Білімнің шырағын жаққан киелі ордам!

Айназ ЕСЕКЕШ,

7 «а» сынып оқушысы, Орал қаласы

Жақында Орал қаласында Ә. Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінде мектеп мерекесі өтті. «Менің лицейім» атты тақырыпқа 7-9-сыныптар аралығында шығарма сайысына түс-кен 7 «а» сынып оқушысы Айназ Есекеш байқау жеңімпазы атанған екен. «DANAkaz» журналының кішкентай оқырман-дарын  жүлделі  шығармамен  таныстыруды  жөн  көрдік.

«Адамзат баласының бұл өмірде үш түрлі міндеті болады» деген екен. Оның біріншісі – ұрпақ өрбітіп, тәрбие беру, екіншісі – ұстаздық қылып, шәкірт бап-тау, үшіншісі – ілім-білім жинап, қо-ғамға қызмет ету. Қоғамға қызмет ету – өзін «сауаттымын, көзім ашық, көкіре-гім ояу» деген адамға ортақ парыз болса керек. Ал жас ұрпаққа білім теңізінің інжу-маржанын тергізетін, жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін, таны-мын кеңейтетін ол – мектеп.
Адам қанша өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмы-тылмас сәттері мектепте өткізген уа-қыты болатын шығар. Мектеп – білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл өміріміз өтеді. Бұл – жаңа достар табатын жер, мұғалімдердің тәрбиесін, ақыл-кеңесін тыңдайтын орта. Мектепте біз шынайы дос таба-мыз, білім алып, өмірді үйренеміз, тү-сінеміз. Дәл осы кездер есімізде ең жарқын естелік болып қалады.
Менің де жаныма ізгіліктің дәмін сепкен, білімнің шырағын жаққан киелі ордам, бас ордам – Әлиядай батыр апа-ның атымен аталған №38 мектеп-лицейі.
Бұл мен үшін жай келіп-кететін орын емес. Талай дарынды білім алған киелі орын. Осы киелі жерде білім алатынымды мақтан етер едім. Себебі мектебіміз қабілетті де дарынды ба-лалардың білім алып, шығармашылық сұранысын жүзеге асыруына, өз беті-мен жұмыстануға мүмкіндік береді, ғы-лыми жұмыспен айналысуға жәрдем-деседі. Оқушылардың көбі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, ин-теллектуалды конкурстар мен олимпиа-даларға қатысуда. Бұл лицейде өткен әр минутымыз қызыққа толы. Себебі апта-лықтар, қоғамдық шаралар өте жиі өтеді. Қызығушылықпен қатысамыз. Мұның барлығы баланың жаңа заман көшіне ілесе алатын, сауатты адам бо-луына көмектеседі.
Біз әр жыл сайын санамыз өсіп, аза-мат болуға ұмтыламыз. Сол кездегі ба-ла қиял кей кезде қол жетпес арманға қанат сермейді. Осы жолда алдан шы-ғатын кедергілерден сүрінбей өтуге, ал-ға қойған мақсатымызға жету үшін кү-ресуге де үйрететін – ұстаз. Өмірі ше-жіреге толы, әр күні кейінгі жастарға үлгі болар қаншама жылы жүректі ұстаздар бар. Мен оқитын мектепте де шәкірті үшін, мектебі үшін талмай еңбектене-тін, саналы ғұмырын шәкірт тәрбие-леуге арнаған ұстаздар көп. Биыл біздің лицейіміз «Үздік мектеп» атағын жеңіп алды. Бұл, әрине, ұстаздардың маңдай тері, еңбегінің жемісі.

Қаралым саны 1369

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463