- Шетелде білім алу туралы 8-сы-ныптан армандадым. Ел көріп, жер кө-ріп, саяхаттағанды бала кезімнен ұна-татынмын. Таңдау оңайға түскен жоқ, әрине, әр елдің өз ерекшелігі бар де-гендей, көп ойлана келе мен Қытайда оқуды таңдадым. Ата-анамның да, менің де ойымыз бір жерден шығып, жоғарғы оқуды Қытайда оқитын болып шешім қабылдадық. Караша айында керек деген құжаттарды дайындап, оқуға тапсырдым.
- Тіл үйрену оңай болды ма?
- Сабақ ағылшын тілінде өтеді. Ағылшын тілін мектеп кезінен меңгере бастадым. Түрлі курстарға қатыстым. «Білім инемен құдық қазғандай» де-мекші, әрине, тіл үйрену оңай болған жоқ. Тілімді жаттықтырып, ағылшын тілінде көптеген кітаптар оқыдым. Қазір қытай тілін де үйреніп жатыр-мын. Қытай тілі – оңай тіл емес. Қиындықтар да болды. Қытай сөздерін үйреніп, қазір сол сөздерді күнделікті өмірде қолданып, тілімді жаттық-тырудамын.
- Шетелде оқуға ата-анаңыз қарсы болмады ма?
- Ата-анам қарсы болмады, бірақ әр ата-ана өз баласын шетелге жалғыз жібергісі келмейді деп ойлаймын. Маған қолдау көрсетіп, сенім артқаны үшін оларға алғысым шексіз. Ата-анамның үмітін ақтауға тырысамын.
- Қытайға алғаш барғандағы әсе-ріңіз қандай болды?
- Алғаш рет келгенде қобалжу, толқу болды сонымен қатар үлкен жауапкершілікті сезіндім. Жаңа әлем көргендей болдық. Біз үшін бәрі жаңа болды: тілі, ауа райы, мәдениеті, тамағы, салт-дәстүрі, дiнi.
- Бос уақытыңызда немен айна-лысасыз?
- Сабақтан тыс уақытта қытай тілін үйренемін, кітапханаға барып, үй жұ-мысымды жасаймын, сабаққа дайын-даламын. Кейде достарыммен бірге қалаға шығып қыдырамыз. Театрға барғанды жақсы көремін. Соңғы кездері қытай мәдениетін, музыкасын зерттеуге көп көңіл бөліп жүрмін.
- Қытайда қазақ жастары кездесіп тұрасыздар ма?
- Иә, қазақ жастары жиі-жиі кез-десіп тұрамыз. Кейде бір-бірімізді қонаққа шақырамыз. Туған жерден алыста жүргендіктен, осында оқып жүрген қазақ жастары бір үйдің бала-сындай татумыз. Бір-бірімізге қолұшын беріп, демеу боламыз. Тәуелсіздік күні, Наурыз сияқты мерекелерді бірігіп атап өтеміз. Спорттық бәсе-келерге қатысып тұрамыз.
- Өзіңіз білім алып жатырған уни-верситет туралы айтып өтсеңіз. Білім беру жүйесі қандай?
- Қытайда жоғарғы оқу орын-дарына көп көңіл бөлінеді. Жоғары оқу орнына түсерде талапкерлер тесті-леуден өтеді және жазбаша емтихан тапсырады. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, шілденің басында аяқ-талады. Цзянсу технологиялық уни-верситеті Қытайдағы үздік жоғары оқу орындарының қатарында. Универ-ситет оқуға керекті барлық құрал-дармен жабдықталған. Әр семестрдің соңында Finals деп аталатын емтихан тапсырамыз.
- Бұл оқу орнының біздің уни-верситеттерден қандай айырма-шылығы бар?
- Айырмашылықтар өте көп. Ең басты айырмашылығы – тіл үйрету. Барлық студенттер міндетті түрде қытай тілін білуі тиіс. Бұл үшін ше-телдіктерге арналған тіл үйрену курс-тары бар. Студенттердің білімін баға-лау да өзгеше. Қорытынды бағаның 50%-ы үй жұмысының орындалуы және сабаққа қатысумыз, ал қалған 50%-ы емтихан нәтижесінен тұрады.
- Қалай ойлайсың, шет елде білім алғанның артықшылығы қандай?
- Басты артықшылық білімнің са-пасында. Мұнда сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалған.
- Қытайда студенттер үшін қандай жеңілдіктер жасалған?
- Қытай халқы спортқа қатты көңіл бөледі екен. Тегін баскетбол алаңдары, бассейндер, футбол алаңдары, спорт теген жеңілдік қарастырылған. Сту-денттерге арналған арнайы сауда ор-талығы бар. Өзге елден келген сту-денттерге берілген жатақхана қытай студенттерінің жатақханасынан әлде-қайда жақсы. Біздің жатақханада бір бөлмеде 2 адам болса, оларда 4-6 адам тұрады.
- Аида, алға қойған жоспарыңыз қандай?
- Менің қазіргі уақытта алға қойған мақсатым – осы оқу орнын үздік бітіру, жақсы маман иесі атанып, ата-анам-ның үмітін ақтау. Мүмкіндік болса, басқа да елдердің салт-дәстүрін, тілін меңгеріп, тәжірибе алмасып, бар жиғантерген білімімді өз елімнің пай-дасына жұмсағым келеді.
- Сұхбатыңызға рақмет! Білімді, білікті маман иесі болып, ел игілігіне қызмет етуге тілекшіміз.
Әңгімелескен Динара ЕСЕНӘЛИНА