Қазақстанда тұңғыш рет тарихи реконструкция ұйымдастырылды

2015 жылдың 2 қазанында Алматы облысы әкімшілігі және Жастар департаментінің шақыртуымен қазақ тарихындағы айтулы шайқастардың бірі – Орбұлақ шайқасының тарихи реконструкциясын өз көзімізбен тамашалауға мүмкіндік алған едік.

Қазақ тарихын жасасқан тұлғалардың мерейтойлық даталарын атап өткенімізбен, елеулі тарихи шайқастардың даталары көлеңкеде қала беретіні бар. Орбұлақ шайқасын тарихтан бәрі-мізге жақсы таныс Фермопильдегі 300 спарталықтың 20 мыңдық парсы әскерімен болған ұрысымен теңестіруге болатынын тарихшылар айтып жүр. Куликов шайқасы, 300 спарталықтың ерлігі туралы көпшілік хабардар болғанымен, өзіміздің 600 қазақтың ерлігі туралы жұрт біле бермейді. Сондықтан ұйымдастырушылар еліміздің әр аймағынан танымал журналистер мен блогерлерді арнайы алдырыпты.
1643 жылы қазақ даласына жоңғардың 50 мың қолы өтеді. Жиырма мың қолымен Жалаңтөс батыр көмекке келгенше, Жәңгір сұлтан небәрі 600 сарбазымен жауға тойтарыс берген. Жоңғар әскерлерінің тактикасын әбден жете зерттеген салқам Жәңгір жау әскері күтпеген тосын тактиканы өзі де ойлап табады. Кішкене өзені бар Ор деп ата-латын тау арасын ұрыс салуға қолайлы көрген Жәңгір сұлтан әскеріне ор қаз-дырып, Батыр қоңтайшының қалың қо-лын қоршауға алады. Бетпе-бет шайқас алдында түтінмен улау, улы жебемен ату, ор қазу, таспен атқылау, мылтықпен ату секілді түрлі әскери айла-тәсіл-дерді қолданған қазақ әскері он мың жоңғарды жер жастандырады. Қазақ-тардан айласын асыра алмаған жоң-ғарлар ойсыраған шығынмен кейін ше-гінуге мәжбүр болған.
Орбұлақ шайқасының маңызы – қа-зақтарды жоңғарлардың ғана емес, бүкіл әлемнің мойындауын туғызған шайқас. Сонымен қатар қазақ даласындағы шайқастарды ұзақ жылдарға толастатып, жоңғарларды қайта қазақ сахара-сына басып кіруіне жүректерін шайлықтырды. Қазақ даласы сәл де болса, жау езгісі мен зәбірінен құтылып, жай-машуақ тіршілік кешті.
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған реконструкция барысында араға 372 жыл салып, та-рихымыздағы шешуші шайқастың қа-лай өрбігенін ашық аспан астында мыңдаған көрермен тамашалады. Үш бөлімнен тұратын тарихи қойылымды сахналауға 600 жаяу әскер, 100 атты әс-кер жұмылдырылған. Олардың ара-сында Артур Төлепов, Аян Өтепберген секілді тағы басқа танымал актерлер мен «Көшпенділер», «Жаужүрек мың бала» тарихи фильмдерінің түсіріліміне қатысқан қазақстандық NOMAD клубы-ның кәсіби каскадерлары да болды.
– Бұндай тарихи реконструкцияларды халқымыздың батырлық, жаужү-ректік үлгісін көрсету үшін Мәдениет министрлігінің қолдауымен жыл са-йын жүйелі түрде өткізіп отыруды қол-ға алсақ, дұрыс болар еді, – дейді жоба идеясының авторы, Алматы облыстық Жастар департаментінің басшысы Рустам Алпысбаев.
Алыс-жақыннан жиналған көрермендер мен жергілікті халыққа әдемі әсер сыйлаған бұл қойылымның Қазақстанда ұйымдастырылған тұңғыш (!) тарихи реконструкция екенін айтып өту керек. Тарихи жәдігермен қауышуға мүмкін-дік берген әдемі сапарды ұйымдастырушыларға үлкен алғыс сезімімен елге қайттық.

Қаралым саны 1431

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463