Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,
ҚР Президенті
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Мәртебелі меймандар!
Қазақ хандығының 550 жылдығына жиналған барша қауымды бүгінгі тор-қалы тоймен шын жүректен құттықтаймын!
Бүкіл әлемді дағдарыс жайлап, да-мыған елдердің өздері үлкен экономикалық күйзеліске ұшыраған мынау ал-мағайып заманда алыс-жақын ағайын-ның басын қосып, Қазақ хандығының 550 жылдық ұлан-асыр тойын өткізудің өзінің ерекше себептері бар. Бүгінгі той, ең алдымен, батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету және тағ-дырдың сан алуан қиындықтарынан сүрінбей өткен ата тарихынан тағылым алу үшін өткізіліп отыр.
Кеңес одағы заманында Қазақстан мектептерінде оқушылар «КСРО та-рихы» атты ортақ оқулықтан білім ал-ды. Сондықтан жас ұрпақ ата тарихынан мүлде алшақтап қалды. Оның үс-тіне, Қазақ хандығының шаңырағын көтеріп, айбынын асырған ұлы ханда-рымыз бен даңқты батырларымыздың есімдері біртіндеп ел жадынан өшіріле бастады. Өз ішімізден шыққан оларды жамандағыштар құрметке бөленді. Елімізде ханның не батырдың ескерткі-ші тұрмақ, олардың атында білім мен мәдениет нысандары, керек десеңіз, жалғыз-жарым көше де болған жоқ. Қазақ хандарының аты атала қалған жағдайда оларға үстем тап өкілі ретін-де келеңсіз баға беріліп, қисынсыз айып тағылды. Бұл туралы ақын Ғафу Қайырбеков кезінде: «Басқаның пат-шасының бәрі жақсы, Неліктен біздің хандар жаман болған?» деп ашына жазған болатын. Ұлт жадының тамыры-на балта шабуға арналған осындай сұр-қай саясаттың небәрі ширек ғасыр бұ-рын орын алғанына сенудің өзі қиын. Бірақ кеңес заманының ащы шындығы дәл осындай болатын.
Тәуелсіздік қазақ халқының өшкенін жандырып, өлгенін тірілтті. Алматы мен Астанада, облыс орталықтары мен ірі елді мекендерде Керей мен Жәнібек, Абылай мен Әбілқайыр сияқты әйгілі хандарымыздың, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың еңселі ескерт-кіштері бой көтеріп, олардың есімдері елді мекендерге, жоғары оқу орындары мен мектептерге берілді. Бабалардың ерлік пен күреске толы өнегелі өмір жолдары жайлы том-том ғылыми еңбектер мен әдеби шығармалар жа-зылды. Тәуелсіздікпен бірге оралып, ұрпағына ұлан-ғайыр қоныс қалдырған батыр бабаларымыздың биік рухы қазақтардың, әсіресе, жаңа буынның арасында аса зор патриоттық өрлеу ту-ғызып, ұлт тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатты.
Қазақ – Жұбан ақын айтқандай, «мың өліп, мың тірілген» халық. Бірлігі жа-расқанда даңқы асып, билікке таласқанда берекесі қашқан. Баршаға бел-гілі, байырғы бабаларымыз бөрілі бай-рақ ұстап, Байкалдан Балқанға дейінгі алқапты еркін жайлаған. Көгімізде желбіреген алтын күн астында қыраны қалықтаған туымыз – мемлекеттігіміз-дің үзілмей жалғасып жатқандығының айғағы.
Қазақ хандығы бұдан бес жарым ға-сыр бұрын ғана шаңырақ көтерсе де, Еуразияның ұлы даласында орнаған арғы дәуірдегі сақ, ғұн, үйсін мемлекеттерінің, бергі замандағы Ұлы түрік қа-ғандығы, Дешті Қыпшақ пен Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері болды. Арғы дәуірлерге бармай-ақ, та-за түркілік заманымызға зер салар бол-сақ, әйгілі Рим империясы құлап, Еуро-падағы осы күнгі мемлекеттердің ноба-йы да әлі қалыптаса қоймаған, ал Қытай-да үш патшалық пен алуан әулет өзара қырқысып жатқан VI ғасырда – 552 жы-лы Алтайда Ұлы түрік қағанаты атты қуатты, күшті мемлекет дүниеге келді. Ол небәрі жарты ғасыр ішінде Алтай мен Кавказ арасындағы алып далада жеке-дара билік жүргізді. Дәуірлеп тұрған кезінде Византия мен Ираннан, Қытай-дың екі патшалығынан алым алған ер түріктің берекесі кетіп, өз ішінде билік-ке талас бастағанда әуелі батыс және шығыс болып ажырап, кейін оғыз, қар-лұқ, қыпшақ болып бөлініп, жауларына жем болды.
Сегізінші ғасырда тасқа қашалған Күлтегін жазуында «Алдау мен арбау-ға арандаған түрік халқы бірлігінен айырылды. Табғаштарға қайсар ұлдары құл, көрікті қыздары күң болды» деп жазылған. Қай заманда болмасын, бар-лық жеңістеріміздің бастауы береке-бір-лік екенін жас ұрпақ ешқашан ұмытпай, өткеннен сабақ алуы үшін Күлтегін жа-зуының көшірмесін жасатып, Л. Гумилев атындағы Еуразия университетінің ат-риумына қойғыздым.
Бүгінгі тәуелсіз түркі мемлекеттері – Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түрікменстан мен Қырғызстан және дүниенің әр түкпіріне тарыдай шашылған жалпы саны 200 миллионнан асатын 30-дан астам түркі тілдес ұлттар мен ұлыстардың ұлы бабасы ер түрік аталарымыз болатын. «Түрік» сө-зінің бір мағынасын әйгілі түрколог академик А. Н. Кононов «берік», яғни «бірігу», «бірлік» сөзінен шығарады. Ендеше, түркі халықтары жаратылысында әрдайым бірге, береке-бірлікте болу үшін жаратылған. Бабаларымыз да бізге осыны мирас еткен.
Бірлік – біздің барлық жеңістеріміз-дің алтын қайнары, ел қорғағанда күш-қуат берер асқақ айбары. Осыны әрда-йым жадымызда ұстауымыз керек. Жа-һандану заманында тағдыр талайымен бөлініп кеткен, тілі, ділі, діні мен тегі бір түрік халықтары ХХІ ғасырда ынты-мақ жарастыруы қажет. Сөйтіп, саясат-та, экономикада, ғылым мен технологияда өзара ықпалдастық пен байланыстарды күшейте беруіміз керек. Ата тарих бізді осыған шақырады.
Бүгінгі той – ең алдымен, Қазақ хан-дығының 550 жылдық тойы. Атақты Мұхаммед Хайдар Дулатидің деректері бойынша, 1465 жылы Қозыбасы тауы-ның етегінде тарихи оқиға болды. Бұл – біздің елдігіміздің тамыры тереңде жат-қанын танытатын аса маңызды тарихи дерек. Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайыр ұлысынан бөлініп, Шу мен Таластың арасында Қазақ хандығының шаңырағын көтерді. Алты Алаш антта-сып, айырылмасқа сөз байласып, Ұлы-тауға таңбаларын қашап жазды. Осы-лайша, тарих сахнасына “Қазақ” деген халық шығып, ұлан-ғайыр өлке “Қазақ жері” деп атала бастады. Одан соң қас-қа жолды Қасым хан хандықтың іргесін бекітіп, керегесін керді. Хақназар хан шекарасын Еділдің бойына дейін ке-ңейтсе, Тәуекел хан Түркістан өлкесін түгелдей Қазақ хандығына қаратты. Еңсегей бойлы ер Есім елдің іргесін бе-кіту жолындағы күресте қолбасшылығымен танымал болды. Салқам Жәңгір хан Орбұлақ түбіндегі шайқаста жоңғар-ларға ойсырата соққы берсе, Әз Тәуке «Жеті Жарғыны» енгізді.
Қазақ хандығы кезеңі – ат жалында күн кешкен алаш жұртының қаһармандық дәуірі. Ел билеген хандардың өмірі майдан шебінде өтті. Қазақтың алғаш-қы он төрт ханының жетеуі жорық жо-лында қаза тапты. Осынау ұлы баба-лардың биік рухына барлық ұрпақ ай-рықша құрметпен бас иіп, ризашылығын білдіреді. Олардың ұлтқа сіңірген ұшан-теңіз еңбегі әрдайым ел есінде сақталады. Қазақтардың талай буыны қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай заман орнатқан хан ретін-де қадірлейтін Әз Тәуке биліктен кет-кен соң халқымыздың береке-бірлігі әлсіреп, жүзге және руға бөлінушілік белең алды.
Орталық Азиядағы аса қуатты әскери мемлекет саналатын Қазақ хандығының осы осалдығын оңтайлы пайдаланған жоңғарлар тұтқиылдан соғыс ашып, ел тарихына «Ақтабан шұбырын-ды, Алқакөл сұлама» деген атпен ен-ген трагедияға ұшыратты. Дәл осы тұс-та тарих сахнасына қол бастаған Қабан-бай, Бөгенбай, Наурызбай, Малайсары сияқты батырлар, сөз бастаған Төле, Қазыбек, Әйтекедей дуалы ауыз билер, ел бастаған Абылай, Әбілқайырдай хан-дар шықты. Бір жағадан бас, бір жең-нен қол шығарып, береке-бірлігі асқан қазақ қолы 1730 жылы Аңырақай тү-бінде жоңғарларға күйрете соққы бе-ріп, атақонысын жаудан біржолата азат етті.
Қаз дауысты Қазыбек би:
«Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз,
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Достықты сақтай білген елміз,
Дәм-тұзды ақтай білген елміз», - де-ген екен.
Бірліктің қадірін біліп, білекке білек қосқанда атамекенді жаудан азат етті. Алайда ағайынның араздығы, ынтымақтың аздығынан көп ұзамай хандық жойылды. Данышпан Абай айтқандай, «Бас-басына би болған өңкей қиқым» елдің сиқын кетірді. Сол кезде бүкіл дү-ние жүзін жайлаған, «бөліп ал да, би-лей бер» атты отаршылдыққа негізделген сұрқия саясат Қазақ елін біржолата Ресей патшалығының отарына айнал-дырды. Бұдан кейінгі Қазан төңкерісі-нен, Азамат соғысынан, халқымыздың тең жартысын жалмаған отыз екінші жылғы ашаршылықтан, ер-азаматқа да, елге де сын болған Ұлы Отан соғы-сынан қазақ қаншама қансырап шықса да, азаттық аңсаған өршіл рухы мен ұлттық келбетін жоғалтқан емес.
Ел арасында айтылатын тәмсіл бар. Абылай хан: «Үш арманым бар еді. Бі-ріншісі, елімді бейбіт өмірге жеткізсем деп едім, қан көп төгілді. Екіншісі, хал-қым қала, кент сала алмады. Үшіншісі, елдің басын біріктіре алмадым», - де-ген екен. Абылайдың асыл армандары тәуелсіздік тұсында түгелдей орындалды. Қазақстанның қай түкпіріне барсақ та, қалаларымыз бен ауылдарымыз жарқырап, жайнап тұр. Даламыз жай-қалған егінге толып, еліміз жасыл бақ-қа айналды. Алтын күн шуағын шаш-қан көк байрағымыздың астында қазақ қана емес, 130 ұлттың өкілдері береке-бірлікпен тату-тәтті өмір сүруде. Мен бұдан бұрынырақ «Қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ» деген едім. Бүгін сол сөзімнің жалғасы ретінде: «Бізге бабалар тұлпарларының тұяғы-мен жазылған ата тарихының әр пара-ғы ерекше қымбат. Қазақтардың бүгінгі және болашақ буыны оны әрдайым орынды мақтан ететін болады» дегім келеді.
Тек өткен тарихымен ғана мақтанатын елдің болашағы бұлыңғыр. Әр буын өкілдері ата-баба даңқына даңқ қосып, абыройын арттырып, бүкіл дү-ние жүзі алдына беделін биіктете біл-ген елдің ғана болашағы жарқын, ме-рейі үстем болады. Осы тұрғыдан кел-генде тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі буыны бабалар аманатына адалдық танытып, еліміздің абырой-беделін бұ-рын-соңды болмаған биікке көтерді деп айта аламыз.
Ең алдымен, бабаларымыз егемен еліміз тәуелсіздік алғанда еншімізде ұлан-байтақ жер қалды. Бірақ әлемдегі тоғызыншы территория саналатын қа-зақ даласы ешбір халықаралық құжат-пен рәсімделмей, ашық-шашық жатқан еді. Біз осы бір аса күрделі әрі шетін мә-селені сәтімен шешіп, Ресей мен Қытай бастаған барлық көршілерімізбен ара-дағы жалпы ұзындығы 14 мың шақы-рымнан асатын шекарамызды халық-аралық құжаттармен рәсімдеп, бола-шақ ұрпақтың алаңсыз болуы үшін бір-жолата әрі мәңгілікке шегендедік.
Екіншіден, бізге мұраға қалған атақо-нысымыз жылдар бойы халқымызға қасірет әкелген ажал полигондары мен жаппай қырып-жоюға арналған ядро-лық оқтұмсықтарға толы болды. Біз со-ның бәрінен елімізді де, жерімізді де азат етіп, әлемдік ядролық қарусыздану көшін бастадық. Ақыл мен парасаттың кез келген қарудан қуаттырақ бо-латынын дәлелдеп, жаһандық қауіпсіз-дікке зор үлесімізді қостық.
Үшіншіден, екі жарым ғасыр патшалық Ресей мен 70 жылдан астам Кеңес одағы құрамында болғанда қазақ халқы өз жерінде отырып-ақ азшылыққа, ал Қазақстан өз еркінен тыс 130 ұлт пен ұлыстың мекеніне айналды. Әлем тарихына көз тігер болсақ, соғыс атаулы не жер дауы, не ұлт артықшылығы, не дін үстемдігі үшін болатынын байқау қиын емес. Біз елімізді мекендеген сан алуан ұлт пен ұлыс, дін өкілдерін көк тудың астына жиып, ел тыныштығын, береке-бірлігін сақтадық. Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемдегі талай мемлекетке үлгі-өнеге ретінде ұсынған Қазақстан халқы Ассамблеясын құрып, бес рет қатарынан Әлемдік және дәстүрлі діндер көш-басшыларының съездерін зор табыспен өткіздік. Бабаларымыз мирас еткен «Кең болсаң кем болмайсың» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, әлі талай биіктерге жетеріміз анық.
Төртіншіден, біз іргемізді бекітіп, бір-лігімізді бекемдеген соң әлемдегі ең дамыған елдердің тәжірибесін зерттеп, дамудың өзіміз жасаған жаңа моделі – «Қазақстандық жолды» ұсындық. Да-мудың ең жарқын болашағын айқындаған «Қазақстан – 2050» стратегиясын түздік. Дәл осы құжаттың негізінде алға қойған мақсаттарымызды рет-ретімен жүзеге асырып, қуатты да табысты мемлекет орнаттық. Соның нәтижесінде экономикамыз аз ғана жылда еш-қашан, ешкімде болмаған қарқынмен алға басты. 2014 жылы еліміздің жал-пы ішкі өнімі 1993 жылғы көрсеткіштен 19 есеге көбейді. Ол жан басына шақ-қанда 696 доллардан 13 мың долларға, яғни 18 есеге артты. 1993-2013 жылдар аралығында 200 миллиард доллардан астам тікелей шетел инвестициясын тарттық. Елдің әл-ауқатын барынша жақсартып, өркениетті елдердің деңге-йіне жеткіздік.
Бесіншіден, бабалар мирас еткен же-ріміз қаншалықты кең болса да, бізде ұлы мұхитқа шығатын жол болған емес. Теміржол атаулы Қазақстанның байлы-ғын тасу үшін тек солтүстікке қарай са-лынды. Тәуелсіздік жылдары біз жалпы ұзындығы 2500 шақырымдық темір-жол салып, еліміздің барлық облыстарын бір-бірімен жалғастырдық. Нәти-жесінде Қазақстанның болат жолдары Қытай арқылы Тынық мұхитқа, түрік-мен жері, Парсы шығанағы арқылы Үн-ді мұхитына, Ресей арқылы Батыс Еуро-паға, одан әрі Атлант мұхитына жететін болды. Бұған қосымша «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» еуразиялық автомагистралы да пайдалануға берілді. Ал «Нұр-лы жол» бағдарламасымен елімізде жаңа 7 мың километрден астам авто-көлік жолы салынып, барлық өңірлер-мен байланыс екі есеге жақын болады. ХХІ ғасырдың нағыз Жібек жолы деп осыны айтуымыз керек.
Алтыншыдан, қазақты өзге ұлттан даралайтын – оның тілі мен мәдениеті, руханияты. Еліміз егемендігін алғаннан кейін жағдайдың қиындығына қара-мастан, тағдырдың жазуымен дүниенің төртбұрышына тарыдай шашылып кет-кен миллионнан астам қандастарымыз-ды атамекенге қайтарып алып келдік. Бабалар тарихына қатысты дүние жүзі-нің архивтерінде шаң басқан тарихи құ-жаттарды алдырып, том-том кітаптар мен оқулықтар шығарып, ата тарихтың ақиқатын түгендедік. Тәуелсіздік жыл-дарында 1300-ге жуық мектеп, 1250-ге жуық денсаулық сақтау нысанын, тағы 4 мыңнан астам балабақша салдық. Ха-лықтың орташа өмір ұзақтығы 72 жас-қа жетті.
Азаттықтың алғашқы жылдарында «Болашақ» бағдарламасын әзірлеп, он мыңнан астам талантты жастарымызды шет елдердің ең беделді университеттерінде оқыттық. Қазір «Болашақ» түлектері басқару ісіне араласып, өзде-рі ел болашағына қызмет істеуде. Ке-мелімізге келген соң еліміздегі барша орта білім ошақтарына үлгі болсын деп, республикамыздың әрбір өңірінде дүние жүзіндегі ең биік талаптарға сай «Зияткерлік мектептерді» аштық. Ал күллі жоғарғы білім ордалары биыл ал-ғашқы түлектерін ұшырып, әлемдік дең-гейде танылып үлгерген «Назарбаев университетіне» қарап бой түзейді.
«Мәдени мұра» бағдарламасы бо-йынша ата-бабамыздың асыл мұрасын жинақтаған соң әлемдегі ең жаңашыл өнер ордалары саналатын Бейбітшілік пен келісім сарайы, Орталық концерт залы, Астана опера және балет театры, Ұлттық музей ғимараттарын салып, ұлт мәдениетінің әлемдік өркениет биігін-де дамуы үшін барлық жағдайды жаса-дық. Мұндай мәдениет ошақтары елі-міздің әр өңірінде бой көтерді.
Жас ұрпақтың жаны сұлу, дені сау болуымен қатар күш-қайраты мол бо-луы үшін зәулім спорт сарайларын тұр-ғызып, қысқы Азиада ойындарын зор табыспен өткіздік. Лондон олимпиадасында ұлы жеңіске ие болдық, отандық спортшылар жарқын жетістіктерімен ел мерейін өсірді.
Жетіншіден, іргесі берік үйдің шаңы-рағы шайқалмайды. Жақында ғана біз Ата Заңымыздың 20 жылдығын атап өттік. Біздің Конституциямыз ұлттық заңнама жүйесіне берік іргетас болып қаланды. Заң шығарушы, атқарушы би-лік пен тәуелсіз сот жүйесінің негізін құрды. Қазақстан Парламенті ең жоға-ры өкілетті орган ретінде өз міндетін абыройымен атқаруда.
Сегізіншіден, бабалар даңқына мақ-танумен шектелмей, үздіксіз алға жыл-жыған ел ғана озады. Осыдан ширек ға-сыр бұрын ғана әлем картасында бол-маған Қазақстан дүние жүзінің 56 елі-нің басын қосатын Еуропа қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына, 57 мем-лекетті біріктіретін Ислам ынтымақтастық ұйымына абыроймен төрағалық етіп, ұлтымыздың рухын көтеріп, жұр-тымыздың еңсесін биіктеттік. Қазақстан алып құрлықтағы ең түйінді мәсе-лелерді шешетін 30-ға жуық мемлекет-тің басын қосып, Азиядағы өзара ық-палдастық және сенім шаралары кеңе-сін құрып, оны әлемдегі беделді ұйым-дардың қатарына қосты. Әлемдегі ең ықпалды халықаралық ұйымдардың біріне айналған Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымын құрудың басты бастамашыларының бірі болып, бірнеше рет биік деңгейдегі саммит өткіздік.
Біздің бабаларымыз – ғұндар да, түріктер де, қыпшақтар да өткен заман-дарда Еуразиядай алып материктің басты интеграторы болған. Олар Ұлы даладағы алуан тайпалардың басын та-лай мәрте қосып, берекесі қашқан кез-де сан рет жауларына жем болған. Біз де 20 жылдан астам уақыт бойы Еура-зиялық Одақ құру туралы бастаманы табандылықпен ілгері жылжытып, оны бүгінде бес мемлекеттің басын қоса-тын посткеңестік елдер ішіндегі ең үл-кен экономикалық ұйымға айналдырдық.
Тоғызыншыдан, Астананың төрінде тұрып, бүгінде бар қазақтың ортақ мақ-танышына айналған Елордамыз туралы айтпау мүмкін емес. Астанамыз – жа-һанға танылған жұртымыздың жарқыраған жақұты, Азаттығымыздың алтын қыраны! Елорданы салу тәуелсіз Қазақ-станның өте күрделі мақсат қойып, оны табандылықпен орындай алатынын күллі әлемге айқын дәлелдеп берді. Бас қаламыз қазақтың абыройын асы-рып, мерейін тасытты. Досты сүйінді-ріп, дұшпанның мысын басатын еңселі Елордаға айналды. Астанамен бірге қа-лың қазақтың да даңқы артты. Еліміз-дің әр өңіріндегі басқа қалалар мен ел-дімекендер де Елордаға қарап бой тү-зеп, жарқырай бастады. Бүгінгі торқа-лы тойымыз өтіп жатқан Тәуелсіздік са-райы және Спорт кешені де осындай еңселі ғимараттардың бірі болмақ.
Оныншыдан, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарынан берік орын алып, әлем-дегі үздік отыздықтың қатарына кіруді басты стратегиялық мақсат етіп қой-дық. Алда Астанада әлемдегі ғылым мен техниканың, өнеркәсіптің, жаңа-лық атаулының жетістіктерін насихаттайтын “ЕХРО-2017" көрмесін өткізу мін-деті тұр. Қазір адамзат қоғамы жаңа индустриялық революцияның қарсаңында тұр. Оған Қазақстанның эконо-микасы мен өнеркәсібі дайын болуы үшін біз «Үдемелі индустриялық-инно-вациялық даму бағдарламасын» әзір-леп, жүзеге асырудамыз. Дүниежүзілік сауда ұйымына кірдік. Баршаға бірдей кәсіби, осы заманғы мемлекетіміз одан әрі табысты болуы үшін бес институ-ционалдық реформа жүргізуді қолға алдық. Тиісті мемлекеттік органдар оны рет-ретімен жүзеге асыруға кірісіп те кетті. Бұл реформа бізді жаңа биік-терге бастайды.
«Егемен болмай, ел болмас» дегендей, біз азаттық жылдарында шын мә-нінде ұлы жолдан өттік. Тәуелсіздік ке-зеңі – біз үшін ғасырлар жүгін арқалаған ғаламат кезең. Кезінде Керей мен Жәнібекке ілесіп шыққан халықтың ұзын саны 200 мың шамасында екен. Бүгінгі күні сол қазақтың қатары жер жүзінде 15 миллионнан асып жығылды. Ал егер қазақ өткен ғасырдың ашар-шылығына ұшырамаса, өткен соғыста қырылмаса, қанша болар еді?
Қазақтың өз ішіндегі береке-бірлігі күшті болуы керек. Данышпан Абай-дың «Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрме-сең істің бәрі бос» деген өсиетін әр-дайым естен шығармайық, ардақты ағайын. Алда қандай сын-қатерлер кү-тіп тұрса да, бірлігіміздің арқасында біздің болашағымыз бүгінгіден де жар-қын деп кәміл сеніммен айта аламын.
Бәріміздің киелі атамекеніміз бар, ол – қазақтың Ұлы Даласы. Сол далада ба-балардың ізгі аманатын орындау жо-лында біз құрған қасиетті Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік – біздің маңдайға басқан бағымыз, мәңгі сақтауға тиіс аманатымыз. Қасиетті Ота-нымызда қандай қиындықты да қайыс-пай қарсы алуға лайық өршіл рухты, азат ойлы, жасампаз халық бар. Ол – ержү-рек қазақ халқы. Сол қаһарман халық-тың алға қойған ізгі мұраты бар. Ол – Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлекетті Мәңгілік Ел жасау. Ендеше, әрқашан елі-міз аман, бауырымыз бүтін болсын. Сіз-дер мен біздер құрған Тәуелсіз Қазақ-станымыз Мәңгілік Елге айналсын! Ұлы мақсаттарға жету жолында бізге батыр бабалардың аруағы жар болсын!
Қымбатты қазақстандықтар!
2 мың жылдан астам тарихы бар ежелгі Таразда бір айдан кейін Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент салтанатты түрде ашылатын болады. Біз өзіміздің қасиетті жеріміз-дің тарихы бірнеше мыңдаған жылдарға кететінін есте сақтай отырып, өз ба-баларымыздың естеліктері мен істері-не тиісті баға береміз. Ол Еуразияның өткен және қазіргі өркениетінің өсіп-өр-кендеуінде өзінің айрықша ою-өрнегі-мен шебер өрілген. Хроностың көзге кө-рінбейтін арқауы бізді Қытайдың мың-жылдық тарихымен және қазіргі кезі-мен, Таяу және Орта Шығыс, Азия құр-лығының басқа да бөліктерінің өткені-мен және бүгінімен байланыстырады. Тілдік және мәдени байланыстар ми-риадасы арқылы біз өз бауырларымызбен – бүгінде Мұзды мұхит жағалауларынан Жерорта теңізіне дейінгі жерді мекендейтін түркі халықтарымен бай-ланысамыз. Ұлы Түркі Елі – ол біздің ортақ бабаларымыз бен батырларымыз, ортақ рухани байлықтарымыз бар ортақ арғы Отанымыз. Ол – біздің бір-лескен ұлы мұрамыз.
Біздің Ресей халықтарымен, бірінші кезекте, орыс халқымен жүздеген жыл-ға созылатын бірлескен тарихи жолы-мыз бар. Тәуелсіздік жылдары ішінде біз Еуропалық одақ, Америка, Ислам әлемі елдерімен тарихымыздың бірлес-кен парақтарына ие болдық. Олар жа-ңа заман уақытының көптеген халық-аралық оқиғалары, оның ішінде, біздің елімізде болған оқиғалар туралы баян-дайды. Қазақстан әрқашан да өз көрші-лерімен арадағы достықты және сенім-ді көздің қарашығындай сақтап, одан әрі дамыта береді, әлемнің бүкіл елде-рімен ізгілікті қарым-қатынастар орна-тады.
ХХІ ғасырда да біздің жаһандық да-муға қосар үлесіміздің тек қана арта беретініне және әлемнің оны лайықты бағалайтынына сенімім мол. Біздің же-ріміздің жүріп өткен және алда тұрған тарихи жолын ой елегінен өткізе оты-рып, бізге Қазақстанның жаһандық қо-ғамдастықта танымалдығы мен мәш-һүрлігін кеңейе түсетіндей етудің ма-ңызы зор. Әлемде қандай да бір халық-тың өз мемлекетінің ресми атауымен бірге айрықша бейформальды ұғымды пайдаланатын мысалдары көп. Біздің қасиетті жерімізді ежелден Ұлы Дала, ал бізді – Ұлы Дала ұрпағы деп атады. Оны сонау ерте замандардан бері ту-ған жерге деген халықтық махаббатты домбыраның, қобыз бен жетігеннің жүректі арбайтын әуеніне айналдыра отырып, ақындар жырға қосты.
Біз бабаларымызда ешқашан болма-ған адам айтқысыз жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар бар жаңа Қазақстанды құрудамыз. Біздің көптеген мыңжылдық тарихы бар жеріміз көз алдымызда өзгеруде. Қазіргі заманғы Қазақстанның әр ауылы мен қаласында болып жатқан өзгерістерге көк ас-пан куә. Дала көгіндегі Күн біздің ізгі істерімізге нұрын шашуда. Аспан мен Күн – біздің Туымыздың түсі.
ХХІ ғасырда далалық Еуразияның құ-шақ жетпес кеңістігі қайтадан түлеп, өркендеуде. Біз өз Тарихымыздың жа-ңа Шамшырағын жақтық. Сондықтан да бүгінде және әр кезде де біздің Қазақстан – ол Ұлы Дала Елі! Ол – тү-леген Ұлы Дала Елі. Біздің сүйікті Ота-нымыздың халықтық аты да дәл осы. Ол біздің Отанымыздың өткенін де, қа-зіргісін де, болашағын да бейнелейді. Онда қазақстандық мінез бен оның не-гізгі сипаттары көрініс тапқан. Олар – біздің жан-дүниеміздің ашықтығы мен кеңдігі, біздің жүректеріміздің жылуы, қонақжайлылық пен бейбітсүйгіштік, кемеңгерлік пен ойшылдық, еңбексүй-гіштік пен іскерлік. Ол – сүйікті жеріміз-дің осы уақытқа дейін болмаған өркен-деуіне қол жеткізудегі өзіміздің күшіміз бен мүмкіндіктерімізге деген сенім. Мен біздің жаңа Қазақстанның осын-дай бейнесінің әрбір қазақстандықтың ой-санасы мен жан-дүниесінен орын табатынына, бүкіл әлемде мойындалатынына сенімдімін.
Тағы да қайталап айтайын, біздің қа-сиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз – солардың жалғасымыз, Ұлы Даланың мұрагерлеріміз. Осынау кең байтақ Ұлы Даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып Жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз – ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Да-ла Елі! Бұл – біздің тағдырымыз! Бұл – біздің таңдауымыз! Мәңгілік Елімізде бейбітшілік пен береке болсын! Халқы-мыз аман болсын!
(«Ақ орда» сайтынан)