Жаһанша Халелді «жезде» дейді екен...

Тұрсын ЖҰРТБАЙ, алаштанушы ғалым:

«Қарашаш Халелқызы Досмұхамедова: «Жаһанша аға менің әкемді жезде деп есептеп, үнемі қалжыңдап жүретін. Өйткені менің шешем Сағираның сүйегі – тана тайпасының ішіндегі қарақұнан бұтағынан еді. Ал біз беріш боламыз. Жаһаншаның әйелі Ольга Константиновна маған: біз осындай аласапыран күннің туатынын білдік. Сондықтан да тағдырдың тәлкегіне ұшырайтын баланы өмірге әкелуді керек деп таппадық. Ол ұсталатын күні демалыс паркіндегі қазақтарға қатысты әлдебір шараға барды. Мен қарсы болып едім, көнбеді. Келген соң: «біреулердің қабағы маған ұнамады. Бір қатер жақын сияқты»,- деді. Сол күні түнде ұстап әкетті,- дегені есімде».

Жаһаншаның зайыбы Ольга Константиновна-ның тағдырынан бейхабармыз. Тек оның әпкесі Надежда Константиновна - Тұрар Рысқұловтың жамағаты болғандығы, кейін ажырасып кеткені ғана қаперімізде бар. Туған ағасы Ғаббас Досмұхамедов (1868-1930) те саяси жүйенің құрбаны болыпты. Досмұхамедтің тұқымынан тараған Жаһаншаның Үнзила Нұғыманқызы, Бисенғали Қуанышәлиев атты белнемерелері бар екендігіне жұбаныш етеміз: «Біздің мақсатымыз – ел билеуді, халықтың өз қолына беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақытта тағдырын өз қолына алады. Қалың қазақты аяусыз қанаған патша орнынан түсті. Ендігі жерде қазақты - елдің тұрмысын, тілін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетіндер ғана басқарады. Осыған байланысты қалай болғанда да біз Ресейден автономия алуға тиістіміз»,- деп армандаған Алаштың ақиығының бірі - Жаһанша Досмұхамедовтің маңдайына осындай тағдыр бұйырыпты.

Қаралым саны 1110

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463