Бұл жиында қазақ тарихының сан алуан мәселесі ішінде Қазақстан тарихының оқулығы да бар, біраз нәрселер айтылды. Қазіргі атқарылып жатқан және алдағы уақытта жасалар көптеген жұмыс сөз болған-ды. «Біздің тарих бұл да бір қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа бірақ тағы» деп Қадыр ағамыз жырлағандай, кеңестік жүйеде қазақ тарихына байланысты көп нәрсенің айтылмай, оқытылмай, айтылса да, бұрмаланып келгені жасы-рын емес. Елбасының ұсынысымен қабылданған «Мәдени мұра» бағдар-ламасы арқылы қазақ тарихына көп-теген тың дерек қосылуда. Қытай, Иран, Түркия, Монголия т.б. елдерде тұрып жатқан, кейін атажұртына қоныс аударған қазақ ғалымдары аталған елдердің архивтерінен қазақ тарихына байланысты көптеген материалдарды аударып, жаңа деректермен толық-тырды. Тарихымызды түгендеудің тағы бір көзі – ежелгі қорымдар мен сон-дағы қойылған құлпытастар. Соңғы жылдары біздің облысымызда да ежелгі құлпытастарды зерттеу бойын-ша аймақтарға экспедициялар ұйым-дастырылып, нәтижесінде қазақ тари-хында, соның ішінде өлке тарихында ойып алар өзіндік орны бар Дәуқара батыр, Тайлақ батыр, Науша батыр, Есім хан, Сүгір жырау, Байбарақ батыр т.б. тарихи тұлғаларымыздың жерленген орындары анықталып, олардың өмір сүрген жылдары нақтыланды.
Күні кеше маусымның 13-і күні Терек-ті ауданы Бекей ауылы маңындағы ежелгі қорымнан Әбілхайыр ханның баласы кезінде өзі де 1797-1805 жыл-дары Кіші жүздің ханы болып, билік құрған Айшуақ ханның құлпытасы табылып, тағы бір тарихи шындықтың беті ашылды. Бұған дейін Айшуақ ханның өмір сүрген жылдары әр түрлі жазылып келіп еді. Мысалы, Батыс Қа-зақстан облыстық энциклопедиясында өмір сүрген жылдары 1720-1810 деп берілген. Құлпытасының табылып, оқы-луы нәтижесінде 1727-1812 жылдар аралығында өмір сүргені белгілі бол-ды. Айшуақ хан өзі билік жүргізген кезде Ресей үкіметінен Жайық бойын отар-лауды шектеуді сан рет талап еткен. Оның билігі тұсында 1801 жылы Кіші жүзден Бөкей сұлтанның бас-тауымен Бөкей ордасы бөлініп шықты. Басқарудың дәстүрлі жүйесін сақтауда біршама игі істер атқарған.
Осындайда:
«Дүниеде бір нәрсе, бар мен таң қалам,
Сұрап келем ақылды адамдардан,
Басқалардың патшасы жақсы болып,
Неге біздің ханымыз жаман болған, - деп ақын Ғафу Қайырбеков айтқан екен дейтін өлең жолдары ойға түседі.
Облысымыздағы ежелгі құлпытас-тарды зерттеу нәтижесінде жарық көр-ген елу тарихи тұлғамыздың құлпы-тастарының суреттері енгізілген. «Құл-пытас сырын ашайық» деген жинаққа Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында қызмет атқаратын елі-мізге белгілі шығыстанушы ғалым Әшір-бек Мүмінов «Бұл – әлемдік ғылымға қосылған үлес, әлемдік деңгейдегі ғы-лыми басылым» деп баға берген екен.
Осындай игі бастама Ақжайық ауданында да жалғасын табуда. Чапаев ауылында «Өз өлкеңді өзгеден бұрын таны» атты тарихи-танымдық конфе-ренция өтті. Осы конференцияда оқылған баяндамалар кейін осы атау-мен өз алдына жинақ болып басылып шықты. Өлкеміздің тарихын түгендеу мақсатында Қарауылтөбе ауылында да қолдан келетін жұмыстар атқарылуда. 18 маусым күні Ақжайық аудандық туризм және экология орталығына қарасты «Тарихи өлкетану» үйірмесінің мүшелері (жетекшісі – Н. Шуақбаев), мектеп музейі жанындағы «Жерұйық» үйірмесінің мүшелері (жетекшісі -М. Ку-лишова) және Қарауылтөбе ауылдық жастар жетекшісі Н. Жалғасбаева Тайпақ ОЖББМ-ның 8, 10- сынып оқу-шыларымен Қарауылтөбе округіндегі ежелгі қорымдарға тарихи-танымдық экспедиция ұйымдастырдық. Сапары-мыз төмендегідей бағытта болды.
1. Қызылжар қыстағынан баста-дық. Құлпытастары арабша жазылған көне қорымдарды суретке түсірдік. Құлпытастары жақсы сақталғанымен, кейбірінің жазулары сыртқы күштердің әсерінен (жауын, жел) өшкен, дұрыс оқылмайды. Осы қауымда «Уақытша Ережеге» (1868ж) қарсы болып, біраз жыл елден жырақ Хорезм жерінде өмір сүрген, кейін елге оралған «Сүгірдің елін сағынғанда айтқаны», «Аса бір көштік бір күнде», «Болғанда ханың қазық, биің арқан» атты жыр-толғау-ларымен белгілі Сүгір Мырзалыұлы-ның баласы жерленген.
«Руы: Жиенбет Тана
Бөлімі: Женетек
Сүгірұлы Шымырғали
1935 жылы қайтыс болған
Белгі қойған баласы Бисенбай» ту-ған жылы жоқ, жазылмаған.
Көне құлпытастардағы ру таңбасы:
2. «Ақмешіт» жазғы орнындағы ескі құлпытастарды суретке түсірдік.
3. «Сартымақ» жазғы орын. Қа-сында үлкен оба, етегінде көне зират бар.
Ру таңбасы:
4. «Мәулімберлі» толық зерттел-ген, нөмірленген. Оқушыларға бұл жерде үлкен ғылыми -мәдени орталық болғандығын, мешіт медреселерінде заманының көптеген жасы білім алған-дығын айтып, жалпы Мәулімберлінің кім екендігін түсіндірдік.
Зерттелмеген ежелгі қорымдар әлі де баршылық, тауып, фотосуретке түсі-ріп, тиісті орындар мен зерттеушілерге жіберуді жоспарлап отырмыз.
Өлкетану тарихына үлкен үлес қосып келе жатқан, Батыс Қазақстан аймағы ғана емес, Ноғай қырларын кезіп, Мәскеу асып, қазақ баспасөзінің тарихын жаңа беттермен толықтырып жүрген «DANAqaz» журналының мақалаларымен өлкетанудың жаңа парақтары ашылып, патриоттық тәр-бие жұмысына жаңа деректер анық-талды. «Жазба тарихы қатталмаған қазақ үшін құлпытастар – бірден-бір мол дереккөзі.
Көне қорымдарды зерттеп, оның өлкеміздегі толық картасын қамтитын, әр қорымның барлық мәліметі кел-тірілген сайт жасақталса, біршама тарихымыз түгенделер еді» деген сөзіне алып қосарымыз жоқ, толық қосыламыз, біздің де айтпағымыз осы.
Н. ШУАҚБАЕВ,
тарих пәнінің мұғалімі,
Қарауылтөбе ауылы,
Ақжайық ауданы,
Батыс Қазақстан