АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ НҰҒМАН САРБӨПИН

Дәметкен СҮЛЕЙМЕНОВА,

Батыс Қазақстан инженерлік­-инновациялық университетінің профессоры, т.ғ.к., алаштанушы, Орал қаласы

Қазір біз азат елміз. Қазақта «Тегін білмеген – тексіз» деген мақал бар. Елбасы Алаш қозғалысын «Мемлекет-шілдіктің бастауы» деп ұлықтап отыр-ғанда билік басындағылар, жауапты қызметкерлер, білім мен мәдениет жү-йесіндегі мамандар зиялы, зайырлы іс пен демократия жолында жанын сал-ған ұлт тұлғаларының еңбегін лайықты зерделеп, байыптап насихаттауға тиіс-піз. Бүгінгі «Мәңгілік ел» мұратымыз – Алаш жолын зерделей түсіп, зерттеп, жас ұрпаққа мұра ету.

ХХ ғасырдың басында Алаш зиялы-лары елінің, халқының болашағы жо-лында саяси күрес додасына түсті. Елі-міздің мемлекеттілігі туралы мәселе көтерді және сол тәуелсіздік жолында тағдырларын тәлкек етіп, бастарын құрбандыққа тікті. Бүгінгі тәуелсіздігі-міздің іргетасы, бастауы – осы Алаш арыстары: Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Жаһанша Досмұхамед-ұлы, Халел Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабайұлы және биылғы мерейтойы тойланып жатқан, біздің жерлесіміз – Нұғман Сарбөпин.
Нұғман Сарбөпин 1890 жылы Орал облысы Ілбішін уезі Соналы болысын-да дүниеге келген. Алаш қозғалысына қатысушы. Қазақтың арнаулы білім алған алғашқы әскери мамандарының бірі. Тегі – он екі ата Байұлына жататын алаша руының Кенжеғара бөлімі. Оның әкесі – Жайық сырты қазақтары тари-хында өзіндік орны бар, Соналы болы-сының ұзақ жыл аға сұлтаны, управи-телі болған, ұрпақтарына мирасқорлық жолмен берілетін дворянин атағын қа-зақтан алғаш алғандардың бірі – Мұха-меджан. Өз әулетінен шыққандардың Санкт-Петербург, Мәскеу әскери жоға-ры оқу орындарына түсуіне патша үкі-метінің ресми рұқсатын алған.
Мұхамеджан немере інісі, кейін патша армиясының полковнигі шенін алған Сабыр Сарғожиннен кейін ұлы Нұғманды Санкт-Петербургтегі Алек-сандр кавалерия училищесіне оқуға тү-сіреді. Арғы атасы Исатай-Махамбет көтерілісі тарихынан мәлім старшина Сарбөпенің атына жазылған Нұғман 1910 жылы училищені бітірген соң Ре-сей-Қытай шекарасында тұрған 553-ін-ші жаяу әскер полкына қызметке жібе-ріледі.
1914-1917 жылдары бірінші дүние-жүзілік соғысқа қатысады. Ол 553-інші полк құрамында мұсылмандардан құ-ралған жеке ротаны басқарады. Бірін-ші дүниежүзілік соғысты штабскапитан шенінде аяқтап, Батыс майданнан Мәскеуге келеді. Мәскеу қаласындағы саяси жағдайды, халық наразылығын өз көзімен көреді. Мәскеу қаласында Уақытша үкімет органы жанынан құ-рылған мұсылман комиссиясына қыз-метке тұру жөнінде ұсыныс алады. Бірақ ол бұл ұсынысты қабыл алмай, 1917 жылы жаз айында Орынбор қала-сына келеді. Осы қалада А. Кенжинмен, Н. Төреғұловпен, Т. Жаманмұрынов-пен, Ж. Сейдалинмен, М. Есболатов-тардың ұйытқы болуымен ашылған «Еркін дала» ұйымына Ж. Жәнібеков, Т. Тұрмағанбетов, С. Кәдірбаев қа-тарлы жастармен және Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов секілді қайраткерлермен бірге мүше болып кіреді.
«Еркін дала» бағдарламасына сәй-кес мәдени-ағарту жұмыстарымен, мектеп, баспасөз органдарын ашу, оқу құралдарын шығару, драмалық үйір-мелер құру, шәкірттерге жәрдем беру ісімен шұғылданады.
1918 жылдың басында Ә. Жангел-диннің, Н. Төреғұловтың Орынборда орнаған Кеңес өкіметіне қызмет ету жөніндегі ұсынысын қабылдамай, Оралдағы Алаш қозғалысына қосылу ниетімен жолға шығады. Жолшыбай Елек қаласы большевиктер қолына көш-кендіктен Орынбор маңындағы 1-інші Бөрте болысының 3-інші ауылында амалсыз кідіреді. Осы жерде оны орын-борлық казак-орыс Н. Каширин отря-дының бір бөлігі «Орал казактарымыз» деп алдаусыратып ұстап алып, азап-тап-қорлап өлтіреді. Оның денесі осы 3-інші ауыл маңында жерленген. Со-ңында зайыбы Зинаятта Рамазанова және қызы қалды (Олардың тағдыры әзірше белгісіз).
Бүгінгі күнде еліміз – тәуелсіз мем-лекет, халқымыз білімді, енді біз бір-лікті күшейтіп, білімімізді шыңдап, ілгері дамуымыз қажет. Осы жолда өткен та-рихымызды түгендеп, арыстарымыздың өмірдеректерін болашақ ұрпаққа жет-кізе білуіміз қажет. Нұғман Сарбөпин – жалындаған жастық шағында Алаштың ақ жолына түсіп, елінің болашағы үшін күресуді мақсат еткен біздің жерлесі-міз. Бірақ оның асыл арманы жауыз-дықпен тапталды. Дейтұрғанмен, біз Алаш қайраткерлерінің тәлкекке түскен тағдыр-тарихын оқып-үйреніп, жады-мызда сақтауға тиіспіз. Биыл Нұғман Сарбөпиннің 125 жылдық мерейтойы болғандықтан, оқырман қауымға оның өмірдерегін ұсынып отырмыз.

Қаралым саны 1249

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463