Батыс өңіріндегі сармат ескерткіштері

Гүлайна САЛИХОВА,

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі археология ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы, Атырау қаласы

Көне тарихымыздың ең негізгі куәсі, яғни қолмен ұстап, көзбен көруге болатыны – ескерткіштер. Жер шарының түрлі халықтары тарихи дәуірлерде қол жеткізген мәдениеттің ұлы жетістіктері тарихи-мәдени ескерткіштерде көрініс тауып, бүгіндері дүниежүзілік маңызы бар мұраға, мақтанышқа айналуда. Тарих ғылымының шымылдығын айқара ашудың бір ғана жолы – сол ескерткіштерді зерттеу, сақтау, келешек ұрпаққа табыстау.

Елімізде археологиялық қазбалар нәтижесінде ежелгі адамдар мекен еткен қоныстарда, тұрақтарда, қала-шықтарда, қорғандарда, адам еңбегі-нің белгісі ретінде олардың пайдалан-ған еңбек құралдары, тұрмыстық зат-тары, қару-жарақ түрлері, әйел адам-дардың әшекей бұйымдары, тағы бас-қа заттар табылуда. Осылайша жүз жыл, тіпті мыңжылдықтар бұрын ата-бабаларымыз мекендеген аймақтарда сол заманның өмірі мен шаруашылы-ғынан мағлұмат беретін тарихи жер қабаттары қалыптасып отыр.
Бұрынғы заманда қазіргі Қазақстан-ның жерінде біздің бабаларымыз – жа-уынгер сармат тайпалары б.з.б. VI ға-сырдан б.з. VI ғасырына дейін ұлан-ға-йыр территорияны иеленіп, даңқты ғұ-мыр кешкен. Оған дәлел боларлық бір-неше археологиялық қазба нәтижеле-рін айтуға болады.
2006 жылы Х. Досмұхамедов атын-дағы Атырау мемлекеттік университеті Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылы маңында орналасқан, Жолайшағыл құмшағылындағы сар-маттық «құмтөбелі қабірге» қазба жұ-мысын жүргізіп, ол жерден алтыннан, асыл тастан, темірден, қыштан жасал-ған заттар табылды. Зерттеу барысын-да сарматтар кезеңіне, шамамен б.з.б. II-I ғасырларға жататын әйел адамның қабірі ашылды. Жолайшағыл құмшағы-лының көлемі – 300х200 метр, шағыл-дың биіктігі 3,5 метрдей, солтүстіктен оңтүстікке созылып жатыр. Тонаушы-лар үшін жел бағытына байланысты көшіп тұратын шағыл үстінен қабірлер-ді табу қиын болған, бұл Жолайшағыл қабірінің осы кезге дейін сақталуына әсер етті. Құмтөбелі қабірлер – тек Ба-тыс Қазақстан аймағында ғана кезде-сетін ерекше ескерткіштер.
Сармат әйелінің мүрдесі үстінен жүздеген майда моншақ табылды. Олардың түрі, көлемі әр түрлі. Тас кристалдар, сүйек т.б. материaлдардан өңделіп жасалған. Бұл моншақтар оның киіміне тігілген. Қабірден алтын алқа, моншақ т.б. зергерлік бұйымдар-дың кездесуі бұл жай қарапайым сар-мат адамы емес, ақсүйектер тобына жататын сармат әйел екендігін білдіреді.
Б.з.д. ІІІ ғасыр мен б.з. ІV ғасырла-рының аралығында Арал және Каспий аймағында көшпенді өмір сүрген cар-мат тайпасының ескерткіштері ішінен қазба жұмысы жүргізілгендерінің бірі – Қылыш қорғандары.
Қылыш қорғандарын 2008 жылы Атырау облысы тарих және археология орталығының барлау экспедициясы анықтаған. Ескерткіш Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылынан оң-түстік-шығысқа қарай 22 км қашықтық-та орналасқан. Қорғандар топырақтан үйілген.
2012 жылы ерте темір дәуіріне жа-татын Қылыш қорғандарының №2 оба-сына қазба жұмысын Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі жүргізді. №2 қорғанының пішіні сопақша келген, кө-лемі – 40×20 м, биіктігі 0,60 м болады. Солтүстік-батыс оңтүстік-шығыс бағы-тында орналасқан.
Қорғанға жерленген мүрде әйел адамдікі болып шықты. Оның пайда-ланған сәндік әшекейлері, күміс бел-беу тоғалары, қоладан жасалып, алтын жалатылған киім жапсырмалары, қы-зыл ақық тасы бар жүзік, аң тісінен жа-салған бойтұмар, гешир моншақтар, қола айна табылды. Қола айнаның бір бетіне айдаһар суреті салынған.
Күміс жүзіктің көзіне орнатылған қызыл ақық (сердолик) тасының пішіні сопақ, көлемі – 1,6×1,1 см. Жүзік диамет-рі – 2 см, ал жалпақтығы 0,4 см болады. Бойтұмар жұқа күміс қаңылтырлы ен-дірмеге аңның қос тісін бекітіп жасал-ған, биіктігі – 2 см, жалпақтығы – 1,8 см. Пішіндері ромб тәрізді жылтыр қара гешир моншақтар сармат ескерткіште-рінен жиі кездеседі. Алтын жалатылған қола жапсырмалар, күміс белбеу тоға-ларына қарап, бұл қабір кейінгі сармат дәуіріне жатуы мүмкін деп жорамал-дауға болады. Қабірге жерленген сар-мат әйелі бай, ауқатты әулеттен шық-қаны талас тудырмасы анық.
Қабір шұңқыры жанынан төңкері-ліп қойылған қоладан жасалған тұтқа-лы қола қазан табылды. Қазанның биіктігі – 44 см, диаметрі де 44 см. Бұл қазан рәсімдік қызмет үшін пайдала-нылған деп есептеледі.
2015 жылы Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі «Беғазы-Тасмола тарих және археология ғылыми зерттеу орта-лығы» ЖШС-мен бірлесе Борсық қор-ғандар тобына археологиялық қазба жұмысын жүргізді. Борсық қорғандары Атырау облысы Индер ауданы Құры-лыс ауылынан шығысқа қарай 10 км қашықтықта орналасқан. Қорғандар тобына 16 қорған кіреді. Қорғандар батыс-шығыс бағытында бір қатарда тізіле созылып жатыр. Қорғандардың көлемі мен биіктігі, бір-бірімен ара-қашықтығы әртүрлі. Қазба жұмыстары №4, №6 қорғандарға жүргізілді. Зерт-теу жұмыстарынан қорғандар құрылы-сының топырақ қабаттарының өзгеше-ліктері, топырақтың бір уақытта үйіл-мегендігі, араға біраз жыл салып қор-ғанды биіктетіп отырғаны байқалады. Сондай-ақ шетін айналдыра лай бал-шықтан соғып, топырақ үйіндісін бекіт-кіш құрылыс жасаған. Қабірлерден та-былған жәдігерлер ішінде тас қайрақ, әдейі жапырылған қола қазан, сүйек-тен жасалынған қасық, темір қанжар (ақинақ) сынықтары және қыш ыдыс-тың сынықтары бар. Сондай-ақ қабір-ден алтын жапсырмалар мен шиыр-шықталған алтын фольгадан жасалған сым қалдықтары, алтын жалатылған қола бұйымдар сынықтары табылды. Жерленім заттарына қарап, қорған-дарға рудың беделді адамдары қо-йылғаны байқалады.
Сарматтар өз заманында саяси-қоғамдық орны, өз мәдениеті бар тайпалар одағын қалыптастырған. Олар біздің өлкеміздегі Жайық, Қиғаш, Ойыл, Сағыз, Жем өзендері аңғарла-рын мекендеп, басқа алыс елдердегі тайпалармен қарым-қатынас, сауда-саттық жасаған, сондай-ақ әскери қи-мылдарға қатысқаны туралы да дерек-тер көп.
Мәдени жәдігерлер – біздің баба-ларымыздың қалдырған мұрасы, олар мыңдаған жыл бойына ұрпақтарымыз үшін сақталып қалуы тиіс. Ел санасы-нан мәңгі өшпейтін тарихи-мәдени ескерткіштер өлкемізде одан әрі зерт-теп-зерделене түссе, мәдени мұрала-рымыздың бізге айтар хикаяты молы-ғып, ата-бабалар даңқы арқасында елін, халқын сүйіп өсер келешек ұрпақ-ты қалыптастырамыз.

Қаралым саны 3138

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463