Көктерек музейіндегі көненің көзі

Әңгімемізге арқау болып отырған ХVІІІ ғасырдың туындысы, қазір өте сирек кездесетін ағаш ер қолдан-қол-ға өтіп, музейге жеткен. Қасына келген көрермен таңдайын бір қақпай кет-пейтін бұл жәдігердің ерекшелігі сол – ешқандай шеге қолданбай, ағаш қап-талға таспамен бекітілген. Алдыңғы қасы артқы қасына қарағанда, биік жа-салған. Қастың үстіне қыран құстың бейнесін оюлап салған. Ер қатты емен ағашынан жасалған, жақсы сақталған. Ердің үстіне қойылған барқытпен қап-талған көпшігі, қылдан есілген айылы, таза қайыстан жасалған таралғысы, са-бы еліктің алдыңғы аяғынан сапталған сегіз өрім қамшысы бұл ердің сәнін аша түскен.

Батыс Қазақстан облысы Қазта-лов ауданына қарасты Көктерек ауы-лының музейінде сақтаулы тұрған бұл құнды жәдігердің иесі – ауылдың ар-дақты азаматы, Ұлы Отан соғысының ардагері Рысқали Жамалиев. Ол 1922 жылы туған. 1942 жылы Қызыл Армия қатарына алынған. Сталинград, Австрия жерін жаудан қорғап, соғысты Берлинде аяқтаған Рысқали атамыз 1946 жылы елге аман оралған. Соғыс-тағы ерлігі үшін «Берлинді алғаны үшін», «Ерлігі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін», «Германияны жең-гені үшін», «Праганы азат еткені үшін» медальдарымен, «Үлгілі байланысшы» төсбелгісімен марапатталған. Соғыс-тан кейін Көктерек елді мекенінде есепшілік қызмет атқарған. Жұмыс бабында үнемі салт атпен жүретін ата-мызға «қажетіңе жарат» деп аталған ағаш ерді ағасы Бақыт сыйлаған екен. Соғыс кезіндегі денеге тиген жарақат салдары болар, атамыз 1979 жылы 57 жасында жастай өмірден озды. Ер ке-йіннен баласы Базарбайдың қолынан алынды. Музейге 1991 жылы тапсыр-ды.
Майдангер атамыздың ұрпақтары сыйға берген бұл жәдігер бүгінгі таңда аса сирек кездесетін, құнды да бағалы асыл мұралар қатарын толықтырып, халық игілігі мен ұрпақ тәрбиесі үшін рухани байлықтың көзіне айналуда.

Ақмарал Ибатқызы АДИЕТОВА,
Көктерек тарихи-өлкетану
музейінің экскурсоводы,
Батыс Қазақстан облысы

Қаралым саны 1201

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463