Әсіресе, Елбасы аса назар аударып отырған ел тарихының қатпарлы тұсы – Алаш Орда тарихы мен Алаш зиялыларының ұлт мүддесі жолындағы қызметі – Мәңгілік еліміздің ұлы мұраттары жолында заманның қаталдығына мойынсұнбай қайсарлық көрсеткен, өжеттілігі кейінгі ұрпаққа өнеге боларлықтай қызметі бү-гінгі ғалымдар мен зерттеушілер наза-рында. Ендеше, бүгінгі ұсынылып отыр-ған зерттеу тақырыбымыз – күні бүгінге дейін өзінің тарихи бағасын ала алмай келе жатқан, ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары саяси қуғын-сүргін кезеңінде ең ауыр жазаға кесілген санаулы қазақ қыздарының бірі, Алаш зиялысы Арон Қаратаевтың қызы – Шахзада Шонанова (Қаратаева) туралы болмақ.
Тарихи деректерге сүйенсек, «1921-1954 жылдары Қазақстанда 100 мың-нан астам адам репрессияға ұшырап, 25 мыңнан аса адам ең ауыр жаза – ату жазасына кесілген. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мұрағаты деректері бойынша, Қазақстандағы НКВД қызметі 183 ұйым-ды «әшкерелеп», жалпы саны 3720 «тыңшыны» тапқан» [2, 6 б]. Сол жа-зықсыз жазаланып, атылғандардың ішінде нәзікжанды қазақ аналары мен қыздары да болғаны баршамызға бел-гілі. Бірі «халық жауының жары», бірі – баласы немесе ұрпағы болғаны үшін Сібірдің суығына денесін тоңдырып, Қарағанды даласындағы лагерьде азап шеккендер саны қаншама десеңізші?! 1937-1938 жылдары сталиндік репрес-сияның құрбаны болған, оның қанды қылышына іліккен Шонанова (Қаратае-ва) Шахзада Аронқызының өмірі мен қызметі жөніндегі деректерді жинақ-тап, зерттеу басты мақсатымызға айналды.
Шахзада туралы қандай деректер бар?
Шахзада Шонанова (Қаратаева) туралы негізгі мағлұматтарды іздестіру барысында Қазақстанда сталиндік то-талитарлық жүйенің орнығу тарихы мен оның салдарын зерттеген, ХХ ғасырда-ғы саяси-қоғамдық өмірдің өзекті мә-селелерін еңбектеріне арқау еткен ға-лымдар К. Нұрпейісов [3], Т. Омарбеков [4], М. Қойгелдиев [5] т.б. зерттеу ең-бектері негізге алынды.
Көрнекті тарихшы ғалым, алашта-нушы Кеңес Нұрпейісов Қазақстанда орын алған саяси қуғын-сүргін тарихын бірнеше кезеңге бөлінетінін атап көр-сетеді. «1930 жылдардың бас кезінде істі болып, сот пен жер аудару мерзім-дерін өтеп, елге оралғандары саяси қу-ғын-сүргіннің 4-ші кезеңі болған 1937-1938 жылдардағы үлкен террорда «ха-лық жауы» аталып, мәңгілікке көз жұм-ғанын» жазады [3, 37 б].
ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйе, саяси қуғын-сүргінге ұшыратқан қазақ ұлттық интеллигенциясының есімдері мен ең-бектерін жан-жақты зерттеген ғалым-ның бірі – Талас Омарбеков. Зерттеу еңбектерінде ғалым Алаш зиялылары-ның ұрпақтарының назардан тыс қал-мауы қажеттігін айтып, ол қазақ зиялы-ларының тарихи көзқарастарына бай-ланысты біздің қорытынды пікірлеріміз олардың маңыздылығын ғана емес, өзіндік ерекшеліктерін де, сондай-ақ кейбір шындықтан ауытқуын да көрсе-те алады деген қорытындыға келеді. Автордың «Отан тарихындағы Тәуелсіз Қазақстан ғылымының үлкен табысы – ХХ ғасырдың 20-30-жылдарында сталин-дік тоталитарлық жүйе аяусыз қудала-ған қазақ зиялылары еңбектерінің, не-гізінен алғанда, туған еліне және қазақ халқына қайта оралуы дер едік» - деуі [4, 12 б] Алаш зиялыларын зерттеуге жол ашады. Өз еңбегінде Талас Омарбеков Шахзада Шонанованың (Қаратаеваның) жұбайы Телжан Шонанұлының іргелі еңбектеріне назар аударуды ұсынады.
Тарихшы, алаштанушы Мәмбет Құл-жабайұлы Қойгелдиев ХХ ғасырдың 20-шы және 30-шы жылдарындағы Қазақ-станның қоғамдық-саяси, экономика-лық және әлеуметтік өмірі туралы, сон-дай-ақ осы тарихи кезеңнің халық та-рихында алатын орны жөнінде жаңаша қорытындыға келеді. Ғалымның еңбек-терінде А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов-тармен бірге Б. Қаратаев пен Шахзада-ның әкесі Арон Қаратаев туралы бірқа-тар мағлұмат жинақталған. Сонымен қа-тар аталған жылдардағы қоғамдық-сая-си өмірдің «күнгей» жақтарынан гөрі, әлі күнге дейін оқырман, халық наза-рынан қағыс қалып келген Алаш зиялы-лары мен олардың отбасы, ұрпақтары туралы «көлеңке» тұстарына және осы мәселенің «ақтаңдақтарына» көбірек үңілу керек екеніне тоқталды [5, 184 б].
Сонымен қатар Шахзада Шонанова (Қаратаева) туралы деректер Ә. Тәкенов [6], Д. Сүлейменова [7], Ш. Бегімқұлова-ның [8] зерттеулерінен негізге алынды.
Тарих ғылымдарының докторы, про-фессор Әбу Тәкенов Шахзада Шонанова-ның (Қаратаева) өмір жолын, оның қо-ғамдық көзқарасының қалыптасуын, қызметін, жазықсыз жалалы болғаны жөнінде көптеген мәлімет келтірген. Ол «Жасы 34-ке келсе де, белгілі бір ма-мандық алуға талпынады. Алайда бұл ниетіне де жете алмайды. Жету түгілі, оның өзі де 1937-1938 жылдардағы саяси науқанның құрбаны болып кете барады» деп жазады [6].
Батыс Алашорда тарихын зерттеуші, жерлесіміз Сүлейменова Дәметкен Дос-мұханқызы – Алаш зиялыларының өмір-деректері туралы тарихи маңызды құ-жаттық деректерді берген және өзінің зерттеу еңбектерінде Шахзада Шона-нованың (Қаратаеваның) Қауіпсіздік Комитетіндегі деректерін зерттеген ға-лым. Ол «ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан жеріндегі саяси қозғалыстар, елдегі ахуал, сол кезеңде атқарылған істер отандық тарихта ерекше орын алады. Өткен тарихымызға зер сала қарасақ, Алаш қозғалысының тарихы мен еліміздің бүгінгі тарихи шындығы арасында өзара байланыс пен сабақ-тастықтың өзегі – ұлттық мемлекеттік мәселесі» деп [7, 124 б], сол кезеңнің ахуалын көрсетеді.
Шахзаданың қысқаша болса да, өмір жолы туралы қалам тартқан зерттеуші-журналист Шәрбану Бегімқұлова. Автор сталиндік репрессияның құрбаны бол-ған, оның қанды қылышына іліккен мыңдаған адамдардың бірі Шахзада Шонанова (Қаратаева) екенін атап өтіп, оның ату жазасына кесетіндей нендей қылмысы болғаны жөнінде және жас әйелдің тағдыры неге тым келте үзілге-ні жөнінде зерттеу жүргізеді. Сұраққа жауап іздеу барысында мұрағаттағы сарғайған құжаттарға көп көңіл бөледі. Орталық Мемлекеттік мұрағаттағы құ-жаттарды және Қазақ мемлекеттік уни-верситетінің мұрағаттық құжаттарынан көптеген дерек табады. Шәрбану Бегімқұлова «Шахзаданың адамгерші-лігі мол, кішіпейіл, білгір дәрігер болға-нын көрсетеді. Алайда Шахзада қуғын-сүргіннен құтылмаған екен... 37-нің ой-раны қазақ даласының қаймағын қал-қып, сол кезеңнің ар-ожданы іспеттес зиялыларды жазықсыздан-жазықсыз жапа шектірген еді» - деп қорытынды-лайды [8, 7 б].
Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы энциклопедиялық жинағында Шахзада Аронқызын педагог-әдіскер ретінде келтірген және оның қысқаша өмірбаяны берілген. Энциклопедияда Шахзаданың ауыр тағдыры мен қоғам-дық қызметі де баяндалған [9, 7 б].
Сонымен қатар Шахзада Шонанова (Қаратаева) туралы қысқаша мағлұмат-тар республикалық және облыстық ба-сылымдарда жарық көрген. Зерттеуші, тілші Қарагөз Сімәділ 2013 жылы 8 нау-рызда жарық көрген «Қазақ әдебиеті» газетінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комите-тінің Алматы облысы бойынша Депар-таментінің мұрағатынан, Мұхит Мерәлі атындағы БҚО Қаратөбе аудандық та-рихи-өлкетану музейінен, Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапха-насынан алған мағлұматтарын жинақ-тап, мақала арнаған болатын. Сонымен қатар автор Шахзада Шонанованың (Қаратаеваның) Ұлттық қауіпсіздік ко-митетіндегі іс-құжаты негізінде соңғы түскен фотосуреті мен тұтқындалған кезде өзі қолымен толтырған жеке ан-кетасының көшірмесін жариялаған [2].
Тақырыптың дереккөзі ретінде Шахзада Шонанованың (Қаратаева-ның) дүниеге келген жері мен тәлім-тәрбие алған ортасы, саяси-қоғамдық көзқарасының қалыптасуына ықпал ет-кен факторларды, қоғамның дамуын-дағы қарама-қайшылықтардың сипа-тын анықтауға мүмкіндік беретін зерт-теулер, «Алаш мұрасы» сериясымен жарық көрген еңбектер, яғни «Алаш ақиықтары: мақалалар, деректі құжат-тар, аудармалар» жинағы [10], тағы да басқа ХХ ғасырдың 20-30-жылдарында-ғы тарихқа қатысты мәліметтер кірісті-рілген құжаттар мен материалдар жи-нақтары қарастырылды. Сондай-ақ Ба-тыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатынан Шахзаданың отбасы, әкесі Арон Қаратаев пен оның ағасы Бақыт-жан Қаратаевтар туралы 992 қордың іс-құжаттары пайдаланылды. Деректерді жинақтау барысында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі қо-рынан Шахзаданың анасы Хұсни-Жамал Қаратаева (Нұралыханова) туралы және оның ата-тегі шежіресі туралы мағлұ-маттар табылып, қолданылды. Тақы-рып бойынша Алаш Орда қайраткерле-рі, оның ішінде олардың ұрпағы сана-латын Шахзада туралы кездесетін құ-жаттар, материалдар жинақтары мен іргелі монографияларды саралау арқы-лы жазылған баспасөз басылымдарын-дағы мақалалар да қарастырылды.
Шахзада Шонанованың (Қаратаева-ның) ата шежіресі
Шонанова (Қаратаева) Шахзада Аронқызы 1903 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым (бұрынғы Жымпиты) ауданында дүниеге келген. Кішкента-йынан алғыр, зерек, білімге құмар бо-лып өседі. Оның аташежіресіне назар аударатын болсақ, ата-бабалары ел билеген билеуші, хан, сұлтан болған-дығын көреміз. Арғы атасы Әбілқайыр хан – ірі қолбасшы, Кіші жүз ханы. Со-ғыста батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра бі-луімен даңқы шығып, мұрагерлік жол-мен емес, өз беделімен Кіші жүз ханы болған.
Әбілқайыр хан 1693 жылы Түркіс-танда туған. Әз Жәнібектің бесінші ұр-пағы, Шыңғыс ханнан бастап тарататын болса, ол – хан әулетінің он сегізінші ұр-пағы. Әз Жәнібектен тоғыз ұл тараған, солардың бірі – Өсеке сұлтан, одан Бөлекей ноян, одан Абдолла сұлтан ту-ған. Әбілқайыр осы – Абдолла сұлтанның баласы. Әбілқайыр жастайынан батыл-дығымен танылып, дарынды әскерба-сы және білгір саясаткер болды. Әбіл-қайыр хан дүниеден өткен соң, 1748 жылы Кіші жүздегі хандық таққа оның ұлы Нұралы отырды. Бұл шешімді Ресей патшайымы Елизавета Петровна бекіт-ті. Нұралы патшалық билік тарапынан бекітілген бірінші қазақ ханы еді.
Әбілқайырдың немересі, Нұралы-ның баласы Қаратай сұлтан – Кіші жүз-дің Батыс бөлігінің алғашқы сұлтан әкі-мі. Қаратай Нұралыханұлының XIX ға-сырдың басынан басталатын ұлт-азат-тық күресі – Сырым бастаған қозғалыс-тың заңды жалғасы. Сырымға енген Кі-ші жүз рулары кейін Қаратай сұлтан жа-нынан табылған. Мақсаты қазақ мем-лекеттігін сақтау, елдің, жердің тұтас-тығын бұзбау еді. Оның жолында кезін-де Сырыммен бірге болған би-батыр-лар: Беріш Саржала, Шеркеш Құлмам-бет, Алаша Сопыра, Есенқұл Беріш Шой-тас, көп ұзамай саяси аренаға шыққан Көтібар, Арыстан, Сүйінқара батырлар Қаратайға ашық қолдау көрсеткен. 1771-1826 жылдары өмір сүрген Қазақстан-ның батыс өңірі тарихында ерекше ор-ны бар Қаратай Нұралыұлы да сол дә-уірде қайраткерлік іс-әрекетімен, ел басқарудағы қабілетімен, Ресейдің Қа-зақстанды отарлауына қарсы батыл кү-ресімен көзге түскен азамат. Өз зама-нындағы қоғамдық-саяси белсенділігі арқасында халқына, көршілес елдерге кеңінен танымал. Қаратай сұлтанның ұлы Бейсәліден туған Дәулетжанның шаңырағында дүниеге келген Бақыт-жан Қаратаев және Арон Қаратаев – тікелей ұрпағы.
Белгілі тарих ғылымдарының док-торы Аққали Ахметтің «Қаратай хан» атты еңбегіне назар аударатын болсақ: «Тарихта белгілі болғандай, Қаратай-дың әкесі – Кіші жүз ханы Нұралы Әбіл-қайырұлы. Нұралы хандық таққа 1748 жылы отырып, 38 жыл ел басқарды. Нұралының өз шежіресі қазақ ханды-ғын құрушылардың бірі Жәнібек хан-нан бастау алып, сол замандағы дәстүр бойынша ел билеуге толық құқылы болды. Жәнібек хан 1480 жылға дейін тұтастай Қазақ хандығын басқарды. Барақтан тараған Жәнібек – Көк Орда ханы Өрістің (Орыстың) шөпшегі. Жал-пы Жәнібек немесе Абу Саид жөнінде ХVІI ғасырдағы Әбілғазы да тоқталған. Оның «Шыңғыс хан – Жошы хан – То-қай Темір – Өз Темір – Өз Темір Хожа Бадақұл ұғлан – Орыс хан – Құйыршық хан – Барақ хан – Әбусағит (лақап аты Жәнібек хан). Оның тоғыз ұлы бар еді: Ираншы, Махмұт, Қасымке, Мұхаммед-жан. Шибанимен соғысып, Мұхаммед ханның шәйіт болғандығын айттық. Одан соң Етік, Жаныш, Қапбар, Тыныш, Өсік (Сүйік – А.А.), Жәдік» деп көрсе-теді (332).
Міне, осы Жәнібектен туған Өсік сұлтаннан Қаратай сұлтанның бабала-ры өрбиді. Бірақ олардан XVIII ғасыр-дың басындағы Әбілқайыр ханға дейін бірде-біреуі хандық дәрежеге жеткен емес. Соған қарамастан, олар қазақ хандығының беку, орнығу тағдырына белсене араласты. Зерттеуші И. В. Еро-фееваның анықтауынша, Өсік сұлтан – Бөлекей-Қоян сұлтан – Айшуақ сұлтан – Еріш сұлтан – Қажы сұлтан, одан атақ-ты Әбілқайыр хан (333) туып, әрқайсы-сы мүмкіндігінше қазақ қоғамында түр-ліше деңгейдегі билік атқарған» деп мәлімет келтіреді [12, 140-141 бб.]. Сонда Шонанова (Қаратаева) Шахзада Аронқызының аташежіресі былайша тарайды: Шыңғыс хан – Жошы хан – То-қай Темір – Өз Темір – Өз Темір Хожа Бадақұл ұғлан – Орыс хан – Құйыршық хан – Барақ хан – Әбусағит (лақап аты Жәнібек хан) – Өсік сұлтан – Бөлекей-Қоян сұлтан – Айшуақ сұлтан – Еріш сұл-тан – Қажы сұлтан – Әбілқайыр хан – Нұралы – Қаратай – Бисәлі – Дәулетжан – Арон – Шахзада. (қосымша 1)
Шахзаданың әкесі Арон Қаратаев әйгілі Әбілқайыр хан ұрпағы, төре тұқы-мынан болатын, белгілі қоғам қайрат-кері, Дума депутаты болған заңгер Ба-қытжан Қаратаевтың інісі еді. Бұл жө-нінде дерек Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясында «Қаратай сұлтан әулетінен тараған белгілі саяси, мәде-ниет қайраткерлері көп. Бақытжан Қа-ратаев, Әлікей Бейсалиев, Мұхит Мер-алиев, Қамбар Медетов, Шахзада, Мұхит, Шынтас, Шайхы Қаратаевтар, Лұқпан, Ғұбайдолла Мұхитовтар – Қа-ратайдың тікелей ұрпақтары» деп жа-зылған [10, 353 б]. Қаратай әулетінен бірқатар өнерпаздар да шыққан. Қара-тай сұлтанның Мерәлі деген ұлынан әйгілі әнші-сазгер, ақын Мұхит дүниеге келді. Оның ұрпақтарының да бірқата-ры өнерден өз орындарын алған. Міне, осындай белгілі, текті әулеттен тараған Шахзада Шонанова (Қаратаева) өз қо-ғамының озық ойлы оқыған, зиялы адамы еді.
Шахзаданың анасы Хұсни-Жамал – Жәңгірханның немересі, әкесі – Зұлқай-нар Шөкіұлы. Хұсни-Жамал Зұлқайнар-қызы (Нұралыханова) – өткен ғасырдың аяқ шенінде қазақ қыздарына арнап 1894 жылы Бөкей ордасында мектеп ашқан, талай талантты шәкірттер тәр-биеленген ағартушы ұстаз. Оның өмір жолы әрі тарих, әрі дастан. Қазақтың қайраткер қыздары – Алма Оразбаева, Рәзия Меңдешова, Әмина Сүлейменова осы Хұсни-Жамалдың мектебінен өткен.
Шахзада тәрбиeленген орта
және Алаш зиялыларымен
қарым-қатынас
Шахзаданың Алаш зиялыларымен қарым-қатынасы туралы нақты мағлұ-мат табу қиын. Бұл сол кезеңдегі қуда-лау науқаны кезінде айтуға болмайтын мәселе болғандықтан, өзі де, оның ай-наласындағылар да өзара байланыс жөнінен тіс жармаған болуы керек. Де-генмен бала күнінен Жымпитыдағы олардың, яғни Бақытжан мен Арон Қа-ратаевтардың үйінде бірінен кейін бірі келіп-кетіп жататын талай қазақтың марғасқалары ұлт мәселесі жөнінде көптеген жайттармен басқосулар өткі-зетін. Әкесі Арон Қаратаев пен анасы Хұсни-Жамалдың тәрбиесін алған Шах-зада да ағасымен бірге ұлтжанды, әрі ағарту саласына, қызмет көрсету сала-сына бет бұрған қайраткерлік, күрес жолын таңдады.
Арон Қаратаев Патшалық Ресей тұ-сында білім алып, жоғары қызмет істе-ген зиялы азамат атанды. Орал қаласы-ның полиция бастығы (обер-полицмейс-тер) лауазымына дейін көтерілген. Ескі тәртіптің құлауына байланысты қызмет-тен кетіп, жеке меншік шаруашылығы-мен шұғылданған. Атақты бай және бұ-рынғы патшалықтың қызметкері ретін-де 1928 жылы тәркіленіп, Алматы окру-гінің Ащыбұлақ (қазіргі Алматы қаласы маңы) деген жерге жер аударылған. Ба-тыс Қазақстан облысы мұрағатының №992 қорында «Протокол №7. 26 сен-тябрь 1928. 1. Заседания Комиссии по Уральском Окрисполкоме по проведе-нию декрета КЦИК и СНК о конфиска-ции имущества у крупных баев из ко-ренного казахского население (Хаттама №7. 26 қыркүйек, 1928. 1. ҚОАК мен ХКК-нің қазақ арасындағы ірі байлар-дың мүлкін тәркілеу жөніндегі декретін Орал ократкомында ұйымдастыру бо-йынша Комиссиясының отырысы – ау-дарған Қ.Қ.)
Слушали: Телеграмму из Кзыл-Ор-ды относительно включения в список подлежаещих конфискации и выселе-нию хозяйств, хозяйства Каратаева Ару-на бывшего полицмейстера г. Уральс-кого. (Тыңдалды: Орал қаласының бұ-рынғы полицмейстері Арон Қаратаев-тың шаруашылығын тәркіленуге жата-тын шаруашылық тізіміне енгізіп, өзін жер аудару туралы Қызылордадан кел-ген жеделхат – аударған Қ.Қ.)
Постановили: Принять к руководст-ву. Хозяйство Каратаева Аруна вклю-чить как подходящее выселению, в по-рядке примеч. ІІ к декрету» (Қаулы ете-ді: Басшылыққа алу. Арон Қаратаевтың шаруашылығын декреттің ІІ ескертуіне жатқызып, жер аударылатындардың ті-зіміне қосу. – Қ.Қ.) деп жазылса [15, 24 п], осы қорда «Учет соц. опасного эле-мента Меморандум. На Цар. служаще-не Каратаева Арона. По происхожде-нию казак-киргиз. 56 лет из Султанско-го род да «ТЮРЕ», уроженец быв. №8 аула Каарачагинскойо волости, прожи-вает в № 24 ауле Чалкарского района Уральского Округа. И женат, имеет сред-нее образование. (Патша қызметкері Арон Қаратаевты әлеуметтік қауіпті элемент ретінде есепке алу Меморан-думы. Қырғыз-қазақтан шыққан. 56 жас-та, сұлтан тұқымы, руы – Төре. Бұрын-ғы Қарағаш болысының №8 ауылында туған, Орал округі, Шалқар ауданының №24 ауылында тұрады. Отбасылы, ор-та білімі бар – Қ.Қ.)
До революции, во время Царизма, чтобы имееть члены и отличия совмест-но с Джетписовым Габбасам и др. на-ционалистической интелигенцией при-нимал активное участке в родовой вражде для того, чтобы встать во главе своего рода, положил все свои усилия, чем самым мог захватить должность, сначала писаря Крестьянского Н-ка после, должность Крестьянского На-чальника. Во время Февральской рево-люции Каратаев был Полицеймейсте-рам гор. Уральска. Состая на Царской службе он во время набора джигитев, в 1916 году, во время восстания послед-них он – Каратаев расстреливая вос-ставшых. Во время Октябрьской рево-люции с целью защитить себя от белых и красных, помогал как тем, так и дру-гим. (Төңкеріске дейін, патша билігі ке-зінде Жетпісов Ғаббаспен және басқа ұлтшыл зиялылармен бірігіп, руаралық дау-жанжалдарға белсене қатысқан, өз руына басшылық ету үшін барын сал-ған, сөйтіп, түрлі лауазымдарды иелен-ген, әуелі Шаруа бастығының хатшысы, кейін Шаруа бастығы болған. Ақпан төң-керісі кезінде Қаратаев Орал қаласы-ның полицмейстері болған. Патша қыз-метінде жүріп, 1916 жылы жігіт жинау кезінде көтерілісшілерді атып жазала-ған. Қазан төңкерісі кезінде өзінің қара басын сақтау үшін аққа да, қызылға да көмектесіп жүрген – Қ.Қ.)
После свержения Царизма, когда каз. Интелегенция организовала Казахский Революционный комитет, Каратаев при-нимал горячее участие в организации и был проведен в состав комитета, как ак-тивный казахский работник – интелли-гент и потомок Султанца, но был остра-нен темными казак-киргизами благо-даря вражды с Султанскими родом, так как группа последних составляла мень-шинстве в численным отношении» деп келтірілген [15, 33-34 пп]. (Патша құла-ған соң қазақ зиялылары Қазақ Төңке-ріс комитетін құрған кезде Қаратаев ұйымды құру ісіне белсене араласқан, сөйтіп, белсенді қазақ қызметкері, зия-лы, сұлтан өкілі ретінде комитет құра-мына да кіргізілген. Бірақ қараңғы қыр-ғыз-қазақтар сұлтан тұқымымен арада-ғы бұрынғы дұшпандықты көтеріп, көп-шіліктің басым даусымен сұлтандар биліктен шеттетілді – Қ.Қ.)
Арон Қаратаевтың ағасы Бақытжан Қаратаев ХХ ғасырдың басында ірі қо-ғам қайраткері ретінде танылған. Оның екі баласы Орал реалдық гимназиясын, Орынборда әскери училищесін бітіріп, өзара қарсы екі саяси топта қызмет ете-ді. Мұрат Қаратаев Алаш қозғалысына қатысты. Батыс Алашорда милициясы құрамында шайқасып, Азамат соғысы жылдары қаза табады. Шәміл Қаратаев Кеңестік қазақ қосыны құрамында Батыс Қазақстанды ақтардан азат етуге қатысып, көп жыл Қазақ Ұлттық атты әскер полкінің комиссары болады. 1929 жылы осы ұлттық әскери қосын-ның Қазақстанның ескі астанасынан (Қызылорда) жаңа астанасына (Алматы) дейін жасаған жорығын басқарды. Ке-йін саяси қуғын-сүргіннің құрбаны бо-лады. Арон Қаратевтың інісі Мағзұм Қаратаев Императорлық Санк-Петер-бург университетінің заң факультетін бітіріп, төңкеріске дейін Қазанда, Орал-да құқық жүйесінде қызмет еткен. Ке-ңес дәуірінде ол да қуғын-сүргін құр-баны болады.
Қаратай әулетінен бірқатар өнер-паз да шыққан. Қаратай сұлтанның Мерәлі деген ұлынан әйгілі әнші-саз-гер, ақын Мұхит дүниеге келді. Оның ұрпақтарының да бірқатары өнерден өз орындарын алған. Лұқпан Мұхитов белгілі әнші, домбырашы, ұстаз болған. Ғұбайдолла Мұхитов (1896-1944) саз-гер, әнші, Мұхит әндерін А. Затаевичке алғаш айтып, нотаға түсірткен тілші бол-ған. Ол Батыс Алашорда қайраткері, Алаш әскерінің офицері ретінде саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. Құбыш Мұхитов (1928 ж. дүниеге келген) – күйші, ұстаз, Құрманғазы атындағы ұлттық консер-ваторияның профессоры. Шайхы Қара-таев (1890-1922) әнші, сазгер, күйші бол-ған, атасы Мұхиттың әндерін Ғарифол-ла Құрманғалиевке үйреткен. Қаратай-дың Тілеу деген баласынан тараған ұр-пақтан әнші-сазгер Шынтас Қаратаев (1884-1948), домбырашы, күйші Қамбар Медетов (1901-1938) шыққан. Шынтас – Мұхиттың әндерін сазгердің өзінен үйреніп, ел ішіне таратқан, әйгі-лі «Он алты қыз» әнін шығарған өнер-паз. Міне, осындай белгілі, текті әулет-тен тараған Шахзада Шонанова (Қара-таева) өз қоғамының озық ойлы оқы-ған, зиялы адамы еді.
Шахзаданың анасы – Хұсни-Жамал Зұлқарнайқызы Нұралыханова тарихы-мызға өшпес жұлдыз болып енген, қа-зақ қыздарының арасынан шыққан ал-ғашқы мұғалімдердің бірі болатын. Ол – Жәңгір ханның немересі. 1894 жылы Бөкей Ордасындағы қыздар мектебін ашқан. Хұсни-Жамал Зұлқарнайқызы Нұралыханова туралы алғашқы мәлі-метті журналист Баян Сарсенбина «Қа-ратаевтар қасіреті» атты мақаласында жариялайды. Ол «Хұсни-Жамалдың ал-дынан білім алған шәкірттер қатарын-да қазақтың қайраткер қыздары – Алма Оразбаева, Рәзия Меңдешова, Әмина Мәметова (Мәншүк Мәметованың ана-сы) да бар еді» - деп жазады.
«Мен бастаған ісімді аяқсыз қал-дырмай, қалайда аяқтап шығатындай тиянақты болуды Хұсни-Жамал апай-дан үйрендім. Ол ақылына көркі сай ерекше жаратылған сұлу жан еді. Тал бойында бір міні жоқ, киім-киісі, жүріс-тұрысының өзі үлкен мектеп болатын. Оның көркем жазуға үйреткендегі сүй-ріктей саусақтары, мәнерлеп оқудағы мақпал даусы әлі есімде. Ол бізге жазу мен оқуды ғана үйретіп қойған жоқ, жұрттың алдында өзімізді қалай ұстау-ды, жүріп-тұруды, бой күтуді ерінбей-жалықпай үйрететін. Ән салуға, еуро-паша би билеуге баулитын», - дейді ес-телігінде Әмина Мәметова. 1923 жылы Хұсни-Жамал Орынборда Алма Ораз-баевамен кездескенде, шәкіртінің ел-жұртының жоғын жоқтайтын қайрат-кер болып жетілгеніне қуанып, «еңбе-гім еш кетпеген екен» деп мәз болған» .
Хұсни-Жамалдың тағдыры не бол-ды? Шахзада мен күйеуі Телжан Шонанов Оқу комиссары Темірбек Жүргенов басқарған диверсиялық топ-тың құрамында ҚазМУ ғимаратын өр-темек болды деп ұсталғанда қартайған Хұсни-Жамал Алматыда көшеде қаңғып қалды. Телжан мен Шахзада түрмеде, дүние-мүлкі, үйі тәркіленген. «Жалғыз қыздан бір айырылып, ішерге тамақ таппай хұббиім қатты қиналды-ау», - деп Зияда Мағзомқызы Қаратаева ке-йіннен талай көзіне жас алды. Бақыт-жан Қаратаевтың немере қарындасы Зияда апай Алматыда киім тігіп, нанын әзер тапты. Сондай ауыр күндерде Хұс-ни-Жамал кешқұрым уақытта Зияда туысының паналап отырған қуықтай үйіне қаңғалақтап келетін. Қартайған Хұсни-Жамал көзге түрткі. Таныстар сырт айналып кетті. Жәңгір ханның ақ-сүйектік тәрбиесін көрген, Астрахань губернаторымен тартысып-таласа жү-ріп Бөкей Ордасында қазақ қыздары үшін мектеп ашқан Хұсни-Жамал... Елеусін Бұйрин, Ғұмар Қараш, Бақыт-жан Қаратаев шығарған «Қазақстан» газетін қолжазба күйінде Оралдан жа-сырып алып келіп, Астраханьда тұра-тын туған ағасы Сейіткерейдің үйіне тығып, баспаханадан газет бастырып жүрген Хұсни-Жамал... Сейіткерей – Астраханьдағы дәулетті жандармерия-ның батылы бармаса керек. Дегенмен Хұсни-Жамалдың соңына Астрахань мен Орынбор жандармериясы құпия аңду қойды.
Шахзададай қайратты да білімді қыздың анасы Хұсни-Жамал көшеде қаңғып қалып, 1945 жылы Алматыда көз жұмды. Аштан өлді деген де сөз бар. Оралда да қуғын-сүргінге ұшырап жатқан төрелеріне кете алмай, Алма-тыны қимай жүргені, бәлкім Шахзада-сынан бір хабар болып қалар деген ана көкірегінің үміті болар» деп [16], ана-ның қызына деген махаббатын осылай-ша бейнелейді. Анасы мен қызын бө-ліп жара алмаймыз, екеуінің де тағды-ры бір-біріне өте ұқсас. Бірі – хандық билік құртылған заманның куәгері, екіншісі – кеңес өкіметінде қарапайым адами мақсатын жүзеге асыра алмай, бір жағынан, саяси жүйенің, екінші жа-ғынан, интригалардың құрбаны болған.
Алаш қайраткерлерін айтқан кезде, Шахзада Шонанованың (Қаратаеваның) жолдасы Телжан Шонанұлының да өзіндік орны ерекше. Ол – алаштану-шы, тіл білімі саласын ұйымдастыру-шы, ғалым. 1894 жылы Торғай облысы Ырғыз уезі Аманкөл болысы (қазіргі Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы) №4 ауылда туған. 1908-1912 жылдарда Ырғыздағы орыс-қазақ училищесінде, одан кейін 1912-1916 жылдары Орын-бордағы мұғалімдер институтында оқыды. Орынборда оқыған кезінде қа-зақ жастарының «Игілік» ұйымын құру-ға белсене араласып, «Қазақ» газетіне халық ағарту мәселелері бойынша ма-қалалар жариялап тұрды.
1916-1921 жылдарда Ырғыз уезін-де мұғалім болды. Ал 1922 жылы Орынборда Халық ағарту комиссариа-ты жанындағы Академиялық орталық-қа қызметке қабылданып, сонда 1926 жылға дейін оқыту-білім беру істерін жетілдіру, дамытумен тікелей шұғыл-данды. Осы игі істерді бастаушы Тел-жан Шонанов Қазақ білімпаздарының 1924 жылы 12-18 маусымда өткен тұң-ғыш сиезіне, одан кейін сол жылы Қа-зақ АКСР-ы ғылым саласы қызметкерле-рінің съезіне делегат болып қатысты. Осы тұста ол емлеге, тіл дамытуға, қа-зақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты көптеген еңбектер мен хрестоматиялар жариялады. Соның ішінде әдістемеге қатысты «Жаңалыққа жетекші», «Диа-граммалар, графиктер қандай болады», «Орыстарға қазақ тілін үйрету әдісі жа-йында», «Ересектерді сауаттандыру әдісі», «Дауыстап оқытудың әдісі» сын-ды кітаптары жарыққа шықты. Телжан Шонанов мектепте дауыстап оқыту әді-сін ерекше насихаттады. Оның пікірін-ше, дауыстап оқығанда оқуды қабыл-дауға көз, ауыз, құлақ — үш мүше бір-дей еркін, тең қатысады да, қабылдау-дың күшеюіне, оқуды сіңіріп-игеруге игі ықпал етеді. Дауыстап оқытқанда оқушы еркін, екпінді, айқын, анық сөй-леуге дағдыланады, әсерлі, өткір сөй-леуге — шешендікке (ораторлыққа) жаттығады, даусы да нәзік, болбыр болмай, мәнерлі, ұнамды қалыптаса-ды. Ол дауыстап оқыту, әсіресе, баста-уыш мектептегі жас балаларға тиімді деп есептеді. Телжан Шонанов «Қазақ өлкесін зерттеу қоғамына» 1923 жыл-дың 15 сәуірінде мүшелікке қабылдан-ған. 1926-1928 жылдарда ол осы қо-ғамның тарих-этнография секциясы-ның төрағасы және Қызылордада Қа-зақ Халық ағарту институтында оқыту-шы болған. Көрнекті тарихшы Кеңес Нұрпейісов «Тарихи тұлғалар» еңбегін-де «Қазақтың ұлтжанды зиялы қауым өкілдері 20-жылдары күшейе бастаған тоталитарлық билікке қарсы ұғым мен мәдениет саласында қарсылық қозға-лысын ұйымдастырды, ұлттық рухты көтеруге қызмет етеді деген оймен ар-ғы-бергі тарихымыздағы ұлт-азаттық қозғалыстар туралы, олардың белгілі тұлғалары жөнінде, осымен мазмұндас ауыз әдебиеті үлгілері хақында шығар-малар жарияланды. Бұл ретте комму-нистік идеология қалыбына сыймайтын 20-жылдары жарық көрген Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың, К. Кемеңгеровтың, Ж. Аймауытовтың, Х. Досмұхамедов-тың, Т. Шонановтың, М. Әуезовтың,
С. Сәдуақосовтың, Т. Рысқұловтың, 30-жылдары басылып шыққан С. Асфен-дияровтың, М. Тынышбаевтың, шет ел-дерде жарияланған Мұстафа Шоқай-дың т.б. тарихи және әдеби еңбекте-рін атасақ та жеткілікті. Қазақ зиялыла-рының жоғарыда есімдері аталғандар-дың барлығы «социалистік қоғамға жат және жау элементтер» ретінде 20-30-жылдарда мемлекеттік тұрғыдан ұйым-дастырылып, жүзеге асырылған саяси қуғын-сүргіннің құрбандары болды» деген ойларын ашық білдіре алуы, қазақ зиялыларының жазықсыз әрі негізсіз айыпталуына қарсы шығуынан Телжан Шонанұлының ұлтына деген, еліне деген адал қызметін байқаймыз [3, 236 б].
Шахзада Шонанова (Қаратаева) ХХ ғасырдың басындағы көзі ашық санау-лы қазақ қыздарының бірі болған еді. 1920 жылы Орта Азия мемлекеттік уни-верситетінің медицина факультетіне оқуға түседі.
Бірақ шыққан тегі, әкесі үстем тап өкілі болғандықтан, қудаланып, біреу-лердің көрсетуімен 2-курста оқудан шығарылды. Деректер бойынша, оған алашордашылармен байланысты бол-ғаны үшін айып тағылған. Қалай бол-ғанда да Шахзада Қаратаеваның тәр-биеленген ортасының өзі Алаш зиялы-ларының ордасы болатын.
«Ұлт мүддесін тоғыстырған
тұлғалар»
Шахзада Қаратаева 1922-1926 жыл-дарда Орал губерниялық атқару коми-тетінде іс жүргізуші болып істейді. Оның қызмет еткені жөніндегі мәліметтер Батыс Қазақстан облыстық мұрағатын-да сақтаулы. Дәлірек айтатын болсақ, «№37 бұйрықта 1922 жылдың 3 ақпа-нынан бастап Басқару губерниясы Шах-зада Қаратаеваны іс-жүргізуші лауазы-мына алған» [17, 12 б]. Одан өзге Губо-туправаның бұйрығында «1922 жылы 18 сәуірден бастап 1 ай мерзімдегі де-малысында көктемгі егістік жұмыста-рына шыққан. Губерниялық атқару ко-митетінің хатшысы Қаратаеваға посев-компаниямен (егіс науқаны – Қ.Қ.) бай-ланысты 1 айлық демалысқа рұқсат бе-рілген. Шахзада Қаратаеваның орнына уақытша хатшылық қызметке Карыкин тағайындалған» [17, 43 б] деген мәлі-меттер бар.
Аз уақыт Сырдария губерниялық партия комитетінде нұсқаушы қызме-тін атқарды. 1926 жылдан бастап КСРО ағартушы қызметкерлер одағының мү-шесі, 1928-1930 жылдарда Қызылорда-да Халық ағарту комиссариатының мек-тепке дейінгі балалар тәрбиесі бөлімі-нің нұсқаушысы болып орналасады. Алайда Шахзаданың есіл-дерті оқуын жалғастыру еді. Осы мақсатпен 1931 жылы Алматыға қоныс аударып, Алма-ты медицина институтына оқуға түседі. Бірақ мұнда да «әлеуметтік тегі» бо-йынша бақылауға алынып, институт Шахзаданы «қоғам жұмыстарында тек-серуге» міндеттелді. Осыған сәйкес Шахзада 1932 жылдың 12 наурызынан 11 сәуірге дейін ең қауіпті ауру – бөрт-пе сүзек індеті жайлаған Прибайкал-стройдың Спасск деген жеріне жіберіл-ді. Сол жердегі жұмыс орнынан инсти-тутқа ол жөнінде: «Жолдас Шонанова өзін қайратты, іскер қызметкер ретінде көрсетті... Қоғам жұмыстарына қатыс-ты... Санитарлық шаруаларды жүргізу-ші ретінде Шонанова ең сенімді қыз-меткер болды» деген мінездеме жібе-рілді. Осындай үлгілі мінездемеге қа-рамастан, Шахзада тағы да 2-курста «әлеуметтік тегіне байланысты» оқу-дан шығарылды.
Бұл туралы зерттеулер мен мұрағат құжаттарына сүйенетін болсақ, Қазақ мемлекеттік университетінің архивін-дегі құжаттар, негізінен, төрт парақ қа-ғаз ғана. Бұл құжаттар 1936 жылы 8 қаңтардан басталып, 5 қыркүйекпен аяқталады. Соның ішінде Шахзаданың 1917 жылы оқуда болғаны және Қазан төңкерісінен кейін қандай қызметтер атқарғаны жайлы анкета толтырылған. 1922 жылдан бастап, бас-аяғы 9 жыл-дай ішінара кеңес мекемелерінде қыз-мет атқарған. Құжаттағы мәліметтерге сүйенсек, Шахзада 1926 жылдан бас-тап КСРО-ның ағартушы қызметкерлер одағының мүшесі болған екен. Алайда Шахзада Шонанованың (Қаратаева) өмір жолын қырсық кес-кестей берген сияқты. Шахзада, ең алдымен, Орта Азия Мемлекеттік университетінің медици-на факультетіне оқуға түседі. Алайда бұл оқуды Шахзаданың аяқтауына мүмкіндік бермей, «әлеуметтік тегіне байланысты 2-курстан шығарып жібе-рілгенін растайды.
Одан кейін Шахзада Алматы меди-циналық институтына оқуға түсіп, ол жерден де 2-курсқа келгенде шығары-лады (ҚазМУ-дың қоры, тізбе-1, 6897-іс, 2-бет). Бірақ Шахзада өжет мінез та-нытады. Өзінің жазықсыз екенін айтып, одан әрі ізденеді. Оқудан шығарылған-дардың арыздарын қарайтын халық ағарту комиссариатының шағым ко-миссиясы 1931 жылы қазан айының 25-і күні мәжіліс өткізеді» деп келті-ріледі [8, 7 б.].
Шахзаданың өмір жолы туралы қа-лам тартқан белгілі ғалым, т.ғ.д., про-фессор Әбу Тәкенов «Шахзада тағдыр-дың тәлкегімен екі рет тұрмыс құрды. Алғашқы жолдасы мемлекет қайрат-кері Ыдырыс Мұстамбаев болды» деп жазады [6, 15-17 бб.]. Рухы биік, өресі кең, ұлттық мүдде жолындағы саяси күресі мен қазақ әдебиетін әртүрлі бұ-ратартушылықтардан қорғау жолында-ғы рухани күрестің алғы шебінде жүр-ген тұлғалардың бірі Ыдырыс Мұстам-баев болатын. Ыдырыс Мұстамбаев-тың өмір тарихына тоқталған Досалы Салқынбек «Ұлт мүддесін тоғыстырған тұлғалар» атты мақаласында: «Оның Әбілқайыр ханның шөбересі, Петер-бург университетінің заң факультетін бітірген көрнекті заңгер, мемлекет және қоғам қайраткері, ІІ Мемлекеттік Дума-ға депутат болып сайланған Бақытжан Қаратаевпен және хан әулетінен шық-қан Қаратаевтар жанұясымен сыйлас-тық әрі туыстық қарым-қатынасын айт-пай кету мүмкін емес. Ыдырыс Мұстам-баев 1921 жылдың қыркүйек айынан 1923 жылдың қараша айы аралығында Орал губерниясының прокуроры бо-лып қызмет істеген жылдары Бақыт-жан Қаратаев және оның інісі белгілі заңгер Арон Қаратаевпен жақын таны-сып, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Заңгерлік білімі жоқ Ыдырыс Мұстамбаевқа заңгерлер Бақытжан және Арон Қаратаевтар көп көмегін ти-гізеді. Ыдырыс Мұстамбаев ағайынды заңгерлерден өзіне қажетті ақыл-кеңес ала отырып, өзінің заң саласындағы білімін шыңдаған. Бұл ұлтжанды қай-раткерлерді ұлт мүддесі жолындағы асыл армандар мен идеялық мүдде-лестік тез табыстырған еді. Осы таныс-тық, тығыз қарым-қатынастың, сыйлас-тықтың арты туыстыққа ұласып, Ыдырыс Мұстамбаев Арон Қаратаев-тың қызы Шахзада Қаратаеваға үйле-неді. Ыдырыс Мұстамбаевтың Орал губерниясындағы қызметтік кезеңінде Шахзада Аронқызы да Орал губерния-лық атқару комитетінде іс жүргізуші бо-лып істеген болатын. Екі жастың ата-анасының бата беруімен шаңырақ құ-руы 1922 жылы болды дейміз. Өйткені Ыдырыс Мұстамбаев 1921 жылы тол-тырған жеке тіркеу кәртішкесіндегі «от-басылық жағдайы» деген сұраққа «бойдақпын» деп жазған еді. Ыдырыс Мұстамбаев пен Шахзада Аронқызы-ның шаңырақ көтерген кезінде кеңес-тік құрылыстың басты идеологиясы «тап жауларына» қарсы күресті күшей-ту ұраны күшіне еніп, оларға қарсы ша-ралардың белең алып тұрған кезі бол-ды. Бірі – кеңестік органның жауапты қызметкері, екіншісі – кешегі хан әулеті-нен шыққан «тап жауының» қызы. Мі-не, осы ілікті «ұтымды пайдаланған» Ыдырыс Мұстамбаевтың қарсыластары өзі партия мүшесі, жауапты кеңестік қызметте, заңдық талаптардың орын-далуын қадағалайтын органда жұмыс істей отырып, «байшылдықпен байла-нысты», «тап жауымен туыстасты» де-ген сықылды айыптауларды оған қар-ша боратып, өлкелік комитетке оның үстінен үсті-үстіне арыздар жазумен болды. Ыдырыс Мұстамбаевтың Орал губерниясынан Ақмола губерниясына ауыстырылуының астарында тікелей оның Қаратаевтармен қарым-қатынас-та және туыстықта болуы жатты. Мәсе-лен, 1924 жылы қыркүйек айында өл-кекомның жауапты хатшысы атынан берілген құпия ресми хатта былай де-лінген болатын: «Петропавл қаласы (Ақмола губерниясы) губерния проку-роры жолдас Мұстамбаевқа, көшірмесі Ақмола губкомының хатшысына. В от-вет на заявление т. Мустамбаева от 25 августа с г. настоящим разъесняется, что переброска т. Мустамбаева из Ураль-ской губ. была обусловлена фактом род-ства Мустамбаева с гр. Каратаевым, бывш. Видным царским чиновником коковое родство, поскольку гр. Каратаев проживал в той же губернии, в том же городе, что и т. Мустамбаев, несомнен-но компроментировала последнего и давал повод для разного рода слухов и обвинений» (Қазақстан Республикасы президентінің мұрағаты, 141-қ, т-16, іс-2342. П.84)» деп, көптеген мәлімет кел-тірген [18]. (Осы жылдың 25-тамызын-да жазылған ж. Мұстамбаевтың шағы-мына жауап ретінде мынаны мәлім-дейміз: ж. Мұстамбаевтың Орал губер-ниясынан ауыстырылу себебі – оның бұрынғы биік лауазымды патша қыз-меткері аз. Қаратаевпен туысқан бол-ғандығы. Өйткені аз. Қаратаев ж. Мұс-тамбаев тұратын губернияда, бір қала-да тұрып, оның беделіне нұқсан келтір-ді, өсек-аяң шығуына себеп болды – Қ.Қ.)
Ыдырыс Мұстамбаев Ақмола губер-ниясының прокуроры болып істеп жүр-ген кезінде «тап жауларымен» туысты-ғы бар» деген оңды-солды қыр соңынан қалмай қойған айыпталулардан кейін Шахзада Аронқызымен ажырасуға мәж-бүр болған. Кейін 1931 жылы Шахзада Алматыда бірге жұмыстас болған әрі от-басының досы, энциклопедист-ғалым Телжан Шонановпен бас қосады. Осы кезеңде Телжан Шонанов Қазақ педа-гогикалық институтында доцент болып жұмыс істейді. Шахзада Шонанова 1933-36 жылдарда педагогикалық ғылыми-зерттеу институтында, Халық ағарту ко-миссиаратында, ұлттық мәдениетті ғы-лыми-зерттеу институтында кіші қызмет-кер сияқты түрлі қызмет атқарды. Жас қызметкердің тынымсыз әрі табанды ізденісін байқаған Халық ағарту комис-сары Жүргеновтің шақыруымен ол бас-тауыш және орта мектеп бөлімінде ға-лым, хатшы, кейін әдіскер кеңесші бо-лып қызмет істейді. Бірақ 1936 жыл-дың басында бұл қызметтен де боса-тылды. Шахзада сонда да мойымады. 1936 жылы жасы 33-ке келсе де, белгілі бір мамандық алуға талпынған жас қай-раткер Шахзада Шонанова (Қаратаева) ҚазМУ-дың биология факультетінің 2-ші курсында оқуға мүмкіндік алды. Бірақ бұл жолы да оқу еріксіз үзілді. 1937 жы-лы 19 шілдеде жұбайы Телжан Шонанов «халық жауы» деген жаламен тұтқын-далды. Артынша Шахзада да тұтқынға алынады.
Жазықсыз жабылған жала және Шахзада Шонанованың (Қаратаева-ның) қиылған ғұмыры
19 жасынан қызметке кірісіп, мәде-ни-ағарту саласында көптеген іске ұйыт-қы болған, халыққа адал қызмет етуді армандаған, саяси қудалауларға мойы-маған Шахзада Шонанова не бары 34 жыл өмір сүріп, сұрқия саясат құрбаны болды. Осы кезеңде ел арасында 1937 жылы жаппай айыптауда азаматтар бі-рінің үстінен бірі арыз жазып, өзін-өзі қыруға себепші болды деген пікірлер бар. Өздеріне қажетті адамдардың үс-тінен іс қозғауға негіз болатын әңгімені НКВД-ның өзі ұйымдастырғаны да бұл күнде ешкімге жаңалық емес. Ойлап қарасақ, неміс, жапон империалистері-мен қазақты ауыз жаласты деп айту-дың өзі де ақылға сыймайды. Осы күн-дері архив құжаттары беттерін ақтарып отырсақ, небір заңсыздықты, жалақор-лықтың тәсілдерін қолданғанын көре-міз. Осындай негізде Шахзаданы айып-тау НКВД үшін аса қажет болған сияқ-ты. Өйткені онсыз жоғары оқу орында-рында ұлтшылдық ұйымдардың әреке-тіне қалай сендіруге болады. Ал Шахза-да қай жағынан алса да, ыңғайлы бо-лып шықты. Шыққан тегі де, күйеуінің «халық жауы» ретінде тұтқынға алы-нуы, сауатты болуы, көптеген Алаштық зиялы азаматтармен араласуы – бәрі де бұлтартпас айғақ ретінде ойластырыл-ған. Мысалы, 1938 жылдың 6 қаңтарын-дағы хаттамада Шахзада өзін антисо-веттік ұйымға 1926 жылы Ыдырыс Мұс-тамбаев тартты деп «мойындаған», 13 қаңтардағы жауабында «ҚазМУ-да оқыған кезде мен студент жастар ара-сында күнбе-күн антисоветтік, ұлтшыл-дық насихат жүргіздім. Контрреволю-цияшыл, буржуазияшыл, ұлтшылдық идеясын кеңінен тарттым» деген сөз-дер жазылған.
Сонымен қатар НКВД жендеттері 1936 жылы 20 қазанда Қазақ Мемле-кеттік университетінде (қазіргі Әл-Фа-раби атындағы ҚҰУ – автор) болған өрт-ті де Шахзаданың мойнына артқан. 1936 жылғы 21 қазандағы жасалған актіде көзімен көрген куәгерлердің мәлімде-месінде өрт Совет көшесі, 9-ші үйде (қазіргі Достық көшесі бұрышы) анато-мия кабинетінде болған. НКВД актісін-де әдейі өртелген десе, НКВД-ның рес-публикалық басшысы Лев Борисович Залинге көргендер оны абайсызда бол-ған жайт деп жауап берген. Соған қара-мастан, 1938 жылдың қаңтарында өртті әдейі ұйымдастырған деген жаламен Шахзада Шонанова (Қаратаева) мен оның «сыбайластары» тұтқындалады. Сөйтіп, бұл іс бойынша адамдардан жауап алынады. Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің №06007 Ш. Шонанова ісін-де Шахзаданың 1938 жылы 17 қаңтар-дағы жауабында «1936 жылы күзде ҚазМУ-ды өз қолыммен өртедім, со-ның нәтижесінде университет үйінің негізгі бөлігі жанып кетті» деп қол қой-ған. Куәгерлердің жауабын ескеретін болсақ, «өрт лезде басылып, іле-шала сөндірілген. Аса көп залал болмаған, анатомия бөлмесіндегі кітаптар, құрал-жабдықтар далаға шығарылған» деп көрсетілген. Жазықсыз жалалы болған Шахзада Шонанова (Қаратаева) «өкі-метке қарсы қылмысы үшін» ату жа-засына кесіліп, 1938 жылы 9 наурызда жұбайы Телжан Шонановтан он күннен кейін Алматы түрмесінде атылған. Оған тағылған айып «1926 жылдан буржуа-зияшыл-ұлтшыл, төңкерістік бағыттағы ұйымда болған, Кеңес өкіметінде төң-керіс жасап, Қазақстанды Кеңестер Одағынан аластатуды көздеген, Жапо-нияның басшылығында қазақтың бур-жуазиялық мемлекетін орнатпақшы тер-рористік, диверсантты-зиянкестік ұйым-ның басшылары Сәдуақасов, Жүргенов-пен байланыста болған. 1936 жылы ҚазМУ ғимаратын әдейі өртеген» деген кінә тағылған. Сондықтан ең жоғарғы ату жазасына кесілген. (ҰҚК архиві, №06007 іс, 1938 жылдың 9 наурызындағы жабық сот отырысының үкімі. Төраға А. Д. Го-рячев, мүшелері Г. А. Алексеев, А. И. Мик-ляев. Хатшы, ІІІ дәрежелі заңгер Н. И. Шпош-ников). Үкім сол күні орындалған.
Бүгінгі таңда Шахзада Шонанова жө-ніндегі тарихи құжаттар мен фотоларды өлкетанушы Жайсаң Ақбай, тарихшы Дәметкен Сүлейменова, Батыс Қазақстан облыстық мұрағат қызметкері Меңсұлу Калимуллина, ақын Ақұштап Бақтыге-реева өскелең жастарға насихаттап жүр. Бұл жөнінде Орал қаласындағы жоғар-ғы санатты тарих пәнінің мұғалімі Нұрия Жекекқызының «DANAkaz» журналын-да шыққан «Отыз бесінде атылған ару» мақаласында (№2-3(13) 2014 жыл): «Шахзада туралы алғаш зерттеген – Ба-тыс Қазақстан гуманитарлық академия-сының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Сүлейменова Даметкен Досмұханқызы. Ол Алматыдағы мем-лекеттік архивтен №06007 істің №1 то-мын тауып, 1938 жылы 5 қаңтар күні тұтқынға алынған Шонанованың өз қо-лымен толтырған «Тұтқындалушының анкетасымен» танысқан. Онда Шонанов-тар отбасының Алматы қаласында Кра-син көшесі, 51-үйде тұрғанын, Шахзада-ның әлеуметтік тегі – бай-полуфеодал деп көрсетілгенін анықтаған. Шахзада Шонановаға сол кездегі Қылмыстық Кодекстің 58-бабы бойынша «антисо-веттік ұлтшылдық ұйымдармен байла-ныста болды, ұлтшылдық жұмыстарды белсенді жүргізді» деген айып тағыл-ған екен» деп көрсетеді [19, 45 б].
Шахзада Аронқызы Қаратаева 1958 жылы «қылмыс құрамының жоқтығы-на» байланысты ақталған. Бұған қатыс-ты құжаттар БҚО Мұхит Мерәлі атын-дағы Қаратөбе аудандық тарихи-өлке-тану музейі қорында да сақталған. 1938 жылдың 9 наурызында «халық жауларының әйелдерінің» ішінде тек қана жалғыз Шахзада атылған. НКВД-ның бұл «таңдауы» тегінен-тегін болма-са керек... (мәселе оның шыққан тегін-де – Қаратай сұлтан т.б. болса керек).
Енді Шахзада өмірінің соңғы сәт-теріне байланысты бір дерек. Қазақ-стан тарихи-ағарту «Әділет» қоғамы-ның төрағасы Санжар Жандосов пен атқарушы директоры Сәуле Айтмәм-бетова-Сүгірова ҰҚК-ның көмегімен 1937-38 жылдары «халық жауларын» кімдер атқанын, қайда көмгенін іздес-тірген. Қорытындысында Сәуле Айт-мәмбетова-Сүгірова «Эпоха» газетінің 2006 жылғы 40-санында мынадай де-рек жариялады: «…сол қантөгістің тірі куәсі табылды… Бұрынғы кісі өлтіруші-нің айтуынша, «халық жауларын» түн ішінде НКВД ғимаратының терең қа-зылған жертөлелеріне апарып, сол жерде атқан».
«Халық жауларын» үш сағат бойы атып, содан соң мүрделерін жабық әс-кери машиналарға тиеп, Әлі ауылына апарған. Бұл 1932 жылдың ашаршы-лығында барлық тұрғыны қырылып, қаңырап қалған ауыл еді. Балшықтан соғылған үйлердің орындарында жар-тылай құлаған қабырғалар ғана сора-йып тұр. Міне, сол қабырғалар арасын-да солдаттар күндіз шұңқырлар қаза-тын да, ал түнде ол шұңқырларға атыл-ған адамдардың мүрделері тасталған. Қаңырап тұрған бұл ауыл жанында жа-ңа ауыл да бар еді. Оның тұрғындары-на көне ауылға жақындамау жөнінде бұйрық берілді. Бұл бұйрық «көне ауылға аса қауіпті індеттен өлген жыл-қылар көміліп жатыр» деп түсіндіріл-ген».
«1937-1938 жылдары атылған адам-дар тізімін қолымызға алғанда біз НКВД «машинасының» демалыс, мейрам де-генді білмей, күндіз-түні жұмыс істеге-нін ұқтық, - деп жазады Сәуле Рақым-қызы. — Әр күні 40-50 адам атылған. Олардың бәрі де НКВД ғимаратының жертөлесінде атылған».
Осы қантөгіске қатысқан жендеттің айтуынша, «машинадан шұңқырға мүр-делерді лақтыра бастағанда кенеттен олардың бірі тіріліп, айдалаға қаша жө-неліпті. Бұл әйел адам еді. Жендеттер-дің бірі оны сол арада атып құлатқан. (Тізімде жалғыз ғана әйел адам болған-дықтан, бұл жерде әңгіме ҚазМУ сту-денті Шахзада Шонанова жөнінде деп жорамалдаймыз.) Осы оқиғадан кейін машинаға саларда атылғандардың ая-ғының сіңірін қиып жіберетін болған» [2, 6]. Бұл дерек арқылы біз Шахзада-ның қазақтың ерекше қайратты қызы екенін және өмірінің соңғы сәтіне де-йін қайратынан таймағанын көреміз. Телжан Шонанов пен Шахзада Аронқы-зы Қаратаеваның артында ұрпақтары қалмаған. Тек бауырына басқан ұлда-ры – Жақыптың есімі ғана аталады. Жа-қып сол жылдарда Донбаста, Сталино қаласында индустриялдық құрылыс институтының студенті екен. Сол Жақып-тың кейінгі тағдыры туралы мағлұмат, өкінішке орай, табылмаған.
Бүгінгі күні осы Қаратаевтар әуле-тінің нәзік жанды өкілі, бірақ бойында тектілік пен ұлтшылдық тұнған, дәрі-гер, ұстаз, қоғам қайраткері Шахзада Аронқызы Қаратаеваның құрметіне өзі-нің туған елі Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы М. Өтемісов атын-дағы БҚМУ-дың №5 оқу ғимаратында мемориалдық ескерткіш тақтайша ор-натылған. Тағы да айта кетерлік жайт – «Қазақстан РТРК» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының қызметкері, белгілі журналист Гүлмира Тілеубаева дайындаған «Аяздағы ақ шуақ» фильмі осы Шахзада апамыздың тағдырына арналған. Тарих ғылымдарының докто-ры Мұқтар Қапизұлы Әбілсейіт «Тарих айдынындағы тұлғалар» атты еңбегін-де «Тұлғалар тарихын толыққанды зерттеу, олардың өмірлік тәлім-тәрбие-сін, тәжірибесін алу, жүріп өткен жол-дарындағы еліне деген патриоттық сү-йіспеншілігін сезіну бүгінгі күннің басты мақсаты екендігін баса айтқым келеді. Ал оны ұдайы іс жүзінде асыруда тарих-шыларға жүктелер салмақ ерекше» деп жазғанындай [20, 18 б], халқының ұлы-лығы мен батырлығын ардақтаған ар-дақты анамыз Қаратаева Шахзада Арон-қызын болашақ тарихшы ретінде тере-ңірек зерттеп, кеңінен насихаттауымыз қажет деп ойлаймыз.
Қорытынды
Сонымен, мақаламызды қорытын-дылай келе, қазақ халқының тарихын-да Шахзада Шонанованың өзіндік ор-ны, оның еңбегіне берілер баға қандай дейтін болсақ, сөздің түйіні:
Біріншіден, Шахзада Шонанова (Қа-ратаева) – Қазақстан, тіпті Ресей тарихын-да өзіндік із қалдырған саясаткерлер, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрес-кен Қаратай сұлтанның әулетінен ХХ ға-сырдың зиялы қауымы ішінде марғас-қалары, асылдың тұяғы – Бақытжан және Арон Қаратаевтардың ұрпағы;
Екіншіден, қазақ елінде алғашқы классикалық оқу жүйесінің негізі салын-ған қазақ мектебін бірінші болып Бөкей Ордасында Жәңгір хан ашса, сол мектептің білімімен сусындап, әрі қа-рай қазақ қыздарын оқытуға, әйел ба-лаларға білім беруге арналған алғашқы мектепті ашқан және қазақ арасында-ғы алғашқы әйел-ұстаз атанған – Жәңгір ханның бел ұрпағы Жәңгірханқызы Хұсни-Жамал мен Арон Қаратаевтың туған қызы осы Шахзада Шонaнова (Қаратаева), сонымен қатар Алаш қай-раткерлері Елеусін Бұйрин, Ғұмар Қараш, Бақытжан Қаратаевтар шығарған «Қа-зақстан» газетін қолжазба күйінде Орал-дан жасырын алып шығып, Астрахань-да тұратын туған ағасы Сейіткерейдің үйіне тығып, баспаханадан газетті бас-тырып жүрген Хұсни-Жамалдың қызы ретінде де назар аударарлық тұлға;
Үшіншіден, Шахзада Шонанова (Қа-ратаева) ХХ ғасырдың басында Қазақ-стан жерінде саяси қозғалыстар мен алмағайып кезеңде қазақ зиялылары-мен тығыз қарым-қатынас жасай оты-рып, адамгершілік қасиеті, кішіпейілді-лігімен және тамаша дәрігерлік білікті-лігін көрсетіп, алғашқы дәрігер қыздар-дың санатында болып, ұлт мүддесі үшін қызмет жасады;
Төртіншіден, Шахзада мұрағат де-ректері мен өз заманының куәгер тұл-ғаларының естеліктерінде дарынды пе-дагог-әдіскер және ғалым-ұстаз ретін-де кеңінен танылған [9, 304-305 бб ]; ол 1926 жылдан бастап КСРО-ның ағарту-шы қызметкерлер Одағының мүшесі болған;
Бесіншіден, 1937 жылы 19 шілдеде Шахзада жолдасы Телжан Шонановпен бірге Оқу комиссары Темірбек Жүрге-нов басқарған диверсиялық топтың құ-рамында ҚазМУ ғимаратын өртемек болды, өкіметке қарсы ұлтшыл, әрі тап жауларының ұрпағы деген айыптар та-ғылып, ату жазасына кесілген жалғыз қазақ қызы.
Ендігі мақсат – тарихта Алашорда-шылармен қатар қоғамның қатал сы-нына мойымай, болашақ үшін күрес-кен, жазықсыз жала жабылып, қаза болған Шахзада Шонанованы (Қара-таеваны) өскелең ұрпаққа кеңінен на-сихаттауымыз қажет-ақ. Репрессия жылдарында ату жазасына кесілген Шахзада Аронқызының өмірі тарихи реализм мен ізгілік, бостандық соқпа-ғын нұсқайтын сияқты. Оның жасап кеткен игі ісі – келешек ұрпаққа жаухар дүние. Тарих тасқынына қарсы жүзген қайсар апамыздың ерлігін насихаттау – болашақ ұрпақтың, біздің абыройлы борышымыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. Мәңгілік ел – қазақ халқының ұлттық идеясы. //Егемен Қазақстан. 2015 ж. № 7
2. Сімәділ Қ. Қазақстандағы КСРО-дан бөлгісі келген әйелдер.// Қазақ әдебиеті. 2013 ж. 8 наурыз. №10
3. Нұрпейіс К. Тарихи тұлғалар. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы. 2007 ж. – 376 бет.
4. Омарбеков Т. , Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. – Алматы: Қазақ универ-ситеті, 2004. -388 б.
5. Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? – Алматы: Ана тілі, 1993. – 208 б.
6. Тәкенов Ә. Ату жазасына кесілген ару.// Зерде. 2004ж. №12
7. Сулейменова Д. Д. Батыс Алашорда тари-хы – өлке тарихының құрамдас бөлігі. – Алматы: Арыс, 2007 ж. -136 бет
8. Бегімқұлова Ш. Мезгілсіз солған гүл.//Қазақстан әйелдері. 1994ж. №2
9. Шонанова Ш. А. Өмірдерек / Алаштың ақ ордасы: Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы. –Орал., 2004. -304-305 бб.
10. Алаш ақиықтары: Мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар. - Алматы: Алаш, 2006 ж. -228 б.
11. Назарбаев Н. Ә. «Нұрлы жол» – болашаққа бастар жол. // Айқын. 2014 ж. 12 қараша. №206
12. Ахмет А. Қаратай хан. – Алматы: Арыс, 2007. – 176 бет + 8 бет суретті жапсырма.
13. Батыс Қазақстан облысы. Энци-клопедия. Толықтырылған 2-ші басылы-мы. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2010. – 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма.
14. Батыс Қазақстан облыстық мұра-ғаты, 992-қор, 1-тізбе, сақтау бірлігі-1, бума-1
15. Батыс Қазақстан облыстық мұра-ғаты, 992-қор, 1-тізбе, сақтау бірлігі-5, бума-1
16. Сәрсембина Б. Қаратаевтар қасіреті. Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
17. Батыс Қазақстан облыстық мұра-ғаты, 24-қор, 5-тізбе, сақтау бірлігі-41, бума-4
18. Досалы С. Ұлт мүддесін тоғыстыр-ған тұлғалар.//Халық.№50 2015ж. 4 желтоқсан
19. Жекекқызы Н. Отыз бесінде атыл-ған ару.// Дана. 2015ж. №2-3
20. Мұқтар Ә. Қ. Тарих айдынындағы тұлғалар. Ғылыми мақалалар жинағы. 2-ші кітап. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2013. – 288 бет