Балабақшаға барып жүрген бүлдір-шін шағым. Тәрбиеші Меңдібике апай бізді құм үстінде ойнатқанда төрт түлік-тің ізі қалай түсетінін үйретіп, ертегі-әң-гімелер айтып береді.
Ол сұқ және ортаңғы саусағын орта-сынан бүге құмға батыра қойса, қой-дың ізі пайда болғандай еді. Ал екі ала-қанын білекке жақын тұсынан жанас-тыра, саусақтарын доға пішінінде бүгіп басса, құм бетінен аумаған түйенің ізін көресіз.
Меңдібике апай жаздың жайма-шу-ақ бір күнінде «Бүгін Есенаман тауына барамыз. Түскілікті сонда, далада іше-міз» деп, біз үшін телпегімізді аспанға атқандай қуанышты хабар айтты. Сірә, «Есенаман тауы» деген атауды осы жо-лы алғаш рет естіген шығармын. Кідір-мей балабақша жанына автобус келіп тоқтай қалды. Көлік толы бүлдіршін «Еліміз қандай көңілді, Жеріміз қандай көңілді, Жырлаймыз шаттық өмірді» деп қосыла шырқап, Есенаман тауын бетке алып, зырлай жөнелдік.
Ауылдың солтүстік-батысына қарай, Сегізсай мен Қасқыртаудың аралығын бағыттап бір-екі қырдан асып түскенде Есенаман тауына да жетіп келдік. Таби-ғат аясында асыр салған алаңсыз ойын-ға кірістік. Бірнеше бала қол ұстасып, жоғарыдан төмен жүгіре түскенімізде ылди екпінімізге екпін қосып, аяғы-мызды апыл-тапыл шаққа алып үлге-реміз. Жүрегіміз лүпілдеп, алып-ұшқан сайын қызық көрініп, жоғары өрлеп, төмен қарай қайта құлдыраңдаймыз.
Біздің қырда заңғар, биік таулар жоқ. Есесіне бел-бел қыраттың әрқай-сысы тау деп атала берген. Баяндап отырған жоғары-төмен мініп түскен же-ріміз болса бала көңілімізде шынымен тауға өрмелегендей әсер қалдырғаны анық. Осы күнде есіме алсам, ол ауыл шетіне жақын, атақты Құныскерей үңгі-рі орналасқан Мессайдың жоғарғы ба-сы әлде аты айтып тұрғандай, сегіз те-рең сайдан өтіп баратын Сегізсай ауы-лына дейінгі сайлардың бірі ме екен деймін. Иә, сол «таудың етегіне» таман өскен қарағаны, жақын маңайда талы болған еді ғой. Біздің бетте қарағандар сай ішіне бітеді. Тал дейтінге келсек, Есенаман тауы бетінде Сегізсайдың сайларын айналдыра отырғызған екпе талдар ғана өсіп тұр. Қараталдың қа-лың орманы болса, қырда емес, ауыл-дың күншығыс бетінде орналасқан.
Ауылымыз – Егіндікөл. Егіндікөл мен Сегізсайдың арасы 12 шақырым. Осы аралықта көлденең көсіліп қатарынан сегіз сай жатыр. Ұзына бойы созылған ол сайлардың бір басы Есенаман тауы бетінен бастау алса, келесі басы аңызға айналған атақты Аққұмға қарай барып тіреледі. Сай іргелеріндегі екпе талдар, жабайы жеміс ағаштары, итмұрын се-кілді табиғи дәрілік өсімдіктері, зерт-телмей жатқан тарихы да көптеген та-ғылымды әңгімеге арқау болғандай.
Әлқисса, Есенаман тауына барып, асыр салып ойнаған сол бүлдіршін шақта, кейін есейе келе қойкезекке шығып, ауылдың қойын талай мәрте сонау маңға жайған кезде де, тіпті осы күнге дейін ол жердің аты бұдан екі ға-сыр бұрын өмір сүрген, Кіші жүз Жеті-рудың табын руынан шыққан батыр Есенаманның есіміне қатысты қойыл-ғанын білмеуші едік. Жер-судың ба-йырғы атауларына қатысты тарихтың жергілікті халық жадында күңгірт тар-тып, көмескілене бастаған тұсына жа-рық сәуле түсіргендей болған «Орал өңірі» газетінің биылғы №4 санында жа-рияланған, жазушы Құрманғазы Қара-манұлы жазып алған Науқан молданың әңгімесі еді. Онда молда былай дейтін:
– «Табында Қарабатыр, Бөкенбай, атақты Есенаман тұқымдарымен батыр болған. Осы бетте Есенаман тауы дей-тін тау бар. Бөкенбай, Қарабатыр – Есенаманның арғы бабалары. Зама-нында жеті атасының бәрі батыр бол-ған. Бөкенбай Қарабатырдың қалмақ қатынынан туған. Аққұм жақта Жиембет Жәшидің талы (Жәши деген кісінің та-бын руының Жиембет бөлімінен тарай-тынын айтып отыр), әрі қарай Есенаман тауы, жаңа айтқандай, бұлардың арғы бабалары Қарабатыр, Бөкенбай асқан батыр кілең. Ту ұстап, тұлпар мінген».
Табын Қарабатырұлы Бөкенбай жа-зушы Әбіш Кекілбаевтың Әбілқайыр хан туралы «Үркер», «Елең-алаң» ро-мандарында басты кейіпкерлердің бірі ретінде жан-жақты суреттелген. Онда Бөкенбай батыр хан қасында аса ық-палды, халық алдында да ерлігі және мәрттігімен соншалықты абыройлы, айбынды тұлға ретінде бейнеленеді. Әсіресе, жоңғар-қалмақ езгісіне тап бо-лып, тұтас қазақ ұлтының басына бұлт үйірілген Тәуке хан тұсындағы алмаға-йып заманда ел-жұртын ерлікке үндеп, аруақ шақырып, атойлап шығып, қауіп-ті жаудың бетін қайыруы айрықша си-патталады. Бөкенбай батырдың дәл осы ерлігі көрнекті жазушы Мұхтар Мағауиннің қаламына да арқау болды.
«Дүрбін-Ойрат тарабынан қайтадан қатер туғанын аңдаған Тәуке хан 1710 жылы Қарақұмда бүкіл Қазақ Ордасы-ның құрылтайын шақырады. ...Бас қол-басы болып Бөкенбай батыр сайлана-ды. Қазақ Ордасының тарихында тұң-ғыш рет ұлыс тағдыры ханға емес, сұл-танға емес, қара қылыш батырға тапсы-рылады. 1710-1711 жылдардағы дүр-белең майданда Бөкенбай батыр бас-таған қазақ әскері қалмақтарды тойта-рады, келесі 1712 жылда ойрат ұлыста-рының шегіне басып кіреді, біраз қо-ныстарын қайтарып, үлкен жеңіске же-теді». Мұхтар Мағауин «Қазақ тарихы-ның әліппесі» атты еңбегінде осылай деп жазады. Ресей мұрағаттарында Бөкенбай батырдың қайраткерлік тұл-ғасын танытатын мол дерек сақталған. Бөкенбай батыр тарихына Ресейдің және Қазақстанның көптеген беделді тарихшы-ғалымдары қалам сілтеген. Оның ұлы Тіленші тарханның Сырым Датұлымен тізе біріктіріп, патша үкіме-тінің озбырлығына қарсы күресуі де қазақ тарихындағы ірі оқиғалардың бірі. Ал Тіленші тарханның ұлы Жола-ман батырдың есімі мектептегі “Қазақ-стан тарихы” оқулығы, Совет дәуірінде “Қазақ совет энциклопедиясы”, көркем әдебиеттен Ілияс Есенберлиннің «Көш-пенділер» трилогиясы секілді салмақ-ты туындылар арқылы көпке мәлім. Жоламан батыр тақырыбын тарихшы Ермахан Бекмаханов жүйелі зерттеген. Іздене келгенде осы мақаланы жазуға арқау болып отырған, туған ауылым-ның маңындағы «таудың» атын иелен-ген Есенаман батыр нақ осы тарихтағы әйгілі Жоламан батырдың бірге туған бауыры екеніне көз жеткіздік.
«Арғы атамыз Қарабатыр, оның ұр-пағы, бергі атамыз Бөкенбай ел бірлігі үшін туған жерінің тағдыры мен ұрпа-ғының бостандығы үшін, бүкіл ғұмы-рын ат үстінде өткізген болса, одан ке-йінгі оның Тіленші батырдан тараған ұрпағы Жоламан да, Есенаман да елі үшін, халқының тәуелсіздігі үшін ат үс-тінен түспей өткен батырлар. Бұлардың атындағы жер-су атаулары Есенаман тауы, Жоламан көлі осы Сегізсай, Ақ-құм алқабында жатыр» депті Бөкенбай батырдың тікелей ұрпағы, 1901 жылы Сегізсай ауылында дүниеге келген Ахмади Тасымұлы өз естелігінде. Дерек белгілі тарихшы мамандардың ғылыми зерттеулер мен мұрағат деректері негі-зінде басылып шыққан «Баһадүр батыр Бөкенбай» атты көлемді жинақтан алынды. Аталмыш кітапта филология ғылымдарының докторы, профессор Алпысбай Мұсаев «Бөкенбай батыр-дың туған жылы, нақты туған жері бел-гісіз, шыққан ру тармағына қарап біз оны Батыс Қазақстан облысының Шың-ғырлау ауданындағы Аққұм аймағында деп шамалаймыз» дейді. Осы орайда «Қазақстан-Орал» телеарнасының қыз-меткері Мұнайдар Балмолда Қазақ хан-дығының 550 жылдығына орай Бөкен-бай батыр туралы «Аққұмнан шыққан ақберен» атты тарихи деректі фильм түсіргенін айта кету керек.
Тарих ғылымдарының докторы, про-фессор Әбілсейіт Мұхтардың баспасөз бетінде жарияланған «Жоламан батыр: «Мен қарақшы емеспін, Ресеймен со-ғысып жүрмін» атты мақаласы арқылы Жоламан Тіленшіұлына қатысты Ресей мұрағат деректерінде Есенаманның да есімі сақталғанын білдік. Өңірімізге белгілі тарихшы Жәнібек Исмурзин біз-дің өтінішімізге орай Бөкенбай батыр, оның ұлы – батыр әрі би Тіленші тархан, Жоламан және Есенаман Тіленшіұлда-ры жайлы мол дерек ұсынды. Солар-дың бірқатарына тоқталайық. Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясының мүшесі, Орынбор казак әскерінің шта-бында қызмет еткен есауыл Сергей Се-вастьянов Орынбор казачествосының тарихын жасақтаған. Ол суреттеу стилі жағынан көркем шығармаға бергісіз «Иван Васильевич Подуров» атты та-рихи-биографиялық очеркінде біздің кейіпкерлеріміз – Жоламан және Есена-ман батырлар туралы қызықты сюжет келтіреді. Табын Есенаман батыр есімі-не байланысты нақты құжаттық дерек-ті Мәскеу-Ленинград қалаларында
М. П. Вяткиннің редакторлығымен даярланып, 1940 жылы баспадан жа-рық көрген «Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828гг)» атты ең-бектің 450-бетінен көруге болады.
Сергей Севастьянов жоғарыда атал-ған еңбегінде Жоламан батыр қазақ халқының қамы үшін аянбайтын күрес-кер, әділ әрі турашыл би, осы қасиет-терімен өз халқының ерекше ілтипаты-на ие, ол туралы әлі күнге дейін ұрпақ-тан-ұрпаққа айтылып келе жатқан жыр-лар бар екенін жазады. Ал Жоламан-ның атасы Бөкенбай туралы «Бөкенбай батыр» дастаны ауыз әдебиеті үлгісі ре-тінде күні бүгінге дейін сақталып жет-кен. Уақытында оны шығарып – жыр-лаған көптеген батырлар жырының ав-торы, соның ішінде «Қобыланды ба-тыр» жырының дербес нұсқасын бер-ген, 1865-1935 жылдар аралығында өмір сүрген Тілеумағамбет Аманжол-ұлы екен.
...Бала күнімде әкеммен бірге Серік Бексұлтанов есімді көршіміздің шаңы-рағында, дастарқан басында отырғаны-мызда Жоламан батыр жайында қоз-ғалған бір әңгіме есімде қалыпты. «Жо-ламан батыр Сегізсай мен Егіндікөлдің арасындағы төртінші сайдың тұсында, екінті кезінде бір ағаштың көлеңкесінің ұшын белгі қылып сауыт-саймандарын көміпті» деген еді Серік аға.
Төрттің сайы. Оқушы кезімде «Абай жолын» оқып отырып романның бас жағындағы балалардың бүлдірген те-руге баратын тұсына жеткенде көз ал-дыма елестейтін төртінші сай еді бұл. Төртінші сайда бүлдірген өседі. Оған ауылдағы қыз-келіншектер мен ересек балалар жаяулап барып, тәтті жемістен шелек толтыра теріп қайтатын.
Бүгінде әкем де, Серік көрші де о дүниелік болған. Ауылға демалысқа барған сәтімде жоғарыда айтылған әң-гіменің анық-қанығын Серік ағайдың зайыбы Айбарша апай молырақ білер деген оймен көрші үйге бас сұқтым. «Жоламан батыр – Серік ағаңның наға-шы жұрты ғой» деп бастады Айбарша апа әңгімесін. Сөйтсек, Серік көршінің анасы, өзіміз көзін көре қалған Ағила әжей – Жоламан батырдың шөпшегі екен. Ай-барша апа «Енемнің әкесінің есімі – Қайырғали, оның әкесі – Имаш, оның әкесі – Жәши, Жәшидің әкесі – Жоламан. Бұлар – табын руынан. Енем Жәшитал арғы атасының есіміне бай-ланысты қойылған атау екенін, баба-лары Қалдығайты бойы, Қаратал ор-маны, Жәшиталды қоныс еткенін ай-тып отыратын» дейді.
Ағила әжей 1923 жылы дүниеге ке-ліпті. Әкесі Қайырғали бұрынғының салтымен екі әйел алған ауқаттылау адам болса керек. Кеңес үкіметінің адамдары әйел басына бостандық, теңдік әпереміз, ескіліктің қалдығы – байларды құртамыз деген желеумен Қайырғалиды кейінгі алған әйелімен бірге Ресейге жер аударады. Үш жасар Ағила анасымен бірге елде қалады. Ке-йін анасы алаша руының бір азаматы-мен бас қосады да, Ағила алашаның қызы болып өсе береді. Бойжеткенде алашаның сары бөлімінен тарайтын Нұғыман есімді адаммен отау құрады. Нұғыман мен Ағила жастау кезінде Қаратөбе ауданының Қоскөл кеңшары-на қарасты Шалғын ауылында тұрады. Бірде Ағила әжей қонақтықтан кешігің-кіреп үйге жетсе, бір бейтаныс қарт «Ері есіктен шықса, әйелі тесіктен шы-ғар деген осы ма екен, бұл не масқара үйге тұрмағаны?» деп кейіңкіреп сөй-леп отыр екен. Сөйтсе, әлгі қарт қызын іздеп Ресей жерінен келіп отырған Қайырғалидың өзі екен. Бұрынғы көз көрген адамдардың сырттай білгені болмаса, Ағилаға анасы да, өзгелер де «Сенің өз руың табын, әкең жер ауда-рылған» деп ешкім тіс жармапты. Әйт-се де, жолдасы Нұғыманның бұл жәйт-тен хабары бар екен. Ағила мән-жайды естігенде қатты таңырқап, біразға де-йін қалпына келе алмапты.
Қайырғали Ресей жағында жүргенде Құсайын есімді ұлы дүниеге келіп, сон-да өсіп, ер жетеді. Құсайын еліміз Тә-уелсіздік алғаннан кейінгі елең-алаң шақта атақонысына келіп, төртінші сайдың тұсына қыстау, қора салып, мал бақты. Ауыл адамдарының арасында фермер Құсайын атанды. Аналары бө-лек болғанмен, әкесі бір Ағила апасына қыстың көзі қырауда қатынап тұратын. Бастауыш сыныпта оқыған кезімде са-бақтан шығып, үйге таяй бергенде көр-ші үйдің жанында танауынан буы бұр-қырап шанаға жегілген ат тұрса, оның қасында арыстандай болып жүндес сары төбеттер жатса, төрттің сайынан Құсайын фермердің келгенін білу қиынға соқпайтын. Сол уақытта Ағила әжей отбасында ғана аталарының бай, текті адамдар екенін айтып отыратыны болмаса, ол кісілердің Қазақ тарихын-дағы атақты Бөкенбай, Жоламан ба-тырлардың тікелей ұрпағы екенін көп-шілік қайдан білсін.
Айбарша апай айтқан Жоламан ба-тыр ұрпақтарының шежірелік дерегі Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиха-нов атындағы тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, Бөкенбай Қарабатырұлы, Тіленші тар-хан Бөкенбайұлы, Жоламан батыр Ті-леншіұлы жайлы көптеген ғылыми ең-бектің авторы Нұржан Жетпісбай бер-ген «Потомки Тленчи тархана» деген атаумен сақталған мәліметке сәйкес келеді. Бұл тарихи-мұрағаттық құжат 1870 жылдың 16 наурызында арнайы тапсырмамен Орынбор генерал-губер-наторынан Ресейдің ішкі істер минис-тріне жеткізілген. Дерек Ресей мемле-кеттік тарихи архивіндегі 1291-қор, 82-1869-тізбе, 48-істің 9-11-парағында сақ-талған. Алматыдағы ҚР Орталық мем-лекеттік мұрағатында 2300-қор, 14-тіз-бе, 40-іс болып, фотокөшірме күйінде хаттаулы тұр. Онда кейбір Тіленші тұ-қымдарының сол уақытта неше жаста болғаны да тайға таңба басқандай анық көрсетіліпті. Нұржан Ықсанұлы аталмыш еңбекті жекелей ізденісінің нәтижесінде Тіленші тарханның арғы тегі және оның бүгінгі ұрпақтарына де-йін толықтырған. Ол дерек бойынша табыннан Тарақты, Тарақтыдан Ақдәу-лет, Амандәулет, Асандәулет (Жылқы-шы) тарайды. Амандәулеттен Жиембет, Жиембеттен Жалтыр, одан Қарабатыр, Қарабатырдан Бөкенбай туады. Бөкен-байдан Мәмбет, Тіленші, Бейбіт батыр, Бүркіт, Қасболат өрбиді. Тіленшіден Едіге би, Бостыбай би, Жоламан батыр, Есенаман, Әжібай, Әбдіғалиды тарата-ды. Осылардың ішінде бүгінгі мақалаға тікелей қатыстыларына тоқталар бол-сақ, Есенаманның он ұлы болған. Олар-дың тұңғышы Еламан 1870 жылда 75 жаста болса, Құдайберген 64-те, Тоқпан 60-та, Аманжол 58-де, Ақпан 55-те, Тө-режан 43-те, Әбдірахман 42-де, Төре-бек 41-де, Өтеулі 40-та, Есенаманның оныншы ұлы Қодардың жасы көрсетіл-мепті.
Жоламан батырдың бес ұлы көрсе-тілген. Тұңғышы Онбай сол уақыттың өзінде қайтыс болған. Онбайдан Алман есімді ұл болған. Жоламан батырдың екінші ұлы Жәши 1870 жылы 60 жаста екендігі көрсетіліпті. Бұдан Жәшидің 1810 жыл шамасында дүниеге келгені белгілі болды. Жоламанның үшінші ұлы Өте 55 жаста, Өтенің ұлы Шағар 16 жаста делінген. Батырдың төртінші ұлы Бейсенбі 50-де, ал бесінші ұлы Үркім-бай 25 жаста деп жазылған. Жәшиден төрт ұл таратылыпты. Олардың бірі – Өзбек сол уақытта 21 жаста болса, Жә-шиұлы Имаштың жасы жазылмаған. Жәшитал мекенінде жеке шаруашы-лықпен айналысқан егіндікөлдік Қы-дырғали Құрманғалиевтің айтуынша, бұл өңірді әуелден табын руының адамдары жайлаған және Қаратал мен Табантал аралығындағы ұзына бойына созылған орман-тоғай осы Имаштың атымен аталады. Имаштан Қайырғали, Қайырғалидан жоғарыда баяндағаны-мыздай, Ағила есімді қыз, Құсайын есімді ұл тарайды. Жәшидің бір баласы Әбілештің 10 жаста екені көрсетілген. Осыдан Әбілештің 1860 жыл шамасы-нда дүниеге келгенін біле аламыз. Жә-шитал жақта Әбілеш тоғайы, Әбілеш тоғыты деген жер атаулары әлі күнге дейін сақталған. Деректе Жәшидің тағы бір ұлы Әбдіхалықтың 15 жаста екені көрсетіліпті.
Әбілештен Аманғали, одан Ақас туа-ды. 1937 жылы Шыңғырлау ауданы Сегізсай ауылында дүниеге келген Ақас Аманғалиев КСРО кезінде Мәскеуде және көптеген шетелде болып, мем-лекет қауіпсіздігі саласында аса жауап-ты қызмет атқарған. Бүгінде марқұм болған полковник Ақас Аманғалиұлы-ның есімі көпке танымал, жерлестері алдында үлкен абыройға ие. Шет жер-де жүріп ер жеткен аталас туысы Құса-йынға қамқорлық танытып, бұрынғы батыр бабаларының қонысынан жер алып, алдына мал салып берген де осы Ақас ағасы екен. Бұл күнде 76 жастағы Құсайын қарт Шыңғырлау ауданының Алмаз ауылында тұрады. «Кеңес үкіме-ті ыдырар алдында бірде тікұшақпен, бірде мәшинемен елге келіп-кетіп жү-ретін Ақас ағам «Заманның өзгеретін сыңайы бар. Әркім өз күнін өзі көретін уақыт жақындап келеді. Жеке кәсіппен шұғылдану керек» дегенді жиі айта-тын. Содан Жоламан бабамыздың жай-лаған қонысынан жер рәсімдеп, шаруа-шылық ашып, оның тізгінін өзіме ұстат-ты» дейді ол.
Құсайын қарт арғы атасы Жәши Жо-ламанұлы Аққұмның Жәшитал беті ір-гесіндегі ескі қорымға жерленгенін, бү-гінде оның орны үлкен обаға айналға-нын айтады. Мұны ол әкесі Қайырғали-дың көрсетуінен біледі.
Біз осы мақалада Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылының солтүстік-батысын-дағы Есенаман тауы, күншығыс бетінде-гі Жәшитал, Имаш тоғайы, Әбілеш тоға-йы, Әбілеш тоғыты деген жер атаулары-ның сырын аштық. Оларды анықтау ке-зінде бір ауылдың ғана емес, тұтас қазақ тарихының көптеген бетін парақтауға тура келді. Әйткенмен ізденісіміздің ба-рысында кезіккен қызықты мәліметтер толық жазылған жоқ. Кейбір басты де-ректерді ғана атап өттік.
Алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев әй-гілі «Батыр Баян» поэмасының түйінінде:
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.
Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған,
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.
Ел жауын зерттеп, өрт боп,
тынбай жортқан,
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас.
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.
Арқаның селі, желі, шөлі, белі
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас! - деп жалындата жырлағандай, батырлар есімі туған елінің жадынан жоғала бастаса да, оларды тіршілікте табаны тиген, тұлпарларының дүбірі қалған даласы «ұмытпапты». Ол жерлер әлі күнге «Есенаман тауы», «Жәшитал» деп атала-ды. Осының арқасында аруақты баба-лардың ерлік істері кейінгі ұрпақ жадында қайта жаңғырады.
Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ