Ешкімнің аяғына тұсау салынбап еді. Бұны жүзеге асыру идеологияға жауапты, осы саланы мемлекеттен қаржыландыру құзыреті бар органдардың міндеті еді. Əдеттегідей қолды кеш сермеумен келеміз. Бірақ «Ештен кеш жақсы» демекші, Елбасы тапсырма етіп, беріп қозғау салды. Елбасы айтқан соң қызу талқылап, бəрі ерекше қолдау білдіруде. Қазір жаппай ұсыныстар жинауда. Осындайда жаңадан елден ерекшесін табамыз деп жанұшырғанша барды бағалап, қолдау көрсетсе, қандай жақсы болар еді. Осы «DANAkaz» журналы да асыл мақсат, терең ойдан туындаған дүние ғой. Тіпті осы журналдан бастау алған «Құлпытас сырын ашайық» жобасының өзі бүгін халықаралық деңгейге жетті. Тек жергілікті билік қана маңыздылығының байыбына əлі бармады. Қаншама құнды тарихи құжаттар араб əліпбиінен аударылып, халыққа ұсынылды. Журналды түсініп оқитын талғампаз оқырман басқа да тағылымды тұстарын біліп отыр.
Бұл бағыттағы жұмыстар нəтижелі болу үшін мына мəселер алдымен шешілгені жөн. Біріншіден, осы жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру, нəтижеге қол жеткізуге жауапты республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі басшылардың қызметке сəйкестігін бір сүзіп өтіп, лайықтыларын қалдырып, қалғандарын қарым-қабілеттеріне қарай жедел басқа қызметтерге ауыстыру қажет. Босаған орындарға ыждағаттап мəселені түсінетін, қолынан іс келетін азаматтар отырғызылуы тиіс. Екіншіден, Алматыдағы «Ғылым ордасы» РМК-ны қаржыландырып, жүйелі жұмыстануға жұмыстарын жандандыру керек. Үшіншіден, облыстарда Астанадан орталықтандырылған мəдени, ғылыми зерттеу орта-лықтарын құрып, мықты мамандарды топтастырып, жоспарлы жұмыстарды бастау қажет. Төртіншіден, бəрі құр сөз болмау үшін мемлекеттік қаржыландыру тетіктерін жедел іске қосқан дұрыс.
Осылай тізбектей берсе, əр облыста нақты қандай істер атқарылуы тиіс шараларды да жазуға болар еді. Бірақ бос сөз боп қалмауы үшін тек өз қолымыздан келетіндермен айналыса берген жөн деп шештім.
Ақбай БАРЖЫҰЛЫ