жинадың?
– Батырлықты, ел мен жерін қорғап, жау оғынан өлуді армандап өткен ата-ның ұрпағы емеспіз бе, тек қана садақ-пен тоқталып қалмай, батырлар киетін сауыт-сайманды да жинай бастадым. Бұл дәстүрлі халықаралық жарыстарға қатысқан кезде өз халқыңның ежелгі ұлттық болмысын таныту үшін де қажет еді. Темір сауытты ғаламтор арқылы із-дестіріп сатып алдым. Сауыт ішінен жә-не сыртынан әдейі киілетін киімдерді тапсырыспен тіктірдім. Менің үстімдегі аймауыт немесе кіреуке деп аталатын торғай көз торлы сауыттың салмағы 10 кг. Қолмен ұстағанда ауыр сияқты кө-рінгенімен, кигенде салмағы тұлабойға тең түсіп, ауырлығы сезілмей кетеді.
– Садақ ату өзіме не берді деп ой-лайсың? Бұған отбасыңның көзқара-сы қандай?
– Менің хоббиім отбасыма да ұна-ды. Аулаға шығып, ата-анам, келіншегім қыздарым бәрі менімен бірге садақ тар-тудан отбасылық сайыс өткізіп тұра-мыз. Садақ ату адамға ерекше сезім мен ой ұшқырлығын сыйлайды. Кейде бір нәрсеге зығырданың қайнап кет-кенде тұлабойдағы жағымсыз энергия-ны оққа салып, айдалаға зың еткізіп атып жіберсең, бойың жеңілдеп, рахат-танып қаласың. Сенің ойың да, сөзің де, ісің де оқтай түзулікке, ұшқырлық-қа, дәлдікке үйрене бастайды. Садақ cақ дәуірінен бері бабамызды осыған тәрбиелеп келген, әлі де тәрбиелей беруі тиіс.
– Көне cақ атқыштарының са-дағының оғы 1200 метр жерге дейін жеткен дейді. Сіздің садағыңыз ше?
– Садақ оғының қанша қашықтық-қа ұшатыны туралы әртүрлі пікірлер ай-тылып жүр. Стамбұлда Оқмейдан де-ген жер бар, кезінде садақ атудан жа-рыс өткізілген орын. Сол жерде алысқа атудан жарысқан. Рекордтар тас қойы-лып тіркелген. Сондағы ең алысқа ат-қан Сұлтан Селим II-нің оғы 838 метрге жеткен. Бұл тарихи хатталған факт. Ме-нің садағымның оғы 150-230 метрге дейін жетеді.
– Садаққа қатысты басыңыздан өткен қызық оқиғаны айтып берсе-ңіз?
– Біздің халық ежелден мәрттікті, батырлықты бағалаған. Бірақ жапон-дықтар сияқты қаруға табынбаған. Ба-бадан қалған ақ сауытты, қаруды ша-масы келгенше сақтай да білген. Алай-да қабаттасқан патшалық және кеңес-тік отарлау саясаты үшін батыры бар елдің қажеті жоқ болатын. Отаршыл дәуір тек қана құлдарды тәрбиелеуге күш салды. Оқыған, білімді, бірақ арыз-қой, сатқын, қорқақ, құлқынқұмар қо-ғамды қалыптастыра бастады. Кие, қа-сиет, рух дегенді құртуға тырысты. Еге-мендік алып, енді ғана оң-солымызды айыра бастағандаймыз. Қазіргі жігіттер ежелгі қаруды қалай ұстауды мүлде ұмытып қалған. Осы уақытқа дейін ұлт-тық қылыштасу, садақ ату т.б. жауын-герлік өнерін жоғалтпай, спорттық не-гізде сақтап қалған Қытай секілді өзге елдердің бізге қарағанда бағы басым екен деген ойға қаламын.
Мындай қызық оқиға болған. Бір жиында мен жасаған қазақ садағының адырнасына оқ салып тартып көруге кеудесі көріктей нән жігіттердің күші жетпей жатты. Ал сол садақты 10-клас-та оқитын қызым оп-оңай тартқанда таңданыстарын жасыра алмады. Доспанбет жырау:
«Садақ толы сай кез оқ,
Масағынан өткеріп,
Басын қолға жеткеріп,
Созып тартар күн қайда?» деп ар-мандаса, қазіргі қоғам садақ тартуға әлі келмейтін мешеу халге жеткеніне күлесің бе, жылайсың ба?
– Дәстүрлі садақ жасап жарыс-тарға бірге барып жүрген достарың бар ма?
– Алматыда екі жігіт бар, Рафаэль Тулегенов пен Алмаз Сүлейменов. Алмазбен екі рет жарысқа барып кел-дік, жақсы дос-әріптес болып. Рафаэль-мен соңғы кезде қарым-қатынас үзіліп кетті.
– Біздің мұражайға бергелі отыр-ған садақ туралы айтсаң.
– Бұл садақтың бірталай тарихы бар. 2013 жылы Бурабайға барғанда Оқжет-пес туралы аңыз есіме түсіп кетіп, дәл осы садақпен Оқжетпестің басын көз-деп атып көріп едім. Оғым сәл ғана жетпей қалды. Осы жазда Қытайдағы Лэду қаласында болған дәстүрлі садақ-шылардың халықаралық жарысына да осы садақ қатысып қайтты.
– Елімізде осы дәстүрлі садақ ату өнерін қамқорлайтын заң бар ма? Ха-лықаралық жарыстарға қатысуыңа көмек жағы қалай?
– Білмедім, Жәке. Заңдарымыз тү-сініксіз болып кетті ғой. Қазақстанда спорттық жақтың тарту күші 14 келіден аспауы керек. Ал қазақ садағы үшін бұл ойыншық. Менің қызымның өзі сада-ғын 16 келі күш жұмсап атады.
Халықаралық жарыстарға кейде өзім төлеймін, кейде шақырған жақ жол мен қонақүйге төлейді. Киім мен садақты өз қаражатыммен жасадым.
Кездесу соңында осы кездесуді көруге аудан орталығынан арнайы келген меймандар С. Бисенғалиев,
Т. Жазықбай сөз сөйлеп, Мұрат бауы-рымызға жақсы лебіз, игі тілектерін айтты.
Бәрінен де қазақ садағының ысқы-рып ұшқан жебесіне құлақ түріп шат-танған балалардың қуанышын айтсай-шы! Жүз жыл орыс шулаған, жүз жыл көлік шулаған Жайық бойындағы бұ-рынғы фортпост, қазіргі шағын ауылда баяғы Қара Қыпшақ Қобыландының, Қазтуғанның сары садағының ұшқыр жебесі Исатай-Махамбет ұрпағының қолымен қайтып келіп, қазақ рухын оятқалы ысқырып ұшып жатты...