Арман арқалатқан Англия

Айнұр БАЗАРОВА,

«DANAkaz»-дың Ұлыбританиядағы тілшісі

Адам өз өмірінің қожасы екені анық, бірақ болашағын болжап білмейтіні ақиқат. Бала кезімнен шекара асып, шетелде білім алуды армандадым деп айта алмаймын. Мектепті үздік аяқтау, армандаған мамандығымның грантын жеңіп алу, дипломымды қолға алып, алғашқы еңбек жолын бастау, өмір жолымды құру секілді «қара-пайым» қиялдардың жетегінде жетілдім. Ойға алғанымдай, армандарым алдамады. Реттік сандары ауысқан-мен, орындалды. Бағымыз бен бабымыз қатар шауып, 2015 жылы жолдасым екеуміз кадрлар кенішіне айнал-ған «Болашақ» бағдарламасының мемлекеттік басқару және журналистика мамандығы бойынша стипендиаты атандық. Магистратураны оқу елін бірауыздан Англия деп таңдадық. 

Әуежай. Күдік пен үміт араласқан, қорқынышпен алмасқан түсініксіз сезім бойда. Ойда ата-анасының құшағынан алыстап көрмеген екі балапан. «Үйге уайымдамаңдар, бізге алаңдамаңдар, құжаттарыңа сақ болыңдар, сабақтарың-ды жақсы оқыңдар» - деген ерте есей-ген сөздерімен сенің көзіңнен еріксіз тамған жастарды аядай алақандарымен сүрткенде тіл маманы болып, мақала жазып жүрсең де, іштегі жан-дүниеңді суреттеп берер сөз табу қиын. Ал біз бет алған Альбион адамдарының өмір сүру салтын, ұстанымдарын, қанға сіңген қа-сиеттерін көңіл көкжиегіңнің кеңдігіне қарамастан, көз алдыңа елестету одан да қиын. Осындай батпандай ой құша-ғында біз Англияның Манчестер қала-сына аттандық.
Ауарайы алмасуға бейім, күннің кө-зін санаулы кездерде көретін бұл қалаға үйренісу біршама уақытты талап етті. Жалдайтын пәтерін апталап іздеп жүрген жандарды көзіміз көрді. Оқу орнына жарым сағаттық жаяу жүруді талап ете-тін жерден бір сағатқа толар-толмас уа-қытта жарты жылдық жатып-тұрар пәтер тапқанды үйдегі екі періштенің тілегіне жорыдық. Әрі пәтер иесі пәкістандық, мұ-сылман. Тұрар ауданымыздың өзі бұл қалада «Мұсылмандар мекені» деп аталғаны көңілге біраз сенімділік ұя-латты.

Оксфорд көшесі. Бұл көше – Манчес-тердегі орталық көшеден кейінгі «жан-ды» көшелердің бірі. Әрі екі бірдей уни-верситеттің басты ғимараттары да осын-да орналасқан. Студенттер көшесі де-ген атауға лайық. Әлемнің түкпір-түкпі-рінен келген неше түрлі ұлт өкілдерін осы жерден табуға болады. Танымасаң да бойларынан еркіндікті байқайсың. Ізеттіліктері де өзгеше. Көшеде тек «рақмет» пен «кешіріңіз» деген сөз-дерді көп естиді екенбіз. Дүкен есігінің алдына қарама-қарсы келіп қалса да, жолда адамдардың кептелісінен қоз-ғала алмай қалсаң да, сен абайсызда біреуді түйіп кетсең де, сенен бұрын кешірім сұрап жатады. Автобустан әр түскен сайын жетер жеріне аман-есен жеткізген жүргізушіге де рақмет айтуға ұмытпайды. Айтуға тұрмайтын кішкен-тай нәрсе болғанымен, адамдық қа-сиеттерді қалыптастыруда орны ерек-ше ме деп ойға шомасың.
Студенттік өмір. Манчестер универ-ситетінің тіл оқыту орталығы қазақ сту-денттерінің арасында кең танымал. Эссе жазуға ерекше мән беретінімен ерекшеленетіні рас. Алғаш келгенде грамматикадан біліміңді тексеріп, эссе жаздырып, сөйлеседі. Осы тест нәтиже-сіне сәйкес группаға бөледі. Бірінші тоқсанда біз араб және жапон студент-терімен білім алдық. Мұғалімдерінің тіл үйрету тәсілі ерекше. Мұғалім екені байқалмайды. Өзін студентпен тең ұс-тайды, сен де, қымсынбай ұстазбен тең дәрежеде сөйлесесің. (Тең дәреже де-генді дөрекілікпен шатастырып ал-майық) Ерекшеленіп киінбейді. Студент-тер секілді рюкзак тағынып, жұмысқа велосипедпен қатынайды. Студенттік билет бұл елде ерекше мәнге ие. Көп-теген сауда орындарында, кинотеатр-ларда, спорт орталықтарында билетке дисконт қарастырылған. Тіпті билетіңді көрсетсең, кей автобустардың тегін та-ситыны тағы бар. Мұндағы оқу орын-дарының тағы бір ерекшелігі – әр тоқсан сайын студентке 5-6 ваучерден береді. Бұл дегеніміз – сіз қалаған 5-6 қалаға арнайы автобуспен тегін бара аласыз. Барар жеріңіздің ерекшелігіне қарай, тарихи маңыздылығына қарай гид те қосуы ғажап емес. Сол танымдық сая-хаттардың біріне тоқтала кетсем.
Әлемге аты танымал, табалдыры-ғын талай тума талант иелері аттаған Оксфорд қаласына келдік. Танымалды-лықты алыпқа теңеп үйреніп қалған көңіл қаланың бір басынан екінші ба-сына айналдырған 2-3 сағаттың ішінде жетіп қалғанда құлазып қалады екен. Алғашында қала көшелерінен құжы-наған адамды көріп, таңданысымызды жасыра алмадық. Оның себебі дəл бүгін оқу орнында студенттерге дип-лом беру салтанаты өтуде екен. Ұл-қыздарының қуанышына төрткүл дүниеден келген ата-аналар жүзінен ерекше толқынысты байқауға болады. Ол түсінікті де. 38 колледжі мен 22000 студенті бар, бірақ мемлекеттік грант деген атымен жоқ университетке биыл 37000 адам өтініш білдірсе, комиссия тек 3000 ғана іріктеп алыпты. Осыған қарап-ақ бəсекелестіктің қандай дең-гейде өтетінін аңғаруға болады. Осы жылғы бітіруші студенттерінің санымен АҚШ (1500-ге жуық), Қытай (1200-дей) елдері алда тұр. Айта кетерлігі, биыл Қа-зақстанның 7 студенті алпауыт универ-ситетті тəмамдапты. "Маргарет Тэтчер, Томас Гоббс, Альберт Эйнштейн, Сти-вен Хоккинг, Нобель сыйлығының 40 иегері, Ұлыбританияның 30 министрі, 100-ге жуық əлемге танымал саяси қайраткер біздің университетті тəмам-даған" - деген Салли гидтің сөйлемінен ерекше мақтаныш интонациясын бай-қадық. "Гарри Поттер" фильміндегі сиқыршы балалар асханасын Оксфорд университетінің студенттер асханасы үлгісінде жасап, түсірген. «Гарри Пот-тер» демекші, сиқыршы бала туралы кітапты оқымаған адам жоқ шығар. Жасөспірім балалардың қызығушы-лығы ғана деп ойласаңыз, қателесесіз. Ересек адамдар да жаңа кітаптың бас-падан шығуын асыға күтетіндер сана-тында. Ал кітап баспадан шығып, дүкен сөрелеріне қойылған күні нағыз хаос! Сол күні ғана кітап дүкендері түнгі сағат он екіге дейін жұмысын тоқтатпайды екен. Кітап авторы Джоан Роулингты Англияның патшайымынан кейінгі та-нымал адам деуге болады, әлемде тұң-ғыш 500 миллион кітабын сатқан бил-лионер автор. Кітап 200-ден астам елге 69 тілде таралған. Әрі автор киноның түсірілімінде басы-қасында жүреді екен. Режиссер кітапта баяндалған оқиғаны қалауынша фантазиясының шексіздігімен өзгерте алмайды және киноны тек британ актерлары ғана сомдай алады. Бұл – кітап авторының шарты. Мектеп кезімізде оқыған «Алиса ғажайыптар мекенінде» атты атақты шығарма да дəл осы білім ор-дасында жазылыпты. Колледж дека-нының қызы Алисаның өтініші бойын-ша жазылған шығарманың түпнұсқасы кітапханада əлі күнге сақтаулы. Кітап-хана демекші, бұл қалада əлемдегі ал-ғашқы дөңгелек кітапхана салынған. Бірнеше ғасыр бұрын салынса да, оқырмандарға əлі күнге қызмет етуде. Қала-мен қоштасарда ырымшыл халықпыз ғой, білім ордасына біздің ғана емес, ұл-қызымыздың да табаны тисе екен деген арманды арқалап қайттық.

Кітапхана жүйесі. Студенттердің екінші үйіне айналған кітапхана бұл елде 24 сағат жұмыс жасайды. Универ-ситеттің бірнеше кітапханасы болса да, іші қашан барсаң да лық толы. Әрі бар-лық нәрсе автоматтандырылған. Қала-ған кітабыңды сайт арқылы іздеп, тап-сырыс бересің. Кейін бұл кітап басқа студентке қажет боп жатса, поштаңа хабарлама кеп түседі. Тапсырар уақыт-та да арнайы терезеге барып, өз кодың-ды тересің де тапсыра бересің, кезекке тұрып әуре болмайсың. Әрі уақытыңды үнемдейсің. Оқытушы командалық тапсырма берсе, топпен отыруға ар-налған бөлмеге тапсырыс беріп, жұмы-сыңды орындай аласың. Тіпті ноутбукті де жалға ала аласың. Түйіні, оқимын деген адамға барлық жағдай жасалған.

Қонақжайлылық. Бұл елдің қонақ шақыру әдебі таңғалдырмай қоймай-ды. Бір апта бұрын телефонға хабар-лама жібереді. «Қандай тамақ ұната-сыз, не жегенді қалайсыз?». Шынымен, таңғаларлық, ия? «Біздің ұсынған тама-ғымыз көңіліңізден шықпай қалып, ыңғайсыз жағдайда қалмайық, мүмкін белгілі бір тамаққа аллергияңыз болар» деген секілді мәтінге «Шошқа етінен бас-қасы болады», деп хат жібердік. Сағат төрт-те келіңіз деген хатты алып, не төртте барарымызды, не алтыда барарымыз-ды білмей қиналдық. Бұл, әрине, әзіл. Бұл жерде бәрі уақытқа құрылғаны белгілі. Жас отбасы. Екеуі де PhD зерт-теулерімен жұмыстануда. Қонақ күту әдептері қонақтың таңдауына құрыл-ған. «Үйімізде шайдың ағылшын, не-міс, қытай түрлері мен кофенің осынша түрі бар, қайсысын қалайсыз? Кофе таң-дасаңыз, отбасымыздың антеквариаты болып табылатын үккішпен үгіп бере-мін» - деген үй иесіне әп дегенде жауап беру шынымен қиын. Аз-мұз әңгімеден соң ойнауға ойын түрлерін ұсынды. Әр-қайсысының ойналу тәртібін түсіндірді. Жолдасым екеуміздің ойымызда «ойы-ны несі» деген сұрақ қылаң етсе де, сыр бермедік. Бірақ ойындары баланың ер-мегі емес. Бәрі тек ойлануға құрылған. Біз таңдаған ойын қала құрастыру ойы-ны болды. Әуелі қала тұрғызар шұрай-лы жер іздейсің, оны тұрғызу үшін тас, ағаш секілді құрылыс материалдарын сатып аласың. Сатып ала алмасаң, қо-лыңдағы бар бидай, жүгері секілді азық-түлікпен айырбастайсың. Қала тұрғызбастан бұрын әуелі жол салудан бастайсың. Бұл – ойынның басты шар-ты. Жолдың ұзындығына, кеңдігіне қа-рай қалаңның абырой-атағы да арта түседі. Бір сағат жарымға созылған ойында өзіңді құдды бір бас архитек-тор сезінесің. Ойын біткен соң үй ие-лері алдымызға жайма қамыр ұсынды. Үстел үстіндегі ондаған ингредиент-терден пиццаңды жасап аласың. Бір жағынан, бұл да жақсы ма деп қаласың, кейде пиццадағы қызанақтың аз бо-луын, ірімшіктің көп болуын қала-саң да ұсынғанды жеп аламыз ғой. Сонымен не керек, ұсыныс пен таңдау-ға толы кештен керемет көңілмен оралдық.

Түйін. Ілім жолында ізденбегендер-дің бүгінгідей бәсекесі басым түскен дәуірде із қалдыруы мүмкін емес. Өр-кениеттің жалына жармасып, озық ел-дің тәжірибесін тұла бойыңнан өткізіп, жастық жалынды жас мемлекетіміздің жандануына жұмсау, халық кәдесіне жарау – мен секілді жастардың басты арманы. Шекара асып, шетелде білім алуым – мемлекетіміздің жастарды қолдауының айқын дәлелі. Мүмкін-діктің бар кезінде оны пайдалан-баудың арты – өкініш. Ал өзге тілді үйрену ешкімге ешқашан кеш емес.
Манчестер

Қаралым саны 1198

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463