Динара БОЛАТ
Туған күні: 22.05.1986
Туған жері: Ақтөбе қаласында туып, Оралда өскен
Жұлдызы: Егіздер
Сүйіп жейтін тағамы: ет, еттен жасалған тағам
Әншілері: Goldplay, LP, Светлана Лобода, Ninety One, Black Dial
Үлгі тұтатын тұлғасы: Махатма Ганди, Нельсон Мандела, Тереза ана, Далай Лама
Әлемді шарлау – бала күнгі арманым
Мен өзімді саяхатшы деп есеп-теймін. Себебі туристен гөрі саяхат-шының мақсаты басқа. Мен турфир-маның көмегінсіз маршрут жасап, барған елімді өз аяғыммен аралай-мын. Саяхатшының мақсаты сол елді танып білу, зерттеу болса керек. Менің анам – география пәнінің мұғалімі. Бала кезімде географиялық картаның үстіне отырып алып, елдерді астана-сымен жаттайтынмын. Әсіресе, өзен-көл, тау-тасты қызықтайтын едім. Жағдайым сәл түзеліп, отбасылық тір-ліктен ес жиғаннан кейін, арманымды жүзеге асыруға мүмкіндік туды.
Әлем елдеріне деген қызығушы-лыққа мамандығымның да өз әсері болған шығар. Негізі бұл – балалық арман.
Менің рухани қажеттілігім материал-дық сұраныстарымнан биік
Әлемнің басқа түкпіріне жол тарт-пас бұрын баратын елімді белгілеп аламын. Ол елдің ішіндегі көргім келетін қалаларды ойластырып, маршрутымды сызып аламын. Соған қажетті барлық қаражаттың бюджетін құраймын. Сосын ақша жинаймын. Яғни аяқасты ешқайда кетіп қал-маймын, себебі барлығына қаражат керек. Мен осыған дейін саяхатқа жұм-саған ақшама бірнеше тон, тәп-тәуір бриллиант алып, жылтырап жүруіме болатын еді. Бірақ менің рухани қажеттілігім материалдық сұраныс-тарымнан биік боп тұр. Ақшаны бала кезімнен жақсы жинаймын. Себебі ата-анам мені 4-сыныптан бастап еңбекке, табыс табуға баулыған. Өзімнің оқу құралыма, киіміме, мектептегі жыл бойы жейтін тамағыма ақша тауып жүрдім. Сол кезден қалған дағды шы-ғар. Бұл жерде табандылық, шыдам-дылық қажет. Жинап жатқан ақшаны бұзбай, басқа нәрсеге жұмсап жібер-меу үшін мақсатымның қаншалықты маңызды екенін әрдайым дәлелдеп отырамын. Ал нағыз сабырсыз адам болсаңыз, депозитке салуға кеңес бе-рер едім. Өзім осы әдісті қолданамын. Әйтпесе, қарыз сұраған адамдарға ақшамды беріп қоямын.
Ең алғаш барған елім – Чехия
Ең алғаш Ресей мен Қытайға бар-дым. Алайда бұларды саяхат деуге келмес. Негізі саяхатқа деген қызығу-шылығымды оятқан Чехия болды. Бұл жерге біз отбасымызбен барғанбыз.
6 жасар қызымызға Рождество мере-кесін көрсеткіміз келді, себебі Еуропа-ның көп елдері аталған мейрамда қалаларын өте әдемі безендіреді. Бұл сапар барысында Чехияға көршілес елдерге де ат басын бұрдық. Сол кезден бастап бала кезгі арманым қайта дүниеге келді десем болады.
Үндістан, Италия және Түркияға қайта оралар едім...
Мен мұражайға көп бармаймын, себебі қатып қалған суреттер немесе мүсіндер онша қызықтырмайды. Ол нәрсені кітаптан оқып та, былайша да көре аламыз. Мені жергілікті халықтың тұрмысы, қаланың көңіл күйі, өзіндік тіршілігі көбірек қызықтырады. Осы кезге дейін 11 елде болдым, оның ішінде көргенім – 33 қала. Үндістанға, Италияға, Түркияға қайта оралғым келеді... Сол мемлекеттер маған қатты ұнады. Үндістан өзінің бір колоритімен, дәмді тағамымен есте қалған болса, Италия мен Түркияның қай қаласына барсаңыз да, адамға жағымды көңіл күй сыйлайды. Сол жерлердің атмос-ферасы ерекше, қолайлы. Менен қай жерде тұрар едіңіз деп сұраса, мен Ита-лияны немесе Түркияны таңдар едім...
Саяхат бізде сәнге айналмай тұр...
Саяхаттап барған елдерден ба-зарлық ретінде анама, енеме сыйлық аламын. Ал өзіме сол елдің, ұлттың көйлектерін алуға тырысамын. Егер дайын көйлек болмаса, сол ел шығаратын этникалық маталарды сатып алып, тіктіріп аламын. Саяхатта әркез серігім болады. Жалғыз барғым да келмейді. Жасыратыны не керек, блогер болған соң, жаныңда фото-суретке түсіретін адам болуы керек. Оған қоса тап сол сәттегі әсерді бө-лісетін жан болғаны жақсы. Келешекте сапарға қазақ қыздарымен шықсам деймін. Бірақ, өкінішке орай, саяхат өзекті бола алмай тұр. Өзге елдер-дегідей сәнге айнала қойған жоқ. Өзге елдерде жастар көбіне алыс-жақын елдерге саяхаттауға тырысады. Ал біздің санамызға бұл сіңе алмай тұрған жайы бар.
Бала бақыты – анасының рухани сау күйінде
Мектептегі қызын, кіп-кішкентай ба-ласын тастап, шетел кезіп жүретін әде-тімді кейбіреулер нағыз өзімшілдің ісі дейді. Анаға лайық емес дейді. Ал менің түсінігімде баланың бақыты ана-сының бақытында. Анасының рухани сау күйінде. Балаларыма шаршағаннан шытынаған жүйкеммен тәрбие бер-генімше жер кезіп жаңарып, жадырап, жаңа қуатыммен алдарында жүргенді жөн санаймын. Оған қоса, балаға ке-недей жабысып алып өмір сүретіндей олар меншігім емес. Ешқашан мендік болмайды да. Сондықтан қазір менің қоластымда өсіп келе жатқан ең жақын достарым бұл әдетіме тек қуана, тамсана қарайды деп сенемін. Бұл жерде маған Алланың берген нәсібі шығар. Анам мен енем мен саяхатқа кеткенде балаларыңды уайымдама деп шығарып салады. Ал жұбайым – қызмет бабы бойынша іссапарға көп шығатын адам. Түсінігі мол, көзқарасы кең. Сондықтан ол менің арман-дарымның орындалуына, сүйікті ісім-мен айналысуыма еш кедергі жаса-майды, керісінше, қолдап отырады.
Тоғыз күндік сапарым сәтті болды
Соңғы сапарым Марокко болды. Бұл – менің Африка құрлығына алғаш қадам басуым. Ресейлік блогерлермен барған сапарым 9 күнге созылды. Ма-рокко елі өте әдемі, ежелгі қалалары жақсы сақталған. Саяхатшылар бас қосқаннан кейін айтарымыз, үйре-теріміз, көрсетеріміз өте көп болды. Тәжірибе алмастық, таныстық, әңгі-меміз жарасып, керемет уақыт өт-кіздік. Ендігі саяхатымды жаздың соң-ғы айларына деп жоспарлап отырмын, соған қарай ақшам да жиналып қалуы керек. Бірақ екі елдің арасында таңдау тұр. Таңдауымды әлі жасаған жоқпын. Қай елдер екені құпия болсын. Бір жылдың ішінде әрі кетсе, 4 рет саяхатқа шығады екенмін. Әрине, оның бәрі от-басылық жағдайға, қажетті қаражатты жинауыма байланысты. Ал негізі 3 ай бойы үйде отырып қалсам, маза-сыздана бастаймын.
Өмірге шексіз ғашықпын...
«Сен сияқты айналадан сұлулықты көре білгім келеді. Сен сияқты жай күнге қарап тұрып қуана білсем ғой, шіркін» дейді. Не дейін?.. Сұлулық пен ғажаптың барлығы тыныштықты жақ-сы көреді. Сананың тыныш күйінде ғана бар жақсы көрінеді, сезіледі. Біз тым көп сөйлейміз. Бос әңгімеге әуеспіз. Сәйкесінше, ойларымыздың басым көпшілігі қоқыс. Біздің бақытты болуымызға, қуанышқа кеңелуімізге тигізер еш пайдасы жоқ сөздер, ойлар, әрекеттер. Айналамыздың бәрі ызың, бәрі шу. Қажетсіз сөздер мен ойлардан арылып, санамызда тәртіп орната алғанда ғана біздің өмірге көзқа-расымыз өзгереді. Әлемге көзқара-сымыз өзгереді. Санасы тыныштық тапқан адамның жаны да тыныш табады. Санасы тыныш адам ғана әлеммен үйлесіп, шыр айнала билеп өмір сүреді. Санасы тыныш адам ғана кез келген кезде, кез келген жағдайда әлем-нің әсем әуезін естіп, оның қарапайым көзге көрінбейтін сұлулығын көріп, ғажабын сезіне алу қабілетіне ие болады. «DANAкаz» журналының оқырмандары, айналадан жақсыны көруге асығыңыз-дар! Жақсылық жасауға асығыңыздар! Әдемі, мәнді, өкінбейтіндей қуанышқа толы ғұмыр кешіңіздер дегім келеді.
Саяхатшы қыздың жан сырын қағазға түсірген
Айдана ХАМИДУЛЛИНА,
Орал қаласы