Қазақстан Республикасының Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Тәуелсіздік күні тұсында тұсауын кесіп отырған «Дана.каз» журналының сүйінші саны желтоқсан айымен тұспа-тұс келуі тегін емес. Желтоқсан – әу бастан қазақ үшін ерекше қастерлі ай. Осыдан 95 жыл бұрын, дәл осы желтоқсан айында Алашорда автономиясы құрылған еді. Дәл осы желтоқсан айында, 1986 жылы қазақ жастары қылышынан қан тамған кеңестің өктемдігіне қарсы шығып, қанға боялып еді. Дәл осы желтоқсан айында, 1991 жылы ата-бабамыз сан ғасыр армандаған тәуелсіздікке қолымыз жетті. Біздің ендігі міндетіміз – адалбақанға ілініп, көкке көтеріле берген Қазақ елінің шаңырағына уық болып қадалу, ұлтты ұлт қылатын ұлы істерге үлес қосу.

Жиырмасыншы ғасырдың басы қазақ халқы үшін ең қиын кезеңдердің бірі болды. Кең байтақ жерімізге қызығушылар ұлт ретінде жойып жіберу үшін тіліміз бен тарихымыздың тамырына балта шапты. Халықты бірін «бай», бірін «кедей», бірін «ұлтшыл» деп жік-жікке бөліп, өзара араз етті. Қолдан қысымшылық жасап, аштықтан жаппай қырды.

1993 жылғы 5 қарашада ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделген. 1994 жылы бір топ қазақстандық студенттер тұңғыш рет шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді. Содан бері «Болашақ» бағдарламасы аясында жастарымыз әлемнің ең мықты деген оқу орындарынан білім алуда.

Қазақ халқының азаттық жолындағы күрес тарихы небір жан тебірентерлік тағдырға толы. Соның ішінде ХХ ғасырдың басында қаулап өсіп, қараңғы қазақ көгіне күн болуға ұмтылған Алаш арыстарының өмір жолы бүгінгі оқырман қауымға там-тұм танымал. Кеңес үкіметінің қанды қылышы турап түскен қазақ зиялыларының есімі КСРО-ның тұяқ серпер «қайта құру» жылдарында жаппай ақталып, газет бетінде жариялана бастады.

Нығметолла КӨШЕКОВ,
зейнеткер, Жаңақала ауданы,
Қызылоба ауылының тұрғыны,
Ғұбайдолла Әнесовтің туған інісі:

Біз Кіші жүздің Байұлы тобындағы байбақты руына жатамыз. Ғұбайдолла Әнесов – менің туған ағам. Ол әкеміз Әнестің атына жазылған, мен де Әнесов едім, кейінірек, төлқұжат алғанда атамыз Көшектің (толық аты Көшәлі) есімін фамилия етіп алдым.

Еліміздің байырғы білім ордаларының бірі – Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті осы күндері 80 жылдығын атап өтуде.

Біз осынау мерейлі дата тұсында атақты Махамбет атын иеленген БҚМУ-дың басшылығын, барлық оқытушылар құрамын, мың сан студенттер қауымын, осы қара шаңыраққа қатысы бар барша жамағатты құттықтаймыз! Бақ қонсын, ырыс артсын! Білім әлемінде сапар сәтті болсын!

Төлеген СЕЙІТКЕРЕЕВ,
Көктерек тарихи-өлкетану музейінің жетекшісі,
Қазталов ауданы

Көзі қарақты оқырман Жалпақталдағы жастардың жасырын ұйымы «Қазақ халқын қорғаушылар одағы» туралы аз жазылмағанын біледі. Тәуелсіздік таңын аңсаған боздақтардың таңғаларлық ісі мен талайлы тағдыры әр жылдары белді-белді басылым беттерінен орын алып, белгілі журналист Аманкелді Шахиннің «Сол бір сүргін» атты кітабында салиқалы сарапталды.

Нұржиян САТҚАЛИҚЫЗЫ,
Сатқали Молдағалиевтің жалғыз қызы

Менің әкем Сатқали Молдағалиев – «Қазақ халқын қорғаушылар одағының» бел-сенді мүшелерінің бірі болған, сол үшін он жылға сотталған. Елге, Орал облысының Фурманов ауданына келген соң өмір бойы электрмен дәнекер-леуші болып қызмет етті.

Дәметкен СҮЛЕЙМЕНОВА,
тарих ғылымдарының кандидаты

Алаштың ардақтысы – Жаһанша Досмұхамедов 1887 жылы қазіргі Сырым ауданы «Бұлдырты» кеңшары, Тамды өзенінің бойында дүниеге келген. Бес жасынан тіл сындырып, ауыл молдасынан оқып, кейін екі кластық орыс-қазақ мектебін тәмамдап, 1899 жылы Оралдағы әскери-реалды училищенің дайындық класына қабылданады. Бұл оқу орнын 1905 жылы 31 мамырда аяқтап, осы жылдың 27 қарашасында аттестатын алады және жоғары оқу орнына түсу үшін даярлық курсында оқуын жалғастырады.

Жайсаң АҚБАЙ, өлкетанушы:

«Алашордашыларға кешірім береміз» деген уәдесіне қарамастан Кеңес үкіметі Жаһанша Досмұхамедовті бірнеше мәрте қамауға алды. Үш жарым жылдай Воронежге жер аударылды. 1929 жылға дейін Жаһанша Жымпитыға бірнеше рет келіп кеткен. Бірақ 1938 жылы 1 маусымда ол тұтқындалып, Таган түрмесіне қамалды. Ол осыдан сәл бұрын инсульт алып, оған «мүгедек-сал» («инвалид-паралитик») деген диагноз қойылған болатын. Сол 1938 жылдың 3 тамызында Жаһаншаны атты. Ол Бутоводағы бауырластар зиратына жерленген...

Тұрсын ЖҰРТБАЙ, алаштанушы ғалым:

«Қарашаш Халелқызы Досмұхамедова: «Жаһанша аға менің әкемді жезде деп есептеп, үнемі қалжыңдап жүретін. Өйткені менің шешем Сағираның сүйегі – тана тайпасының ішіндегі қарақұнан бұтағынан еді. Ал біз беріш боламыз. Жаһаншаның әйелі Ольга Константиновна маған: біз осындай аласапыран күннің туатынын білдік. Сондықтан да тағдырдың тәлкегіне ұшырайтын баланы өмірге әкелуді керек деп таппадық. Ол ұсталатын күні демалыс паркіндегі қазақтарға қатысты әлдебір шараға барды. Мен қарсы болып едім, көнбеді. Келген соң: «біреулердің қабағы маған ұнамады. Бір қатер жақын сияқты»,- деді. Сол күні түнде ұстап әкетті,- дегені есімде».

Сәуле РЫСҚҰЛОВА,
Тұрар Рысқұловтың қызы,
биология ғылымдарының докторы, академик:

«Менің шешемнің аты-жөні – Әзиза Түбекқызы Есенғұлова. Әкемді 1937 жылы 21 мамырда қамауға алған соң, отбасын да қудалай бастады. Екі айдан соң шешемнің 20 жасар інісі Шәміл қамалды, одан кейін 17 жасар ағам Ескендір Рысқұлов «Онеглагқа» айдалды. Ол 1940 жылы өкпе ауруынан өлді... 1938 жылы ақпанда әжем (Тұрар Рысқұловтың енесі) Әрифа Есенғұлованы да «халық жауының отбасы» ретінде Қарлагқа жөнелтті. Ол кісі сегіз жылдан соң сол лагерьде миына қан құйылып қайтыс болды. 1938 жылы көкек айында менің анам Әзиза да емшектегі баласымен бірге сотталды. Лагерьде ол он жылдан аса азап шекті...

Дина АМАНЖОЛОВА, тарих ғылымдарының докторы

Тағдыр төңкеріс кезінде және азамат соғысы жылдарында бір-біріне қарама-қарсы көзқарас ұстанған қазақтың аса көрнекті екі азаматын – Жаһанша Досмұхамедов пен Тұрар Рысқұловты туыс, дәлірек айтсақ, бажа болуға жазыпты. Олар апалы-сіңлілі Ольга мен Надежда Константинқызы Пушкареваларға үйленген болатын...

Равиль МӘЖИТОВ,
тарих ғылымдарының кандидаты, прокуратура қызметкері:

Жаһанша студент кезінен-ақ Ресейге, орыс мәдениетіне оң көзқараста болды. Ол өз халқының тағдырын орыс халқының тарихынан бөлмеген. 1910 жылы соңғы курста оқып жүргенде дәрігерлік курста оқып жүрген студент қыз Ольгаға үйленеді.
Жаһаншаның әкесі Досмұхамедұлының үйленетінін естігенде мынадай хат жолдапты: «Егер әйел аламын десең, оның байлығына қызықпа, ақылы мен тәрбиесіне қара! Ұлтының кім болғанында ештеңе жоқ. Әйелің – өмірлік досың, әр ісіңді қолдаушы, арың мен абыройыңды сақтаушы болсын!»

Бисенғали ҚУАНШАЛИЕВ, 
Жаһаншаның немере ағайыны:

«Менің атам Олдан мен әкем Құдес Мәскеудегі Қадеспен хабарласып тұратын. Ольга Константинқызымен де араласып, Мәскеуге барып, үйіне соғып жүрді. Қадес аға қайтарынан бұрын, 1971 жылы мамыр айында атамекенге келіп кетті.

Қайыржан Хасановты батыс қазақстандықтарға таныстырып жатудың өзі артық. Журналистика ардагері, саналы ғұмырын Қаратөбе өңірінің тарихын түгендеуге арнаған ағамыз жақында 70 жасқа толғалы отыр.

Нұрлан ҚУАНЫШҰЛЫ, дәрігер-гигиенист

Салт-дәстүр – адамзат үшін ілгерілеудің сарқылмас қайнар көзі. Ғылыми-техникалық прогресс қанша жерден дамығанымен, бұрын сынақтан өткен, қолда бар жетістіктердің іргетасын қалаған құндылықтардан ешқашан бас тартыла қоймас. Мен осы мақалам арқылы қазақтың кейбір салт-дәстүрлерінің сауықтырушы сипатын анықтауға талпынып, оны қазіргі заманда қалай жаңғыртып, пайдалануға болатыны жайлы ортаға ой тастамақпын.

Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келді. Алайда қазақты төл тарихынан, ата-баба мұрасынан ажырату мақсатында кеңес үкіметі бірнеше рет әліпби реформасын жасады. Сөйтіп, 1929-40 жылдар аралығында латын графикасын пайдалансақ, 1940 жылдан бері кирил графикасы әліпбиін қолданып келеміз. Осылайша өз ата-бабамыздың құлпытасында не жазылғанын оқи алмайтын мәңгүрт қалыпқа түстік...

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Строитель шағын ауданы, 35 үй

Телефон:

8 (711 2) 23-22-06

8 777 194 44 77