9 жасар өнерпаздың қоржынын-дағы жүлделер:
2016 жылғы желтоқсанда Ригада өткен жас орындаушылардың бесінші «Riga Symphony 2016» халықаралық фестивалінде үш мәрте жүлдегері;
Жеті жасында Мәскеуде өткен «Бегу-щая по волнам» фестивалінің бас жүлдесі;
2016 жылы Алматыда өткен ха-лықаралық «Бозторғай» балалар шы-ғармашылығы байқауының жеңімпазы;
2016 жылы қыркүйекте Грузияның Батуми қаласында «Дельфин Фэст» байқауының бас жүлдесі;
2017 жылы мамырда «Дарын-2017» қалалық үздік оқушылар шеруінде «Алтын дауыс» аталымы бойынша ма-рапатталды.
Ербол НҰҒЫМАНОВ, Ержан Мак-симнің әкесі: Италияның Сан-Ремо қа-ласында өткен байқауға қатысу жос-парда бар болатын. Былтыр естеріңізде болса, Ержан халықаралық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауының жеңімпазы атанып, «Славян базарына» жолдама алды. «Бозторғайдың» ұйым-дастырушысы Қарлығаш Әбдікәрімова бізге әрі қарай жұмыстану қажеттігін айтты. Ержан бұған дейін Алматы, Астана және көршілес Ресейдің Мәскеу қаласында өнер көрсетіп жүрді. Бізде ендігі мақсат Еуропа сахнасында ән айту, тәжірибе алмасу болды. Мақ-сатымызға жеттік. Қарлығаш Әбді-кәрімова Италияға бірге барып, зор қол-дау көрсетті. Батыс Қазақстан облы-сының басшысы Алтай Көлгіновке ерек-ше алғысымызды білдіреміз. «Берсең, балаға бер», деген халықпыз ғой, ендігі байқауға қолдау танытамын деген азаматтар болса екен деймін...
- Сәлем, Ержан! Алдымен, Италия-дан әкелген жүлдеңмен құттықтай-мыз! Әманда ел мерейін асыра бер дейміз. Көңіл-күйің қалай? Сан-Ремо қаласы ұнады ма?
- Рақмет! Жағдайым жақсы. Көңіл-күйім де көтеріңкі. Сан-Ремода бір аптадай болыппыз. Әрине, қала өте ұнады. Мен қатысқан фестивальде 15 елден 30-ға жуық қатысушы бақ сынады. Барлығы керемет өтті. Қазір төртінші сыныпты ойдағыдай тәмам-дадым. Әнді де айтып, сабағымды да қатар алып жүрмін. Байқаулар болып, сабақтан қалатын кездер болады. Он-дай жағдайда қосымша дайында-ламын. Жазғы демалыс басталды. Ақтау қаласына бармақпын. Сонымен қатар тамыз айында Астанада демалмақпын.
- Жас орындаушылардың фестивалі қалай өтті?
- Конкурс барысында қобалжыдым. Нешінші орын аламын деген ой маза бермеді. Сайыс қорытындысын өз-дерінің тілінде хабарлағандықтан, өзім-нің жеңіп шыққанымды білмедім. Алай-да өзім іштей үміттендім... Шет тілінде ән салу қиынға соқты. Сол үшін арнайы маманнан дәріс алдым. Жалпы ән айтуды 3-4 жасымнан бастадым. Алғаш Қайрат Нұртастың өлеңдерін айтатын едім. Әкем менің талабымды байқап, Жастар мәдениет үйіне апарды. Жетекшім болып Дария Бақытова бекітілді. Қазіргі күнге дейін сол үйірмеге қатысып жүрмін. Болашақта Димаш ағам сияқты әнші болғым келеді.
- Ержан, сенің қолында сиқырлы таяқша болса, не істер едің?
- Егер де сондай сиқырлы таяқшам болса, кішкентай кезіме қайта оралар едім. Армансыз ойнап, қайтадан балабақшаға барғым келеді (күлді).
Латвия еліне барған уақытта сайысқа қатысушылармен түрлі қызықты ойын-сауық орталықтарына барғаным есімде қалыпты. Қазіргі кезде олармен тек әлеуметтік желі арқылы байланысып отырамын. Бір-бірімізге өзіміздің жаңа-лықтарымызды айтып, жетістіктеріміз-бен бөлісіп отырамыз. Осы орайда әр-кез мені қолдап, қолпаштап жүрген жандарға алғыс айтқым келеді. Оларға өмірдегі барлық жақсылықтарды тілеймін.
Дария БАҚЫТОВА,
Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармония-сының солисі, Ержанның ұстазы:
«Ержан «Славян базарында» «Наз-қоңыр» әнін орындайды»
- Қазір менің тобымда жас таланттар жетерлік. Жалпы сахнаға шыққан уақытта әр балада қобалжу болатыны рас. Ата-анасын көрермендер залына жіберіп, өзім Ержанды алып қалып, жұмыстанатын едім. Кейін сахнаға үйренді. Өзі тартымды, сахнаға дайын тұрған бала ғой. Алты жасында «Бал-дәуренге» қатысты. Содан кейін респуб-ликалық байқауларға шыға бастады. Роза Рымбаева, Майра Ілиясова сияқты өнер жұлдыздарының алдында өнер көрсетіп, жақсы бағасын да алды. Ержанмен аптасына бір-ақ рет жүзде-семіз. Қазір «Славян базарында» орын-дайтын «Назқоңыр» әніне өңдеу жаса-лып, сол әнге дайындалып жатырмыз. Сонымен қатар итальян тіліндегі шығар-маны орындамақ. Айтулы өнер додасы шілде айында Витебскіде өтеді. Осы байқауда 2015 жылы Димаш Құдайбер-ген елдің атынан шығып, жұлдызы жанды. Әр баладан үлкен үміт күтетінім рас. Бала кезінен қасында жүргендіктен, өз перзентіңдей уайымдайсың. Әрқа-шан биіктерден көрінгенін қалаймын. Өзінің асқақ арманына жетсе екен деп тілеймін!
Мұнайдар БАЛМОЛДА, ақын:
«Балалар әндеріне сөз жазуға саналы түрде келдім»
- Қазір ел көлемінде балалар әндеріне аса мән берілмейді. Балалар ән байқауларына қатысқысы келеді, көрінгісі келеді. Бірақ әндер өз деңгейінде болмағасын, үлкендердің әндерін орындап жатады. Кезінде тым жақсы балалар әндері жазылды. Қазір ақындар балалар тақырыбына бара бермейді. Сондықтан мен бұл тақы-рыпқа саналы түрде келдім. «Берсең, балаға бер» деген қазақтың мәтелі бар. Балаларға базарлық жасап, әндер жаза бастадым. Қазір бұл бағытта 35-тей әнім бар. Әнге сөз жазғанда сөзіне, ұйқасына мән беремін. Сөзі жеңіл болса деймін. Баланың айтатын білімін ескеріп, күрделі сөз болмаса екен және бала тез жаттап алатындай болса деймін. Думан Байтілеуов деген композитормен тығыз байланыстамыз. Ол «Балаларға арнал-ған әндер» атты жинақ шығарды. Сол жинақтағы әннің жартысынан көбі – менің сөзіме жазылған әндер. Ержан Максим де арнайы шығармашылық кешіне патриоттық бағыттағы ән жаз-дыртты. Мектептер, балабақшалар ән-ұран жазуға ұсыныс білдіреді. Мысалы, Әлия Молдағұлова атындағы №38 мек-теп-лицейінің әнұраны әдемі шықты. Тіпті Отан туралы әнде де баланың психологиясы ескеріліп, балаға тән тәтті сөздер арқылы жетуі керек.
Бетті дайындаған
Зейнұр НЫҒМЕТЖАН,
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің I курс студенті
Жазира БИСЕКЕНОВА,
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің I курс студенті