Өңіржиек – негізінен мойынға та-ғылып, омыраудан салбырап түсіп тұ-ратын металл әшекей алқа. Мұндай алқа көбінесе Қазақстанның батыс өңірінде қолданылады. Өңіржиек бір қатар немесе екі қатар болып төмен қарай салбырап тұратын, әрқайсысы бір-бірімен күміс шынжыр арқылы байланысатын бірнеше күміс тақта-дан тұрады. Тақталар күмістен қақта-лып, іші қуыс етіп жасалады. Қуысына ақ балшық толтырылады. Тақтаның қалыңдығы 0,5 см астам, 1 см-ге жуық-тайды. Өңіржиек тақтасын «алақан» деп те атайды. Тігінен алғанда бір қа-тардан тұратын кейбір өңіржиектің ең төменгі алақаны кішірек екі күміс тақ-тасын топсамен біріктіру арқылы да жасалады. Оны «қос топсалы өңір-жиек» дейді. Әрбір тақтаның бетіне асыл тастан көз қондырылып, өрнек түсіріліп, кейбіреулері алтынмен жа-латылып, ең төменгі тақтасына күміс салпыншақтар тізіледі. Күміс шынжыр-лы салпыншақтың ұшында сыңғырла-ған дыбыс шығаратын қозасы (ішінде қиыршық тасы бар шар тәрізді әшекей) болады. Осыған байланысты әшекей-дің бұл түрі «қозалы өңіржиек» деп аталады. Өңіржиек тақтасының беті-не ирек, құсқанат, жүрекше және т.б ою-өрнек түсіріледі. Жиектеріне ал-тын, күміс сіркелер қондырылады.
Өңіржиекті қазақ қыздары, негізі-нен, жасына қарай әртүрлі етіп таққан. Отбасында қыз бала дүниеге келіп, өсіп келе жатқан кезде өзге де әше-кейлермен бірге «тіл-көз тимесін» де-ген мақсатпен ұшбұрышты тұмар тақ-қан. Оны зергер күмістен бұрыштап немесе жұмыр түтікше тәрізді етіп жа-сайды, оның іші қуыс болады, онда бәле-жаладан қорғайтын дұға салы-нады. Өңіржиектің қыз баланың бой-жетіп келе жатқан кезіне арналған тү-рі "Өңіртал" деп аталады. Өңіртал ара-лары алшақтау (бір қарыс) орналас-қан екі тақтадан тұрады, тақталары күміс шынжырлармен байланысқан. Өңіртал көбінесе қызыл түсті шыны-дан не ақық тастан көз салынып, шын-жырмен мойынға тағылады.
Қыз ұзатылып, тұрмыс құрып, ана атанғаннан кейін үлкендеу, қалыңдау үш тақтадан тұратын өңіржиектер тақ-қан. Өңіржиектің тақтасы көп болған сайын «көп балалы, алтын құрсақты ана болсын» деген мағынада жасал-ған.
Бірінші, екінші, үшінші, төртінші тақталары төртбұрышты болып келіп, соңғы тақтасы төменге қарай бес бұ-рышталып келуінде де үлкен мән бар. Яғни ананың болашақта көп ұрпақ дү-ниеге әкеліп, «көбею» мағынасын мең-зеп тұрғандай. Жалпы әйел адам 45-50 жасқа дейін, яғни баланы дүниеге әкелуге қабілетті жасына дейін тақ-қан.
Әйел адам үлкейіп, немерелі бо-лып, әже атанған шағында өңіржиек-тің төменгі жақтарын ажыратып тас-тап, бір төртбұрыштысын ғана алқа ре-тінде тағып жүрген.
Өңіржиектің жан-жағындағы көп салпыншақтар ұрпақтың өсіп-өркен-деуі, оның жалғастырушы әйел адам-ның рөлі, өсімдік тектес өрнектің бар-лығы қанат жаю, өмірдің жалғастығын, жаймашуақ күндерді, көбеюді білді-реді.
Өңіржиектің бетіндегі екі ұзын со-пақша, ортасында сіркелеп әдемі өр-нектер салынуы жер әлемнің барлы-ғы да әуелде бірінші болып ер адам-нан жаралғанын білдіреді. Ер адам болмаса, жер бетіне ешқандай ұрпақ болмас еді. Өмірдің бастамасы ер адамда, соның белінде жатыр деген-ді меңзейді.
Өңіржиекті бала тууға қабілетті жас келіншек болып түскеннен кейін жүк-ті болған кезде де үнемі тастамай та-ғып жүрген. Себебі адамның назары жүкті әйелдің ішіне емес, оның әше-кейіне түссе, бір жағынан тіл-көзден, бәле-жаладан, сұқ көзден сақтайды деген мағынада таққан. Міне, осын-дай өңіржиектер біздің музей қорын-да өте көп, олардың кейбірі экспеди-ция арқылы жинақталса, кейбірін тұр-ғындардың өздері келіп тапсырған.
Өңіржиектің батыс өңіріне тән сан түрін көргіңіз келсе, БҚО тарихи-өлке-тану музейіне келіп, «Зергерлік бұ-йымдар» залынан тамашалай аласыз.
Жайнар КАМАЛОВА,
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі,
ғылыми-әдістемелік бөлімінің қоғамдық музейлер бойынша әдіскері