«Аталардың ерлігін жыр етем келер ұрпаққа»

Биыл Хамза Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің және Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарма-сының қолдауымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнап «Аталардың ерлігін жыр етем келер ұрпаққа» облыстық қолжазба кітаптар байқауын өткізді. Облыс көлемінде алғаш рет өткен, ба-лаларға арналған мұндай ауқымды байқау облыстық әкімшілік және облыстық мәслихат депутаттарының корпусының қаржылай қолдауы арқа-сында жүзеге асты.

Байқауға 7 жастан 15 жасқа дейін-гі балалар мен жасөспірімдер қамтыл-ды. Байқау барысында облысымыз-дың 12 ауданынан, ауылдардан, қала аумағынан балалар қатысып, олардан 330-дан астам жұмыс жиналды.
Әрбір жұмыстың артында қанша-ма еңбек жатыр. Қолжазба кітаптарды жасауға балалармен қатар олардың жетекшілері, ата-аналар, олардың ата-лары мен әжелері, таныстары, көрші-лері, көптеген адам үлкен ізденіспен еңбектенді.
Жұмыстар түрлі бағытта жасалды, қолөнер, көркемсурет, сумоншақ, кол-лаж, тоқыма, 3Д, ағаштан ою т.б. Осы өнерлерді пайдалана отырып кітапша-ны жасап, Ұлы Отан соғысындағы ба-тырлар ерлігі жөнінде өз қолдарымен жазылған мәтінмен толықтырып отыр-ды.
Байқау жеңімпаздары жас санат-тары бойынша 1, 2, 3-орындарды ие-леніп, дипломдармен, бағалы сыйлық-тармен марапатталды.
Сонымен қатар 66 бала «Менің атам – батыр», «Ұлы ерлікке тағзым», «Көркем безендіру» номинацияларын иеленіп, дипломдармен марапатта-лып, ал балалар жетекшілеріне алғыс-хаттар табыс етілді.
Байқауға қатысып, 1-4-сынып ара-лығында жеңімпаз атанған Орал қала-сындағы №12 ЖОББМ 4 «б» сынып оқу-шысы Елдәулет Насибуллин қолжазба кітабында: «...Ұлы Отан соғысына қа-тысқан ата-бабалар ешқашан ұмытыл-мауы керек. Біз солардың арқасында бақытты өмір сүріп, білім алудамыз. Мен осындай батыр атамыздың шөбе-ресі болғаныма мақтанамын және елі-міздің білімді азаматы болып өсіп, елі-ме адал қызмет етемін» - деп жазады.
Осы сында жүлделі екінші, үшінші орындарды Орал қаласындағы №21 ЖОББМ 2 «д» сынып оқушысы Дарья Мясникова мен Орал қаласындағы №24 орта мектептің 3 «в» сынып оқу-шысы Әліби Әміров иемденді.
Байқауға қатысып, 5-7-сынып ара-лығында жүлделі бірінші орынға ие болған Орал қаласындағы №20 ЖОББМ 5 «а» сынып оқушысы Алихан Бақыт-жанов: «...Аталарымыз – біз үшін терең тарих, ұмытылмас мұрағат. Аталары-мыздың ерлігі әрқашан жүрегімізде жалындаған от пен абырой болып қа-лады. Соғысты жеңген барлық аталар-ға мың алғыс!» деп бейбітшілік әпер-ген барлық аталарға алғысын айтады. Бұл сында Қазталов ауданы Қазталов ЖОББМ 5 «б» сынып оқушысы Аружан Самиғуллина мен Зеленов ауданы Ми-чурин атындағы ЖОББМ 7 «б» сынып оқушысы Альфия Халелова келесі орындарды иеленді.
8-10-сынып аралығындағы жүл-делі орындарға тиісінше Орал қала-сындағы №8 дарынды балаларға ар-налған мектептің 10 «а» сынып оқушы-сы Алишер Куаншалиев, Зеленов ауда-ны Чинарев ауылындағы Январцево орта мектебінің 10-сынып оқушысы Мәдина Исатаева және Ақжайық ау-данының Абай атындағы мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Альмира Сапарғали ие болды.
Бұл қолжазба кітаптар байқауы-ның мақсаты балаларды Ұлы Отан соғысы туралы поэзия мен прозалар-ды оқуға тарта отырып, балалар мен жасөспірімдер арасында патриоттық тақырыптағы әдебиеттерді насихаттау бағытында кітапханалар жұмысын жандандыру, оқырмандардың таным-дық белсенділіктерін және шығарма-шылық қабілеттерін, оқу мәдениетін дамыту, мәтінмен, ақпараттармен жұ-мыс істей білуге үйрету, балалар оқуы жетекшілерінің кәсіби деңгейін көтеру болатын. Аталар ерлігін кейінгі ұрпақ-қа паш ету арқылы оларды Отанын сүюге, елі мен жерінің адал патриотта-ры болуға тәрбиелеуге үндеген атал-мыш шара осы үдеден шыға білді деп толық сеніммен айтуға болады. Жас ұрпаққа тәрбие беретін мағыналы ша-раларымыз өз жалғасын таба берсін.

Мейрамгүл ЕСБОЛАТОВА,
кітапхананың ғылыми-әдістемелік бөлім меңгерушісі

Қаралым саны 1177

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463