Жан азығы

Қазақ хандығының 550 жылдығы кеңінен аталып өтілуде. Соның бірі Батыс Қазақстан облысында ұйымдастырылған автошеру болды. Еріктілердің бастамасы-мен басталған шара биліктің қостауы арқасында жоғары деңгейде ұйымдастырыл-ды. Хан тоғайынан бастау алып, Хан Ордасына ат басын тіреген автошерудің мақса-тын автошеру жетекшісі баяндап берді.

Ғұмар Қараш бабамыз «Әр істе қазақ иісі аңқығанын тіріде көзімізбен көреміз бе?» деп аңсап еді. Міне, Аллаға шүкір, бүгінгі мына ұрпақ сол бабаларымыздың аңсаған арманына жетіп отыр. Енді негізгі мақсатымыз – осы өзіміздің жеткен жетісті-гімізді ұрпағымызға көзіміздің қарашығындай сақтап, әрі қарай жеткізу. Мен осы жердегі 550 шақырым жүріп келіп отырған барша автошерушілер атынан Бөкей ордасы жұртшылығын Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтаймын!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ұлытауда Қазақ хандығының 550 жыл-дығын атап өту туралы бастама көтеріп және жоғары деңгейде өткізуге тікелей мұрындық болған кезде барша исі қазақтың қуанғаны айқын. Еділ мен Жайықтың арасы – қазақтың алтын бесігі. Хандарымыз, батырларымыз, билеріміз, оған қолдау білдірген қараша халқы осы жерді сақтап қалды. Соның арқасында, мінекей, біздер бүгін емен-жарқын өмір сүрудеміз. Біздің бәріміздің мойнымызда аманат бар, осы жерде тұрғандардың қай-қайсысымыздың да. Аманатқа қиянат жасауға ешуақытта болмайды. Бұл аманат деген – мына табанымыздың астындағы жер. Осы жер аманат-талып бізге жетті. Осы жерді әрі қарай келесі ұрпаққа жеткізу үшін барымызша жұмыс жасауымыз қажет.

Біздің арамызда тоқсанды алқымдаған ақасақал, кәсіби тарихшылар, өлке-танушылар, журналистер, блогерлер, білім саласының қызметкерлері, өз қара-жаттарымен осы шараны қолдап келе жатқан кәсіпкерлер бар. Біздің барлығымызды бір тілек, бір ниетке жинап тұрған бұл – біздің еліміздің болашағы, жеріміздің аман-дығы. Мінекей, бұл шараны – Қазақ хандығының 550 жылдығын сән-салтанатымен тойлайық және әр сөзімізде де, әр ісіміз де үлгі болсын деген ниетпенен ұйымдас-тырдық.

Көпшілік қазір елімізде өте қиын жағдай болып жатыр дейді. Бүгінгі таңда елі-мізде теңгенің еркіндікке жіберілуі көптеген адамдардың ойын осылай бұрып кетті. Шын мәнінде, біз кез келген экономикалық дағдарыстардан, қиыншылықтардан қи-налсақ та, өте аламыз. Ал рухани жағынан дағдарсақ, алға жылжи алмаймыз және аманатқа қиянат жасауымыз әбден ықтимал. Сондықтан аманатқа қиянат жасамай, адал болу үшін, ұлттық рухты көтеру үшін біз осы жерге келдік. Бұл жер жалпы қазақ халқының ұлттық рухының қайнар көзі деп айтуға болады. Біз бойымызға осы жерден ұлттық рухты сіңіру үшін арнайы келіп тұрмыз. Қазақ хандығының 550 жылдығы тарихымызда алғаш рет ұйымдастырылып жатыр. Бұның өзі – біздің ұлттық сананың бір сатыға тағы да көтерілгендігі.

Осы жердің тумасы Қайрат Жұмағалиев ағамыз айтатын еді: «Біз қандай ба-қыттымыз, шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап, көзімізді ашып қалсақ, осын-шалықты жердің иесі болып шығамыз, бұндай байлықты кім өзінің ұрпағына қалдыра алады?» деп. Біз жүріп өткен 550 шақырым әлемді аузына қаратқан дамыған мем-лекеттермен салыстырғанда, қандай қашықтықты құрайды? Дәл осы қашықтықты жүргенде біз Жапония, Финляндия, Оңтүстік Корея елдерін кесіп өтеміз. Әлемде 200-ден астам мемлекет болса, соның 160-тай мемлекетінің тұсынан өтіп шығамыз. Бұл 550 шақырым біз үшін дым емес сияқты, таңертең шықтық, кешке келдік. Біздің ата-бабаларымыздың мықтылығы да, тектілігі де осында, бізге – осы бүгінгі ұрпаққа осын-дай кең байтақ жер қалдырды. Осындай байлығымызды енді сақтап, көзіміздің қара-шығындай келесі ұрпаққа жеткізу мына тұрған біздің және сіздің парызымыз деп есептейміз. Осындай ата-бабаның алдындағы және болашақ ұрпақтың алдындағы парызымызды өтеу үшін біз баршамыз осы жерге басымызды қосып, жиналып тұрмыз.

Ақбай БАРЖЫҰЛЫ

Қаралым саны 946

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463