– Әңгімемізді танысудан баста-сақ?
– Мен 1996 жылы 10 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келдім. Әкем – Мәулен Идрисов, Ақтөбеде орман шаруашылығы бөлімінің жетекшісі, анам – Ақниет Ауханова, №45 жалпы орта білім беретін мектебінде математика пәнінің мұғалімі. Санжар есімді ағам өз отбасымен Алматы қаласында тұрады. Ал қарындасым Аружан – мектеп оқушысы. 2013 жылы жолым болып Орал қаласындағы Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ-дың филология факультетіне оқуға түстім. 80 жылдан астам тарихы бар киелі білім ордасынан талай мықты, елге сыйлы, халыққа танымал тұлғалар түлеп ұшқаны бәрімізге белгілі. Қазіргі таңда «академиялық ұтқырлықтың» арқасында Түркияның Ардахан уни-верситетіне 1 семестрге ауысып кеп, түркі тілдері бөлімінің 3-сыныбында оқып жатырмын. Осы бағдарламамен оқуыма қолұшын берген ұстазым Нұрсәуле Кәкімжанқызына алғысым шексіз.
– Нұрсұлтан, екі университетте қатар оқып жатыр екенсің, қандай айырмашылық байқадың? Жалпы, Ардахан университетінің оқу процесі-нен хабар берсең?
– Екі университет бір-бірімен салыс-тыруға келмейді. Білім жүйесінде де көптеген айырмашылық бар. Бұл жақ-тағы оқу процесінің бір ерекшелігі – дәрістер ауызша өтеді. Студенттерге үй тапсырмасы мүлдем берілмейді. Сы-нақ кезінде алдын ала белгіленген оқу-лықтар бойынша жазбаша түрде емти-хан алынады. Оқуға түскен студенттер-дің барлығы грант иегері болғандық-тан, 4 жыл бойына шәкіртақы алады. Оқуды аяқтаған соң мемлекеттік ме-кемеде жұмысын жалғастырады.
– Бос уақытыңды қалай өткізе-сің?
– Бос уақытымды университет қабырғасында әр түрлі шараларға қатысып, қызықты өткізуге тырысамын. Мысалы, 16 желтоқсан – Қазақстаным-ның Тәуелсіздігі күніне орай түрік жұртына батыр бабамыз, азулы ақын, дауылпаз күйші Махамбет Өтемісұлын таныстыру кешін өткіздік. Келген қонақтың барлығы риза болып, жоғары деңгейде өткенін айтып жатты.
– Кітап оқисың ба?
– Әрине. Жеке тұлға боп қалыптасу үшін әдеби шығармаларды көп оқу керек деп есептеймін. Қазір түрік әдебиетінде өзіндік орны бар жазушы Хабиб Бекташтың «Маған бір өлең оқы» романын оқып жатырмын. Мұнда Фатима есімді қыздың өз арманына жету жолындағы қиыншылықтары мен күресі баяндалады.
– “Жігітке жеті өнер де аз”. Сені тағы қандай қырыңнан тани аламыз?
– Серілердің арасында жүрген соң, сауық-сайранға жиі барамыз. Осындай кездесулерде гитара табыла қалса, ортаны көтеріп өлең айтатыным бар. Спорттан да қашық емеспін. Таэквондо ВТФ-тен халықаралық «І дан» иегерімін.
– Бәрекелді! Нұрсұлтан, шет елде оқыған достарымның көбі жерлес-терін кездестірген сәттегі көңіл күйін жасыра алмайды. Ал сені қандай сезім билейді?
– Ауылдағы көптен көрмеген ағайынмен кездескендей бола-мын...
– Түркияда басыңнан өткерген қызықты оқиғаңмен бөліссең?
– Бір күні Әппақ бауырым (аты-жөні – Мейрамбек Сыдықов) екеуміз саяхаттап Эрзурум қаласына бардық. Қала үлкен, өте әдемі. Қазақ болған соң, әр жерге барғанда базарлық алатын әдетіміз ғой. Сөйтіп, базар аралап жүргенде кеш батып кеткенін байқамай қалыппыз. Күні бойы жүрген жерлерді еске түсіріп, қонақ-үйді іздедік. Үлкен көшенің бойымен келе жатқанымызда қарсы жақтан орысша «Ужас!» деген үн естідік. Қыздың дауысы. Әппақ екеуміз бір-бірімізге қарап аң-таңбыз. Дереу қасына барып, «орысша білесіз бе?» деп сұрадық. Өзіміздің қазақ қызы. Менің жерлесім. Ақтөбеден. Жөн сұраса келе, нағашым боп шықты. Қазақ деген ағайыншыл халықпыз ғой. Осылайша адасып жүріп, елде кезіктірмеген туысымды Түркиядан таптым. Танысып, нөмірімізді алмастырдық. Осы оқиға есімнен кетпейді.
– Болашаққа қандай жоспарыңыз бар? Нені армандайсыз?
– «Армансыз адам қанатсыз құс-пен тең» дейді ғой дана халқымыз. Болашаққа жоспар көп. Алайда бәрі Алланың қалауымен болады ғой. Бүгінде бірінші кезектегі мақсатым – жоғары оқу орнын аман-есен бітіру. Содан кейінгілері, бұйырса, жүзеге асар. Алла амандығымызды берсін!
– Әумин! Замандастарыңызға айтарыңыз бар ма?
– Біздің еліміз жастар үшін барлық жағдайды жасап отыр. Шет елде оқу, кәсіпкерлікпен айналысу т.б. Мүмкін-дік көп, бірақ аз еңбектенеміз. Елбасымыз әр Жолдауында жастар мәселесіне көп көңіл бөледі. Деген-мен, сөздің ашығын айтсақ, кей қатарластарымның мұнымен шаруа-сы жоқ. Көпке топырақ шашудан аулақпын, әрине. Осы игілікті істі түсінбейтіндері мені қынжылтады... Замандастарыма “бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып”, Алланың өзі жақтаған, ел сенімін ақтаған, ынтымағы мен бірлігі жарасқан бауырмал, тату болайық дегім келе-ді.
– Алтын уақытыңды бөліп, сұхбат-тасқаныңа көп-көп рақмет! Екі дүние-де де бақытты бол. Ойлаған арман-мұратыңа жетуіңе тілектеспін. Басты-сы, қазақ елінің көркеюіне атсалысу-ды ұмытпа!
– Рақмет. Айтқаныңыз келсін!
Әңгімелескен
Аягөз АЙБАРҚЫЗЫ,
Орал қаласы