Бостандықтың жасыл туы (Алашорда үкіметінің құрылғанына -100 жыл)

Мұқат ҚАЙЫРЖАНҰЛЫ

Қ. Мырзалиев атындағы орта мектептің жоғары санатты тарих пәні мұғалімі, Жымпиты селосы, Батыс Қазақстан

Алаш туы астында
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді ешкімнің алашты
Қорлығына бермейміз!
(Сұлтанмахмұт Торайғыров
«Алаш ұраны», 1917 ж)

Биылғы 2017 жыл ел тәуелсіздігі та-рихындағы айтулы жылдың бірі болмақ.
Тарихи құжаттардан белгілі, 1917 жылдың 13 желтоқсаны – екінші жалпықазақ сиезінің аяқталып, қазақ даласының түкпір-түкпірінен келген сиез делегаттарының тарқаған күні. Ал Алаш қайраткерлерінің жекелеген естеліктері мен құжаттары Алашорда үкіметінің құрылған күні деп желтоқсанның он екісін көрсетеді. Ал сиез делегаты, математик Әлімхан Ермеков-тің мақаласы үкіметтің жасақталған уақыты мен автономия туралы қуанышты хабардың қай сағаттарда айтылғанын нақтылай түседі: «Декабрьдің 12-күні, түс ауа, сағат 3-те дүниеге «Алаш» автономиясы келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты Алаштың баласының басына ақ орда тігіліп, Алаш туы көте-рілді… Жасасын Алаш автономиясы!» [«Сарыарқа» газеті, 22 қаңтар, 1918 жыл.]

Кезкелген тәуелсіз мемлекеттің елдігін дәлелдейтін өзінің туы, елтаңбасы мен әнұраны болады. Сол кезеңдегі газет беттерінде жарияланған мақалалар-ды оқи отырып, Алашорда үкіметінің ұранын бірауыздан «Жасасын Алаш авто-номиясы!» болған деп айтуға болады.
Ал Алашорда үкіметінің туына келер болсақ, күні бүгінде ғалымдар арасын-да кейбір қайшылықтар бар. Олардың бірі Алашорда туының түсі қызыл, екін-шілері ақ, ал енді біреулері жасыл түс-ті болғандығын алға тартады. Солар-дың ішінде қолда бар нақты мәлімет-терге сәйкес, Алашорда үкіметінің екі түсті туы болған.
Оның біріншісі Семейдегі Алашор-да үкіметінің шығыс бөлігінде ақ түсті ту болған. Азамат соғысы кезінде 1918 жылдың 18 маусымында талтүсте Алаш-орда басшылары мен әскери отряды Семей қаласына келіп кірді. Әскери жа-сақтың саны 500 адам және олармен бірге орыс офицер-инструкторлары бар болатын. Семейде шығатын кадеттік «Свободная речь» газетінің жазуынша, келесі күні кешкі сағат 6-да Никольский шіркеуі маңындағы алаңға Алашорда әскері сапқа тұрғызылды. Уақытша Сі-бір үкіметінің Алашордамен одақтасты-ғы негізінде әскерге болысуға келген офицерлері тарапынан сәлемдесу рәсі-мі өткізілді. Бұл кездесуге Әлихан Бөкей-хановтың келуіне орай, Хамит Тоқта-мышевтың бұйрығымен атты әскер «Ал-ла» деп ұран салады. Алаш атты әскері-нің ақ түсті желбіреген туында «Жаса-сын Бүкілресейлік және Сібірлік құрыл-тай жиналысы», «Жасасын Отанның адал ұлдары!», «Алла Жар!» деген жа-зу кестеленген еді. Тарихшы Сейітқали Дүйсеновтың айтуынша, ортасында сонымен бірге киіз үйдің суреті болған. Бұл ту туралы ақпараттардың аз болуы-на орай, әлі де болса зерттеуді қажет етеді.[«Алашорда әскері туралы не бі-леміз?», 5.05.2014 ж. Tonykok.kz]Екіншісі біздің Сырым ауданында-ғы Алашорда мұражайында тұрған жа-сыл түсті ту. Бұл тудың қойылуына себеп болған С. Мұқановтың «Өмір мек-тебі» кітабындағы «Алаш туының жыр-тылуы» тақырыбында суреттелген оқи-ға негізге алынған. 1925 жылдың сәуі-рінде Кеңестердің астананы Орынбор-дан Қызылордаға көшіру туралы 5-ші сиезі өтеді. Жиынның аты «Коммунис-тер сиезі» болғанымен, оның «Алашор-да» сиезіне айналып кеткенін С. Мұқа-нов, С. Сейфуллин сияқты жазушылар «тісін басып» отырып суреттейді.
Бірін-бірі толықтыратын «Өмір мек-тебі» мен «Тар жол тайғақ кешудегі» су-реттеулерге қарағанда, сиездің сахна-сындағы президиум столының артына желбірете ілінген тулар болған. Сол ту-лардың арасында Алаштың жасыл туы да қойылған. С. Мұқанов жазады: «Угар (Мұқатай Жәнібеков) мені клубтың іші-не алып кіріп, сахнаға таянды да, «Оқы ананы», - деді президиумға даярланған столдың сырт жағына ілінген көп тулар-ды нұсқап:
- Әне, бір жиегін оқамен көмкеріп, шашақпен безеген жасыл тудың бетін-дегі жазуды оқы!
Жасыл туға көзімді тіксем тозың-қыраған шұға, бетіне араб әрпімен «Лә иләһа илла-алла, Мұхамәдүн Рәсул алла» деп, оны айнала, «Жасасын Алаш автономиясы!» және «Алаштың Ойыл-дағы атты әскер полкі» деп жазылған!.. Осындай ту советтік сиездің сахнасына, советтік тулардың арасына қайдан ілі-нуі көзі көрмеген, адамның ақылына сыймайтын нәрсе...» [С. Мұқанов «Өмір мектебі», Үшінші кітап, «Жазушы баспа-сы», Алматы-1970 ж.]
Сәкен Сейфуллиннің осы сиезден соң қазақ ұлтшылдарына қарсы күресі баяндалған коммунистік сәлеммен Сталинге жазылған 11 беттен тұратын хаты табылды.
С. Сейфуллин Қазақ халқының тари-хында үлкен маңызға ие болған V ке-ңестер сиезінің маңызын төмендетіп «Сипаттама үшін мына бір кішкентай оқиғаға үлкен маңыз беріп келтіремін. Ақмешіт (Перовск) қаласында V Бүкіл-қазақ сиезі ашылды. ...Сиез ашылған-нан кейін екінші немесе үшінші күні маған бір жолдас: «Мәжіліс өтіп жат-қан залдың ортасындағы қызыл тулар-дың жанында Құраннан аят жазылған Досмұхамедов басқарған батыс «Алаш-орданың» жасыл туы қойылыпты», - де-ді. Мен алғашында сенбедім, бірақ қы-зыл тулардың ортасында жасыл тудың тұрғаны есіме түсті. Кейбір жолдастар реніш білдірді. «Алашорданың» туы орнынан алынды. Кейін «Бір орыс қызметкері білместікпен іліп қойып-ты», - деп түсінік берілді. Құрылтай-дың техникалық жағын жоғары білімді адамдар басқарды емес пе?», – деп мағлұмат берді»деп жазады. [ҚР ПМ. 811-қор, т-24, іс-243. пп 7-17 С. Сейфул-линнің Сталинге хатынан, 9-10-бет]Пойызбен Орынборға қайтып келе жатқанда бұрынғы «алашордашыл», кейін Оқу комиссариатында қызмет атқарып жүрген қарт учитель Елдос Омаров Сәкенге: «Түптегенде, бізше (яғни, алашордаша) болып шықты. Сиез біздің алашордалық жасыл ту-дың саясында ашылды» деген екен.
1917 жылы сәуірде өткен 1-Орал облысы қазақ сиезін ұйымдастырушы-лардың бірі Әбдірахман Әйтиев Алаш әскері туралы өз естелігінде: «...Жина-лыста Халел Досмұхамедов Жаһанша-ны Ойыл уәлаятының ханы етіп сайла-ды. Еуропаша айтқанда, Премьер-Ми-нистр және Әскери Министр қызметі-не сайланды. Осы жиналыста ол Діни Басқарма құрып, оның басына Хаирша Ахметжановты қойды. Діни адамдар-дың ықпалымен оның мемлекеттік жа-лауындағы Мұхаммед пайғамбардың жасыл түсті, жарты аймен безендіріл-ген белгісі көп нәрседен хабар бере-ді. Онда діни символ ретінде жазыл-ған «Құдай біреу, Мұхаммед – оның өкілі» деген жазу бар. Бұл жалау Бү-кілресейлік Орталық Атқару Комите-тінің архивінде сақталған. [«Қазақ ұлт азаттық қозғалысы» 7-кітап, 42,44-бет]Белгілі тарихшы Тұрсын Жұртбай «Ұраным – Алаш!..» кітабында 1917 жылы 19-22 сәуір аралығында өткен Орал қазақтарының І құрылтайында Халел Досмұхамедов:
«Біздің мақсатымыз – ел билігін ха-лықтың өз қолына беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақыт-та өз тағдырын өз қолына алуы тиіс. Біз тапқа, жікке бөлінбейміз, біртұтас халық ретінде болашақ үшін күресеміз. Жайық өңірін мекендеген басқа ұлттар-мен достық одақ құрып, олардың өз-ара араздасуына жол бермеуіміз керек, өйткені бұл – заман тудырған біздің тағдырымыз. Қазір желбіреп тұрған бостандықтың жасыл туы бәрімізді бірлікке, бауырластыққа шақырады. Қазақтың қара шаңырағы бәріне де пана бола алады...» , – деп сөйлегенде төрде тұрған «Құран» аяты жазылған жасыл Ту осы Ту еді. [«Бостандықтың аятты жасыл туын тіккен...» (Түрме әф-санасы). Екінші кітап,. «Ел-Шежіре», АЛМАТЫ – 2010]Тудың кейінгі тағдыры туралы С. Мұ-қанов: «Осы туды маған көрсеткен Угар (Мұқатай) Жәнібеков, мен «неге бұлай?» деп сұрап үлгірмей, сахнаға қарғып шы-ғып, жұлқып түсірем дегенде ілінген тулардың бәрін жығып алды. Оған қара-мастан, Угар Алаш туын бөліп алды да, бір шетін табанына басып тұрып, дарыл-дата кеп жыртты... Сол күні кешке ашыл-ған сиезге Угар қатысқан жоқ. ...Бірер жылдан кейін Угар қайтыс болды деген хабар естідік.»
Жоғарыдағы мәліметтерді қарай отырып, мынадай қорытынды жасауға болады:
1) Алашорданың батыс бөлімшесі-нің жасыл түсті туы болған деп анық ай-туға болады;
2) Жасыл түсті ту Алашорда үкіме-ті құрылуының алдында 1917 жылдың сәуірінде өткен Орал қазақтарының 1-сиезінде қабылданған;
3) Тудың жасыл түсті болуы ол Мұ-хаммед пайғамбардың (с.а.с.) бейбіт түсті туы негізінде алынған және қосым-ша жарты ай белгісі де болуы қажет;
4) Алғашында «Ойыл уәлаяты» атал-ған Алашорданың батыс бөлімшесі ді-ни, ұлттық, әрі хандық идеологияны білдіретін ерекше мемлекеттік бірлес-тік болды деуге негіз бар.
Алаштың арманы болған тәуелсіз-дікке қол жеткізген бүгінгі қазақ елінің туы енді ешқашан еңкеймесін!

Қаралым саны 4598

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463