Әлқисса
Осыған дейін Мәулімберлі десе, Ақжайық ауданы Базартөбе ауылы-ның маңындағы Мәулімберлі қорымы және сол жерде мешіті болған деген әңгіме ғана ауызға ілігетін. Қорымдағы құлпытастарға тіс батпай, не жазылға-нынан да хабарымыз болмады. Тек 2014 жылы өңірімізге Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтынан та-рих ғылымдарының докторы Мүмінов Әшірбек Құрбанұлы бастап келген ға-лымдар қорымдағы бірнеше құлпы-тастың мәтінін оқығаннан кейін Мәу-лімберлінің әкесі, өзі, ұрпақтары, өзі-мен аталас бірге тарағанның бәрі де оқымысты, діни сауатты, заманының озық ойлы адамдары болғанын білдік. Көзі қарақты оқырманның есінде бо-лар, «Мәулімберлі қорымы – ғалым-дар мекені» атауымен ескі қорымдар-ды зерттеу сапарының барысы бойын-ша 2014 жылғы 7 тамызда «Орал өңі-рі» газетінің №88 нөмірінде жарияла-ған мақаламыздың соңында: «Ғалым-дардың өзі «Мәулімберлі қорымында-ғы тұлғалардың тарихи маңызы зор, болашақта арнайы мемлекеттік жоба жасап, соның аясында зерттеген жөн» - дейді. Құрметті оқырман, осы Мәулім-берлі қорымындағы тұлғаларға қатыс-ты деректер, олардың ел үшін атқар-ған істері туралы әңгімелер білсеңіз-дер, тікелей ұрпақтары болсаңыздар, редакцияға хабарласуыңызды сұрай-мын» деп жазған болатынбыз. Алла қалауымызды қабыл алып, 2015-2017 жылдарға арналған «Қазақ халқының мәдени ескерткіштері рухани мұраны сақтау мен жеткізудің жолы ретінде (БҚО-ның эпиграфикалық ескерткіште-рі ретінде)» атты ғылыми жоба бекітіл-ді. Осы жобаның аясында өткен жылы осы саланың мықты маманы, ғалым Әшірбек Мүмінов және Бағдат Дүйсе-нов жергілікті өлкетанушылармен бір-лесе, Мәулімберлі және сол маңдағы Қарақоға қорымындағы барлық құл-пытасты суретке түсіріп, өлшемдерін алды. Қазір ғалымдар ол ескерткіштер-дің мәтінін үш тілге толық аударды, жинақ етіп шығаруға дайындауда. Ұр-пақтары да табылды. Соның ішінде кө-зі тірі жалғыз немересі Сәруәр әжеміз-бен және Мәулімберлінің ұстаған тая-ғын көзінің қарашығындай сақтап отырған Уахит шөбересімен кездесудің сәті түсті. Заманының мықты ғалымы, әулие, мешіт ұстап, бала оқытқан, ісі мен сөзі қабысқан, ұрпағына да мықты білім, дұрыс тәрбие берген, бірнеше рет Меккеге барған асылдың ұрпақта-рымен болған сұхбатымыздың кей тұс-тары оқырмандарға да қызық болар.
Дұғашы – Сәруар әже
Асылдың сынығы Сәруар Ғазезқы-зының айтуы бойынша, ол – Мәулім-берлінің кіші ұлы Ғазездің қызы, 1931 жылы дүниеге келген. К. Ахметовтың «Кіші жүз Асқар (Байбақты, Жанбақты, Тынбақты және Тана руларының шежі-ресі)» кітабындағы мәлімет бойынша Мәулімберліден – Қажығали, Нығыме-толла, Зинолла, Ғабдрахман, Халиол-ла, Бақыт, Ғабдос, Ғазез болып тарай-ды. Бұл мәліметтер Сәруар әжеміздің әңгімелерімен де қуаттала түсті. Сәр-уар әжеміздің әкесі Ғазез Мәулімбер-ліұлы 1880 жылы дүниеге келіп, 103 жасқа қараған шағында 1983 жылы өмірден өтіпті.
– Кішкентай кезімде, шамамен 7-8 жаста болармын, соғысқа дейін көп сөйлемейтін әкем әрнәрседен үркіп, көп көшіп жүрдік. Куйбышев облысы дейді, Опа дейді, Татарстан дейді, Бугуруслан дейді, әйтеуір, ана жерден мына жерге көшіп-қонумен болдық. Бала кез, мен не білейін? Жол-жөне-кей ақлөпті құрып, үстін жауып жіберіп тамақтанамыз» - деп бастады әңгіме-сін әжеміз.
Өткен жылы Мәулімберлі қорымы-на барғанда оқылған құлпытастың бі-рінде Мәулімберлінің екі бірдей ұлына – үлкені Қажығалиға және Абдурахимға (шежіредегі Ғабдрахман болар) қойыл-ғаны анықталып еді. Екеуі де 1919 жы-лы, бірі 50, екіншісі 44 жаста қайтыс болған. Екі бірдей оқымыстының бір жылда қайтуына қарап, оларды сол заманның саясатының құрбандары болды деп топшылауға болады. Ғазез атамыздың көп сөйлемей, бір жерге тұрақтамай көшіп-қонуы ұрпағын аман сақтап қалудың амалы екені анық.
– 1939 жылы бәрін қуып әкеліп «Қызыл ақрап» деген колхоз құрды, қателеспесем, қазіргі Северный район, Победа совхозы, қасында «Пушкин» деген ауыл болды. 1940 жылы ағамды, содан соң әкемді сол жерден армияға алып кетті. Анам Тасмағамбетқызы Мүгілсін жолдасы мен бас көтерген балалары соғысқа кеткеннен кейін өзі сырқатты болуына байланысты қауіп-тенді ме екен, ұрпағы біле жүрсін деп мені, кішкентай інім Ғалымжанды жә-не апамды шақырып, былай деді: «Біз Ресей жерінен емеспіз, біз Тайпақтікі-міз. Атамның аты – Мәулімберлі. Сен-дер Мәулімберлінің немересісіңдер. Сенің әкең – Мәулімберлінің ең кіші баласы. «Молданың баласы» деп көп қуалап, қашып көштік. Атаң Мәулім-берлі екі рет қажыға барды. Үшіншіде «мен ол жақтан келе алмаймын, мені жерлеп келесің» деп інісі Серғалиды ала кетті. Інісі Серғали жерлеп келді».
Сәруар апа Мәулімберлінің ұстаған таяғы шөбересі Уахиттің қолында екен-дігін айтты. Меккеге соңғы үшінші мәр-те барған Мәулімберлі атаны інісі Сер-ғали жерлеген соң қайтарда атаның таяғын ала келген екен. Бірақ әкесі Ға-зез қиыншылықта көшкен кезде үйде ұмыт қалыпты. Тек 1964 жылы Сәруар апамыздың енесі қайтқанда Әтібектен келген Қарамолда деген адам ұмыт қалған таяқты сақтағанын айтады. Қа-ласа, алуына келісім береді. Міне, со-дан Ғазез ағай арнайы барып алған.
«Мәулімберлінің түр-келбетіне қа-тысты не айта аласыз, үлкендер ол кі-сіні сипаттап әңгімелеген жоқ па?» де-ген сауалымызға мына бір қызық жайтты айтып өтті.
– Ондай әңгіме болған жоқ. Бірақ 1949 жыл шамасы болар. Өте қиын, жоқшылық кез болатын. Бір күні түс көрдім. Түсімде басына сәлде ораған, шапан киген, орта бойлы қарт есіктен кіріп келіп: «Балам, налыма, егін шы-ғады биыл, егін шығады» деп есікті жа-уып шығып кетті. Артынан шығып едім, көрмедім. Түсімді әкеме айтып едім, «Атаң ғой ол келіп жүрген» деді. Сол жылы шынымен егін өте жақсы шықты.
Кішкентай кезімде түс көріппін, өзімнің есімде жоқ. Кәрім ишан (Мәу-лімберлінің інісі Серғалидың ұлы болу керек) атамыз менің анама келіп: «Сен Сәруардың түсін жорымағансың. Ол – артымыздан қалатын дұғашы» деп ұрысқан.
Өткен жылы түс көрдім, түсімде құ-лағыма: «Қабдолмәжит, Қабдолқаят, Тасмағамбетқызы Мүгілсін» деген да-уыстар келді. Бұлардың үшеуі де дү-ниеден өткендер. Қабдолмәжит пен Қабдолқаят – Мәулімберлінің ұлы Қа-жығалидың ұлы мен қызы, Тасмағам-бетқызы Мүгілсін – өз анам. Қазір ой-лап отырсам, Алла тағаланың осы уа-қыт, осы жасқа дейін ғұмыр бергені дұғашылық парызды өтеу үшін болар, - дейді Сәруар әже.
Асатаяқты сақтаушы – Уахит аға
– Менің есімім – Уахит. Әкемнің аты – Насыр. Насырдың әкесі – Қали-лолла, Қалилолланың әкесі – Мәулім-берлі. Яғни мен Мәулімберлі атаның шөбересімін. Мәулімберлі атамыз Меккеге қыс айына таман бес кісі бо-лып сапар шегіпті. Оның ішінде Өлең-тіден бір кісі, Сайқұдықтан бір кісі бол-ған. Ас-суын даярлауға екі жанұя кісі алып, азыққа алдарына қой салып, 25 өгізбен, бір атарбамен жолға шығады. Аталарымыз уақытында аса ауқатты болған екен. Мамыр айының шама-сында Құрбан айт болып, Мәулімбер-лі ата Меккеде құрбан шалады. Содан кейін елге қарай бет түзейді. Бірақ Меккеден бері шыққасын көп ұзамай дүние салады. Сөйтіп, атаны кері қа-рай Меккеге апарып жерлейді. Мәулім-берлі атамыздың сүйегі Меккеде. Оның жайнамаз, шапан, асатаяғы кенже ұлы Ғазезге табысталған.
Ғазез 1983 жылы ақпан айында 102 жасында қайтыс болды. Ұзақ ауырған жоқ, айналасына бейнет көрсетпеді. Оның әдеті – тек қана қолдан тігілген киімді киетін. Ақ сақалды, өте діндар адам еді. Кеңес үкіметі кезінде тұқы-мымыз қатты қудалауға түсуі себепті Ғазез атамыз тіс жарып әңгіме айтпа-ған күйі кетті.
Ол қайтыс боларында менің наға-шым – анамның туған ағасы Қажиах-мет Сыралыұлына Мәулімберлі ата-ның асатаяғын аманаттап, былай дей-ді: «Бұл таяқты уақыты келгенде Насыр-дың баласы Уахитке табыстарсың. Әу-леттен қолайлысы сол. Оның тазалық жолына да икемі бар». Ғазез атамыз-дың асатаяқты өзіне құда болып келе-тін менің нағашыма аманаттауының сыры – олар көрші тұрып, нағашым үнемі Ғазез атамның басын жуып, шаш-тырнағын алып беретін.
Қажиахмет нағашым 2000 жылы мамырдың 17-сі күні дүние салды. Ол қайтар алдында, мамырдың 15-інде мені шақырып алып: «Мына асатаяқ сіздің әулеттікі. Мен қайтқасын өзің ұс-тап қал» деді. Нағашымның қарасында оның ұлы Алдан әкесінің өсиеті бойын-ша өздері 17 жыл сақтаған асатаяқты маған тапсырды. Осы уақыттан бері асатаяқ менің шаңырағымда. Таяқты алғаным жайында, әулетімізге ортақ мұра ретінде сақталатынын Мәулім-берлі атаның немересі – Ғазезқызы Сәруар апайға және Ғазездің Сағи де-ген екінші баласынан туған немересі Қайыржанға ескерттім.
Сұхбаттасқан
Жантас НАБИОЛЛАҰЛЫ
«Мәулімберлі» білім ордасы
Құлпытастарды зерттеуді жүйелі ұйымдастыруымыздың арқасында Мəулімберлі қорымындағы құлпытас-тар биыл толық үш тілге аударылып, ғалымдардың зерттеуіне тапсырылды. Ғылыми жоба шеңберінде тарихшы Жəнібек Исмурзин Орынбор, Уфа қала-ларындағы мұрағаттардан тың дерек-тер əкеліп, Мəулімберлі жəне оның ұр-пақтары туралы сараптамалық мате-риал дайындауда. Терең білімді, діни сауатты, мешіт-медресе ашып, көпте-ген шəкірт дайындаған Мəулімберлі-нің зиратына жақында ұрпақтары тү-нек салып, арнайы садақа берді. Мəу-лімберлінің туған немересі Сəруар апамыздың ұлы Кəрім ағаның еңбегі бұл. Осыдан екі жыл бұрын дəл осы зират басына келгенімізде бұрын қыз-қыз қайнаған өмірдің нышаны да бол-мады. Өртенген, құлазыған дала еді. Тек тынымсыз тіршілік болғандығының дəлелі құлпытастар ғана болатын. Биыл басқаша, қарақұрым адам, толған кө-лік, жаңа өмір басталғандай. Садақаға жүзге тарта адам қатысты. Осы қорым-да ата-бабалары жерленгендерін біл-ген ұрпақтары жан-жақтан ағылды. Тіпті Ресей аумағынан арнайы келген-дері де болды. Бұл жер – тек ата-баба-мыз жерленген қорым емес, сонымен қатар заманында осы маңдағы талай-ларды біліммен сусындатқан мешіт пен медресенің орны, яғни білім-ғы-лым ордасы болған жер. Жəнібек Ис-мурзин Мəулімберлінің əкесі Байшер-кештің жəне баласы Қажығалидың құлпытастарының басында олардың өмірбаяны жəне еліміз үшін атқарған еңбектері туралы əңгімеледі (Жақын арада Жəнібек Исмурзиннің Мəулім-берлі жəне оның ұрпақтары туралы та-рихымыздағы ақтаңдақтарды ашатын мақаласы жарық көреді, сондықтан естіп алғанымды алдынала жарысып жазбадым.) Үлкендер жағы көздеріне жас алып, алғыс жаудырумен болды. Туған елдің тарихы туралы дəрісті ата-бабаның басына барып алдық. Астан соң ұрпақтары көзі көрген үлкендер-дің айтуы бойынша деп мешіт пен мед-ресенің орнын көрсетті. Бұл – біздің ата-бабамыз мақсатсыз көшіп-қонып жүрген надан емес, керісінше, көшпе-лілік пен отырықшылықты қатар игер-ген сауатты, өз тілін, өз дінін, өз жерін ерекше құрметтеген, қорғаған ұлы да-ланың иесі екендігін дəлелдейтін орын. Сондықтан болашақта білім-ғы-лым ордасының орны болған жерге арнайы белгі қойған жөн.