«Жібек жолын жаңадан саламыз!»

Арыстанбек ОРЫНБАСАРОВ,

«DANAkaz» журналының Варшавадағы тілшісі

Арыстанбек Орынбасаровтың есімі «DANAkaz» журналы оқырмандарына жақсы таныс. Польшаның Вистула универ-ситетінде білім алған жас талап бүгінде Варшавадағы Леон Козмински атындағы университеттің магистратурасында оқиды. Бұйырса қаржы саласын терең игеріп, ин-вестициялар бойынша маман болып шық-пақ. Оқуға қоса, Арыстанбек еңбек етеді. Жұмыс орны – институциялық инвестор-ларға қызмет көрсететін Еуропаның ең ірі француз банкінің Варшавадағы бөлімшесі. Қат-қабат шаруасына қарамастан журна-лымыздың Польшадағы тілшісі қызметін атқарып жүрген бауырымыздың төмендегі мақаласына көз салайық. 

XX-ғасырдың басындағы қиындықтардың арасында жүріп білім алуға ұмтылған қазақ жастары көбіне Орал, Семей, Верный және Ташкент сияқты заманындағы ірі қалаларда орналасқан гимназияларда оқыған. Ол білім ордаларында латын, грек, неміс, француз және орыс тілдерімен қатар физика, логика, география пәндерін де үйренетін. Әрине, бұл мектептерде тәлім алған шәкірттер-дің көбі әл-ауқаты бар бай-шонжардың, армия офицерлерінің әрі өнеркәсіп иелерінің балалары болған. Барлыбек Сыртnанов, Сәрсен Аманжолов, Мұхаметжан Тынышбаев, Жұбаныш Бәрібаев, Ораз Жандосов тәрізді есімі елімізге белгілі азаматтар осы гимназия түлектері еді.
Кейін алыс-жақын ірі қалалардағы институттарда оқуын жалғастырған қазақтың болашақ зиялылары Польшаның астанасы Варшавада да болған екен. Демек, Польша жеріне білім алу мақсатымен қазақ жастарының келуі еліміз Егемендік алғанынан кейін ғана емес, сонау XX ғасырдың басында басталып кеткен құбылыс. 1910-1920 жылдары Варшавада оқып кеткен зиялылардың арасында есімдері ел аузына аса танылмай қалған Қанай Боранбаев, Әбілмәжін Күшіковтер де болған. Қанай Боранбаев кейіннен ҚАССР-інің Әділет (Юстиция) халық комиссары – республика прокуроры лауазымында болған; сот, прокуратура органдарының қалыптасуына, кадрларды тәрбиелеуде зор үлес қосқан. Ал Әбілмәжін Күшіковке келетін болсақ, ол ауыл шаруашылығы саласында өзінің зор үлесін қосқан маман болған.
Алғашқы буыннан кейін Польшада білім алған қазақтардың арасында казіргі Қазақстанның Польшадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев; Этнография, физика салаларында танымал ғалым, саясаттанушы, халықаралық журналист ағамыз Досан Баймолда; экономика ғылымдарының кандидаты, қоғам қайраткері Мұхтар Болатханұлы Тайжан секілді азаматтар бар.
Қазіргі таңдағы Польша жайлы айтар болсақ, Халықаралық Валюта Қорының 2016 жылға рейтингінде әлемнің ең мықты 25 экономикасының қатарына кірген Польша – Еуропада өзінің бөлек орны бар мемлекет. Коммунизм боданынан 1989 жылы босаса да жергілікті поляктар өздерінің тәуелсіздік мерейтойын 1918 жылдың 11 қарашасымен байланыстырады. Жалпы поляк халқы өз тарихына, мәдениетіне, дініне берік келеді.
Білім саласына келсек, Польша ЖОО-ларында бакалавриат небары 3 жылға созылады. Польша астанасы Варшавадағы белді жоғары оқу орындарында 1 жылдық оқу бағасы да қол жетімді – 400-900 мың теңге арасында, еліміздегі университеттердің бағасынан аз болмаса көп емес. Күнделікті шығындар Алматы, Астана қалаларындағы деңгейге сәйкес. Мен білім алған Варшаваға келсек, өзімнің туып-өскен Оралымды еске түсіреді: көшелері таза; табиғаты әсем, жасыл; 2 миллионға жуық халық саны болса да үлкен қаланың ағымын байқамайсың. Еш алаңсыз білімің мен біліктілігіңді арттырып, кейін айналаңа пайда әкелуге барша мүмкіндік бар. Бір сөзбен айтқанда, студент үшін на-ғыз ыңғайлы қала, мемлекет. Польшада оқуға ниеті бар жастар білім орта-лықтары арқылы я болмаса интернеттен тікелей университеттерге хабарласу арқылы нақты мәлімет ала алады.
Өзім Варшаваның «Vistula» универ-ситетінде Халықаралық экономика ма-мандығында білім алдым. 2015 жылы Еуропа мен Азияны, соның ішінде Қазақстан арқылы, қосуға бағытталған Заманауи Жібек Жолы жобасы деп аталып кеткен тақырыпта дипломдық жұмысымды осы саланы зерттеуге 40 жылын арнаған Войцех Хюбнер есімді профессорыммен бірігіп жазған бола-тынмын. Профессор Хюбнер өте білікті, АҚШ-тағы Гарвард университетінің түлегі – өте қарапайым, адамгершілігі мол, ақкөңіл әрі аса сабырлы адам. Польшадағы профессорлардың тағы бір ортақ нүктесі – өздерінің министр я банк президенті болғанына қарамастан студенттерімен «cіз»деп сыпайы сөйле-седі. Жалпы, әр мамандық иесі өз ісіне айрықша ұқыптылықпен қарайды.
Міне, білім қуып, туған елден жы-рақ жүргеніме бірнеше жылдың жүзі болды. Басқа мәдениет ортасында өмір сүрген адам өз мәдениетінің де қадірін тереңірек түсінеді екен. Поль-шада алған білім, жұмыс орнында жи-наған тәжірибе мен үйден жырақта жү-ріп жиналған жігерді ұштастыра оты-рып Қазақстанның дамуына үлес қоса білсек, басқа арман бар ма?!

Варшава қаласы

Қаралым саны 928

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463