Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне 2017 жылы 85 жыл толады.
БҚМУ – 1932 жылы Қазақстанда ҚазПИ-ден кейін ашылған мұғалімдер даярлайтын екінші ЖОО.

2003 жылы 30 мамырда ҚР Үкіметі-нің қаулысымен Батыс Қазақстан мем-лекеттік университетіне дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлының есімі берілді.
БҚМУ факультеттерінде 23 кафедра бойынша бакалавриат бойынша 51, ма-гистратура бойынша 24 мамандыққа маман даярланады. Бүгінде ЖОО-да
5 мың студент пен магистрант білім алуда.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақ-стан мемлекеттік университетінің 7 оқу корпусы, 3 студенттік жатақханасы, тип-тік үлгідегі 2 спорт залы, 3 бейімделген спортзал, 2 ашық спорт алаңы, агро-биостансасы бар.

2015 жылы Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігінің (НААР) зерт-теуі бойынша БҚМУ Қазақстан Респуб-ликасындағы 55 ЖОО арасынан 9-орын-ға табан тіреді.
БҚМУ-да студент жастардың зама-науи сапалы білім алуына барлық жағ-дай жасалған. Мұнда 4 ғылыми зерт-хана, 18 оқу зертханасы, 7 виртуальды зертхана жұмыс істейді. Тіл маманда-рын дайындайтын факультеттер үшін 4 лингафон мультимедия кабинеті бар. Университетте гуманитарлық маман-дықтар үшін 18 ғылыми-әдістемелік кабинет ұйымдастырылған.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақ-стан мемлекеттік университеті ТМД мен алыс шетелдердің 80-нен астам ЖОО-ларымен әріптестік жөнінде ке-лісімшартқа қол қойған. Халықаралық Эразмус Мундус бағдарламасы бойын-ша ЖОО Польша, Испания, Грекия, Гер-мания, Португалия, Швеция, Австрия, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан-дық 18 ЖОО-мен бірігіп «Орталық Азияға білім, тәжірибе және идея тара-ту-TOSCA2» бағдарламасына қатысуда.
Академиялық ұтқырлық бағдарла-масы бойынша БҚМУ-дың 200 студенті Еуропа мен ТМД жоғары оқу орында-рында білім жетілдіруде.

Қаралым саны 4645

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463