Ақынның атын ардақтаған мектеп-гимназия

Қазталов ауданының Қараоба ауылындағы мектеп-гимназия ойшыл ақын, журналист, қоғам қайраткері жерлесіміз Ғұмар Қараштың атында. Мектепке кіріп келгеннен «Көзіміздің қарашығындай ғазиз балаларымыз болашақта рахатшылықта өмір сүрсін десек, жастайынан өнер-білім үйретуіміз қажет» деген Ғұмардың сөзі ілінген.

Ғұмар Қараштың есімін ардақтап отырған бұл мектеп-гимназияның жетістіктері ай-туға тұрарлық. Әдетте мектеп-гимназиялар аудан не облыс орталықтарында орналасса, аталмыш білім ошағы шал-ғайдағы шекарада жатыр. Негізінен гимназияларға үлге-рімі жақсы балалар іріктеліп алынса, мұнда Қараоба ауы-лының барлық баласы оқиды. Бүгінде оқушы саны – 318. Тағы бір ерекшелігі –мұғалім-дерінің 70 пайыздан астамы өз түлектері екен.

8 жыл бойы үздік!
Жалпы, мектеп-гимназия соңғы 8 жылда аудан бойынша ҰБТ нәтижесі бойынша бірінші орын, облыста алдыңғы ондық-тың ішінде. 2001-2002 оқу жы-лында «Облыстағы ең үздік ау-ыл мектебі» деп танылса, 2008-2009 оқу жылында республика-дағы «Ең үздік 100 мектептің» қатарына қосылды. Жылма-жыл мектеп-гимназия түлектерінің
90 пайызы жоғары оқу орында-рының білім гранттарын жеңіп алады. 2009-2010, 2010-2011 оқу жылдары алты-алтыдан «Алтын белгі» иегерін шығарған мектеп-те биыл тағы алтыннан 5 үміт-кер бар.

Жетістіктің сыры
Мұндай жетістіктің сыры неде деп сұрағанымызда, биыл он үшінші жыл ұжымды басқа-рып отырған Нұрлығали Дүйсеков: «Ең бастысы, ата-ана-лармен тығыз байланыстамыз. Оқу жылының басында кездесу өткізіп, алдағы мақсатты бірле-сіп айқындаймыз. Ата-аналар жыл бойы мектепте кезекшілікте болып, оқушыларды және білім беру үрдісін қадағалайды. Пән мұғалімдерімен жұмыс жүйелі жолға қойылған, олардың күнде-лікті сабаққа әзірлігі жіті қадаға-лауда. Сондай-ақ М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ сияқты жоға-ры оқу орындарымен тығыз қа-рым-қатынастамыз. Олардың оқытушылары жыл сайын келіп, шәкірттерімізге дәріс оқиды» дейді.

Ізденген жетер мұратқа
Бұл мектепте ұжымдық жа-ңашыл шығармашылық жұмыс сонау 80-жылдары басталған. Із-денімпаз мұғалімдер Донецкінің жаңашыл мұғалімі В.Шаталов-тың «Тірек сигналдары техноло-гиясымен» жұмыс жасай баста-ды. Олар орыс тілі, әдебиеті пәні бойынша Балғаным Кушекова, тарих пәні бойынша Рысты Қайсағалиева, ағылшын тілі пәні бойынша Клара Өтеғалиевалар болатын. Ал Хазанкиннің «Ұжымдық оқыту технология-сымен» математика пәнінің мұ-ғалімі Меңсұлу Катина, химия пәнінің мұғалімі Сәрсенбай Молдашев, Алма Әділова, Лысенкова мен Амонашвилидің іс-тәжірибелерін бастауыш сы-нып мұғалімдері зерттеп, пайда-лана бастады. «Кейін 2000 жыл-дан бергі кезеңде осындай тех-нологиялар білім саласына енгі-зілгенде біздің ұстаздар оларды бес саусағындай білетін еді» дейді қазіргі мектеп директоры. «Орыс тілі мен әдебиеті пәнін ұлттық сыныптарда оқыту» атты тақырыппен Б.Кушекова облыс-тағы жаңашыл мұғалімдердің слетінде өз тәжірибесін ортаға салса, Меңсұлу Катина (Бүкіл-одақтық мұғалімдер сьезіне қатысушы, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, «ҚазССР оқу-ағарту ісінің үздігі», жоғары санатты мұғалім) «Математика сабағындағы топтық жұмыс», Р.Қайсағалиева (жоғары санат-ты, «Ыбырай Алтынсарин атын-дағы белгінің» иегері, облыстық «Жыл мұғалімі» сайысының жүлдегері) «Тарих сабағында тірек сигналдарын пайдалану» деген тақырыптармен өз пәндері бойынша республикалық ғылы-ми-теориялық конференцияда әдістемелік баяндама жасады.
1989 жылдан 2000 жылға дейін мектепке Сарсенбай Молдашев басшылық етіп, мек-теп «Оқушыларды саралап және даралап оқыту» деген тақырып-пен жұмыс жасап, «Теңестіру сыныптары» ашылады. 1992 жылдан оқу жоспарының 26 нұсқасын, эстетикалық бағытты басшылыққа алды. Ол жылдары мектеп «Эстетикалық білім беру арқылы оқушыларды адамгерші-лікке тәрбиелеу» деген тақы-рыппен жұмыс жасады. Басшы-лыққа Неменскийдің «Сұлулық сабақтары» кітабы алынады. Бейнелеу пәнінің мұғалімі Хамбар Сармалаев авторға хат жазып, ол кісінің шақыртуымен Мәскеу қаласында семинарға қатысып келді және «Ұлттық бағытта авторлық бағдарлама» (1-4 сыныптарға арналған бей-нелеу пәнінің бағдарламасы) жазып бекітті. Бектемір Қайсағалиев ән-күй пәнін «Елім-ай» бағдарламасы бойынша жүргізді. Мектеп мұғалімдері бірнеше авторлық бағдарлама жасады.
Сол жылдары жаңа техно-логиялармен жұмыс жасап жат-қан Ресейдің шекаралас мектеп-терімен іс-тәжірибе алмасты-рылды. Бұл да мектептің жаңа белеске көтеріліп, жаңа бейнеге ие болуына үлкен әсер етті. Бұл бағдарламалардың бәрі облысқа дәлелденіп, мәлімделгеннен ке-йін мектепке 1996 жылы «мек-теп-гимназия» мәртебесі берілді. Яғни бұл еліміз бойынша ауыл-дық жерде ашылған тұңғыш гимназия саналады. Білім оша-ғына 1997 жылы еліміздің ұлы философы, ғұлама ақыны Ғұмар Қараштың аты беріліп, сол жы-лы «Біз білмейтін Ғұмар Қараш» атты облыстық ғылыми-теория-лық конференция ұйымдастыры-лады.

Үлгі алар істері көп
2000 жылдан бері мектепті Нұрлығали Дүйсеков басқарып келеді. Ізденімпаз ұстазға ұжым басшылық қызметті қуана тапсырды. Сол күннен бастап ол ұжымның пси-хологиялық ахуалын орнықтыру, әр ұжым мүшесінің еркін жұмыс жасауына жағдай жасауды өзінің басты міндеті есептей отырып, үлкен істер атқаруға ұмтылады.
Жаңа басшы мектеп ауласы-на Ғ.Қараштың ескерткіш-бюсін тұрғызуға көп еңбек сіңірді. «Бұл іске сол кездегі аудан әкімі Мәлік Құлшар мен мектеп тү-лектері үлкен қолдау берді» дей-ді Нұрлығали Сағынғалиұлы. 2005 жылдың қарашасында Ғ.Қараштың 130 жылдығына ар-налған аймақтық ғылыми-прак-тикалық конференция өткізіліп, онда мектеп директоры «Ғұмар Қараштың шығу тегі» атты баян-дама жасады. Ескерткіш осы жиында салтанатты түрде ашылады.
Ұлы Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында мектеп ұжымы тұр-ғызған «Отан қорғаушылардың даңқы мәңгі өшпейді» ескерткі-ші де ауыл жастарына тәлім-тәр-бие берер орынға айналды. Бел-сенді басшы ауыл орталығына демалыс саябағы қажет деп жас-тарға бастама көтеріп, халық демалатын саябақтың ашылуына себепкер болды. Ауыл орта-лығында бой көтерген Алланың үйі – Қараоба ауылдық мешітін тұрғызу үшін жұртты жұмылды-руға Нұрлығалидың еңбегін ауыл үлкендері ризашылықпен айтып отырады.
Мектепте жыл сайын Ғұмар оқуларын өткізу дәстүрге айна-лған. Оқу орнында болғанымыз-да шәкірттерінің кез келгені Ғұмар бабасының өлеңін жатқа оқитынына көз жеткіздік. Оқу-шылардың денсаулығына, сала-уатты өмір салтына мән беріліп, қазір мектеп-гимназияда бокс, теннис, волейбол, футбол, шах-мат үйірмелері нәтижелі жұмыс жасап, оқушылар халықаралық, облыстық жарыстарда жүлделі орындарға ие бола бастады. Республикалық күрес жарыста-рында топ жарып жүрген ағайынды Алтынбек, Қазбек Сұпығалиевтар – үйірме түлек-тері. Мектептің өзінің дәстүрлі мерекелері бар. Мектеп-гимна-зияда өмірден өткен ұстаздар – ардагер математик Қайырлы Бейісов атындағы математика-лық регата, спортшы ұстаз Қамажай Сейітова атындағы волейбол, ардақты ұстаз Қабиболла Мырзағалиев атын-дағы кіші футбол турнирі, үстел теннисінен турнир, музыка пәні мұғалімі марқұм Бектемір Қайсағалиев атындағы «Балдәу-рен» байқауы өтіп тұрады. Қарияларын сыйлап, ұрпақтар сабақтастығын сақтап отырған ұжымда «Ардагер ұстаздар» ұйымы жұмыс жасайды. Мақсаты – мұғалімдерге бағыт-бағдар беру. Ұйымның құрамын-да орыс тілі және әдебиеті пәні-нің мұғалімі, ҚазССР оқу ағарту ісінің үздігі, Н.Крупская атында-ғы сыйлықтың иегері, жоғары санатты ұстаз, еңбек ардагері Валентина Қуанышкалиева (ұйым төрайымы), ҚазССР оқу ағарту ісінің үздігі, математик Роза Маутова, бастауыш сынып мұғалімі, ҚазССР оқу ағарту ісінің үздігі Мағия Атығалиева, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Кәкима Шайханова, ардагер-кітапханашы Фарида Ахметжанова, АӘД пәнінің мұғалімі, ҚазССР оқу ағарту ісінің үздігі Қайырболат Қизағалиев сынды ардагерлер бар. «Ардагерлер қандай көмегі-міз керек деп өздері үнемі хабар-ласып жатады. Кез келген әдіс-темелік көмектерін құлшыныс-пен көрсетуге әзір. Сондай-ақ жас мамандардың «Үміт мекте-бі» қызмет жасауда. Ардагер ұстаздар ұжымның барша мұға-ліміне көмек берсе, егде мұға-лімдер жас әріптестерін үш жыл бойы әдістемелік тұрғыдан же-телеп отырады. Кәдімгі практи-канттар сияқты әзірлейміз» дей-ді мектеп директоры. Бұл жұ-мыстары да өзге мектептерге үлгі боларлықтай.
«Біз еліміздің өткенінен та-ғылым алуға ұмтылып, болашақ-қа еліміздің тарихын паш ете отырып, халық өмірінде өзіндік орны бар біртуар азаматтарды ардақтауды негізгі борышымыз деп түсінеміз. Ұрпағы мықты ұлттың – болашағы жарқын» дейді қараобалық ұстаздар.

Қаралым саны 1849

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463