Бөкей Ордасына көшіп келген рулар

Виктор ВИКТОРИН, 
тарих ғылымдарының кандидаты, Астрахан қаласы, Ресей Федерациясы

Автор туралы аз сөз: ВИКТОРИН Виктор Михайлович – Астрахан мемлекеттік университеті шығыс тілдері кафедрасының және РФ Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы филиа-лының доценті, Астрахан өлкесі халықтары этносаяси зерттеулер лабороториясының меңгерушісі, Астрахан мемлекеттік облыстық тарихи-археологиялық музей-қорығы Ғалымдар кеңесінің төра-ғасы, Астрахан губернаторының ұлтаралық мәселелер бойынша кеңесшісі.

1801 жылы қазақ сұлтаны Бөкей Нұралыұлының ордасына Кіші жүз қа-зақтарынан бөліне отырып, Жайықтың арғы бетіндегі Төменгі Еділ бойына ба-рып орналасады. Қазіргі кезде қазақ ұлтының бөкейліктегі территориялық-этникалық топтарының жалпы саны 300 мың адамға жақындады. Олардың 120 мыңы Астрахан облысында, 60 мыңы Саратов облысында, 35 мыңы Волгоград облысында, алты мыңға жуы-ғы Қалмақ қыры мен Батыс Қазақстан облысында Жайықтың жағасын мекен-дейді. Осы топтардың өздерінің ежелгі салт-дәстүр ерекшеліктерін қаншалық-ты сақтағандығы туралы салыстырма-лы түрде айтқанда, әлі де аз зерттеліп жүр. Олардың көптеген өкілдері Қазақстан территориясынан шеткері тұ-ратынын ескерсек, бұл топтарды қазақ-тың жалпы этникалық топтары деп қана емес, Бөкей аймағының дәстүрлі мәдениет жетістігі ретінде қарау керек.
XIX ғасырдың бас кезінде-ақ бөкей-ліктер территориялық жағынан болсын, диалектісі мен салты жағынан болсын ерекшеленіп, көрші халықтармен мә-дени тығыз қарым-қатынаста болған. Және өздерінің қатарына Кіші жүз қа-зақтарынан басқа жаңа этникалық топ-тарды тартып отырған. Мұны қазақ халқының Ұлы жүз, Орта және Кіші жүз деп бөлінуінен басқа – төртінші Бөкей-лік жүз деп атауға болар еді. Оның негі-зін салушы Астрахан облысындағы Қызылжар ауылының Кіші арал (бұ-рынғы Хан сарайы) селосының маңын-да жерленген Бөкей сұлтан болды.
Рулардың ішінен бөкейліктердің құ-рамына Байұлы көбірек кірді. Еділ бо-йындағы топтарда Жетірудан Табын мен Тама басымырақ болды. Сол ай-мақтарда тұратын бөкейлік қазақтар-дың көпшілігі әлі өз руларын, туыстық қатынасын ұрпақтан-ұрпаққа жалғас-тырып, таңбасына дейін біледі. Бір ру-дан қыз алыспау бұларда берік сақтал-ған. Кейбір жағдайларда рудың аты жауға қарсы ұран болып қолданылып, бүкіл қолдың немесе батырлардың на-мысын оятқан, атақ-абыройын көтер-ген. «Ағатай беріш – ұраным» деген Махамбет батыр өлеңіндегі сөз – бұған толық дәлел.
Негізгі қазақ руынан басқа бөкейлік қазақтардың туыстығына этникалық қа-тысы мүлдем жоқ, мүлдем басқа халық-тардың да өкілдері еніп отырды. Олар сол халықтың тілін, мәдениетін меңге-ріп, көбінесе өздерін қазақпыз деп атады.
Осы мақаланың авторы 1982-1985 жылдары, сондай-ақ 1989 жылдың көк-темінде Орал, Саратов, Волгоград және Астрахан облыстарындағы осы ерекше өкілдер арасында тіл маманы-түрколог, профессор Л. Ш. Арслановпен (Татарстан-дағы Елабұға қаласынан) бірлесе зерт-теу жорығын жүргізді.
Еділ мен Жайық арасын қоныстан-ған бөкейлік қазақтар көпшілік жағдай-да көшпенділігі жағынан түрік халықта-рына жақын Орал казактарымен көрші болып келді. Бұл жерлерге көршілес сондай-ақ XVII ғасырдағы қалмақ пен ноғай халықтарының қақтығысынан ке-йін «самаралық-саратовтық» деп атал-ған башқұрт топтары да көшіп келе бастағанға ұқсайды.
Бөкей ордасында төлеңгіт руы да айтарықтай құрамда болды. Және олар сұлтандық гвардияның қатарында соғыс тұтқындары – қалмақтармен, Кавказ-дан қашқандармен толығып отырды. Кейін қазақ қыздарына үйленіп, сырт-қы түр-келбеті болмаса, тілі, салт-дәс-түрі араласып кетті.
Қазақтың кең сахарасы патша өкі-метінен зорлық көріп, батыстан да, шы-ғыстан да қашқандардың мекеніне ай-налды. Патшаның тұрақты армиясынан да немесе казактар әскерінен де зар-дап шегіп, тұрмыстың ауырлығына шы-дай алмағандар Жайық жағалап, бөкей-лік сұлтанның қол астына жекелеп те, топ-тобымен де қашып келіп, бағына бастады. Қазақтармен бірге тұрды, олармен жан-жақты қарым-қатынас жасады. Олардың ішінде қайтадан бө-лініп шыққандары да, қазақ арасына сіңісіп кеткендері де болды. Қалай өт-кен күнде де бұл тарихтың даму шең-берінде билік жүргізуші Орданың әлеу-меттік құрылымына бағынғанымен, олардың өзіндік ерекшеліктері, даму өзгерістері болды. Сонымен бірге қа-зақтармен некеге отырған олардың тіл-деріне де өзгерістер енді. Сөйтіп, Бөкей даласына қоныс аударушылардың бір-неше ұрпақтарынан кейін тағы да бір этникалық топ пайда болды.
Бөкейлік қазақтардың тайпалық құ-рылысында да Кіші жүз қазақтарының жақын туыстығымен салыстырғанда бө-лектенетін ерекшеліктері көрінеді. Бұл оның құрамында жоғарыда айтылған сіңісіп кеткен этникалық топ – ноғай-қазақ. Қазір олар төрт тармақты бөлек ру мен қарақалпақтың (бұл да қазір ру ретінде таныла бастады) болуынан болса керек. Екі топ та Орал облысы-ның батыс аудандары мен Волгоград, Саратов облыстарын қатар мекендей-ді. Біздің өлкедегі әртүрлі халықтар мен адамдардың бөлінбейтін бірлігін, өзара қарым-қатынасы мен тығыз бай-ланысын осыдан көруге болады. Бұл тарих үшін де үлгі болса керек.
Ноғай-қазақ. XVIII ғасырдың қырқын-шы жылдарында патша үкіметі Қырым мен Қалмақ хандарының қол астынан қашқан ноғайларды өздерінің «атажұр-ты – қазақ даласына» жер аударуға ты-рысты. Осыған орай 1744-1745 жылда-ры Кубаньнан Сұлтан ауылы ноғайла-ры мен астрахандық қарағаштар Сақмар өзені маңына, Орынбор губерниясына жіберіліп, казак әскерлерінің құрамы-на қосылды. Күні бүгінге дейін сол жер-лерде татар тілі мен мәдениетін қабыл-даған екі ноғай тобының да ұрпақтары өмір сүріп келеді.
Алайда сол кездегі орынборлық гу-бернатор, ғалым П. И. Рычков қалдыр-ған дерек бойынша қоныс аударып кел-ген топтың көпшілігі, яғни 25 отбасы («XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ-орыс қарым-қатынастары» атты жинақта – жүз түтін) қашып барып, Кіші жүз сұл-таны, Бөкейдің әкесі Нұралыны пана-лаған. Шамасы, ол жерлерде бұрын да ноғайлар тұрды ма екен, әлде қашқын-дарға жаңадан қосылушылар болды ма, әйтеуір, жоғарыдағы құжаттарда 1829 жылы Бөкей хандығында 500 тү-тін ноғайлық бар деп көрсетілген. Ал белгілі зерттеуші А. Н. Харзин 1889 жы-лы ноғайлардың 2000 әулеті болды деп жазыпты. 1926 жылы кеңестік халық санағында бүкіл Орал округі бойынша (Талов, Жәнібек, Орда және Азғыр бо-лыстары) ноғайлар басқарған 5696 шаруашылық бар екені есептелген.
Осылай барлық ноғай-қазақтар Бөкей хандығына жиналды. Төлеңгіт-тер сияқты сұлтан да оларға арқа сү-йеп, өзінің әскер құрамына қосып, се-нім білдірді. Ноғай тұрғындары Хан cтавкасына жақын жерлерге, көл жаға-лауындағы жақсы мекендерге орна-ластырылды. Бірақ олардың арасында да сұлтанға қарсы шыққан кедейлер болды, Исатай Тайманов бастаған шар-уалар көтерілісіне ноғайлардан екі жігіт қатысты.
Қазақ ордасында ноғайлар да көш-пелі мал шаруашылығына қайтып орал-ды. Ал XIX ғасырдың аяғына таман олар бірте-бірте жер өңдеумен айналыса бас-тады.
Ноғайлар көрші халықтармен тез тіл табысып, араласуға мәжбүр болды. Қазақтардың мәдениетін де, тілін де олар жатсынған жоқ. Қайта тез үйреніп, қыз алысып, қыз берісетін жағдайға жетті. Құда-құдандалы болды. XIX ға-сырдың орта тұсында, Ханыков пен Терещенконың зерттеулеріне қарағанда, ноғайлар Бөкейлікте тұрмыс-салты, тілі бар өз алдына халық болса, ғасырдың аяғында жоғарыдағыдай ішкі қарым-қатынастың күштілігінен жергілікті ха-лықпен бірігіп кеткен. А. Н. Харузин сол уақытта былай деп атап жазды: «Ноғай-ларды қазіргі қалпында өз алдына бөлек ұлтқа жатқызу қиындау, олар тек қазақ-тардың бір тайпасы есебінде «ноғай-қазақтар» деп аталады». Сонымен ха-лықтан руға айналған ноғайлардың төрт тармағы сақталып қалды. Олар – Үйсін, Қостаңбалы, Қазанқұлақ және Қояс. Тіпті соңғы кезде бұларды өз алдына жеке ру деп те бөліп жүр. Бұл – қате пі-кір. Қазақтарда Орта жүздегі Үйсіннен басқа ондай аттас рулар болмаған.
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында қазір ноғай-қазақтардың көптеген ұрпағы өмір сүреді. Бүгінде жергілікті халықтармен олардың аражі-гі ажырамастай біріккен. Әйтсе де, ға-лымдардың алдында осы бір қалыпта-суы мен жылдар иіріміндегі жетілу дең-гейі қызықтыратын топтарды тереңірек зерттеу міндеті тұр. Тарихын, салт-дәс-түрін, басқа да өмірлік икемдіктерін ашып көрсетуде, ғылымға енгізуде қа-зірдің өзінде Қазақстанның, Татарстан-ның, Астраханның, Қарашай-Черкестің ғалымдары іске кірісті.
Қарақалпақтар. Бұл топтың тағды-ры басқаларына қарағанда, әлдеқайда өзгешелеу. Өзінің атауымен-ақ бірден көкейге бірнеше сұрақ ұялатады. Олар-дың даму тарихы, ішкі бөліністері, өзін-дік сапарлары, қазақтар арасындағы және басқа жердегі жағдайы, болашақ мақсат-мүддесі әлі де жете зерттеуді қажет ететіні сөзсіз.
Қазан төңкерісіне дейінгі ғалымдар (П. И. Небольсин, А. Н. Харузин) қарақалпақтарды бөкей даласынан және Еділдің төменгі жағалауларынан екі топқа бөліп, «ескі» және «жаңа», «осы кезгі» деп қарады. Біздіңше, оларды бұлай бөлшектегеннен гөрі, «оралдық» және «астрахандық» деп атаған пікір дұрысқа келеді.
«Оралдық» қарақалпақтар өздері-нің аңыздары бойынша тым ертеректе қоныс аударған, олар Бугульма, Бугуруслан, Бұзаулық және Белебей маңындағы қазан татарларынан шық-қан. Олардың көбі Павел біріншінің ар-миясынан Кіші жүз қазақтарының да-ласына қашқан Татарстан мен Башқұрт шекарасындағы дезертир-солдаттар болған. Сондықтан оларды «қазан-та-тар қарақалпақтары» деп атауға бола-ды.
«Астрахандық» қарақалпақтардың сіңісіп кеткендерінен басқа Батыс Қазақстан облысында қазір тіпті қалып жарыған жоқ. Олар Бөкейге кейінірек көшті де, онда көп тұрақтамады. Сірә, олар да татарлардың солдат-дезертир-лері болса керек. Бірақ бұлар Қазан та-тарлары емес, Пенза түбінен көшкен мишарлар еді. Бұл татар-қарақалпақ топтарының тілдері де олардың шығу тегін түгелдей дәлелдеп тұр. Осы мақа-ланың авторы бұлай тұжырым жасауға Астрахан облысындағы мемлекеттік архивтен табылған «Саратов губерния-сындағы қарақалпақ-қырғыздар (қа-зақтар - В. В.) үшін жер бөлу туралы» деген құжат көмектесті. Сол арқылы осы тұрған топтардың тарихына қосымша пікір айту мүмкіндігі туды.
Ғалым
Л. Ш. Арсланов «қазандық» қарақалпақтар Кіші жүз қазақтарына шамамен 1790 жылы қосылған деп есептейді. Біздіңше, бұл кейінірек, 1798 жылдары болған. Себебі олардың жекелеген шаңырақтары 1801 жылы қазақтармен бірге көшті. Мәселен, ар-хивте қарақалпақ Габдуллин әулетінің 1841 жылы сұлтанға берген акт куәлігі сақталған. Оған қазақ рулары кердері, жаппас және беріш рубасылары қол койыпты. Соның ішінде мынадай сөздер бар: «Бұл адамның арғы аталары Асан мен Мұса, шынында да, Бөкей Нұралыұлымен бірге Жайықтың ішкі бетіне өтті».
Көшіп келушілер биік те сүйір қара-түсті бас киім киіп жүретін болған. Со-ған қарап, жергілікті тұрғындар оларды «қалпақ» немесе «қарақалпақ» деп атап кеткен. Ал Бөкей сұлтанның ұлы және мұрагері Жәңгірге бұл атау тіпті қолайлы көрінді. Ол 1817 жылы бұл халыққа «қарақалпақтар» деген атау-ды заңды түрде бекітті. Сөйтіп, бөкей-лік жүзде тұтас бір халықтың тобы өмір-ге келіп, ханның саясатына қарай өзде-рінің тұрмыс-тіршілігін жүргізді. Бұл топтардың қосылуы Жәңгір үшін де орыс өкіметінің алдында ойда жоқта халық санын көбейтуге пайдасын ти-гізді.
1827 жылы қарақалпақтар Хан ор-дасынан қуыла бастады. Жәңгір орыс өкіметіне оларды әртүрлі жағдаймен қаралап, «Олар менің қырғыздарым-мен, татарларыммен (қазақтарыммен, ноғай-татарларыммен – В. В.) сыйыспа-ды» деген желеу айтты.
Қуылған жалпы саны 200-ге тарта қарақалпақ Бөкей даласының шекара-ларына, Астрахан губерниясы мен Саратов уездеріне барып мекен тепті. Көпшілігі бұрынғы кәсіптері – егіншілік-пен қайта айналыса бастады. Жаңа қо-ныстарында орыс халқымен тіл табы-сып, үй шаруашылығына мығым адам-дар ретінде танылды. Енді татарлар мен башқұрттардан қашқандар да осы жерлерді сағалап, олардың саны екі есеге дейін өсті. Кейбір деректерде Астрахан үкіметі 1836 жылдан 1849 жылға дейін сырттан келгендерді қа-былдауды тоқтатуға мәжбүр болған-дығы содан болса керек.
Сірә, «астрахандық» қарақалпақ-тардың түгелге жақын кетуіне байла-нысты болса керек, 1842 жылы Жәңгір қайтадан қайтып келген «оралдықтар» деп аталатын топтарын қабылдауға ке-лісім берді. Қазақтардың ортасында қайтып келгендері өздерінің тұрағы ту-ралы тұңғыш рет «Біз татардан шық-қан қарақалпақ руымыз» деп анық жазды.
Сонымен, Бөкей даласында және оның шекараларында қарақалпақтар-дың бірнеше территориялық тобы пай-да болды. Атап айтқанда, олар: тарғын-дық, сарбастылық (Жәнібек, Қазталов аудандарында көбірек қоныстанған) және басқұншақтық қарақалпақтар еді.
1926 жылғы халық санағы Орал ай-мағындағы жеке халық ретінде 845 қа-рақалпақ бар екендігін, олардың 596-сы Таловта, 250-і Жәнібек ауданында тұратындығын көрсетті.
Қазіргі уақытта бұл ұлт, негізінен, Палласовкада, Савинка селосында жә-не Волгоград облысының «Фурманов» совхозында, Саратов облысының Алғай стансасында, Батыс Қазақстан облы-сының Қазталов ауданында көбірек тұ-рады.
Қарақалпақтар татар тілін сақтаған. Бөкей қазақтарымен көп жыл бірге тұр-ғандығынан да болар, бәрі жергілікті халықтың диалектісімен сөйлейді. Қа-зақ мектептерін бітіргендері де бар. Қазір қарақалпақтардың әдебиеті – өздерінің екінші ана тілі ретінде қолда-нып жүрген қазақ әдебиеті. Осының барлығы татар-қарақалпақтардың бас-қалардан өзгешелігін байқатады. Батыс Қазақстан облысындағы «жаңақала-лық» тұрғын татар топтары да сол жер-лерді өздерінің түпкілікті Отаны ретін-де мекендеп, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Енді олардың ұрпақтары алдында өт-кен тарихын, мәдениеті мен салт-дәс-түрін оқып-үйрету, тағдыр табыстырған екі халықтың да жекелеген бірегей ерекшеліктерін сақтау міндеті тұр.

АННОТАЦИЯ
ВИКТОРИН В. М.
Родовые группы кочевников, присоединившиеся
к Букеевской Орде
(Знаем ли мы свою историю ?)
Перешедшая, с царского разреше-ния, в 1801 г. реку Урал (Жайык) Вну-тренняя Букеевская орда казахов уже содержала «включённые», иные тюрк-ские элементы – и пополнялась новы-ми в дальнейшем.
Автор рассматривает примеры ʺну-гай-казáковʺ и ʺкаракалпаковʺ (ʺкалпá-ковʺ), ныне живущих по западной гра-нице Казахстана с российским Нижним Поволжьем. Их предки – служилые но-гайцы кубанского и волжского проис-хождения и казанские татары - солда-ты – бежали, от сер. XVIII в. и позже, из окрестностей гг. Оренбурга и Уфы в сте-пи к казахам Младшего жуза. Здесь они получали ʺприёмный приговорʺ Совета орды. В итоге оформлялись как особые роды - кланы (казах. ʺруʺ). Слу-жили они здесь султану - хану Букеев-ской орды как его дружинники, вызы-вая порой то милость, то гнев повели-теля.
Далее к казахам – букеевцам при-соединялись и башкиры с берегов р. Чижи (ныне – «перелюбские»), и та-тары - ʺмишарúʺ из - под г. Царицына, и «тюленгуты» - потомки военноплен-ных, и астраханские ногайцы - ʺкарагá-шиʺ, и мн. др.

SUMMARY
Victorin V.M.
Nomadic family groups that joined
the Bukey Kazakh Horde
(Are we well aware of our history ?)
When permitted by Russian Tsar in 1801 the Interior (Inner) Kazakh Horde of Bukey migrated beyond the Ural (Zhayik) River, it already had some other Turkic elements absorbed and continued taking up further ones.
The author is considering the exam-ples of Noughay - Kazakhs and ʺKarakal-paksʺ (ʺKalpaksʺ) who nowadays live along the borderline of Western Kazakh-stan and the Volga River Region of Russia. Their ancestors, namely, Noghay men-at-arms originated from the Kuban River and the Volga River territories and Kazan Tatar soldiers, served to Russian Tsar in the vicinity of the cities of Orenburg and Ufa, fled to the steppe of the Minor (Little) zhouz Kazakhs since the middle of the 18th centure.
The Horde Council provided them with ʺVerdict of adoptionʺ. Eventually they formed separate kins (in the Kazakh language ʺRuʺ). They served to the Sultan - Khans of the Bukey Horde as body - guards, being from time to time either in good graces or in disgrace.
Then the process of the Bukey Kazakhs consolidating was continued by Bashkirs from the Chizhi River banks, by Tatar - ʺMisharsʺ from the vicinity of Tsaritsyn, by ʺTulengutsʺ descended from the captured in wars, by Astrakhan Noghay -ʺKaragashesʺ and others.

Қаралым саны 3097

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463