1824 жылы 3 қаңтарда Орынбор ге-нерал-губернаторы П. К. Эссенге Кіші жүздің Қаратай сұлтан бастаған 66 сұл-таны, старшындары мен билері Бөкей Ордасының ханы Жәңгір Бөкейұлын барлық Кіші жүздің ханы етіп сайлауы туралы өтініш жібереді (История Бу-кеевского ханства 1801-1852 гг. Сбор-ник документов и материалов. - Алма-ты, 2002. – 238-240-б.).
Бұл кезеңде Кіші жүз даласындағы дағдарыс өзінің шыңына жеткен-ді. Дәстүрлі хандық билік әлсіреп, хан сая-си биліктен алыстай бастады, ал стар-шын мен билер билігіне қатаң бақылау жасалды. Сондықтан хан мен сұлтандар орыс ұлығының көмегімен билігін сақтап қалу үшін жанталасты. Ал патша үкіметі әкімшілігі қазақтар арасындағы өзара ру және саяси билік таласын дер кезінде пайдаланып, оны ушықтырып отырды.
Патша үкіметі 1822 жылғы «Сібір қа-зақтары туралы Жарғыға» сүйене оты-рып, жаңа басқару аппаратын құрды. Сөйтіп қазақ даласындағы хан өкіметі алдымен Орта жүзде таратылды.
Жаңа құрылған округтер Омбы об-лыстық басқармасына бағынды, округ-терді приказдар басқарды. Оның төр-ағасы аға сұлтан болды да, оған таға-йындалатын ресейлік екі заседатель мен сайланып қойылатын екі құрметті қазақ енді. Аға сұлтанды тек сұлтандар сайлайтын, ол Ресей қызметінің майо-ры шенінде болды және жергілікті бас-қарманы басқаруға қойылатын шенеу-нік саналды. Болыстарды болыстық сұл-тандар басқарды, оларды қайта сайлау тек Омбы облыстық басқармасының келісімімен жүргізілетін еді. Ауыл стар-шындарын қарапайым қазақтар әрбір үш жылда сайлады. Оларды округтік приказ бекітетін. Бұл патша үкіметінің жаңа отарлық саясатының ерекшелігі болды. ХІХ ғасырдың 20-жылдарында Кіші жүз қазақтарын басқарудың жаңа жүйесі енгізілді.
Кіші жүз қазақтарының соңғы ханы Шерғазы Орынборға шақырылып, Ше-кара комиссиясының жұмысына кеңес-ші ретінде қатыстырылатын болды. 1824 жылғы наурыздың 24-і күні Сырт-қы Істер министрлігінің жанындағы Азия Комитетінің отырысында «Орынбор қа-зақтарын басқарудың» жобасы бекітіл-ді.
Аталған жобада «Ұлы император ай-туымен қырғыз (қазақ – А. А.) даласын басқарудың жаңа жобасын жасап, Кіші жүзді басқару Бөкей Ордасының ханы Жәңгірге тапсырылсын және даланы үшке бөліп, оны басқару үшін аға сұл-тан тағайындалсын» - делінген (Мәшім-баев С.М. Патшалық Ресейдің Қазақстандағы мемлекеттік басқару мекемелерінің тарихы. – Алматы: «Қазақ уни-верситеті». 71-б.).
1824 жылғы жоба бойынша Кіші жүз-ді Батыс, Орта, Шығыс және Ішкі бөлік-ке бөлу қарастырылды. Бөліктерді бас-қару жүйесі үш сатылы басқаруға негіз-делді: ауылдарды басқару, руларды басқару, рулардан тұратын бөліктерді басқару.
Орта жүздегі округтерді аға сұлтан басқарса, Кіші жүзді «бөліктерді билеу-ші сұлтандар» лауазымы барлар бас-қарды.
1824 жылғы реформаның «Сібір қа-зақтары туралы Жарғыдан» өзгеше тұс-тары да болады. Мысалы, Орта жүзде округтер құрылса, Кіші жүз жері, бірін-шіден, үш бөлікке бөлінді, екіншіден, билеуші сұлтандардың билігі Орта жүз-дегідей бұйрықпен шектелмеді.
Орынбор Шекаралық комиссиясының арнайы шақырумен 1824 жылы 10 мамырда Шерғазы хан Орынборға ке-ліп жетті. Ханға қаладан арнайы пәтер жалданып, ақысына жылына 1550 сом ақша қаражат бөлінді. Бастапқы кезең-де орыс әкімшілігі тарапынан ханға іс-терді шешуге араласатындығы ескер-тілді.
Дегенмен де Шекаралық комиссия жұмысына қатысудың еш нәтиже бер-мейтіндігін түсінген хан комиссия оты-рысына «аурулығын» сылтауратып, қа-тыспауды жиілетті. Ханның Орынборда болған уақытында үкімет жылына бір мың екі жүз он екі сом шығын қаражат жұмсады (Орынбор облыстық мемлекет-тік мұрағаты (ОрОММ), 6-қор, 10-тізім, 2313-іс, 469-470-п.). Орынборға ханмен бір мезгілде Шекаралық комиссия жұ-мысына қатысушылар ретінде генерал-губернатор П. К. Эссен Қаратай Нұралы-ұлы, Темір Ерәліұлы және Жұма Құдай-мендіұлы сұлтандарды шақыртты. Олар-ға патша үкіметінің тарапынан аға сұл-тан атағы берілу көзделді. Сұлтандар Орынбор қаласына шілде айында келіп жетіп, қалаға жақын жердегі арнайы тігілген киіз үйлерге тоқтады. Өзге сұл-тандарға қарағанда Қаратай сұлтанның жанында ергендер көптігімен ерекше көзге түсті. Қаратай сұлтанға бес сұлтан, екі іс жүргізуші, бес төлеңгіт еріп келді. Орынборға келген аға сұлтандарға кү-ніне екі сом елу тиын, сұлтандарға жет-піс бес тиын, старшындарға елу тиын, төлеңгіттерге жиырма бес тиын төлен-ген. Шекаралық комиссия оларға керек-ті ыдыс-аяқ, дәрі-дәрмектерді сатып алып, барлық жағдай туғызуға жұмыстанды. Қаратай сұлтанның талап етуі-мен Шекаралық комиссия ол тұрақтаған киіз үйге күзет те қойды. Сұлтандарға генерал-губернатор атынан жет-кілікті тағам мен шарап бөлінді. Бір ай-ға созылған келіссөз нәтижесінде 1824 жылы тамыздың 1 күні Қаратай сұлтан Кіші жүздің Батыс бөлігінің билеуші аға сұлтаны болып, Орта бөлігінің билеуші-сі аға сұлтан Темір Ерәліұлы, Шығыс бө-лігінің билеушісі сұлтан Жұма Құдаймен-діұлы бекітілді (Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты (ҚРОММ), 4-қор, 1-тізім, 274-іс, 74-75-п).
Атап өтетін жағдай, Қаратай мен Жұма сұлтандарды халық өз кезегінде хан сай-лаған болатын. Осы атақ пен билікті олар жаңа лауазымға бекітілгенше сақ-тады (Зиманов С. Политический строй Казахстана конца ХVІІІ и первой поло-вины ХІХ веков. Алматы, 1960. - 200-б.)
Кіші жүздің бөліктерін билеуге бекі-тілген сұлтандарға ай сайын жүз сом күміс ақша және жылына алпыс пұт ай-лықтың 1/4 ұн беріліп, дала бетке са-пар шеккенде жанына офицер бастаған 200 казак отряды және қызмет қағаз-дарын жүргізетін 1 іс жүргізуші еріп жү-руі де қарастырылды. Билеуші сұлтан-дар бүкіл билікті өз қолына шоғырландыруға тырысты.
Салтанатқа арнайы келген генерал-губернатор П. К. Эссен бекітілген сұл-тандарға сабына алтын жалатылған қы-лыш, патша гербі бейнеленген жалау мен мөрді қоса тапсырды.
Кіші жүздің үш бөлігін билеуші сұлтандардың ата-тегі мен билеу аймағына назар салсақ:
Қаратай Нұралыұлы Кіші жүздің Ба-тыс бөлігінің билеушісі қызметіне кіріс-кен соң генерал-губернатордан қыз-мет бабына тиісті өзіне көмекші және руларды басқаруды жолға қою үшін кеңесшілер сұратады.
Қаратай сұлтанның бұл ұсынысын Темір, Жұма сұлтандар да қолдады. Гу-бернатор П. К. Эссен ұсынысты қабыл алып, сұлтандардың ұсынысымен оларға көмекші ретінде Батыс бөлікке, яғни Қаратай сұлтанның көмекшілігіне Шынғали Ормановты, Орта бөлікке Темір сұлтанға Медетғали Тұрдалиевті және Шығыс бөлік сұлтаны Жұма Құдаймендиевке Жаншуақ Құдаймендиевті тағайындады. Біздіңше, Қаратай сұлтанның көздегені – қазақтар арасын-дағы рулық талас-тартысты көмекшіле-рі мен кеңесшілері арқылы шешу. Ежелгі қазақ дәстүрі бойынша ел ішін-дегі барлық даулы мәселелер ақылдасып, кеңесіп шешілуге тиісті екендігін жетік білетін сұлтан дала заңын негізге алса керек.
Шекаралық комиссия билеуші сұл-тандардың тағайындалған көмекшілеріне төмендегідей мазмұндағы нұсқау-лар берді:
– Билеуші сұлтанның барлық нұсқау-ларын мүлтіксіз орындау. Шекаралық басқарманың нұсқауларын басшылыққа алу.
– Өз қызметінде ордалықтардың ты-ныштығы мен игілігі үшін қызмет ету, өзара және линия бойындағы тұрғындармен келісімді үйлестіру, жалпы ты-ныштықты сақтау. Ұрлық жасаушыларды қатаң жазалау.
– Ордалықтар линия бойындағы тұр-ғындардың малын ұрлағаны және өзара барымтаны қоздырғаны туралы мәлі-мет алған кезде міндетті түрде билеу-ші сұлтанға немесе жергілікті линия бо-йындағы басқармаға дереу хабарласу.
– Жасаған қылмысы үшін ұрыларды іздеп табу дер кезінде жүзеге асырылып, ұсталған ұрыны заңды түрде сот-тау үшін линия бойындағы басқармаға тапсыру.
– Билеуші сұлтандардың кепілдемесі бойынша атқарған қызметіне сәйкес марапатталады. Егер жоғарыда көрсе-тілген нұсқауды бұзған жағдайда заң бойынша жауапкершілікке тартылатын болды.
Осындай нұсқаумен танысқан соң ға-на сұлтан көмекшілері іске кірісті (Доб-росмыслов А. И. Тургайская область. Исторический очерк. Оренбург, 1908. – 276-277-б.).
Патша үкіметі Кіші жүз жеріндегі үш аға сұлтанды ұстап тұру үшін қосымша қаржы бөлді:
1. Аға сұлтанға жыл сайын қазына есебінен 1200 сом (3 сұлтанға) 3600 сом.
2. Жыл сайын 60 пұт астықтың 1/4 бөлінеді.
3. Әрбір аға сұлтан кеңесінде тілмаш және іс-қағаз жүргізуші – 3 адам, әрқайсысына 600 сомнан – 1800 сом.
4. Қазақтарға бөлінетін дәрі-дәрмек – 1200 сом.
5. Орынбор қаласына келген қазақ-тарға (жұмыс бабында келсе) 4000 сом. Барлығы – 10600 сом бөлінген (Мәшім-баев С. М. Көрсетілген еңбек. -75-76-б.).
Кіші жүз даласын басқаратын аға сұлтандарға, старшын мен билерге сый-сияпат беру арқылы Ресей империясының басқару жүйесіне мүдделендіріп, отарлық тәртіпті ішкі қазақ даласына енгізе бастады.
Жаңа басқару жүйесі бойынша аға сұлтанның міндеттері анықталды. Нұс-қауда «Қазақтардың іс-әрекетін бақы-лап отыру, халықтың санын анықтап, түтін санын, мал санын әр уақытта біліп отыру, орыс үкіметінің нұсқауларын бұлжытпай орындау» деп көрсетілді.
Ресейдің отарлық саясатына анықта-ма бере келіп, А. И. Левшин «Кіші жүз-де хандықты жойып, жергілікті басшы-лыққа біртіндеп Екатеринаның губер-ниялық әкімшілік жүйесін енгізу көз-делген», - деген болатын (Левшин А. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. СПб, 1832. 65-б.) Қазақ даласын Ресейдің отарлық әкімшілік жүйесімен басқару жүзеге асырылды.
Бұл кезеңде патша үкіметінің Кіші жүзді үш бөлікке бөліп, басқаруына би-леуші сұлтандарды қоюы Шерғазы хан-ды да ойландырса керек. Орыс әкімші-лігінің Шерғазы Айшуақұлына деген бұрынғы құрметі мен ықыласы суи бастады. Шерғазы хан 1825 жылдың 27 тамызында Шекаралық комиссиядан үш аптаға ауылына сұранып кетеді (ҚРОММ, 4-қор, 1-тізім, 274-іс, 421-п.). Содан Шерғазы хан Хиуа хандығына өтіп кетіп, 1835 жылы 29 тамызда қай-тыс болды. Кіші жүздің патша үкіметі тағайындаған соңғы ханы Шерғазының қилы тағдыры осылайша аяқталды.
Сөйтіп, ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында патша үкіметінің отаршылдық саясаты жүзеге асып, Кіші жүздегі ғасырлар бойғы дәс-түрлі хандық басқару тарих сахнасынан еріксіз ығыстырылды. Алда патшалық Ресейдің сұрқия саясатына қарсы талай күрес жатты. Бұл күресті біз сұлтандар, батыр-билер бастады деп жіктегені-мізбен, олардың басты мақ-саты біреу – ол елі мен жерін сақтау болатын.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Сөйтіп, ХІХ ғасырдың ортасында ұлттық рухани өмірінде бұрын білінбеген жаңа бір нышандар пайда бола бастады. Қазақ руха-ниятының өзін-өзі туындатқан осынау күнделікті ты-ныс-тіршілігі ауық-ауық өзі-нің дүниетанымы мен ұлт-тық дүние бейнесін қару алып, қорғау қажеттілігімен алмасып отырады. Мұның өзі көбінесе рухани талаптан гөрі саяси себептерге негіз-делді» - деп бағалаған болатын.
Орынбор қазақтары
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Сабырханов А. Ұлы бетбұрыс. – Алматы: «Мектеп», 1981. -279 б.
2. Басхаев А. Н. Ойраты. Воины Великой степи. Элиста, 2011. -215 с.
3. Камалов А. А. Жизнь и творческое наследие Табиба Исфагани. Автореферат на соис. уч. степ. к.ф.н. Душанбе, 2011. -28 с.
4. Мирза Мехди – хан Астрабаский. История Надир шаха. Drevit. Ru. //vashaktiv. ru/ texts/m/mehdi.php 16.01.14
5. Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках. Сб. документов и материалов. - Алма-Ата, 1961. -740 с.
6. Темиргалиев Р. Казахские ханы Хиви. Часть 1. http://www.zonakz.net/articles/31203?moda=neply
7. РИССМ, «Түркімендер ісі» 133 қ., 133/1 т., 1741, 2 іс
8. Материалы по истории туркмен и Туркмении. Т.2 М., Институт Востоковедения, 1938. -780 с.
9. Замечания майора Бланкеннагеля впоследствия поездки его из Оренбурга в Хиву в 1793-94 годах // Вестник императорского Русского географического общества 1858 г. №3
10. Қасымбаев Ж. Қасымбаев Ж. Абулхаир хан и Надир шах // Ізденіс, Поиск. – 2001. – С. 68- 74
11. Ханыков Я. В. Поездка из Орска в Хивум обратно, совершенная поручиком Гладышевым и геодезистом Муравиным // Географические известия. СПб., 1850, С. 542-543; КРО-1. С. 170-171
12. РИССМ. «Түркімендер ісі» 133 қ., 133/1 т., 1741, 3 іс
13. Рычков П. И. История Оренбурская (1730-1750). Оренбург, 1896. - 96 с.
14. Материалы по истории Казахской ССР. Т. ІІ. ч.2 (1741-1751 гг.). – Алма-Ата, 1948.
15. Рычков П. И., Рычков Н. П. Капитан жазбалары. А., 1995. -108 б.
16. РИССМ. 122 қ., 128/1 т., 1745, 3 іс.
17. Тулибаева Ж. М. Казахстан и Бухарское ханство в XVIII – пер. половине XIX в. Алматы. 2001. - 156 с.
18. Мұқтар Ә. Әбілқайыр хан және Нәдір шах // Отан тарихы. - 2012. - №1 (57).- 73-77 б.; Мұқтар Ә. Абылай және Ахмад шах // Егемен Қазақстан. - 2013. -4 қазан.