– Иә, қазақ жерінің әр түкпірінің тарихы баршамызға ортақ. Алайда әр қазақтың туған жеріндегі төл тарих сол жердің адамдарымен, тұлғаларымен ерекше. Ұлы даланың төсінде талай оқиға өтті. Оны жасайтын – сол заман-ның адамдары. Бүгінде сол бабалар-дың табаны тиген әр өлкенің өз тари-хы, өз батыры бар. Біздің Сырым ауда-ны сөз бастаған шешен, даналыққа арқау болған ақылды да әділ, табанды батырдың туған жері болғанымен де ерекше. Сырым батыр қазақ сахара-сында ұлт-азаттық күрестің туын көте-ріп, ұлан-ғайыр жерді қорғап, он төрт жыл бойы ат үстінде өмір сүрді. Арман-да кеткен батырдың тәуелсіздік жо-лындағы күресін екі ғасыр өткен соң Алаш зиялылары жалғастырды. Олар атылып, қуғын-сүргін көріп, жер ауып кетті. Бірақ Ұлы Отан соғысында осы өлкеден төрт мыңға жуық азамат қан майданға тағы аттанды. Қара сөздің қаймағы бұзылмаған қаймана қазақ-тың төл топырағынан жасындай жарқ еткен Абдолла Жұмағалиев шықты. Күллі қазаққа танымал абыз Қадырдай ақынның да осы өңірде дүниеге келуі заңдылық шығар. Бұл біздің ауданды ерекшелеп тұратын тарихтағы текті жандардың тек аузымызға ілігер іріле-рі ғана. Ал қазбалап қарап, жіліктеп шақсақ, том-том кітапқа айналар та-рихты зерделеу ісі әлі алда.
– Тарихты түгендеу бағытында ауданда қандай жұмыс атқарылды? Жүйеленген нәтиже бар ма? Нақты қандай істерді атап көрсетер едіңіз?
– Аз уақыттың ішінде тарих деген дүниені түгендеу мүмкін емес. Бізде аудан тарихын жинақтауда жүйелі іс-тер атқарылып келеді, нақты жоспар бар. Ол үлкен ізденіс пен шығармашы-лықты қажет етеді. Оның үстіне «Тарих қателікті кешірмейді» деген сөздің жаны бар. Анықтап алып, нық басып, табанды еңбек еткенде ғана нәтиже болмақ. Бұл бағытта аудандық ішкі саясат бөлімінен бастап, «Нұр Отан» партиясының қолдауымен, мұражай, кітапхана, білім, мәдениет бөлімдері бірлескен түрде шұғылданып жатыр. Ау-дан тарихына қатысты бірнеше кітап ба-сылып шықты. Олардың ішінде Абдолла Жұмағалиевтің жыр жинағы қайта жа-рық көрді, Ауған соғысының жауынгер-лері түгенделді. Аудан ардагерлері ту-ралы жинақ та құрастырылып, баспаға берілді. Ауданымызда «Менің кіші Отаным» жобасы аясында тарихи экc-педиция өткенін білесіздер. Ол жорық-тың нәтижесінде ауданның бірқатар тарихы түгенделіп, көне қорымдар анықталып, тарихи орындар зерделен-ді. Биыл соның екінші кезеңін Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап, Сырым шыққан төбеден Сырым бөгеті-не дейінгі аймақты жүріп өттік. Жоры-ғымыз сәтті аяқталып, соңын «Ұлы да-ла тарихы сыр шертеді» атты ғылыми-тәжірибелік конференциямен түйінде-дік. Былтырғы жорықтың қорытынды есебі ретінде ауданға қатысты жер-су атауларының біраз мәліметін жинақ-тап едік. Биыл соның шағын жинағын жариялап үлгердік. Оның сыртында аудан энциклопедиясы мен фотошежі-ре кітаптарын жинақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Менің кіші Отаным!» жобасы – мерзімді жоба емес. Бұл жобаның өзектілігі бүгін-ертеңмен жойылмай-ды. Керісінше, уақыт өткен сайын қа-дірі артуы тиіс.
Жосалы жақта өмір сүрген ержүрек қыз Айдана, ізінде тұтас ауыл қалған Бұлан би, жайылған жылқысы-нан жердің ажары ажыратылмайтын әйгілі Есенгелді бай, жоңғарларға қар-сы жалау көтеріп, семсер сілтеген Тай-лақ батыр – бұлардың қай-қайсысының да өмірдерегі Сырым ауданымен тіке-лей байланысты. Бұлар сияқты бізде әлі қанша тарихи тұлға бар. Біздің ау-дан кейбіреулер үшін осы жағынан тартымды болуы мүмкін. Біз өз тара-пымыздан жергілікті тарихты әлі де болса, тереңірек зерттеп, зерделеуіміз керек. Аудан аумағында жүргізілген экспедициялардың жұмысы баспасөз-ге басылды, телеарналарға шықты. Осындай жұмыстар біздің ауданның тарихын жарнамалауға керек. Сол ар-қылы Сырым ауданындағы өңірлік ту-ризмнің де бір тынысы ашылар деген үміттеміз.
– Абат Абайұлы, жақсы жұмыс-тардың қарасы көп екен. Бұл осымен аяталды ма? Жоқ әлде жергілікті жердің тарихын таныту, жаңалы-ғын жаңарту үшін тағы да тың жұ-мыстар жасалады ма? Болашақ жоспарларыңызбен бөліссеңіз?
– Тарихты түгендеп болдық деп айта алмаймыз, ол мүмкін емес. Ол жұмыстардың басталуына дем беріп, соқпағын көрсетуші ғана шығармыз. Себебі осы уақытқа дейін айтылмаған шындық, аршылмаған ақиқат, түген-делмеген тұлғалар қаншама. Өңіріміз-дің бай тарихын зерделеу ісі талай жылға созылатын шығар. Біз тек жол көрсетушіміз. Соның ішінде жаңағы айтқан «Менің кіші Отаным» жобасын дәстүрлі қылсақ дейміз. Сырым ауда-нынан шыққан экспедиция мүшелері Атырау облысы Қызылқоға ауданын-дағы жергілікті халық Сырым батыр-дың жоқтаушылары бар екенін көріп, ерекше риза болғанын айтып келді. Ынта деген осындайдан пайда бола-ды.
Тағы бір жоспарымыз – аудан мек-тептерінде мұражайлар жасақтау. Мек-теп мұражайлары бізге ауыл тарихын жүйелеуге жол ашады. Осы сияқты ел арасындағы батырлар мен билерге, болыстар мен ишандарға қатысты аңыз-әңгімелерді жазып алып, аңызға айналған аудандағы әйел аналарымыз туралы да деректерді жинасақ, нұр үс-тіне нұр болар еді. Көргеніміз бен есті-генімізді түгендеген сайын жаңа ойлар мен тың жобалардың да қарасы көбе-йетін түрі бар. Аудан тарихын жаңарту бағытында еліміздегі және көршілес Ресей Федерациясының мұрағаттары-мен танысу да жоспарда. Келер кезең тағы да тарихи жылдармен тұспа-тұс келетінін ескерсек, атқарар ауқымды шаралардың көп боларын болжау қиын емес.
– Әңгімеңізге рақмет, ойға алған жоспарларыңыздың орындалуына тілектеспіз!