«Алашым» деп соққан жүрек

Айнагүл ОЙШЫБАЕВА,

Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Жымпиты кенті

«Бір халық өзінің тарихын білмесе, онда ол жер бетінен жойылып кетуі мүмкін»
Әлихан БӨКЕЙХАН 

Биыл атқарылар іс-шаралардың салмақтылығын бағамдау қиын емес. Солардың көш басында «Юнеско» кө-лемінде атап өтілетін алаш қайраткері, ұлт зиялысы – Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы екені анық.

Алашорда үкіметінің негізін қалаушы, Ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов 1866 жылы наурызда қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүние-ге келген. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы әулетінен тараған Сұлтан Ба-рақтың Бөкейі, одан Батыр, оның ұлы Мырзатай, осы Мырзатайдың ұлы Нұр-мұхамедтен Әлихан туған. Азан шақы-рып қойған аты – Ғалихан. Осындай орта жүздің белді ханы Бөкейдің ұрпа-ғы, қолына қару емес, қалам алып өзі-нің ұлты үшін алып Империямен ашық жауласуға шығарын дәл сол уақытта ешкім болжамаған шығар. Бала жасы-нан тұйықтау болып өскен ауыл баласы Әлихан асық ойнап, атқа мініп, жазира-лы қазақ даласының жұпар ауасында еркін өседі. Ерекшелігі ертерек хат та-нып, Қарқаралыдағы қазақ балалары-на арналған мектепті тәмәмдап, Санкт-Петербург қаласындағы Орман инсти-тутының экономика бөлімін де үздік аяқтайды. Кейін заң факультетінде Ленинмен қатарласып, экстернет бо-лып емтихан тапсырғаны да, бірнеше шетел тілін білгені де оның көп қаже-тіне жарады. Студент кезінде маркстік үйірмелерге қатысып, еркін мақалалар жазып жүрген жас жігіт, ертерек көзге түсіп, жандармерияның «сенімсіз адамдар» тізіміне де ілігеді. Кейін оқуын аяқтап, Омбыдағы Орман шар-уашылығы училищесіне математика пәнінен оқытушы болып қызмет етті. Сонымен қатар «Степной край» газе-тінің қызметіне белсенді араласып, ре-дакция алқасына енеді. Жалпы сөзге шешен, сауатты жігіт өткір мақала жа-зумен айналысып қана қоймай, сол жылдардағы «Иртиш», «Товарищь», «Голос степи», «Омичь», «Слово» га-зеттерінің шығарылуына редакторлық етсе, қазақ жерінде шығарылған алғаш басылымдардың бірі – «Қазақ» газетін де ұйымдастырып, редакторлық еткен – Әлихан Бөкейханов болатын. Одан бө-лек Бөкейханов алғашқы болып 1896-1903 жылдары ұйымдастырылған Щербина экспедициясына қатысып, сол кездегі маңызды мәселе – жер қа-тынастарын терең түсініп, тұжырымда-малар жасай алуы еді. Сонымен қатар Ресей Империясының отарлау саяса-тының астарын терең түсініп, қайтсем халқыма пайдам тиеді деп ойлаумен болды. Патшаның тақтан құлауы, ре-волюция, сол кездегі қазақ зиялыла-рының мүлдем басқаша сипаттағы са-тыға көтерілуіне әсер етті. Ең алғаш І Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланғаны да Әлихан Бөкейхановқа көптеген қазақ зиялыларымен бірге, халқы да үлкен сенім артқандығы еді. Алайда, Дума өз жұмысын бастағанда Дала Губернаторының негізсіз жарлы-ғымен соттың тергеуінсіз Павлодар түр-месінде 3 ай отыруы да, алаш азама-тының басына түсе бастаған алғашқы нәубеттің тамшылары екенін де ешкім болжай алмаған болар. Кейін осы Думаның басқа мүшелерінің артынан Финляндияның Выборг қаласына ба-рып, Выборг үндеуіне қол қойып, со-ның кесірінен тағы жазаға тартылып, Семей түрмесіне түсуі тағдырының бұ-ралаң жолдары басталғанын білдірсе керек. Оның ойы елі үшін, артындағы қазақ даласы мен халқы үшін, қалайда пайдасының тиюі үшін жанталасып ең-бектеніп жүріп, мойын бұрып ойлануы-на да мұрша келтірмеді. Кейін де, та-лай ел істеріне араласып, көптеген жұ-мысты атқаруына тура келді. Олардың ішінде, 1914 жылы Мемлекеттік Дума-дағы мұсылман фракциясына шақы-рылып, Бүкілресейлік мұсылман съезі-не қатысып, мұсылман фракциясы бю-росының тұрақты мүшесі болды. 1917 жылы 20 наурызда Уақытша Үкіметтің Торғай облыстық комиссары және Түр-кістан комитетінің мүшесі қызметін ат-қарды. Бұл ескі патшалық биліктің ор-нына келген Уақытша үкімет жағдайын-дағы облыс басшысы дәрежесіне көте-рілген тұңғыш қазақ болатын. Ұлттық мемлекет құру Бөкейхановтың түпкі мақсаты да арманы да еді. Сондықтан ол Уақытша үкіметке үлкен үмітпен қа-раған. Бірақ ол үміттің негізсіз екенін уақыттың өзі айқындап берді. Деген-мен де Бөкейхановпен ОГПУ орындары мен биліктің санасқаны – одан қай-мыққаны екенін анық көруге болады. Себебі қайталап тұтқындау арқылы ха-лықтың алдында наразылық, қоғам-дық пікір туғызудан тайсақтық танытты. Сөйтіп олар Бөкейхановтан тек Қазақ-станға бармауды талап етіп, жұмыс жа-сауына жағдай жасап алдаусыратумен болды. Еңбектенуден талмаған Әлихан қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын, жалпы барлық әлеу-меттік-экономикалық жағдайын жан-жақты зерттеген тұңғыш санаулы ға-лымдардың бірі. Сондай-ақ, Ленинге аяқтай барып қазақ шекарасын да бе-кіткен Бөкейханов болатын. Қазақ Рес-публикасының автономиясын жария-лау үшін барын салып еңбек етті. Ел аралап, әскери күшті нығайтып, мили-ция ісін жасақтауды ойлап, тыным тап-пады. Кейін академик Ферсманның Қазақстанға жасаған экспедициясына да қатысам деп қатты қателік жасайды. Ол биліктің Елге баруына тиым салға-нына қарамастан кетіп қалады. Сол жо-лы келгенде талай жерді аралап, біраз ауылдарға барады. Қызылордаға ба-рып, қайтар жолында Ақтөбеге соғып, халықпен кездесуді ойлайды. Алайда, оны Ақтөбеден ұстап әкетіп, Мәскеудің Бутырка түрмесіне қамайды. Ол жер-ден де көп ұзамай шыққан Әлиханды қызы Лиза күтіп алады. Сол сәттен бас-тап ол «Кремль тұтқынына» айналады. 1936 жылы қазақтар жаппай қамауға алына бастағанда торға түскен торғай-дай тыпыршып тұрса да жұмыстан қол үзбейді. Өз басының қаупін ойламас-тан түрмеде жатқан Ахмет Байтұрсы-новқа Горькийдің әйелі Пешкова ар-қылы тамақ апаруын да қоймайды. Ақыр аяғында 1937 жылы 26 шілдеде тұтқынға алынып, Ежов бастаған үштіктің шешімімен 27 қыркүйекте ату жаза-сына кесіліп, үкім сол күні орындала-ды. Ол әйелі, орыс қызы Еленаны өз қолымен жерлесе де, Ақтоғайда жер-ленген анасы Бегім мен атасының ба-сына сонау Бразилидан ағаш әкеліп отырғызып, әр келген сайын мінажат етсе де, өзінің артында қалған қызы Лиза Бөкейханова әкесінің зиратын өмір бойы таба алмай өтерін білмеді. Бүгінгі күні қазақ халқының асыл пер-зенті, Ұлт көсемі, Алаш қайраткері Ұлы даланың кемеңгер бір баласы Мәскеу-дің Дон зиратында мәңгілік мекендеп жатыр. Тәуелсіз Еліміздің, ұлан байтақ шекарамыздың сақталып қалуына бар өмірін арнаған атамыздың аруағы алдында күллі қазақ баласы қарыздар. Биылғы ЮНЕСКО көлемінде атап өті-летін мерейтой баршамыздың мақта-нышымыз болмақ. Осылайша еске алып ата алдында, өткеніміз алдында басымызды иеміз. 

Қаралым саны 1382

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463