Дәл осы күні Мұратбек қажы Жаха-тов аудандық мешіт жанынан «Жаңа-қала өлкетану тарихи-зерттеу орталы-ғы» қоғамдық ұйымын құру туралы бастама көтерді. Бастаманы ауыл ақса-қалдары, кәсіпкерлер және зиялы қа-уым өкілдері бірден қолдады. «Біз бір қолдың саласындай, бір үйдің бала-сындай еңбектеніп, өңір тарихы үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруымыз ке-рек» деді баста-машыл топ мү-шесі Текебаев Қабдығали ақсақал.
Ұйымның не-гізгі мақсаты – ел ішіндегі шежіре, естеліктерді жи-нақтау, өңірдегі көне қорымдар мен араб жазулы құлпытастарды анықтап, суретке түсіріп, мағына-сын ашу, тарихи ескерткіштердің мем-лекет қорғауына алынуына ықпал ету, өлке тарихына қатысты тың деректерді ғылыми айналымға енгізу, кәсіби тарихшылардың назарын аудару, жас ұрпақты туған жерін сүюге тәрбиелеу секілді сан-салалы.
Жиын барысында ұйымның басшы-сы болып Мұратбек қажы Жахатов, хат-шылығына ауыл тұрғыны, жергілікті та-рихқа жетік ел ағасы Тыныштық Өтеш-қалиев сайланды. Бастамашыл топтың он мүшесі анықталып, мүшелік жарна көлемі 10 мың теңге көлемінде болады деп келісілді. Жиналған қаржы жарғы-лық мақсаттарды орындауға, түрлі экс-педициялар ұйымдастыруға жұмсал-мақ. Орталық мүшелері айына екі мәр-те бас қосып, жұмыс жоспарын келісіп отырмақ.
Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,
Жаңақала ауданы,