Армысыз, ағайын!

Ресей империясының ыдырап құлауына түрткі болған 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың 100 жылдығын, Кеңес Одағының ыдырап құлауына түрткі болған Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығын, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтетін мерейлі жыл да түгесілуге таяп келеді. Ел үшін, халық үшін, оқырмандарымыз үшін маңызды деректерді қалт жібермей, жариялауға тырысып келеміз.

Біздің байырғы оқырмандарымыз журналда «Көне кітап» атты айдар бар екенін жақсы біледі. Бүгінгі санда Маңғыстау өңірі-нен табылған кітаптар туралы мақала жариялап, мамандардың сараптамасын беріп отырмыз. Айтайын дегеніміз, ел ішінде, сан-дықтар мен қобдишаларда көне кітаптар, араб жазулы қолжаз-балар әлі де көп. Ол жерде не жазылғанын кейде сақтап отырған адамдардың өзі біле бермейді. Ал кез келген жазба, тасқа басыл-ған таңба сақтап қою үшін емес, оқу үшін, кейінгіге пайдасы тию үшін жазылады ғой. Сондықтан мұндай құнды жәдігер иелерін қолдарындағы жазбаларды мамандарға көрсетіп, ондағы деректерді ғылыми айналымға ендіруге, ғылым пайдасына, келешек ұрпақ қадесіне жаратуға шақырамыз. Өз тарапымыздан «DANAkaz» журналының редакциясы да осындай жазбаларды, көне кітаптарды қабылдап, онда не жазылғандығы туралы ақпа-ратты анықтап беруге қал-қадерінше көмектесетінін жеткіземіз.
Басыбайлы тұрақты тілшісі, қабылданған қызметкері бол-мағандықтан, журналымыздың жүйелілігін сақтай алмай келеміз. Ол үшін оқырманымыздан басымызды иіп кешірім сұраймыз. Алдағы жылы бұл кемшіліктерден де құтылармыз деген үміт бар.
«Қазақстанның» екінші нөмірі кешігіп шықты, шығарушылар-дың не хәлде болғаны бір Аллаға, екінші өздеріне аян. Қайғылы күндердің, ұйқысыз түндердің талайы бастан кешті, алдарында да тар жерлер, тайғақ кешулер жатыр, алайда шығарушылардың келешектегі қиындықтардан қашуға ойлары жоқ» деп жазушы еді осыдан бір ғасыр бұрын Ғұмар Қараш, Елеусін Бұйрин аталарымыз. Олар көрген қиындықты біздің хәлмен салыстыруға да келмес. Ендеше, «DANAkaz» журналы жабылмайды. «Шықпай қалсақ – бізге серт, жазылмасаңыз, сатып алмасаңыз – Сізге серт!» дейміз!

Қазыбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
журналдың бас редакторы

Қаралым саны 915

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463