Туризмге бет бұрған Баку

Дәметкен СҮЛЕЙМЕНОВА,

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық
университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты

Біздің болашағымыз білімде. Сон-дықтан қазіргі жас ұрпақты саналы бі-лімге жетелеу үшін көршілес мемле-кеттермен қарым-қатынас ұстап, он-дағы білім беру жолдарын көріп, түсіну мақсатында Баку қаласындағы «CLOBAL CAREER INSTITUTE» тағалымдама өт-тік. Тағылымдаманың негізгі мақсаты білім беру жолындағы жаңашылдық деңгейлерін бақылап көру, бакалавр, магистратура, докторантураның негізгі бағдарламаларын, ондағы өзгерістерін айқындау болатын.

Баку қаласына 26-31 наурыз ара-лығында Батыс Қазақстан инновация-лық-технологиялық университетінің 6 оқытушысы: «Тарих» мамандығы бойынша Р. Абдрахманова, Д. Сүлей-менова, «Қазақ тілі» мамандығынан М. Әжіғалиев; Педагогика маманды-ғынан Р. Кенжекова; Қаржы маманды-ғынан Г. Құрманова; магистратура бойынша А. Бакиев тағылымдамаға келдік. Баку қаласында бізді CLOBAL CAREER INSTITUTE-ның директоры Orhan Hasanoglu, директордың орынбасары Anar Hasanov өте жылы қарсылап, төрт жұлдызды HILTON қонақ үйіне орналас-тырды. Ертеңіне қаламен таныстырды.
Жалпы Әзербайжан Республикасы-ның астанасы өте әдемі қала екен, көшелері тап-таза, адамдары өте мейір-бан, Қазақстан Республикасына, қазақ халқына деген ықыласы ерекше, бізді бауыр санайды. Арғы атамыз Түрік елі деген түсінікте.
Осы сапар барысында біз Әзербай-жан қаласындағы Туризм университетінде болдық. Бұл университет 2006 жы-лы ашылған. Бастапқыда университет-те 1 ғана факультет болған, 3 маман-дық, 2 кафедра жұмыс жасаған. Туризм мамандығы бойынша бірнеше тілде факультеттер бар екен. Атап айтсақ: ағылшын, әзербайжан, түрік және орыс тілдерінде. Ағылшын тілі 6 кредиттік жүйеде оқытылады және «Туристік клуб» жұмыс жасайды, оған студенттер өз еріктерімен қатысады. Осы универ-ситетте туристерге қызмет көрсетудің барлық бағыты оқытылады және сту-денттер өз еріктерімен тәжірибе жинақ-тау мақсатында қосымша жұмыс жасай-ды екен. Кітапханалары әр корпуста бірнешеу, жатақханаларда барлық жағ-дай жасалған. Бұл оқу орны мемлекет-тік болып саналады. Бүгінгі таңда осы оқу орнында бакалавриатта 1710, магистратурада 143 адам оқыса, 38 адам докторант және диссертант бо-лып білім алуда. Студенттердің 749-ы мемлекеттік бюджет арқылы, 762-сі келісімшарт бойынша ақылы оқитын-дар екен.
Осы оқу орнында Ресейден, Түркия-дан, Африка елдерінен, Германиядан, Ұлыбританиядан, Италиядан, Латвия-дан, Франциядан, Болгариядан т.б. жерлерден студенттер келіп оқиды. 40-тан астам мамандық бойынша магис-тратура, 16 мамандық бойынша докто-рантура жұмыс жасайды. Магистратура күндізгі және кешкі болып бөлінеді, кешкі магистратура ақылы, оның саба-ғы сағат 18:30-да басталады, тілі – ағыл-шын, түрік, азербайжан, орыс. Бұл оқу орнында Әзербайжан Республикасын-да бұрынғы білім беру жүйесі бойынша Ғылыми Кеңес сақталған, онда аспиран-тура және докторантура бойынша ғы-лыми диссертациялар қорғалады.
Студенттер практиканы Түркияда, Грекияда, Солтүстік Кипрде, Америка-да, Украинада, Израильде, Португалия-да және т.б. жерлерде өтеді. Студент-тердің ғылыми қоғамы және студенттік кәсіподақ ұйымы жұмыс жасайды.
Әзербайжан Республикасында ту-ризм бағыты өте жақсы дамыған. Сон-дықтан студенттер осы мамандықты таңдап, туризмнің әр түрлі бағыттарын-да жұмыс жасауда.
Жалпы Әзербайжан мемлекетінің жер көлемі Қазақстаннан көп кіші бол-ғанымен, тарихына ерекше көңіл бөле-ді екен. Өте ерте кездегі қола дәуірінде жерленген адамдардың басы батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратылған. Ерте қола дәуірінде креминация (мәйіт-ті өртеу) басым болған. Адамдар отқа табынған, тасқа суреттер салған, онда жабайы бұқа бейнеленген. Ол молшы-лық, құдіреттілік пен күшті білдіретін символ. Сонымен қатар тоқыма өне-рінде қос өркешті бактриан түйесі бей-неленген. Ол ирандықтарда күн күркі-реуінің құдайы. Бұлар ирандықтардың қасиетті кітабы «Авестада» берілген. Біз бұларды Баку қаласындағы «Отты қала» экскурсиясында көрдік. Олар да құрбандық шалған, бірақ құрбандыққа жеміс-жидекті, соның ішінде анарды тастаған екен.
Байқап отырсақ, біздің ежелгі салт-дәстүрімізде ұқсастық өте көп. Ошақ, от қазақ халқында да өте қасиетті деп саналған. Бакуде осы «Отты қалаға» ин-диялық үндістер өте көп келеді екен. Олар осы жерді қасиетті мекен деп та-бынып, кейбіреулері осында жатып, өз-дерінің ақырет күнін күткен.
Біз тағы бір тарихи жер – «Ширван шахтың» сарайында болдық. Бұл орта ғасыр ескерткіші. Тағы бір тамашалаған «Cala қала» да орта ғасыр ескерткіші екен. Өте тамаша, аспан астындағы ашық мұражай.
Байқағанымыз, Бакуде барлық жер ерекше өте таза, жоғары деңгейде қыз-мет көрсетіледі. Барлық жерде әртүрлі тілде түсіндіретін экскурсоводтары бар. Олар өз елінің өткен тарихын аса құр-меттеп, әдемілеп жеткізіп бере алады. Әзербайжан халқы шетінен патриот, мемлекетінің болашағы оның өткен та-рихында деп түсінеді.
Келесі күні біз Әзербайжанның эко-номика университетінде болдық. Эко-номиканы әзірбайжандар «дәулет» деп атайды. Университет өте үлкен. Бұнда 18 мың студент оқиды, төрт факультет 4 тілде – ағылшын, түрік, әзербайжан, орыс тілдерінде оқытады. Мұнда 160-тан астам ғылым докторы мен кандидаттары сабақ береді. Ха-лықаралық магистратура, докторан-туралар бар. Ең көп студент ағылшын, түрік, азербайжан факультеттерінде. Студенттер 4 курста негізінен практи-кадан өтеді. Магистратураға түсетін дайын топтары бар. Экономика уни-верситетінде шетелден келген студент-тер өте көп, олар негізінен ағылшын тілінде оқиды. Біз «Халықаралық бас-қару жүйесі» атты 2-курстағы бизнес мамандығының дәріс сабағына қатыс-тық. Бұларда 1 дүрмекте 68 студент, се-минарда 2-3 топқа бөлінеді. Сабақ бер-ген – экономика ғылымдарының канди-даты, доцент Эльдар Олжа би. Дәріс түрік тілінде өтті. Оқытушының компью-тері аудиторияда тұр, дәрістері компью-терге толық салынған, оны интерактив-ті тақтадан студенттер толық көріп отыр. Студенттер сабаққа толық қатысып, өз пікірлерін ортаға салып, сұрақтарын қойып отырды.
Жалпы қорыта айтсам, көршілес мемлекет астанасы – Бакуде оқу орында-рының көбі мемлекеттік болып келеді екен. Әлемдік нарықта мұнай бағасы-ның түсуі ел экономикасына әсер етіп, мемлекет енді туризмге көңіл бөлуге қажеттілік туғанын түсініп отыр. Жастар жалпы болашақ білімде екенін толық түсінген, бәрі оқуға түсуге, түскендері жақсы білім алуға құштар екенін көр-дік. Бакудегі оқу орындары Еуропа ел-дерімен толық қарым-қатынаста, олар өзара студент алмасып, оқытушыларды да алмастырып отырады.
Біздің біліміміз де ешкімнен кем емес, дегенмен үйренетін нәрселер баршылық. Сондықтан тәжірибе ал-масып, ой бөлісіп отыру қажет-ақ.
Бакуге барған іссапарымыздың қаражатын төлеген құрылтайшымыз – Ләззат Тұяқбайқызы Рысбековаға зор алғысымызды білдіреміз.

Қаралым саны 965

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463