Жүз жыл бұрын Оралда

Қазыбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

журналист

1917 жылдың 19-22 сәуір күндері Орал қаласында Орал об-лысы қазақтарының бірінші сиезі өткен еді. Жаһанша Досмұха-медұлының төрағалығымен сол кездегі цирк үйінде 800-ден аса делегат көптеген мәселені талқылап, Орынбордағы жалпықазақ сиезіне баратын өкілдерді сайлаған. Осы датаға орай Орал қа-ласындағы Жұбан алаңында театрландырылған көрініс қойы-лып, тағылымды шара өтті.

Осыдан дәл 100 жыл бұрын, түскі сағат 12-де, дәл осы жерде Орал об-лысының түкпір-түкпірінен келген қа-зақтар бас қосып, сол кездегі ең өзек-ті мәселе – қазақ автономиясын құру мәселесін ақылдасқан еді. Сиез төра-ғасы Жаһанша Досмұхамедұлы болса, орынбасары болып Ғұбайдолла Әлі-беков пен Алпысбай Қалменов сай-ланды. Сиезде, ең алдымен, мемле-кеттік басқару жүйесі туралы мәселе талқыланып, Жаһанша Досмұхамедов: «Біздің мақсатымыз – ел билеуді ха-лықтың өз қолына беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақыт-та тағдырын өз қолына алады. Қалың қазақты аяусыз қанаған патша орны-нан түсті. Ендігі жерде қазақты елдің тұрмысын, тілін білетін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетіндер ғана басқара-ды. Осыған байланысты қалай бол-ғанда да біз Ресейден автономия алу-ға тиістіміз», - деп сөйлеген екен, - деді белгілі алаштанушы Дәметкен Сүлейменова.Осыдан дәл 100 жыл бұрын, түскі сағат 12-де, дәл осы жерде Орал об-лысының түкпір-түкпірінен келген қа-зақтар бас қосып, сол кездегі ең өзек-ті мәселе – қазақ автономиясын құру мәселесін ақылдасқан еді. Сиез төра-ғасы Жаһанша Досмұхамедұлы болса, орынбасары болып Ғұбайдолла Әлі-беков пен Алпысбай Қалменов сай-ланды. Сиезде, ең алдымен, мемле-кеттік басқару жүйесі туралы мәселе талқыланып, Жаһанша Досмұхамедов: «Біздің мақсатымыз – ел билеуді ха-лықтың өз қолына беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақыт-та тағдырын өз қолына алады. Қалың қазақты аяусыз қанаған патша орны-нан түсті. Ендігі жерде қазақты елдің тұрмысын, тілін білетін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетіндер ғана басқара-ды. Осыған байланысты қалай бол-ғанда да біз Ресейден автономия алу-ға тиістіміз», - деп сөйлеген екен, - деді белгілі алаштанушы Дәметкен Сүлейменова.Иә, бір ғасыр бұрын өткен бұл жиынның тарихи маңызы жөнінде белгілі алаштанушы ғалым Кеңес Нұр-пейісов те өте жылы пікір білдірген екен. Сиезде 23 мәселе қаралған, қа-зақтың болашақ тағдырына қатысты жәйттердің ешбірі сырт қалмаған. Осы сиезде 100 баптан тұратын «Орал облысының далалық бөлігін басқару-дың уақытша ережесі» қабылданған. Дәметкен Досмұқанқызының пікірін-ше, 1918-1919 жылдары қызмет ет-кен Ойыл уәләяты үкіметін құруға Жа-һаншалар сол кездің өзінде дайын болған. Облыста келімсектер иеленіп кеткен қазақ жерлерін кері қайтару, Жайық өзенінің оң жағалауына еркін өту, дін мәселесі – Орынбор мұхтария-тына қосылу, ерікті милиция жасақ-тарын құру, облыс аумағында оқу-ағарту мәселесін қолға алу, оқушы қа-зақ балаларына көтеріңкі шәкіртақы тағайындау мәселесі, салық жинау т.б. көптеген түйінді тақырыптар осы сиезде кеңінен талқыланған екен.Қазақстан Республикасының Пре-зиденті Нұрсұлтан Әбішұлы Назар-баевтың: «ХХ ғасырдың алғашқы ши-регiндегi Қазақстанның қоғамдық-саяси өмiрiндегi Алаш партиясының алатын орны мен қызметiн зерттеу – отандық тарихымыздың ең өзектi мәселелерiнiң бiрi. Өйткенi кезiнде «Алаш» партиясының жетекшiлерi ұсынған қағидалары күнi бүгiнге дейiн өз маңызын сақтап отыр» де-ген сөзімен басталған театрланды-рылған көрініс өте мазмұнды болды. Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының әдебиет бөлімі меңгерушісі Нұрлан Сәдірдің сце-нарийі бойынша қойылған көрініске Алаш арыстары Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Жаһанша мен Халел Досмұхамедовтер белорта-сында жүрген тарихи оқиғалар өзек болған. - Қойылымдағы барлық рөлді Махамбет Өтемісұлы атындағы Ба-тыс Қазақстан мемлекеттік универ-ситетінің студенттері ойнап шықты, - дейді осы оқу орнының мәдениет және өнер факультетінің оқытушысы Әлия Сүндетқалиева.Қойылымның шынайылығы сон-шалық, ақын Ақұштап Бақтыгереева мұны Орал қаласындағы барлық ЖОО сахналарында қайталап көр-сетуді ұсынды. Өлкетанушы Жайсаң Ақбай Орал қазақтарының бірінші сиезі өткен орынға ескерткіш белгі орнату туралы айтты. Тарихшы Жа-ңабек Жақсығалиев «Алаш арыстары мен жастар» тақырыбында қызықты баяндама жасады. Жиын соңында жастардың:Алаш туы астында,Күн сөнгенше сөнбейміз. Енді алашты ешкімнің,Қорлығына бермейміз!Өлер жерден кеттік біз,Бұл заманға жеттік біз!Жасайды Алаш, өлмейміз! Жасасын, Алаш, жасасын! – деген асқақ үні Жайық бойын жаңғыртып кетті.ОРАЛСуретті түсірген Айбатыр НҰРАШ (Сахнада бір жас жігіт айқайлап газет сатып жүр)- Газет алыңыздар! Газет алыңыздар! Газет алыңыздар!(Адамдар сахнаның жан-жағынан шығып, газет алып, газеттің бірінші бе-тіндегі мақаланы дауыстап оқи бастайды)- Не депті?- Әлейхан Бөкейханның мақаласы! «Бостандық! Теңдік! Туысқандық!» деп жазыпты.- Шіркін десеңші. Бостандық! Теңдік! Туысқандық!- Иә, бұл қасиетті ұғымдар – Бірінші Француз республикасының ұраны бол-ған сөздер! Енді, міне, біздің де ұраны-мызға айналып жатыр!- Ал мына газетте не деген? Сауа-тың мықты ғой, аға, дауыстап оқышы!- Бұл 1917 жылдың 13 желтоқсаны – екінші жалпықазақ съезі жайлы съезд делегаты, математик Әлімхан Ермеков-тің «Сарыарқа газетінде жарияланған мақаласы. Ол мақалада былай депті: «Декабрьдің 12-сі күні, түс ауа, сағат үште дүниеге «Алаш» автономиясы ке-ліп, азан шақырылып ат қойылды. Ал-ты Алаштың баласының басына ақ ор-да тігіліп, Алаш туы көтерілді… Жаса-сын Алаш автономиясы!»- Ура! Жасасын Алаш автономиясы!- Бұл үкімет Алаштыкі болып атана-тындай арасында кім бар?(Осы кезде сахнадағы азаматтар ке-зекпен кезек Алаштың азаматтарын атайды, бір есім аталған сайын қысқа бірақ ду қол шапалақ соғылады):Бөкей ордасынан – Уəлитхан Тана-шев, Бақтыгерей Құлманов, Оралдан – Жаһанша Досмұхамедұлы, Халел Дос-мұхамедов, Ақмоладан – Айдархан Тұр-лыбаев, Торғайдан – Ахмет Бірімжанов, Семейден – Халел Ғаббасов, Жетісудан – Садық Аманжолов, Сырдариядан – Мұстафа Шоқай, Арқадан – Əлихан Бө-кейхан, Қарқаралыдан – Əлімхан Ерме-ков, Жетісудан – Мұхаметжан Тыныш-баев, Лепсіден – Базарбай Мəметов, Шы-ғыс Қазақстаннан – Отыншы Əлжанов...- Алаштың азаматтары! Алашорда-мыз құтты болсын!(Жігіттер Алаштың туын ұстап, «Көк тудың желбірегені» (сөзі Алмас Ахмет-бекұлыныкі, әні Ермұрат Зейіпхандыкі) атты әнді шырқап жүріп билейді)(Билеп жүрген жігіттер жан-жаққа тарап, сахнадан жоқ болып кетеді. Сах-наға ақ сақалды қария шығып, мына төмендегі монологты оқиды):Жер бетінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін жұмақ бар, оның аты – «Жерұйық». Бұл – елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, суы мол қоныс. Онда жұрттың бәрі тең, бә-рі де шат-шадыман тіршілік кешеді, ел аласы, ру таласы жоқ.Малға жай, елге ырыс осындай ме-кен барын ғайыптан болжап білген соң, сол жерді табу үшін желмаяға мініп, тө-ңіректің төрт бұрышын кездім. Жерұйық-ты көп іздедім. Қазақ елінің мен баспа-ған жері, бармаған түкпірі қалған жоқ. Тау мен тасты, сай-саланы түгел аралап, мөлдір бұлақтан су іштім, сәле-мімді бердім:Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас», - дедім. Шідерті өзенін көргенде: «Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай мініп арықтаған ат бір айда майға біте-тін, жылқының қонысы екен», - дедім.Сыр бойын көргенде: «Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен», - дедім. Қазақтың тек суына емес, жеріне де тамсандым. Жиделібайсын жеріне қызығып: «Ай, Жиделібайсын, Қой үсті-не бозторғай жұмыртқалайтын тып-ты-ныш мамыражай жер екенсің», - дедім. Бірақ бұлардың біреуі де мен аңсаған Жерұйық емес еді.(Қария сөйлеп тұрған кезде ел кезіп жүрген ақсақалдың көлеңке көріністері жүріп жатса, артық етпейді)(Қарияға бір жігіт барып жолығып, амандасады)Жігіт ағасы: Ассалаумағалейкум, Асан баба! Мен Сіздің атақты Асан Қай-ғы атамыз екеніңізді түріңізді білмесем де, сөзіңізден таныдым. Бұл сөздеріңізді исі қазақтың бәрі біледі ғой, ата!- Уағалейкум ассалам, балам! Бар бол!- Ата, Жерұйықтың қазақ елінің түк-пір-түпкірінен іздеп жүрсіз. Әлі бір тоқ-тамға келмеген сыңайлысыз. Мына біз сіз іздеген Жерұйықты қазақ жерінің әр тұтамына орнатқымыз келеді, қазақтың әр ауылын Жерұйыққа айналдырсақ дейміз!- Бәрекелді, балам! Тілек-ниеттері-ңізге періште әумин десін, қырандарым! Бұл діттегендеріңізді қалай жүзеге асырмақшысыңдар?- Біз Алашорданың азаматтарымыз! Мінекей, Алашорданың батыс бөлімін құрып жатырмыз. Бұның құрамына Бө-кей Ордасы, Ақтөбе мен Ырғыз уездері кіреді. Бөлімшені басқару Жаһанша, Ха-лел Досмұхамедовтерге тапсырылды. Бұл үкіметті басқару ісі Жаhанша Дос-мұхамедовке жүктелсін деп бірауыз-дан шешім қабылданды. Сөйтіп, бұл екінші жалпықазақ съезінің ұлттық-территориялық автономия құру туралы шешімінің Батыс Қазақстанда іске асуы-ның нақты айғағы болып табылады. Үкі-мет құрылып, көзіміз ашылып, газет шығарып, бір серпіліп жатырмыз. Қазақ елінің билігі қазақтың өз қолына тигені – Жерұйық деген осы емес пе? Батаңыз-ды беріңіз, Асан ата!
АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ БАТАСЫБір-біріне шын бауыр,Бір-біріне қарасын,Әр Алашым, мен үшін -Өз алдына дарасың!
Қызыр болып жолдасың,Аруақтар қолдасын!Айың туып оңыңнан,Кірбің жүзге қонбасын!
Өзге жұрттан жоқ үміт,Бір-біріңе панасың.Өз алдына көш болып,Жолға шығып барасың.Аман болсын Алашым!Жолың болсын Алашым!- Әумин, ата!- Жігіттер, естідіңдер ғой! Асан ба-бамыздың батасы қабыл болсын! Алға, қазақ жігіттері!(Жігіттер «Алға, қазақ жігіттері!» /сөзі Алмас Ахметбекұлыныкі, әні Ермұрат Зейіпхандыкі/ атты әнді шырқап жүріп билейді) /осы кезде экранда тақырып-қа сай көлеңке көріністер – қым-қуыт заманның атыс-шабысы жүріп жатса, артық болмайды/(Билеп жүрген жігіттер екі жанға ысырылып, ортаға Әлихан Бөкейханов пен Халел Досмұхамедов шығады)
Әлихан Бөкейханов: Жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. «Қазақтың байыр-ғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғы-лым мен техникаға сүйеніп толық игер-мейінше, жер жеке меншікке де, қоныс-танушыларға да берілмейді». Яғни жер – Отан, ал Отанды сатуға да, жеке меншікке айналдыруға да бол-майды.Жігіттер (хормен): Жер – Отан! Жер – Отан! Жер – Отан!Халел Досмұхамедов: Дұрыс айта-сыз, Әлихан аға! Қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек. Қазақ елінде ұлттық мәдениет үстемдігі сақталуы тиіс!Жігіттер (хормен): Тіл мен діл! Діл мен дін! Тіл мен дін!Әлихан Бөкейханов: Иә, Халел інім, Жердің астындағы, үстіндегі, аспанын-дағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Оның әрбір түйір та-сы әр қазақтың өңіріне түйме болып қа-далу керек болатын. Қазақтың жерін-де өндірілген бір уыс жүн сол мемле-кеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек, яғни толықтай эко-номикалық тәуелсіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылуы тиісЖігіттер (хормен): Алаш! Азаттық! Ынтымақ!Халел Досмұхамедов: Бесінші, біздің түпкі мақсатымыз – тәуелсіз ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісінде-гі ұлттық-демократиялық мемлекет құ-ру.Жігіттер (хормен): Алаш! Алаш! Алаш!(Алаштың азаматтарын жан-жақтан біресе ақ гвардия, ақ казактар, біресе қызыл әскер қыспаққа ала бастайды. Ақ гвардия, ақ казактар сап болып ке-ліп, дос пейілмен амандасып, жалт бұ-рылып қылыштарын сермеп, Алашор-дашыларды жаралап кетеді. Бір жағы-нан қызыл әскер де сөйтеді. Сөйтіп, ақ-тар мен қазақтар Алашордаға қарсы кезек-кезек ұмтылып, қауіп төндіріп тұ-рады. Қызылдар анталап шапқан кезде «Красная армия всех сильней» әнінің қайырмасы, ақтар осы ән тек қайырма-сындағы «Красная армия всех сильней» сөзінің орнына «Белая армия всех сильней» деп айтылады. Бұл екі армия-ның әскерлері маршпен жүріп, әндерін екпінмен орындаса, әсерлі шығады. Әннің минусовкасын тауып, қойып қою керек)(Жан-жақтан анталаған жаулармен алыса жүріп Алаштың жігіттерінің бі-реуі /не бірнешеуі кезекпен/ Махамбет Өтемісұлының «Тар қамау» жырын оқиды)Толарсақтан саз кешіп, Тоқтамай тартып шығарға Қас үлектен туған қатептіҚара нар керек біздің бұл іске.Қабырғасын қаусатып,Бір-біріндеп сөксе деҚабағын шытпас ер керекБіздің бүйткен бұл іске.Тағыдай таңдап су ішкен,Тарпаңдай тізесін бүгіп от жегенТағы сынды ер едік,Тағы да келдік тар жерге.Таңдансаң тағы болар маТәңірің салған бұл іске?!Ата-енені сөктіріп,Ат басына соқтырып,Нәлет десең болмас паОсынау біздің жүрген жүріске!- Иә, жігіттер! Біздер бірнеше оттың ортасында қалдық. Қазір күш тең емес, текетіреске түссек, халқымызды кұртып аламыз. Қадірменді Ахмет Байтұрсын-ұлы «Ақ болсын, қызыл болсын, бәрібір. Мен қазақ халқына пайдасы тиетін үкі-метте қызмет етемін» деп жатыр. Дұ-рыс айтады. Әлихан Бөкейхан «Алаш-тың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде мемлекет болар». Әмин дейік. Ал әзірше бізге күші басым Кеңес үкіметін мойындау керек болып тұр. Мән-жайды түсіндіріп Ленинге хат жазайық.- Жазайық.- Жазайық.- Мен хаттың мәтінін әзірлеп те қой-дым. Сіздер тыңдап, талқыға салып, ой қосыңыздар:«Бiз, Алашорда өкiлдерi өзiмiздiң қазақ өлкесiндегi саяси басшылық пен Уақытша үкiмет басшылығына халық-тың өз таңдауымен, халықтың қалауы-мен келгенiмiздi мәлiмдеудi қажет деп есептеймiз. Қиын-қыстау кезеңде бас-шылықта болған бiз өз шама-шарқымыз, мүмкiншiлiгiмiзге қарай өз халқымыз-дың еркiн қалауын жүзеге асыру жолын-да қызмет iстедiк. Сенiп тапсырған би-лiктi өз еркiмiзбен Кирвоенкомға бере отырып, бiз бұл әрекет қазақ халқының басты арманы – автономиялық басқару идеясына қызмет етедi немесе қызмет етуге тиiс. Әзiрге жалпы мемлекеттiк билiк жағдайында өз-өзiн сақтау мақса-тымен қазақ халқының өз мемлекеттiк аппараты болуға тиiс деген саяси ойды жақтай отырып, бiз қазақ өлкесiн бас-қарушы жоғарғы ұйымдарға мiндеттi түрде қатысуымыз керек деген ниеттен аулақпыз. Сонымен бiрге өлкедегi ав-тономиялық билiктi жүзеге асырушы-лардың қандай да болсын саяси сенiм, нанымдарына қарамастан, бiз өзiмiз-дiң барлық күш-жiгерiмiз бен билiгiмiз-дi, еңбегiмiздi қазақ өлкесiнiң гүлденуi үшiн жұмсауға әзiрмiз. Бiз тек тағы да «өңiн айналдырған» ұлы державалық үстемдiк пен құлдықтың орнауына, сондай-ақ қазақтардың тағы да ұлы державалық ұлттың саяси қызметшiсi мен қолшоқпарына айналуына барлық жан-тәнiмiзбен қарсымыз».- Жөн сөз!- Дұрыс! (Егде жастағы кісі: Бұл хатты Ленин, Сталинге, Троцкийге өз қолыңмен та-быста, Жаһанша. Біз сендерге сенеміз, Жаһанша. Біз Алаштың ұлдарына сене-міз.(Сахнадағы Алаш азаматтарының бірі Мағжан Жұмабаевтың «Мен жас-тарға сенемін» атты өлеңін оқиды)Арыстандай айбатты,Жолбарыстай қайратты –Қырандай күштi қанатты.Мен жастарға сенемiн!Көздерiнде от ойнар,Сөздерiнде жалын бар,Жаннан қымбат оларға ар,Мен жастарға сенемiн!Жас қырандар – балапан,Жайып қанат ұмтылған.Көздегенi көк аспан.Мен жастарға сенемiн!Жұмсақ мiнез жiбектер.Сүттей таза жүректер.Қасиеттi тiлектер –Мен жастарға сенемiн!Тау суындай гүрiлдер,Айбынды алаш елiм дер,Алтын Арқа жерiм дер,Мен жастарға сенемiн!Қажу бар ма тұлпарға,Талу бар ма сұңқарға,Иман күштi оларда,Мен жастарға сенемiн!...Алаш айбынды ұраны,Қасиеттi құраны,Алаштың олар құрбаны,Мен жастарға сенемiн!Мен сенемiн жастарға.Алаш атын аспанғаШығарар олар бiр таңда,Мен жастарға сенемiн!(Бұл өлең жолдарын біршама қысқартуға болады)
«Мен жастарға сенемін» өлеңін оқып болған жігіттің қасына өзге де азаматтар жақындап, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаш ұранын» оқи бастайды.
1-азамат:Алаш туы астында,Біз алаштың баласы.Күніміз туып көгерді,Сарыарқаның даласы.Құрт аурудай жайлаған,Құртпаққа бізді ойлаған,Қанымызға тоймаған,Қолымызды байлаған,Ерімізді айдаған,Елімізді лайлаған.Жерімізді шимайлаған,Өшті залым қарасы.Жасасын, алаш, жасасын!(Жігіттер хормен): Жасасын, Алаш, жасасын!2-азамат:Алаш туы астында,Қолдайтын алаш бабамыз.«Туысқандық», «теңдік» деп,Туын қолға ап шабамыз.Берілгенде тілектер,Жарылмай ма жүректер?!Заң жасайтын орынға,Жұртпен бірге барамыз!Қатардан орын аламыз!Жасасын, Алаш, жасасын!(Жігіттер хормен): Жасасын, Алаш, жасасын!3-азамат:Алаш туы астында,Куә болсын арымыз.Көркейтуге алашты,Құрбандық біздің жанымыз!Былай тұрсын малымыз,Алаш деген ел үшінСарыарқаның жері үшін,Бостандық берген ер үшін,Төгілсін біздің қанымыз!Аялмасын жанымыз!Жасасын, Алаш, жасасын!(Жігіттер хормен): Жасасын, Алаш, жасасын!4-азамат:Алаш туы астында,Өлсек бірге өлдік біз.Не жақсылық, не қайғы,Көрсек бірге көрдік біз!Ішкі жанжал таласты,Күншілдікпен қарасты,Мына жерге көмдік біз!Жасасын, алаш, жасасын!Алаш туы астында,Күн сөнгенше сөнбейміз.(Жігіттер хормен): Жасасын, Алаш, жасасын!(Алаштың азаматтары қол бұлғап қоштасып, шегіншектеп сахнадан шыға бастайды. Дауысы алыстай береді)«Енді ешкімнің Алашты,Қорлығына бермейміз!Адамдықтың жолына,Бастаған ерлер соңыңда,Басқаға көңіл бөлмейміз,Қандай шайтан келсе де,Алдауына көнбейміз.Өлер жерден кеттік біз,Бұл заманға жеттік біз!Жасайды Алаш, өлмейміз!Жасасын, Алаш, жасасын!» (Соңғы екі жол хормен айтылады) Жасасын, Алаш, жасасын!»Жасасын, Алаш, жасасын!»(Шымылдық жабылады)
Дауыс: Алаш арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті. 1991 жылы құрылған Қазақстан Республикасы – сол арыстардың асыл арманының жүзеге асуы. Біздің ендігі міндетіміз – осы Тәуелсіз мемлекетімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек». Қазақстан Рес-публикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Қаралым саны 1321

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463