Алаш қозғалысы әсте оның басшы-ларының ойлап тапқаны емес-ті. Ол патшалық Ресейдің отарлық саясаты-ның езгісіне, өктемдігі мен әділетсіз-дігіне қарсы шыққан қазақтың зиялы тобының ұйымдасқан түрдегі саяси іс-әрекеті, ұлттық сана оянуының жаңаша әлеуметтік көрінісі болатын.
Қазақтың тұңғыш ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов өзінің әйгілі шығар-маларының бірі – «Сот реформасы жа-йындағы жазбасында»: «Қандай даму сатысында тұрса да, халықтың қалыпты өсуі үшін қажет нәрселер: өздігінен да-му, өздігінен қорғану, өзін-өзі басқа-ру...» деген еді [1]. Алайда ол кезде мұ-ны «тәуелсіздік» ұғымы деп түсінген, оны асқақ идея деп көтерген ешкім бола қойған жоқ. Заманы туғанда оны әуелі патшалық Ресейдің отаршылды-ғынан, сонан соң кеңестік қыспақтан құтылудың бірден-бір жолы ретінде, азаттықтың идеясы деп Әлихан Бөкей-хан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мiржақып Дулатұлы, Мұстафа Шоқай, Мұхамет-жан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхаме-дов және т.б. ұлтымыздың алдыңғы қа-тарлы зиялылары ғана асқақ ту етіп кө-тере алды.
Қазақтың рухани әлеміне шоқжұл-дыздай жарқырай шыққан осы Алаш жетекшілері өздерінің білім деңгейі, саяси белсенділігі, ұлтшылдық қуаты мен халықшыл қасиеті, рухани парасат-тылығы жағынан Қазақстандағы кеңес өкіметін құрушылардан әлдеқайда ал-да әрі биік болған-тұғын.
Алаш арыстарының көзқарастары мен ұстанымдары – қазақ даласында-ғы арысы әл-Фараби мен Баласағұн, берісі Шоқан, Ыбырай, Абай бастаған ғұламалардың ой-тұжырымдарының қазақ қоғамының жаңа кезеңіндегі заңды жалғасы болды. Олар қазақ елі-нің сан ғасырлық даму ерекшеліктері мен тәжірибесін, салт-дәстүрі және ұлттық болмысын жетілдіре, басқа өр-кениетті елдердің өмір өнегесімен ба-йыта түсуді ұсынды. Бұл жол бұқара ха-лық үшін большевиктер ұстанымынан қасіреті мен азабы анағұрлым кем, тиімділігі мен пайдасы анағұрлым мол еді. Ең негізгісі – олар қазақ елі өзін-өзі басқаруға мүмкіндік жасайтын тәуел-сіздік тұғырды таңдады. Олардың мем-лекет, демократиялық республика, кон-ституциялық құқық, парламент, сот, адам құқығы, жер, оқу-білім, мәдениет, дін және т.б. туралы толып жатқан мол мұрасы бүгініміздің берекесі, келешегі-мізге көпір болып отыр.
Алаш қозғалысының жетекшісі, тұң-ғыш ұлттық «Алашорда» Үкіметінің бас-шысы Әлихан Бөкейхан өз заманының өзекті де өткір сұрақтарына жауап бе-ріп, ұлтының тағдыры тығырыққа тірел-генде содан шығар жолды сілтей алған ғұлама ғалым, көреген көсем еді. Ол патша өкіметі құлап, Ақпан революция-сы жеңгеннен кейін-ақ «Біздің ұраны-мыз – демократиялық республика» деп ашық айтып, парламеттік демократия-лық дамудың үлкен нәтиже беретініне сеніммен қараған болатын. Сондай-ақ Әлихан Бөкейханның өз кезіндегі жас қайраткерлерге «Ұлтқа пайдалы адам болғыңыз келсе, бәрінен бұрын орыс өкіметінің атамекеніміздегі жер саяса-тын мұқият зерттеп үйренуге тырысы-ңыз. Сізге не істеу керектігін осы саясат-тың өзі-ақ көрсетіп береді» деген ғиб-ратты сөзінің қаншалықты құнды бол-ғанын тәуелсіздік алғаннан кейін терең түсініп отырмыз [2].
Заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов-тiң сөзімен айтқанда, қазақтың “Oқы-ған азаматтардың тұңғыш көсемі, өзі өмір сүрген қоғамның көкейкесті әлеу-меттік-саяси мәселелерін биік деңгей-де қозғап, адамды рухани қалыптасты-рудағы оқу-білімнің құдіретін терең тү-сінген ұлы ағартушы, реформатор Ахмет Байтұрсыновтың мұрасынсыз бүгінгі бі-лім-ғылым жүйесін көз алдымызға елес-тету мүмкін емес” деген сөзі бізге үл-кен сабақ болғандай [3].
Қазақ халқының өзін-өзі билеу құ-қығы, автономия алу идеяларының ав-торларының бірі ғана емес, осы идеялар үшін белсенді қызмет еткен Алаш қозға-лысының аса көрнекті өкілі – Жаһанша Досмұхамедов мұраларының да орны бөлек. Себебі Жаһанша Досмұхамедов 1917 жылы Орынбор қаласында өткен Жалпықазақтық ІІ сиезде «Автономия-ны дереу жариялау қажет» деген ұсы-нысы өте орынды екенін өмірдің өзі дәлелдеді. Бірақ бұл сиезде Алаш авто-номиясын жариялау кейінге қалдырыл-ған болатын [4].
Алаштың алғашқы зиялыларының әлеуметтік, саяси-құқықтық тұжырым-ды ой-пікірлері «Алаш» саяси-демокра-тиялық партиясының бағдарламасынан әдемі көрініс тапты. Онда қазақ халқын дербес даму мен прогресс жолына бас-тайтын мемлекеттік-құқықтық идеялар, қазақтың өзін-өзі басқаратын мемле-кеттік жүйесін құру, әлемдік озық тәжі-рибеге сүйене отырып, жаңа өмір сұра-нысына жауап беретіндей қазақ қоға-мын демократиялық мұраттар бағытын-да өзгерту және т.б. сол кездегі өзекті мәселелер жан-жақты жинақталған, тұжырымдалған еді. Бұл қазақтың арғы-бергі саяси-құқықтық төл тарихында терең із қалдырған «Алаш» партиясы-ның бағдарламасы қазақ қоғамындағы әлеуметтік ойдың деңгейін танытатын, ұлттық сананың өткен ғасырдың басын-дағы шыққан биігі, алған асуы болды. Сондықтан Алаш зиялылары 1916 жы-лы 26 қарашада демократиялық-ағар-тушылық бағыттағы алғашқы «АЛАШ» газетін шығарды. Бұл газет Ташкентте ерлі-зайыпты Көлбай, Мариям Төгісов-тердің басшылығымен «Туркестанский курьер» баспаханасында жарық көрді. Газеттің ресми редакторы Мариям Төгі-сова болғанымен де, негізінде газетті шығару ісін Көлбай Төгісов өз қолына алған еді. Газеттің алғашқы санында: «...Көпшілік халықтың мақсаты қалай тілейтін болса, біз алдымызда тұрған бұл мәселелерді солай шешуге әрекет етеміз» деп, «прогресс» ұранын ұста-нып отырғанын жасырмады. «Алаш» га-зетінің бетінде күнделікті болып жатқан әрқилы оқиғалар жөнінде хабарлар, іс-тер, қазақ елінің саяси-экономикалық жағдайы, жер мәселесі, орыс-қазақ шар-уаларының қарым-қатынасы, оқу-ағар-ту, мәдениет, өнер, әдебиет, тарих, салт-дәстүр, Мемлекеттік Дума жайы, 1916 жылғы тылдағы жұмысшылар жайы, Құрылтай жиналысы, әйел мәселесі, әдеби-көркем шығармалар жарияла-ған. Оған қазақ зиялылары мен белгілі азаматтар Ш. Айманов, Ғ. Ботбаев,
Т. Жанбаев, Н. Құлжанова, Н. Құлжанов, Ғ. Жанайдарова, Р. Мәрсеков, Х. Ғаб-басов, Ж. Сейдалин, Ж. Ақбаев, Ж. Ай-мауытов, М. Әуезов, Ғ. Дәулетияров,
С. Торайғыров, С. Мұстафин, А. Баржақ-син т.б. белсене атсалысқан. «Алаш» га-зеті редакциясы 1917 жылдың күзінде Ташкенттен Омбы қаласына, кейіннен Петропавл қаласына көшкен. Көлбай Төгісов Петроградқа Бүкілресейлік шар-уалар сиезіне «Қазақ демократиялық ұйымының» атынан өкіл ретінде қаты-суға баратын болғандықтан, газеттің №22 санынан бастап редакторлық қыз-метті Түзел Жанбаевқа тапсырған. Алай-да газет басшылығының дұрыс жұмыс істемеуінен 1917 жылдың екінші жарты-сынан бастап газет шығару мүлдем тоқ-тап қалған.
Бөкей өңірінен шыққан Батыс Алаш-орда қайраткері, ағартушы, ақын, журна-лист, дәрігер Ахметғали Мәметов 1917 жылы Ташкент қаласына келіп, «Алаш» газетінің қызметіне араласқан. Бұл газет-те қазақ халқына арналған бірнеше сая-си үндеу жарияланған. Бірақ «Алаш» газеті ұзақ өмір сүре алмады [5].
Алаш көсемдерінің негізгі идеясы қазақтың егеменді, тәуелсіз, «іргесі бө-лек» ұлттық мемлекетін құру болатын. Мұндай құрылым 1917 жылдың желтоқ-санында Орынборда өткен Бірінші Бүкіл-қазақтардың сиезінде жүзеге асты. Алайда «Алашорда» автономиясы бар-жоғы екі-үш жылдай өмір сүрді [6]. Ке-ңестік тоталитарлық жүйе Алаш қайрат-керлерінің азаттықты аңсаған идеяла-рына жан-жақты қысым жасап, олар-дың өздерін әртүрлі қуғын-сүргінге ұшыратып, қырып-жойды.
Алаш идеяларының өзегі ұлттық мемлекет құру еді. Кешегі патшалық Ре-сейдің отаршылдық саясаты мен кеңес-тік кезеңде мемлекетіміздің толыққан-ды мемлекет ретінде, халқымыздың толыққанды шынайы ұлт есебінде қа-лыптаса алмағандығы және «Алаш» га-зетінің саяси басылым ретінде халыққа толыққанды таралмауы да кеңес үкіме-тінің жүргізген қысым әрекетінен туын-даған болатын.
Сондықтан алдымызда тұрған үл-кен мәселе – «Алаш» газетінің басы-лымдарын тауып, халыққа жеткізу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Шоқан Уәлиханов. Көп томдық шығарма-лар жинағы 4 том. Алматы, 2010 ж.
2. Әлихан Бөкейханов. Шығармалар жинағы 2 том. Алматы, 2004 ж.
3. Ахмет Байтұрсынов. Шығармалар жинағы 2 том. Алматы, 2006 ж.
4. Сүлейменова Д. Д. Алаш қозғалысы және Жаһанша Досмұхамедов. Орал, 2010 ж.
5. Тілешов Е. Қамзабекұлы Д. Алаш қозғалысы. Алматы, 2014 ж.
6. Әнес Ғ. Смағұлова С. Алаш. Алашорда энци-клопедия. Алматы, Арыс баспасы, 2009 ж.