Мемлекет және қоғам қайраткері Мәжит Шомбаловты білеміз бе?

Альфия БАЙБОЛСЫНОВА,

М. Өтемісов атындағы БҚМУ доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

Айдана ДҮЗБАСОВА,

тарих мамандығының 2-курс студенті, Орал қаласы

Мәжит Шомбалов деген кім?
ХХ ғасырдағы 70 жыл үстемдік құр-ған Совет дәуірі кезеңінде денсаулық сақтау ісін ұйымдастырудың басында болған, халықтың саулығы үшін жан ая-май еңбек сіңірген қоғам қайраткерінің бірі, бірегейі – Батыс Қазақстан өңірінің тумасы, қоғам қайраткері, білікті және қазақ даласындағы алғашқы дәрігер-лердің бірі Мәжит Мұхамеджанұлы Шомбалов.

ХХ ғасырдың басында еу-ропалық білім алған көкірегі ояу, зиялы азамат ел үшін қызмет жасап, мемле-кеттік деңгейдегі лауазымды жауапты қызметтерді атқарып, кемелденген ша-ғында 1930-40 жылдары саяси қуғын-сүргіннің құрбанына айналды. Ол шық-қан тегі, ауқатты әулетіне қарай, соны-мен бірге ел ішіндегі өзге қазақ зиялы-лары, әсіресе, Алаш зиялыларымен қа-рым-қатынасы үшін сан түрлі жауапқа тартылды.
Мәжит Шомбалов – обаға қарсы күрескен алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі, республикада дәріхана жүйесін қа-лыптастырудың негізін қалаушы [1, 531-б]. Қазақстанда Кеңес үкіметін орнату-ға атсалысқан қайраткер. Балалық ша-ғынан бастап білімге құштар азамат, бар өмірін халыққа қызмет етуге арна-ды. Бірақ бір өкініштісі – оның өмір сүр-ген кезеңі қазақ зиялылары үшін ең ауыр жылдар еді. Ең қауіпті, жұқпалы аурулардың көзін жоюмен айналыс-қан, халықтың денсаулық жағдайы үшін бірнеше аурухана, дәріханалар жүйесін қалыптастырған, алғаш рет қа-зақ жерінде «Ана мен бала орталы-ғын» ашқан, балабақшалар ашқан, елі-міздің ірі медициналық оқу орындары-ның негізі қалануына үлес қосқан ең-бегі бір-ақ сәтте теріс бағаланып шыға келді. Бірнеше рет тергеуге алынып, екі рет түрмеге отырды. Рухы мықты аза-мат өзінің кінәсіздігіне сеніп, ақталып шығарына кәміл сенген еді. Бірақ түр-медегі ауыр жағдай оны қатты қажыт-ты, денсаулығы сыр берді. Бізге жеткен мәлімет бойынша, Мәжит Мұхамед-жанұлы шындық үшін қанша күресіп бақса да, сол кезеңдегі басқа да Алаш қайраткерлері сияқты жазықсыз айып-талған күйі 67 жасында Саратов түрме-сінің ауруханасында көз жұмды [2,38-б]. Өкінішке орай, жерленген жері де әлі күнге белгісіз күйде қалып отыр.

Тақырыптың бұрын-соңды
зерттелуі жайында
Біз қарастырған дереккөздерінде Мәжит Шомбаловтың саяси-қоғамдық қызметі туралы арнайы зерттеу жұмыс-тары жүргізілмеген. Бірақ оның меди-цинадағы, партия жұмысындағы қыз-метіне шолу жасалып, Орал өңіріне та-нымал ғалым С. Х. Душмановтың 2001 жылы 138 беттік «Видные медики Западного Казахстана» [2] кітабында, А. Әлжановтың 2007 жылы жарық көрген «Алғашқы қарлығаштар» кіта-бында [3], Ғ. Әнес пен С. Смағұлованың 2009 жылы жарық көрген 544 беттік «Алаш. Алашорда» энциклопедиясын-да [4], Батыс Қазақстан облысы энци-клопедиясында [5] арнайы материал-дар жарияланған. Одан басқа Батыс Қазақстан мемлекеттік мұрағатының қорында сақталған құжат: Орал қала-лық обаға қарсы күрес стансасының бастығының орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты Александр Константинович Граждановтың 1991 жылдың ақпан айында «Приуралье» газетіне жариялаған «У истоков. Воз-вращенные имена» мақаласында [6], Бөкей ордалық тарихи-мұражайлық ке-шенінің ғылыми қызметкері Г. Абул-хаированың 2003 жылдың 18 науры-зында «Приуралье» газетінде жария-ланған «Первый врач-чумолог» [7], 2013 жылдың 21 тамызында Алматы қала-сында баспадан шығатын «Экспресс К» газетінің №152 шығарылымындағы Эрик Аубакировтың «Мәжит сказал – Мәжит сделал» [8] мақаласында, В. Азаровтың 1992 жылдың 25 шілдесінде, “Казахстан-ская правда” газетінде жарық көрген «Ломал» чуму и строил медицину» ма-қаласында талданған [12].
Деректік қоры: Зерттеу тақырыбы бойынша 1 жыл уақыт бойы Орал қала-сында орналасқан Батыс Қазақстан об-лыстық мемлекеттік мұрағатында жұ-мыстанып, құжаттарды жинақтадық. Нәтижесінде БҚОММ 226-қор, 72-іс, 1-тізбе продолжение, байлам - Возвра-щенные имена (М. М. Чумбалов), Қор- П-37, Іс-998, Тізбектеме - 9, байлам-27 Личное дело: Чумбалов М. М, Қор - П-17, Іс-994, Тізбектеме - 2, байлам - 10, Личное дело: Чумбалов М. М, Қор- П 36, Іс-125, тізбе - 2, Байлам - 3, «О Чум-балове М. М. – Один из организаторов медиститута в Алма-Ате» деп аталатын бірнеше қорлар бойынша мағлұматтар қолымызға тиді. Көрсетілген мұрағат қорларының деректерін талдау, жүйе-леу арқылы бұрын-соңды қарастырыл-маған тың құжаттарды ғылыми айна-лымға енгізуге мүмкіндік туды деп есептеуге болады.

Болашақ қайраткердің
өскен ортасы
Мәжит Шомбалов 1873 жылы 20 сәуірде Ішкі Орданың Талов бөлімінде (қазіргі Батыс Қазақстан облысы Қазта-лов ауданы) I старшындықта бай мал-шының отбасында дүниеге келген [3, 66-б]. (1-қосымша). Бай отбасында дү-ниеге келген Мәжиттің әкесі – Мұха-меджан, әрқашан да алға ұмтылатын адам ретінде, баласының жоғары оқу орнында сапалы білім алғанын қалады [7]. Бастауыш білімді 11 жасынан Қаз-талов ауылындағы мектептен бастап, кейін білімін Кіші Өзен ауылындағы мектепте жалғастырды. Жеке іс қағазда көрсетілген кесте (1-кесте) [6]. Жергілікті орыс-қазақ мектебін бітір-ген соң ол Орынбор азаматтық гимна-зиясында (бір жылдық дайындық кла-сында) оқиды. Мәжит мұнда гимназия пансионында жатады, қазақ қоғамда-рының қаржысын пайдаланады [3, 66- б]. Ол ұлы дарын иесі болмаса да, ең-бекқорлығымен ерекше көзге түскен. Тіпті демалыс кезінде де дәрігерлер мен дәріханашылардың көмекшісі ре-тінде қызмет етіп, оқуын жалғастырған. Жоғары сыныптарда оқыған кезден бас-тап-ақ өздігінше шешекке қарсы екпе-лерді жасаған [8].
1893 жылы осы гимназияны күміс медальмен бітірген [6, 1-п]. Мәжит Шомбаловқа 1896 жылы 8 июньде берілген №16 кәмелеттік аттестатта: «...Шомбалов – өзіндік бет-бағдары ай-қындалған жас, оның бойындағы ерек-шеліктерді тәртіптігі мен ұстамдылығы айқындайды» деп мінездеме берілген [3, 66-б].
Жоғарыда туып-өскен ортасы, оқы-ған мектебі, жалпы мінездемесі айтыл-ған материалдарды топтастыра келе, мұрағат қорынан алған Шомбаловтың өз қолымен жазған автобиографиялық анкетасын нақты дерек ретінде пайда-ланып, жалпы балалық шағына қоры-тынды беруге болады (2, 3, 4, 5-қосым-ша).
БҚО мемлекеттік мұрағатынан та-былған дәрігер әрі қоғам қайраткері
М. Шомбаловтың өз қолымен жазған автобиографиясында:
«Мен 1873 жылы Казталов ауда-нында дүниеге келдім. Шыққан тегім – қазақы бай отбасы. Бастапқы білімімді Казталовка ауылының бастауыш мекте-бінен алдым. Білімімді одан әрі терең-дету үшін мен ата-анамның қалауына қарсы шығып, Орынбор гимназиясына оқуға түстім.
Ата-анам қазақшаға да, орысшаға да толықтай сауатсыз болды, бұл жағ-дай менің оқуымды әрі қарай жалғас-тыруыма қарсы болуының бірден-бір себебі еді. Одан басқа сол кезеңде қа-зақтар өз баласын орыс мектебіне жі-беруге қорықты.
Гимназияны бітірер шағымда бел-гілі бір себептермен бойымда дінге сенбеушілік пайда болды. Ата-анам бо-лашақ оқуыма қарсы болмас үшін мұ-ны барынша жасырдым» [9, 4-п] (6-қо-сымша) - деп жазады.
Кейін гимназия берген мінездеме-сі мен білімін одан әрі жалғастыру үшін Қазан университетіне түсуді мақсат тұ-тып, медицина факультетіне өтініш бе-реді. Сөйтіп, 1895 жылы 5 тамызда Қа-зан университетінің медицина факуль-тетіне студент болып қабылданады. Университетте оқып жүрген барлық уақытта Ішкі Орда қазақтары бөлген 304 сом стипендиясын пайдаланады [3, 66-б].
Сол кезде Қазан университеті Ре-сейдің ірі оқу орындарының бірі санал-ды. Бұл жерде жоғары медициналық білімді тек қазақ балалары ғана емес, сонымен қатар Ресейдің өзге аума-ғындағы басқа ұлттардың да балалары ала алды [2, 34-б]. Бұл кезеңде ғылым мен саясаттағы жаңа бағыттар көптеген студенттер мен оқытушыларды алаң-датты [7]. Осы тұста Қазан университе-ті студент жастардың революциялық қозғалыстарының ірі орталығы болды, сонысымен қала әкімшілігіне біршама ауыртпалық пен толқу алып келді. Өзі-нің әлеуметтік шығу тегіне қарамастан, Шомбалов ауылдардағы аштық пен кедейлікке, саясаттың олқылықтарына куә бола отырып, сол халықтардың бос-тандығы мен тең құқығы үшін күрескен саяси ұйымдардың мүшесіне айналды [2, 35-б]. 1899 жылдың 8 сәуірінде сту-денттердің революциялық манифеста-циясына қатысқаны үшін оқуын жалғас-тыру құқығынан айырып, оқудан қуы-лады. Алайда сол жылдың 27 сәуірін-де оқуын жалғастыру мүмкіндігіне қай-та қол жеткізді [7].
Бұл жағдай туралы Шомбалов өзі-нің жұмысқа қабылдану туралы құжат-намасының сауалнамасына берген жа-уабының 24-бөлімінде былай деп жа-зады: «...Қазан революциясына дейінгі уақытта қандай да бір революциялық қозғалысқа қатысы болды ма (қашан, не үшін): 1899 жылы студенттік қозға-лысқа қатысым болғандықтан, Қазан-нан қуылдым. 1 жылдан соң универси-тетке қайтадан қабылдандым» - деп жазады.
1903 жылы оқуын бітірген соң ту-ған еліне жоғары білімді, білікті дәрігер ретінде оралады. Бұл жерде ол бар құл-шынысымен жұмысқа кіріседі. 1903 жыл мен 1917 жыл аралығында Орда мен Жәнібектегі ауруханаларда учас-келік дәрігер болып қызмет атқарады. Ұзақ уақыт шамасында Мәжит Ордада-ғы жалғыз ғана дәрігер болды. Сол се-бепті ол жалғыз өзі күрделі оталарды жасады, әйелдерді босандырды, қауіп-ті жұқпалы ауруларды емдеді. Көптеген елдімекенді аралап жүріп халық ара-сында білімнің маңыздылығын, сала-уатты өмір салтын ұстанудың қажетті-лігін түсіндірді. Жұқпалы аурулардан өзін-өзі қорғауды үйретті [6, 2-п].
Осы қызметінен кейін 10 төсектік аурухана меңгерушісі, уезд дәрігері бо-лады. Оның қызмет ететін территория-сы Каспий жағалауын алып жатқан 15 мың шаршы километрдей үлкен аймақ еді. Санитарлық талаптың, тұрмыс жағ-дайының нашар болуы, халықтың көп ауруға шалдығуы сол кездегі азғана медицина қызметкерінің жұмысын қиындатты. Өте қауіпті аурулардың не-гізгі ошақтарында қажетті шараларды жүзеге асыру үшін көп уақыт кететін [3, 66-б].
Ордада 1852 жылы ашылған Хан сарайының жанында орналасқан қо-ғамдық ауруханаға (7-қосымша) мең-геруші болып тағайындалады. Бұл ау-рухана 6 корпустан: аурухананың өз ғи-мараты, амбулатория, асхана, кір жуа-тын орыннан және дәрігерлерге, басқа да медицина қызметкерлеріне арнал-ған үйден тұрды. Аурухана 2 бөлімге бөлінген – ордалықтарға және тұтқын-дарға арналған. Осыдан кейін Шомба-лов Жәнібек емдеу пунктінің меңгеру-шісі болады [2]. Оның бастамасымен ауылдық емдеу пунктерінің желісі құ-рылады. 1923 жылы Халықтық денсау-лық сақтау комиссарының орынбасары болып тағайындалады, ал 1929 жылы ол Қазақ Республикалық дәріхана бас-қармасының басшысы атанады. М. Шом-балов – ұлттық медицина қызметкер-лерін қалыптастыру мен тәрбиелеуде көп еңбек сіңірген азамат. «Казглав-аптекоуправление» мен емдеу-профи-лактикалық мекемелер жүйесін нығай-тып, қайтадан өзінің негізгі қызметіне көшті.
1934 жылдан бастап Оралда обаға қарсы станcaның басшысы қызметін атқарды [7].
Мұрағат қорында сақталған дерек-ке сүйенсек, ол жұмысқа орналасу ту-ралы сауалнамасында 16, 17, 18, 19-бө-лімдерде өзі туралы:
16. Білімі: жоғары
17. Ғылыми дәрежесі (атағы): жоқ
18. Ғылыми жобалары мен жаңа-лықтары бар ма: жоқ
19. Шетелдерде болды ма: жоқ [9, 2-п] - деп көрсеткен.
Бізге жеткен мәліметтердің азды-ғының себебінен Шомбаловтың дүние салуына байланысты нақты дерек та-былмай отыр. Зерттеуші Душмановтың алғашқы қазақ дәрігерлері туралы жаз-ған кітабындағы берген мәліметі бо-йынша: «Мәжит Шомбалов Саратов түрмесінде 1940 жылы қайтыс болды» [2, 38 б] деп берілсе, Г. Абулхаирова-ның мақаласында: «Саратов түрмесін-де 1942 жылдың 9 наурызында ауру-дан дүние салған» [7 ] деген мәлімет бар. Қалған зерттеушілердің пікірі осы екі нұсқаға бөлінген.
Дәрігердің отбасылық өмірі туралы пікірлер де бірнеше нұсқадан тұрады. Жеке іс қағазында, 1920 жылдың 27 желтоқсанында жауап берген сауална-масында «отбасылық жағдайы туралы: үйленгенмін, 1 қыз, 3 ұлым бар, 7 ай мен 10 жас аралығында» деп көрсет-кен. Ал автобиографиясында «үйлен-генмін, 2 ұлым бар» деп көрсетеді [6, 5-п]. Ал Граждановтың мақаласында: «Мәжит Шомбалов тек дарынды дәрі-гер ғана емес, сонымен қатар өте қара-пайым, мінезі жайлы кісі болды. Оның отбасында: әйелі, екі ұлы және немере қызы болған. Үлкен ұлы Измаил инже-нер болған, Өзбек КСР-ындағы Қоқан қаласында тұрған, кіші ұлы Якуб меди-циналық институт бітірген және Қызыл Армия құрамында қызмет еткен» - деп жазылған [6, 7-п]. Осы мәліметтердің қайсысы шындыққа жанасатыны әлі күнге дейін белгісіз күйде қалып отыр.
1992 жылдың 22 шілдесінде «Ка-захстанская правда» газетінің 4-бетін-дегі «Тарих» айдарында жарияланған В. Азаровтың мақаласында мынадай мәлімет кездеседі: Мәжит Мұхамед-жанұлының өмір жолының ақтаңдақ тұстарын зерделеуді дәрігердің жиені, 88 жасар Абиль Ташев қолға алған еді. Зерттеу барысында оған Оралдың, Саратовтың, Ақмоланың, Алматының және «Трудь» газетінің тілшілері қол-дау көрсеткен. Зерттеу жұмыстары мы-надай қорытынды алған: «Орал өңірін-де «обаны жеңген Мәжит» деген атақ алған қайраткер Иосиф Сталиннің ГУЛАГ-ынан да аман өткен. Ия, ол ауру-дан емес, басқа аса қауіпті «обадан» – репрессияның жазалаушыларынан же-ңілді. Бірақ намысы мен арын соңына дейін сақтады, өзі шын көңілімен, бар ынтасымен қызмет еткен халқына қар-сы зұлымдық, жамандық жасады деген айыптарын мойындамай өтті» [12].
Мәжит Шомбалов – өзінің қызмет жылдарынан бастап өмірінің соңғы жылдарына дейін Қазақстандағы ден-саулық сақтау ісінің алға басуына зор үлес қосқан, өз біліктілігінің арқасында талай адамды ажал аузынан алып қал-ған қоғам қайраткері. Осындай елі үшін, халқы үшін жасаған елеулі еңбегі халық жадында мәңгі сақталмақ.

Дәрігер Мәжит
Мәжит Шомбаловтың балалық ша-ғынан бастап білімге құштар, ізденім-паз, зейінді, тез қабылдағыш, алғыр бо-лып өскенін көріп отырмыз. Әсіресе, сая-си өмірге араласқан кезде оған бойын-дағы осы қасиеттері көп көмектесті.
Мұрағат қорындағы құжатнамада: «Шомбалов Қазан төңкерісі жайлы жа-ңалықты зор ынтамен қабылдады. Ол Батыс Қазақстан облысында Кеңес үкі-метінің алғашқы органдарының құры-луына көп жәрдемдесті. 1918 жылы боль-шевиктер партиясына мүшелікке қа-былданды» - деп көрсетіледі [6, 3-4-п].
Душмановтың кітабында келтіріл-ген мәліметтер бойынша, Бөкей орда-лық губернияның денсаулық сақтау бө-лімі М. Шомбалов тағайындалған ал-ғашқы күндерінен бастап ауылдық ел-дімекендердің санитарлық жағдайын жақсартуды, қауіпті ауруларды профи-лактикалық тұрғыдан жоюды қолға ал-ды. Бұл сол кездегі әлі күнге өршіп тұр-ған оба мен холера індеттеріне байла-нысты болды. Тек 1918 жылдың 14 шіл-десінен 25 қазанына дейінгі уақыттың өзінде-ақ Шомбаловтың бастамасы-мен Бөкей ордалық губаткомының тө-тенше санитарлық тазалықты сақтау комиссиясында оба мен холераға қар-сы күреске ғана байланысты 10 отырыс өткізілді. Аталған жұқпалы аурулармен күресте Бөкей ордалық губерниялық денсаулық сақтау бөлімі 30 мың рубль қаражат бөлді. Аурулардың өршіп тұр-ған ошақтарына дәрігер Белов пен бак-териолог Никанорованың басшылы-ғындағы зерттеу отрядтары жіберілді. Шомбаловты революциялық кеңестің мүшесі етіп сайлайды, 1921-1922 жыл-дар арасында Орда аткомының төра-ғасы, РКП(б) губкомының мүшесі қыз-метін атқарады.
Революциядан кейін Шомбалов өзінің дәрігерлік жолын жалғастырады. Оны Орда денсаулық сақтау губерния-сы бөлімінің меңгерушісі етіп тағайын-дайды. Ендігі Мәжит Мұхамеджанұлы жаңа жағдайда көшпелі қазақ халқына медициналық көмек көрсету ісін ұйым-дастыруды қолға алады. Оның баста-масымен жаңа медициналық орталық-тар және ауылдық фельдшерлік пунктер желісі пайда болды. 1922 жы-лы Шомбалов Қазақ республикалық ұлттық денсаулық сақтау комиссары-ның орынбасары қызметіне ауысады және КирЦИК отырысының екінші ша-қырылымының мүшесі болып сайла-нады. Қазақстанның денсаулық сақтау ұйымдары қалыптасу жолының басын-да тұратын Шомбаловтың еңбек жолы оңай болмады. Ол – республикадағы балаларға арналған алғашқы профи-лактикалық мекемелердің: балабақ-шалардың, балалар консультациясы-ның және балалар бөлімшелердің негі-зін қалаушы.
1919-1920 жылдары Бөкей орда-сында Шомбаловтың бастамасымен Қалмақ, Қамыс-Самар, Нарын, Талов, Торғын қисымдарында және екі Теңіз жағалау өңірлерінде денсаулық сақтау бөлімшелері құрылған [2, 36-б].
Әлжановтың «Алғашқы қарлығаш-тар» кітабындағы мәліметтерге қара-ғанда, М. Шомбалов 1918 жылы БКП(б) мүшелігі қатарына қабылданып, Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасында совет үкіметін орнатуға белсене атса-лысады. Шомбалов төңкерістік әскери кеңестің мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы болып жү-ріп, денсаулық сақтау ісіне ерекше мән береді. Ол жергілікті халықтарға меди-циналық көмекті қамтамасыз етуде, денсаулық сақтау ісінің міндеттерін орындауға жұмылдыруға, жаңа меди-циналық пунктер, қымызбен емдеу орындарын ашуда зор еңбек етті. Аза-мат соғысының ауыр кезеңдеріне қара-мастан, ол Бөкей губерниясында 370 тө-сектік, оның ішінде Ордада 100 төсек-тік аурухана ашады. Мәжит Шомбалов, әсіресе, обамен күрес шаралары мен шешек ауруына қарсы егу жұмыстары-на ерекше назар аударды. Обамен кү-ресетін лаборатория, малда кездесетін шешекке қарсы егу орындары мен стансалар жұмысының жүйелі түрде жүргізілуі Шомбаловтың болашақта бактериологиялық институт ашу жайлы мәселе көтеруіне негіз болады.
1922 жылы денсаулық сақтау халық комиссарының орынбасары қызметінде жүрген кезінде ол денсаулық сақтау ісі-нің ірі ұйымдастырушысы ретінде жақ-сы танылады. Сонымен бірге Қырғыз АССР Орталық Атқару комитетінің мү-шесі және Бүкілресейлік Қызыл Крест қоғамының Қазақстандағы өкілі болып сайланады. Денсаулық сақтау Халық комиссары орынбасарының қызметі жұқпалы ауруларға қарсы күрес, рес-публика территориясын медицина-гео-графиялық жағынан зерттеу мен меди-циналық қызметкерлерді даярлауды ұйымдастыру ісімен тығыз байланыс-ты. Шомбалов Денсаулық сақтау халық комиссариатының аналар мен бала-ларды қорғау бөлімін және оның жер-гілікті жерлердегі органдарын ұйым-дастыру ісінде белсене еңбек етті. Орта медициналық қызметкерлер даярлай-тын көптеген курста сабақ өткізді. Мәжиттің Денсаулық сақтау ісінің ірі ұйымдастырушысы ретіндегі жемісті қызметі республика дәріхана басқар-масының меңгерушісі қызметін атқар-ған кездерінде көрінді.
М. Шомбалов сирек дарын иесі еді. Ол өзі еңбек еткен Денсаулық сақтау халық комиссариатындағы және басқа органдардағы қызметтестері арасында құрмет пен жоғары беделге ие болды. ВПК(б) мүшесі Аталиц жолдастың Ден-саулық сақтау комиссариатының №23 партияның ұйымында жасалған баян-дамасындағы төмендегі жолдар оған берілген жақсы мінездеме бола алады: «Ол өзінің топшылауынан ешбір жал-тармай, ойын бүкпестен тура айтумен кісіні өзіне тартатын. Партия мүшесі ре-тінде және оның жеке басының адал-дығына ешқандай шек жоқ. М. Шом-балов партия мүшесі ретінде оның бей-несін айқындайтын, оған сенім білдіріп беруге болатын тапсырмалар мен мін-деттерді орындаудағы тәртібі мен кір-шіксіз тазалығына назар аударамын...» [3, 68 б]. Бұл мінездемеден біз Шомба-лов Мәжиттің партиядағы қызметі ке-зіндегі жауапкершілігіне, адалдығына, жалпы, партияда жоғары беделге ие болғанына көз жеткіземіз.
Мәжит Мұхамеджанұлының авто-биографиясында көрсеткен мәліме-тінде Советтік көзқарасының қалып-тасуы мен партиядағы қызметі туралы былай деп атап өтеді: «Мен больше-виктер партиясының құрамына туған жерімде, яғни Ордада мүшелікке қа-былдандым. Ол жердегілердің бар-лығы мені жақсы таныды, менің шық-қан тегімді жақсы білді, соған қарамас-тан, тек менің еңбекші-шаруа халыққа деген қарым-қатынасымның арқасын-да ғана мені партия қызметіне алды. Партияда қызмет еткен жылдарымда ешқандай ескерту немесе сөгіс естіген емеспін» [9, 4-п].
Денсаулық сақтау халықтық комис-сариатының жетекшісі қызметіне өтініш берген кезде толтырған парақшасын-да: «Сіз туралы пікір алуға болатын бірнеше партия қызметкерін көрсетіңіз (қайдан, қайда екені маңызды емес) деген сұраққа, “Сейітқали Меңдешов (Орынборда), Хамзин, Варламов, Жанекешов т. б.” деп өзі араласатын және оны жақсы білетін бірнеше тұл-ғаны көрсеткен [10, 6-п, артқы беті].
Бұдан біз Мәжит Шомбаловтың сол замандағы алдыңғы қатарлы қазақ, орыс зиялыларымен, партия мүшеле-рімен өте тығыз қарым-қатынаста бол-ғанын көре аламыз.
Саяси өмірге араласа отырып, ха-лықтың әл-ауқаты мен денсаулық сақ-тау саласына көп еңбек сіңірген Мәжит Шомбалов қызмет еткен жылдарының ішінде Қазақстанның денсаулық сақтау ісінде ойып тұрып орын алып, аты қа-зақ тарихында мәңгі сақталатын ұлы тұлға деп атауға лайықты.

Қоғамдық қызметтері
Қызметтік жолын өзі туған жерінде-гі емханадан бастаған М. Шомбалов өмірінің 38 жылын денсаулық сақтау ісіне, партия қызметіне арнаған, халық-тың болашағы үшін барын салған. 1899-1903 жылдар аралығында Орда ауруханасының меңгерушісі болды [5, 531-б]. 1903 жылы М. Шомбалов Хан ставкасы (Орда қаласы) жанындағы ауылдық учаскеге дәрігер болып таға-йындалады, одан кейін 10 төсектік ау-рухана меңгерушісі, уезд дәрігері бола-ды.
1905-1906 жылдары М. Шомбалов қол қойған есепте 3616 адам амбулато-риялық емдеуден өткені айтылған. 10 төсектік ауруханада 81 науқас емдел-ген, 479 адамға үйінде дәрігерлік кө-мек көрсетілген. Шешекке қарсы 1340 адамға егу жүргізілген.
М. Шомбалов оба ауруына қарсы күресте өте маңызды да ұйымдастыру-шылығы мол жұмыс жүргізді. Ол – обаға қарсы күрескен алғашқы қазақ дәріге-рінің бірі. Астрахань облыстық мемле-кеттік мұрағатында М. Шомбаловтың Ішкі Ордада 10-старшындықтағы Толы-бай өңірінде және Астрахан теміржо-лындағы Жәнібек стансасындағы бай-қалған оба түрін бірінші болып айқын-дап, соның нәтижесінде Санкт-Петер-бургтан дәрігер-бактериологтар келіп, үлкен шаралар жүргізілгендігін куәлан-дыратын құжат сақтаулы.
1911 жылы М. Шомбалов далада обаның шығу себебін анықтауға келген И. И. Мечников экспедициясы құра-мында зерттеу жұмыстарына қатыса-ды. Ол екі мәрте, 1906 және 1910 жыл-дары «Қырғыз даласының Нарын бөлігі мен оңтүстік округтеріндегі обамен кү-рестегі еңбегі үшін» арнайы күміс ме-дальмен марапатталды.
М. Шомбалов 1918 жылы ВКП(б) мүшелігі қатарына қабылданып, Бөкей ордасында Кеңес өкіметін орнатуға белсене атсалысады. Ол жергілікті ха-лықты медициналық көмекпен қам-тамасыз етуде, медицина қызметкер-лерін кеңестік денсаулық сақтау ісінің міндеттерін орындауға жұмылдыруда, жаңа медициналық пунктер, қымыз-бен емдеу орындарын ашуда зор ең-бек етті. Азамат соғысының ауыр ке-зеңдеріне қарамастан, ол Бөкей губер-ниясында 370 төсектік, оның ішінде Ордада 100 төсектік аурухана ашады. М. Шомбалов, әсіресе, обамен күрес шаралары мен шешек ауруына қарсы егу жұмыстарына ерекше назар аудар-ды. Обамен күресетін лаборатория, малда кездесетін шешекке қарсы егу орындары мен стансалар жұмысын жүйелі түрде жүргізуі М. Шомбалов-тың болашақта бактериологиялық институт ашу жайлы мәселе көтеруіне негіз болады.
Қазақстандағы фармацевтикалық білімнің тұңғыш ошағы – Семей фарма-цевтика техникумының құрылып, қа-лыптасуы М. Шомбалов есімімен ты-ғыз байланысты.
Мәжит Шомбалов өмірінің соңғы жылдарында өз өтінішімен ауысқан Оралдағы обамен күресетін стансада меңгеруші болып істейді [3, 66-68-б].
Мәжит Шомбалов автобиография-сында: «Мен университетті бітіріп, ке-йін Ордада учаскелік дәрігер болып та-ғайындалдым. Бірінші кезекте мен қа-зақ халқы тұрғындарының еуропалық медициналық-гигиеналық ережелері-мен жете таныстым. Жергілікті халық ауруханалардан қорқып, акушерлік кө-мек туралы мүлде түсінік болған жоқ. Тек қана емшілер мен молдаларға се-німдері берік болды.
Революцияның арқасында мен Қазақстандағы Денсаулық істері бо-йынша келесі жоғары лауазымдарды иелендім: 1) губерниялық денсаулық сақтау ұйымы басшысы; 2) Халықтық денсаулық сақтау комиссарының орын-басары; 3) өңірлік дәріхана басқарма-сының өкілі; 4) Орал қаласындағы оба-ға қарсы күрес ұйымының басшысы.
Ордадағы Губерниялық денсаулық сақтау ұйымы басшысы қызметінде жүрген кезде медицина жүйесі мен медициналық персоналды күшейтуге, көбейтуге күш салдым, революцияға дейін өңірде 2 медицина қызметкері болса, 1918 жылдың басына қарай олардың саны 6-ға жетті. Сонымен қа-тар әрбір медициналық пункт дәрігер-мен толықты.
Халықтық денсаулық сақтау комис-сариатының орынбасары болған кезім-де Қазақстандағы балаларға арналған консультациялық мекемелердің, бала-бақшалардың, балалар ойын алаңда-рының қалыптасуының негізін салушы-сы болдым. Жыл сайын жоқ дегенде 20-30 баланы “Қызыл Крест” пионер лагерлеріне жіберіп отырдым.
Менің халыққа медициналық дәрі-дәрмектерді жеткізудегі жұмысымда, 1929 жылы (яғни маған дейін қызмет атқарған басшы кезінде) 18 дәріхана болса, мен Оралға ауысқанға дейін, яғ-ни 1934 жылға дейін 200 дәріханалық пункке жетті.
Мен 1905 жылдан бастап обаның барлық дерлік өршіген нүктелерінде болдым.
Осылайша, менің денсаулық сақтау саласында жүргеніме 36 жыл болды. 1938 жылы тергеуде болдым, 1938 жылдың 24 тамызынан 1939 жылдың 28 шілдесіне дейінгі аралықта түрмеде болдым. Бірақ ақталып шықтым және партияға қайта оралдым.
ВКП(б) партиясының мүшесі
М. М. Шомбалов. 19.ХІ.1939" деп жа-зады. [6, 5-6-7-пп].
Жұмысқа тіркеу туралы жеке іс-қа-ғаздың соңында, тергеуден кейін қай-тадан жұмысқа кіру туралы іс-қағазына ОККП(б) К Денсаулық сақтау кадры мең-герушісінің орынбасары Красненков-тың жасаған қорытындысы бар. Онда Шомбалов жолдастың шыққан тегін, қызмет жолын көре отырып, оны жақ-сы бағалайтынын айтады. Айталық, «Жолдас Шомбалов облыстың Денсау-лық сақтау ісінің басшылық қызметте-рінде болған. Обаға қарсы күрес стан-циясының басшысы қызметін Шомбалов жолдас 1935 жылдың қаңтарынан бас-таған, КССРО Денсаулық сақтау Казко-мының бұйрығымен 11 айлық үзіліс-тен соң қайтадан аталған мекеменің басшысы қызметіне тағайындалды.
ОККП(б) К Денсаулық сақтау кадры меңгерушісінің орынбасары Краснен-ков» - деп жазылған [9, 6-п].
М. Шомбаловтың жеке іс-қағазын-да (21-бөлімінде) өзі бөліп көрсеткен қызмет ету жылдарының кестесі (2-кесте) бар.

Сөз соңы: «Мәжит сказал –
Мәжит сделал»
Байырғы заманнан бері қазақтан шыққан небір білімді азамат халықтың жағдайын көтеру үшін, халықтың сауат-тылығын арттыру үшін, денсаулық жағ-дайын жақсарту үшін жан аямай қыз-мет еткені белгілі. Сол еңбектері әр за-манда әр түрлі қабылданды, әсіресе, ХХ ғасырдың 20-сыншы, 40-ыншы жыл-дарында оларға үлкен сын айтылды, еңбектері бағаланбады, тіпті керек десеңіз, «Халық жауы», «Космополит», «Ұлтшыл», тағы да басқа қисынсыз айыптаулар тағылды, түрмелерге қамалды, ату жазасына да кесілді.
Қазақстандағы денсаулық сақтау ісінің негізін қалаушылардың, қоғам қайраткері, Қазақстандағы жоғары бі-лімді алғашқы дәрігерлердің бірі, дәрі-гер-эпидемиолог Мәжит Шомбалов-тың есімі де тек ғылыми ортаға ғана таныс. Әлі күнге дейін аты аталып өт-кенімен, елге сіңірген еңбектері нақты айтылмай, толық зерттелмей келеді. Оған мысал, 2013 жылдың 18 тамы-зында дарынды дәрігер Мәжит Шом-баловтың дүниеге келгеніне 140 жыл толды. Бірақ бұл датаға байланысты ешқандай іс-шара өткізілмеді. Себеп бі-реу – М. Шомбаловтың есімі көпшілік-ке танымал емес немесе ол кісінің ең-бегі ұмытылып барады. М. Шомбалов-тың адамдар үшін жасаған ерен еңбе-гін ескере отырып, туылған күнін бел-гілі бір дәрежеде атап өту керек еді [8].
Мақаламызды қорытындылай ке-ле, төмендегідей ой-тұжырымдарды нақталауды жөн көрдік:
Біріншіден, 1873 жылы ауқатты малшының отбасында дүние келген Мәжит Мұхамеджанұлы Шомбалов жастайынан білімге құштар болып өс-кен. Ата-анасының қарсы болғанына қарамастан, алдымен, ауыл мектебін-де, кейін Орынбор гимназиясында бі-лім алып, Ресейдегі Қазан институтын-да білімін жалғастырған алғашқы бі-лімді қазақ жастарының бірі.
Екіншіден, ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басындағы алмағайып заман-да Қазақстанға, Ішкі Ордаға оралып, дә-рігерлік қызметпен айналысқан. Оба-ның өршіп тұрған кезінде арнайы құ-рылған экспедициялар құрамында бо-лып, зерттеулер жүргізген ғалым. Бұған дәлел – мұрағат құжаттарында көрсетіл-гендей, сол кездегі қазақ қоғамына жат жағдайда халыққа қырғындай тиген обаның себептерін анықтаумен айна-лысқан, яғни мұсылман қауымына мә-йітті қозғауға, мүрдесін қайта ашуға бол-майды, ал Мәжит болса, «әзірге сау халықты» сақтап қалу үшін, аурудың емін табу үшін адамдардың өлі дене-лерімен жұмыс жасады. Сол кездегі обаға қарсы күрескен дәрігерлердің өздері де ауру жұқтырып, көз жұмып жатты. Бірақ Шомбалов еш ойланбас-тан обаның өршіп тұрған ошағына өз еркімен кірді. Халықты аурудан сақтау үшін, емдеп-жазу үшін барын салды.
Үшіншіден, дәрігерлік қызметтен бөлек ол, алдымен, Алаш зиялылар-дың бірқатарымен араласып, кейін Совет билігі орнаған соң большевиктік партия қатарында да болды, саяси мәселелерге де араласты. Қазақстанда Совет үкіметінің орнауы кезінде, 1917 жылы желтоқсанда өзі туған Бөкей ордасында, 1918 жылдың қаңтарында Батыс Қазақстан облысы аумағында орнығуына атсалысқан.
Төртіншіден, өз замандастарының арасында М. Шомбалов өте сабырлы, жауапкершілігі мол, тиянақты кісі бол-ған деп көрсетіледі. 1921 жылы 9 қыр-күйекте Ш. Бекмұханбетов берген мі-нездемеде былай делінген: «Шомба-лов жолдасты 1917 жылдан бері өте жақсы танимын. Өте сабырлы, төзімді, ерік-жігері мықты, беделі жоғары қо-ғам қайраткері. Жеке өмірі қарапайым, саясатта – тұрақты» - деп мінездеме берген [10, 8-п ]. Дегенмен ол өзі бас-қарған обаға қарсы стансаның ісін жүр-гізу барысында 1934 жылы «антисовет-тік қызметі үшін» айыпталып, соның нәтижесінде, 1938 жылы 24 тамызда Батыс Қазақстан облысы НКВД орган-дары қамауға алады.
Өз өмірінде М. Шомбалов шығу те-гіне байланысты, әрі қазақ зиялылары-мен араласқандығынан бірнеше рет жазықсыз айыптар тағылып, әлденеше рет түрмеге қамалған. 1939 жылдың 28 шілдесіне дейінгі уақыт аралығында қамауда болды, кейін «қылмысының дәлелденбеуі» себебінен босатылды [7]. Қамаудан босаған соң елге оралып, дәрігерлік қызметін жалғастырады. Бі-рақ көп уақыт өтпей жатып, 1940 жыл-дың 24 қарашасында қайта түрмеге жа-былды. Бұл жолғы себеп те сол қызмет-тегі «антисоветтік көзқарасы» еді. Мә-життің айыпталуы туралы «Мәжит ска-зал – Мәжит сделал» мақаласының ав-торы Эрик Аубакиров былай дейді: «...1938 жылы Шомбалов Мәжитті Орал қаласының қауіпсіздік қызметкерлері қамауға алды. Оған қарсы, оның “алашордалықтармен” таныстығын да, Голощекиндік көзқарасты сынға алға-нын да, Сталиннің саясаты туралы айт-қан бүкпесіз пікірлерін де қолданды. Екі жылдан кейін оны түрмеден боса-тады, бірақ кейін тағы да түрмеге жа-бады. Шомбалов түрмеде 1940 жылы қайтыс болады» [8]. Оған тағылған айып тек 1990 жылы тұтқындалғанына жарты ғасыр уақыт болып қалғанда жа-қын туысы Абиль Ташевтің жинақтаған материалдарының арқасында ғана жа-зықсыз деп танылды [12]. Репрессия құрбаны болғаны туралы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің сайтындағы мақала-да жазылған. Онда былай делінген: Саяси репрессиялар кезеңінде, 1937-1947 жылдары бөкей ордалық 300-ге жуық азамат тізімге ілінді. Олардың ішінде Мәжит Шомбалов, Сақыпкерей Құрамысов және Аманша Шақаев сияқ-ты зиялы қауым өкілдері болды [13].
Мәжит Шомбалов – негізсіз түрме-ге де түскен, өзіне жабылған «Халық мүддесіне қарсы» деген айыпты да амалсыздан мойындауға мәжбүр бол-ған азамат. Өмір бойы қоғамға қызмет еткен қайраткер екі рет негізсіз айыпта-лып, түрменің ауруханасында дүние-ден өткен. Тек өзі ғана зардап шегіп қоймады, партияның негізсіз, дәлелі жоқ айыптаулары Мәжит Мұхамеджан-ұлының жолын жалғастырмақшы бол-ған ұлы – Якуб Шомбаловқа да кері әсерін тигізді. Якуб Алматыдағы меди-цина институтында оқып жүрген кезін-де әкесінің түрмеге түскені кесірінен институттан шығарылады, ол шалғай-дағы елді мекенде фельдшер қызметін атқарады. 1941 жылы Якуб өз еркімен соғыс майданына аттанып, Сталинград түбінде ерлікпен қаза табады [8].
ҚазКСР Министрлер Кеңесінің 1967 жыл 9 қыркүйегіндегі арнайы №656 бұйрығы бойынша Алматы қаласының ең үздік дәріханаларының бірі – №4 дәріханаға Мәжит Шомбаловтың аты берілген [11, 5-п ].
Денсаулық сақтау қызметінің үздігі Мәжит Шомбаловтың өмірі мен қыз-мет жолы әлі толық зерттелмеген, яғни оны зерттеп, көпшілікке ұсыну біздің міндетіміз деген сөз. Қайраткер ақтық демі қалғанша ұлтының болашағын, халқының денсаулығын ойлаумен бол-ды. Обамен күресте ерлік көрсетіп, партия қызметінде тек жақсы қырынан көзге түскен азамат. Жазықсыз тергеуге алынып, халыққа жасаған еңбегі ма-дақталудың орнына өзіне кері әсерін тигізді.

Қаралым саны 3004

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463