«Дешті Қыпшақ даласы»

Қазір көпшілік тиын-тебен жинаса шетел асып демалуды жөн көреді. Өзгенің табиғаты мен тарихын танып, жиған-терген қаражатын шетелге апарып береді. Əр адам өз ақшасына қайда барып демалуын өзі біледі. Бірақ, ұсынысым – кемінде жылына бір рет туған жерінің тарихи маңызды, табиғи əдемі жерлерін көруді мақсат етсе жөн болар еді. Ішкі туризм дамып, бастысы туған жерді тану арқылы терең тарихымызға бойлап, бойға ұлттық рухты сіңірері сөзсіз. Осыған орай кең байтақ даламыздағы əсем табиғат пен маңызды тарихи орындарды таныстыру мақсатында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде «Дешті Қыпшақ даласы» атауымен бейнероликтер шығуда. Бұндай жобалар ауадай қажет. Іске сəт!

Ақбай БАРЖЫҰЛЫ

Қаралым саны 1444

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463