Сейтек күйші

Күрескер күйші
Ол жастайынан тағдыр тауқыметін тартқан. Өмір бойы озбырлыққа қарсы болып, жоқ-жітік пен кедей-кепшіктің қамын жеген. Сондықтан оның өмірі азулыларға қарсы арпалыспен, қуғын-сүргінмен өтті. Күрескер заман әділет-сіздігіне қарсы шыққаны үшін қуғын-далып, Орда, Иркутск, Астрахан, Бутыр-ка (Мәскеу) түрмелеріне қамалады. Орданың абақтысында қапаста 90 күн кісендеулі жатады.

Абақтыдағы тұтқын-дардың денсаулығын қарауға келген дәрігер Сейтектің балтырларына бір елідей сіңіп кеткен кісеннің білезікте-рін көргенде «Мұнша неге қорлайсың-дар?» деп қатты назаланып, абақтының бастығына айтып, кісенді алдырып, акт жасайды. Бірақ Сейтекті абақтыдан босатпайды. 1897 жылы Сібірге, одан Одессаға апарып, Жерорта теңізі арқы-лы Сахалин аралына баратын кемеге мінгізеді. Сахалинге барған соң да ол ауыр азап шегеді.
«...Атандым он төрт жастан бала
Сейтек!
Төреден ұл туған жоқ мендей еркек!
Жамандап жала жапқан прауитіл
Деп жүр ғой елді бұзған ұры, тентек».
Сейтек 1905 жылы каторгадан бо-сап, еліне оралады. Мұнда ол анасы мен баласының қайтыс болғанын естіп, өзінің қайғы-қасіретін «Жоқтау», «Ға-зиз» атты күйлерінде бейнелейді.
Биыл күрескер күйшінің туғанына 155 жыл болып отыр. Осы орайда Сей-тек бабамыздың өмір деректерінен қы-зықты мәліметтерді келтіргім келеді.

Сейтек – қазақтың төкпе күй әдібінің негізін салушы
Сейтек Оразалыұлы 1861 жылы Ба-тыс Қазақстан облысы Орда ауданы Са-ралжын жерінде дүниеге келген. Сей-тектің әкесі Оразалы әр байдың малын бағып күнелткен, сіңірі шыққан кедей адам болған. Тек атасы Байшора ешкім-нен қатық сұрамайтын ауқатты адам болған. Өзінің жиын-тойда ән салатын өнері де болған. Оразалыдан үш бала туған: тұңғышы Шошақ (шын аты – Сұл-танғали), ортаншысы Сейтек (Сейтқа-ли), кенжесі Мәнкей (Нұрғали).
Оразалы 1866 жылы қайтыс болып, Сейтек небәрі 5 жасынан ағайыны Шо-шақтың тәрбиесінде болған. Ол кішкен-тайынан алған бетінен қайтпайтын қай-сар болып өсті. Ел аузында мынадай әңгіме бар. Анасы Сейтекке жүкті бол-ғанда қасқырдың жүрегіне қатты жерік болады. Содан Ноғайбай мен Батырбек ауылының аңшыларына барып, қалаға-нын зорға табады. Сейтектің қайсар мінезді болуы осыдан деседі. Байлар-дың қуғынына ұшыраған күйші «Ай-дау», «Түңілдім», «Арман» атты күй-лерін шығарады. Қамаудан босаған соң туған «Жігер», «Заман-ай», тағы басқа терең психологиялық мазмұнға құрылған күйлер Сейтек шығармала-рының жан-жақты өріс алғандығын танытады. Азапты ғұмыр кешкен кү-рескер 1923 жылы Мәскеуде өткен Бү-кілодақтық ауыл шаруашылығы көрме-сіне қатысып, онда ол өзінің бұрынғы күйлерімен қатар жаңа бір күй шыға-рып тартады. Ол туралы Ғұмар Зарипов «Сейтектің музыкалық мұрасы туралы» деген естелігінде мынадай қызықты де-рек келтіреді.
Көрмеге қазақстандықтарды бастап барған Қазақ АКСР Орталық Атқару Ко-митетінің председателі Сейтқали Мең-дешов: «Сейтеке, мына күйіңіз бұлбұл-ша сайрап тұр екен, сондықтан бұған «Бұлбұл» деп ат қойса болар еді», - депті.
- «Бұлбұл» деген күй Дәулеткерей-де бар ғой, - дейді Сейтек. Сонда Сейта-қаң: «Дәулеткерейдің «Бұлбұлы» хан-сұлтандардың сарайында ғана жырла-ған, ал сіздің «Бұлбұлыңыз» бүкіл әлем-ді таңдандырған Москва көрмесінде сайрады. Оны көрмеге қатысқан бар-лық ұлттар да сүйсіне тыңдады. Менің-ше, нағыз «Бұлбұл» осы!» - депті. Содан атақты композитордың бұл күйі «Бұл-бұл» аталып кеткен.
Ол кезде Сейтек 62 жаста екен.

Сейтек мұрасы – ел қазынасы
Сейтектің «Тойбастар» күйі туралы Ғұмар Зарипов былай дейді: «Бұл күйді біз 1927 жылы композитордың өз орын-дауында тыңдаған едік. 1927 жылы Мә-дениет үйінде ордалықтар Ұлы Октябрь-дің 10 жылдық мерекесін өткізді. Сал-танатты жиыннан кейін концерт бастал-ды. Сахнаға Сейтек шығып, «Тойбастар» деген жаңа күйін орындағанда жұрт-тың ықыласы ерекше болды. Оны зейін қойып тыңдаушылар күйлерін кезек-кезек сұрап тарттырып, күйшіні сахна-дан жібермей қойғаны әлі күнге көз ал-дымызда».
Сейтектің репертуарында өзі шығар-ған күйлерден басқа Құрманғазы, Дәу-леткерей, Макар, Түркеш, Баламайсаң, Соқыр Есжан, Жақия, тағы басқа атақты күйші-композиторлардың жүзден ас-там күйі болған.
Ахмет Жұбанов Сейтектің түрікмен, қалмақ күйлерін жақсы меңгергендігін, ал Ғұмар Зарипов оның қазақтың 11 пернелі ескі домбырасымен орыстың «Степька Разин», «Мчиться тройка поч-товая», «Светит месяц» сияқты атақты әндерін, бірнеше би күйлерін, иран, тү-рік марштарын шебер орындайтынды-ғын айтады. Сейтектің төл туындылары терең мазмұндылығымен, алуан дыбыс өрнектерімен ерекшеленетінін музыка мамандары баса көрсетеді.
Сейтек сонымен қатар ән де шы-ғарған. Композитордың шығармала-ры «Сейтектің әндері» тақырыбымен А. В. Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына енген. Л. Хамиди мен С. Шабельский «Сейтек» (1940) атты бір актілі музыкалық пьеса жазды.
Жазушы Т. Әлімқұлов композитор туралы «Сейтек сарыны» (1966) пове-сін жазды. Осы тұста айта кету керек, Сейтек Оразалыұлы туралы мәлімет-термен жұртшылықты алғаш танысты-рушы белгілі музыка маманы А. В. За-таевич болатын. Ол өзінің 1925 жылы шыққан белгілі жинағында композитор-дың «Сейтек» атты әнінің нотасын бер-ді. Ал қазақ ғалымдары ішінде Сейтек-тің өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты зерттеу жүргізген академик А. Жұбанов екен.

Сейтек – ұстаз
Күйшінің өз баласы Есқайыр Сейте-ков (1893-1968 жж., ол да домбырашы болған): «Әкем моңғол тәрізді қияқ көз-ді, шашы тіп-тік, шиыра қайырған қа-ра мұрты бар, иықты, кең жауырынды, ірі саусақты, домбырасын солақай тар-татын адам еді», - дейді.
Сейтектің қасында жүріп, оның күй-лерін өзінен үйренген шәкірті Смағұл Көшекбаевтан жеткен дерек те көп нәр-сені аңғартады: «Сейтекең шарт мінез-ді, күй тартқанда отырған тыңдаушы-ларына да, домбыраның пернесіне де қарамай, мойнын сәл ғана сол жағына бұрып, көздерін тас жұмып, домбыра-сын ойнайтын еді. Егер осы тұста біреу-лер дауыстап, не болмашы сөйлесіп отырғанын байқаса, қабағын түйіп, дом-быра тартуын тоқтататын. Ал күй тарт-қанына өзі риза болса, «Домбыраны тартқан орындаушы – күйші емес, күй-ге түсініп тыңдай білген адам – күйші», - дейтін».
Сейтектен күй тыңдаған, үйренген Дүйсенәлі Мұхамбетқалиев, Мұхит Би-тенов, сондай-ақ Дина, шәкірттерінің бірі болған (Қалмақ АКСР Каспийск қа-ласының маңында тұрған) Зәмзәм Ес-жанова, Әлдеш Жәлекеевтің өздері де күй шығарған.
Сейтек Оразалыұлы 1933 жылы 20 шілдеде Астрахань облысы Харабали ау-даны Киров ұжымшарында баласы Есқайырдың қолында дүниеден өтті. 1962 жылы Сейтектің Нұрғаным деген қызынан туған жиені Фазыл Сұлтанов Ресей жерінен Сейтектің жерленген орнын тапқан. 1977 жылы 10 мамырда Астрахань облысы Қарабайлы аудан-дық комитеті мен еңбекші депутатта-рының аудандық Кеңесінің қаулысы бойынша Сейтек Оразалыұлының зи-ратына ескерткіш орнатады. Күрескер композитордың музыкасы бұл күндері өлмес мұраға айналды.
Күйші түрікпен күйлерінде қолданы-латын негізгі бас пернені домбыраға пайдаланады. Бұл перне қазір де «Сей-тек перне» деп аталады. Сейтектің көп-теген күйлері бүгінгі таңда Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің негізгі репертуарына енді. Ару қызға деген адал көңіл, ақ тілегінің айғағы – «Бұлбұл Айша», қазақ қыздарының ақ-жарқын, бауырмал қасиетіне тәнті бо-лып «Бес қыз» күйін тарту етсе, азаттық-ты аңсаған асық көңілдің күйін «Заман-ай» күйімен білдірген. Күй арқылы қай-ғы мен ащы азапты сыр етіп айтады. Сейтек – ірі күйші әрі домбыраны таңдап тартқан, орындаушылық шеберлігінде ақау болмаған майталман.
Лилия ҮМІТҚАЛИҚЫЗЫ,
Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінің экскурсоводы,
Орал қаласы

Қаралым саны 5240

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463