Байдың ұрпағы, молданың тұқымы болсаң, бүйідей тиіп, қырып-жойып жатқан заман. Қа-рагөбен де ескіше білімді, «Молдаға» атанған кісі екен. Тайсойған құмында-ғы аталарымыздан қалған ескі қыстау-ға келіпті. Жанына Құттымұрат ақа-мызды ертеді. «Ал, балам, мынау ғұ-лама, сұпы аталарыңнан қалған мұра. Болашақта ескіні жоқтайтын заман болса, бір қажетіңе жарар. Жадыңнан шығарма» дейді.
«Қоржынға теңдеп әкелген кітап-тарды сандыққа салмас бұрын Молда ақам қыстаудың іргесінен 2-3 тасын алып, орын әзірледі. Мен әуесқойлы-ғым ұстап, кітаптарды ашып қарай бас-тадым. Бір үлкен кітапты ашқанымда ішінде үлкен төртбұрыш сызылған екен. Төртбұрыштың іші-сырты қара-ма-қарсы орналасқан үшбұрыштар. Әр үшбұрышқа арабша жазу жазылған. «Осындай да кітап болады екен?» деп қызықтап парақтап отырғанымда Молдағам көріп қалып, түсі бұзылып кетті.
– Құттымұратжан, қалай қорықпай ұстап отырсың? Бұл дуа кітабы ғой! - деді.
Шошып кетіп, жаба салдым. Сас-қанымнан:
– Сіз болғасын қорықпай отырмын ғой, Молдаға, - деппін.
Молдағам кітаптарды сандыққа мұқияттап салып, сыртын құрым киіз-бен орап, қуысқа тығып еді» деп есіне алатын кейін Құттымұрат ақам.
Осы жерде Шапағат Хабибуллин ақсақалдың да әңгімесін келтіре ке-тейік.
1944 жылдары Қызылақырап кол-хозында ауылдық кеңес хатшысы бо-лып қызмет атқардым. Жас жігіт ша-ғым. Құмартөбеде Арыстанғалидың Мұхамеджаны деген қынық указной молда нағашым болды. Екінші наға-шым – Қызылақырапта өзіммен көрші тұратын Байтоқаның Бағысқалиы де-ген. Екеуі де құран-хафиз молда кісі. Менің ықыласым олардан гөрі ысық Кенжеғали дегенге көбірек ауды. Кенжеғали Қарасу ауылында тұрады. Дуакер кісі. Жұрт қорқады. Менің жас-тықтың желігі билеген көңіліме неше түрлі қиял кіреді. «Кенжеғалидай бол-сам. Кейбір есем кетіп жүрген есірік-терді есінен тандырсам, сұлу қыздың жүрегін жаулап, құдыретіме жұртты нандырсам!» деген сияқты әзәзіл ой-лардың әсеріне берілем. Кенжеғали-мен жақсы танысып, араласып тұра-тын болдым.
Жаздың бір күні Кенжеғалидікіне түс ауа келіп ішке кірсем, ешкім жоқ екен. Төрге барып қисайып, дем алып жаттым. Үй іші қараңғы. Шыбын кіреді деп терезелерді бүркеп тастаған. Көзім ілініп кеткен екен, бір мезгілде сырт-тан Кенжеғали кірді де, пеш үстінен кі-тап ақтарып, біреуінен көшіріп тілдей қағазға бірдеңені жазып, қалтасына салып, кідірмей шығып кетті.
Мені байқамады. Ол шыға салысы-мен пеш үстіндегі кітаптарды мен ба-рып ақтардым. Тұмарша сызықтардың іштеріне жазылған айбақ-сайбақ араб-ша жазу. Ештеңесіне түсінбеймін. Дуа кітабы екенін ішім сезеді. Қарап-қа-рап,төрт кітапшаны дорбама салып алдым да, үйден шықтым. Кенжеғали кетіп қалыпты. Мені көріп тұрған еш-кім жоқ. Ендігі мақсатым – молда наға-шыма апарып, кітаптың кілтін тауып, үйреніп алу. Желіп отырып Құмартөбе-дегі Мұхамеджан нағашыма келейін.
– Ассалаумағалейкум, нағашы!
– Уағалейкумассалам, жиен, жоға-ры шық.
– Нағашы, мынандай кітапты оқи аласың ба?
Нағашым мен алдына тастаған кі-таптарды көргенде бүйі көргендей шо-шып кетті.
– Әй, мынау Кенжеғалидың кітабы ғой? Қайдан алып жүрсің? Әкет! Әкет!
Нағашым мені үйретеді десем, кі-табыммен қосып қуып жатыр. Өзімше өкпелеп аттанып, ауылыма келдім. Ен-дігі үмітім – Бағысқали нағашым. Бә-кеңдікіне барып кітапты көрсетіп едім.
– Өй, мынау Кенжеғалидың кітабы ғой! Теріс оқуда нең бар? Басты ауыр-татын кітап қой, әкет! Алған жеріңе апарып таста! - деп нағашым азар да безер болды.
Сөйтіп, екі молдадан сөгіс алып, көңіліме қорқыныш кіріп, ертеңінде кітапты апарып тастамақ болдым. Жолда Кенжеғали қарсы ұшырасты. Кенжеғали атжақты, қырмұрынды, жыланкөз, тізесі ат құлағын қағатын ұзын бойлы, сидаң кісі еді.
«Япырмай, кешегі ұрлығымды біліп, сазайымды тарттырғалы келе ме?» деп жүрегім дүрсілдеп барады. Кенжеқаң күле амандасты да:
– Шапағат, біздің үйге барамысың? Бопты. Мен кештеу қайтамын, - деп асып жүре берді. Сөйтіп, басыма сор бола жаздаған дуа кітаптарын орнына апарып тастап, ендігәрі жоламайтын болдым, - дейді Шапағат қария.
Осы екі оқиғадан-ақ біз «теріс оқу» атанған дуа білімінің адамзатқа зиянды екенін байқаймыз. Ертедегі оқымысты ғұламалар жеті ғылымның бірі ретінде Нақу ғылымын игергенде зұлымдықтың алдын алып, түнек күштерінен қорғануды мақсат тұтса керек. «Қара суды теріс ағызар күшті оқуы болса да, «істеуге рұқсат жоқ» деп қолданбай, қарапайым ғұмыр кешіп, небір ғұлама өтіпті дүниеден» - деп қарттар әңгімелегенде сенер-сенбесімізді білмейтінбіз.
Өмірін Құдайға бағыштап, халыққа қызмет етуге арнаған әулие-ғалым ешбір сиқырдың, тылсымның күшіне сүйенбей, өзінің адал еңбегімен күн көреді. Оған әулие-емшілердің ішінен бір ғана Арыстан атаны мысалға алсақ жеткілікті. Нақу бітірген Арыстан қарт-тың Құран ашатын да өнері болған. «Құранның жеті түрлі мақамы болады екен. Соның бір мақамына салып оқы-саң, алдағы оқиғаны көріп-болжайтын қабілетіңді ашады» - дейтін әңгіме де бар. Арыстан қарттың Құран ашып, көріпкелдік жасауы да оның ғалым екенін көрсетсе керек.
Ал енді теріс оқудың күшімен пері ұстап, жынға жұмысын жасатып, отын-шөбін әкелдіріп өмір сүруші молдалар да болған.
Баяғының бақсылары қобызға қо-сылып сарнап, жын-шайтанды үйіріп, небір керемет істер жасағаны белгілі. Қобызын бәйгеге қосқан Қойлыбай секілді қанша құдіретті болса да, жын-шайтанмен қосылған адам оңбайды. Тірісінде көлденең дүниенің тіршілік иелерін құл қылып пайдаланса, өлген-де өзі соларға құл болмақ. Бақсының моласын қауымға қоймай, бөлек қоятын қағида – осының дәлелі.
Бисекеш ақынның өгей әкесі Ғұбайдолла қарт мал қарап жүріп Сүндет деген молданың үйіне тап бо-лыпты. Айдалада түтін шығып жатқан соң барса, жалғыз жер қыстау. Айнала-сында қора да, мал да, шөп те көрін-бейді. «Екіндіде ел тастама» деп атын бекітіп, ішке кіреді. Кірсе, үйде Сүндет қарт кемпірі екеуі ғана екен.
– Ассалаумағалейкум!
– Уағалейкумассалам! Қош келдің. Төрлет.
– Әй, балдар, қонақтың атын суы-тып, жайластырыңдар. Мал әкеліп со-йыңдар! - деп қарт ауызғы үй жаққа қарап дауыстайды. Кемпірдің қолынан шай ішіп, Ғұбайдолла сыртқа шықса, үй алдында бір кебен шөп тұр. Атын шөптің ығына апарып қойыпты. Бұл құдіретке таң-тамаша қалып ішке кі-реді. Сөйтсе, ауызғы үйде бір табақ жаңа сойылған семіз қойдың еті тұр дейді. Кемпір қазан көтеріп, ет асады. Бұлар үшеуі төргі үйде отырғанда ауызғы үй тышқан жүгіргендей тықыр-лай беріпті.
– Әй, балдар, қонақтың мазасын алмай тыныш отырыңдар! - деп Сүндет молда тағы дауыстап қойды дейді....
Міне, Тайпақ өңірінде осындай да оқымысты молдалар болыпты. Біз мұны сиқыршылықты дәріптегелі әңгі-мелеп отырған жоқпыз. Кез келген оңай олжаның артында қиын төлеуі болады. Табақтағы ет аспаннан түскен жоқ, біреудің қойын жындары жым-қырмаса, қайдан келді?! Қорасы, ма-лы, шөбі жоқ айдалада тұрған адам-ның қалаған нәрсесіне оп-оңай ие болуы адал еңбекке, адамгершілікке жата ма? Әрі-беріден соң Құттымұрат ақам мен Шапағат қарт білместіктен дуа кітабын ұстағанда оқымысты кісі-лер ол кітаптан неге шошиды?
Қазіргі таңда ішірткі, дуа беріп, әзәзіл жолға түсіп, талайды мерт етіп жүрген сиқыршысымақтар осыған ой жіберсе екен дейміз.