«Халық махаббатына бөленген»

Дәл осындай атаумен қазақ халқының талантты перзенті, белгілі жазушы Зейнолла Шүкіровтің 90 жылдығына орай атауымен поэзиялық кеш өтті. Тағылымды шараны ұйымдастыруға облыстық зағип және нашар көретін аза-маттарға арналған арнаулы кітапхана мұрындық болды.

Кеш шымылдығы қайсар зағип ақынның өміршең өлеңі мен шығармашылық жолына шолу жасаумен басталды. Айта кетейік, әдеби шараға мүмкіндігі шектеулі оқырмандар және Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері қа-тысты.
Шара барысында оқырмандар ақынның үнтаспаға өз даусымен жазылған өлеңінің үзіндісін тыңдауға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар қатысушылар назарына «Теңіздей тебі-ренген талант» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге зағип оқырмандарға арналған бедерлі-нүктелі қаріп түрінде кітап-хана қорындағы ақынның «Арал толқындары» өлеңдер жи-нағы, «Отты өткелдер» романы және дыбыстандырылған түрде «Жанғожа батыр» және жайпақ баспа түріндегі «Сыр бойы», «Қасиетті сезім», «Сарша тамыз» әдебиеттері қойыл-ды.
Ақын шығармаларын мүмкіндігі шектеулі кітапхана оқырмандары М. Мұқамбетова, А. Жақсылықова, М. Мырза-шев, Ш. Изгулова оқып берсе, БҚМУ студенттері Ә. Ғайнеден, Н. Бақтыбай ақын Ә. Нарымбетовтің «Жан аға» әнін, С. Сейіт-мағамбетовтің «Зейнолланың соңғы монологын» нақышына келтіре орындап, қошеметке бөленді.
Кеш соңында кітапхана оқырманы Самсия Шүкірғалиева композитор Шәмші Қалдаяқов пен жазушы Зейнолла Шүкі-ровтің «Сыр сұлуы» әнін шырқады.
Қазақ әдебиеті тарихында Зейнолла Шүкіровтің тәлім-герлік рухы жасай бермек!
Ол жұлдыз болып жанды да,
Ол жұлдыз болып қалды да! – деп ақынымыз М. Әлім-баев айтқандай, ақынымыз мәңгі-бақи оқырманның жүре-гінде жұлдыз болып сақталады.
Кербез ҚАДЫРБЕКОВА,
Батыс Қазақстан облыстық зағиптар кітапханасының бөлім басшысы,
I топ көз мүгедегі

Қаралым саны 1081

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463